«Әл-Фараби мен Хакім Абай арасындағы тарихи үндесім»
Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасында «біздің қаһаpмандарымыздың өмірі мен қызметі жөнінде тек еліміздегілер ғана емес, сондай-ақ шет елдегілер де білетін болады» - деп Елбасы жазғандай тарихи тұлғалардан тәлім алу арқылы тәрбиеленуде дана ғалым әл-Фараби мен ойшыл Абайдың орны бөлек. Ата жолымыздан адаспай, рухани байлығымызды сақтап қаламыз десек, Әл-Фараби мен Абайдың қоғам, саясат, мәдениет туралы ойларын, дін туралы көзқарастарын оқып зерделеуіміз керек
Абай әл-Фарабиді білдіме?
«Әл-Фараби мен Абай арасын жақындастыру, оларды үндестіру, біздің халқымыздың мың жылдық рухани, мәдени-рухани дүниесін тірілту деген сөз. Демек бұл зор мақсатты халықтық іс деп түсіну керек. Ал, осы екі алып тұлғаны жеке-жеке тануда едәуір істер істелгені рас. Бірақ бұлардың арасын жалғастырып тұратын ғажайып нәзік, тамаша берік рухани жіпті біз әлі таба алмай жүрміз. Бірақ оның барын анық сезсек те, оны көруден әлі шалғай жатырмыз» - дейді А.Машанов.
Әл-Фараби мен Абай мәселесімен айналысқан Ақжан Машанов екі ойшылдың арасын тарихи сабақтастықпен жалғастырушы Шахабутдин Маржани деген пікірін келтіреді. Ш.Маржани әл-Фарабидің философия, музыка, жаратылыстану ғылымдары туралы трактаттарымен таныс болған, Абай Маржаниді көп оқыған, ал Абайға Маржанидің шәкірттері Семей медресінде дәріс бергендігін жазып кеткен
Әл-Фараби, Абай және ұлттық идея деген тіркес жайлы әр түрлі пікірлер бар.
Себебі Абай шығармаларында «ұлт», «ұлттық идея» деген сөздерді кезіктірмейміз.
Бұл сөз тіркестері қазырғы таңда жиі айтылады. Дегенмен екі дананың даналығы сонда олардың айтқандары әлі заманауи, құндылығын жойған жоқ.
Әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактатында «Қайрат. Ақыл. Жүрек» секілді ұғымдарға түсінік берген. «Жүрек – басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұлда басты мүше, бірақ оның үстемдігі бірінші емес» , - дейді.
Әл-Фараби жүрекке шешуші мән берген, оның идеялары Абайдың 17-ші қара сөзінде жалғасын тапқан сияқты. Абайдың «Толық адам» ілімінің негізі түркі әлемінің дүниетанымында жатыр. Абай «Қайрат. Ақыл. Жүрек» үшеуінің айтыс-тартысына шешім айтуды ғылымға жүгіндіреді. Ғылым «Үшеуің басынды қос, бәрін жүрекке билет... Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым», - депті
1) Әл-Фараби мен Абайды мұраларының ішінде етене жақыны – олардың діни-философиялық көзқарастары:
Фараби да, Абай да Құранды ислам дінінің діни кітабы деп қана қарамай, кітаптан көптеген ғылымға жол ашатын қағидалардың ғылыми негіздерін көре білген.
Әл-Фараби де, Абай да «жақсылық та - Құдайдан, жамандық та - Құдайдан» деген қағидамен келіспеген деп айтуға болады.
Абайдың жиырма сегізінші сөзінен кездестіреміз: Адамның бақытсыздығын біреуге артуға болмайтының, әркім өзінің өмірі үшін жауапты екенін түсіндірумен болған.
Сабақтастық – тарихи үндесім:
Шығыстың «Абада» (Адабу) институтының алғашқы өкілдерінің бірі әл-Фараби Шығыс философтары арасынан алғашқылардың бірі болып сұрақ-жауап түрінде баяндалатын трактаттар жазған автор. Әл-Фарабидің «Философтар сауалдарына жауаптар» атты шығармасында 42 сұраққа қайтарған жауабы келтірілген.
Бұл тәсілді Абай Құнанбаевта қолданған. Мысалы, қырықыншы сөзіне тоқталсақ. Абай хакім сұрақты өзі қояды да, жауабын айтуды оқушыға қалдырады. «Сізге ғылым кім берер, Жанбай жатып сөнсеңіз?» - деп сұрақ қою арқылы адманың өзін үнемі жетілдіріп отыруы керектігін негіздегендей. Бүгінгі күндеде өмір бойы оқу қажеттілігі туындады.
Абайдың білім-ғылым жайлы өлеңдерінің, қарасөздерінің ұлттық идеясы қайтсем қазақты білім алуға, еңбекке үйір қыламын деген ой болды. Қазақстан Республикасы білім беру мазмұның жаңарту бойынша орта білім берудің құндылықтары ретінде - «өмір бойы білім алу» құндылығын оқушы бойына сіңіру міндеті қойылған.
Мемлекет басшысы Қ-Ж.Тоқаевтың «әлеуметтік жауапкершілік қайткенде орнына келеді?», -деп сұрақ қойып, оған жауап ретінде «бұл күрделі мәселенің шешімін Абайдың «Толық адам» формуласынан іздеген жөн болар» , - деген тұщымды жауабы өте орынды
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.