Білім беру саласы : Қатынас.
Бөлімі : Көркем әдебиет.
Тақырыбы :Ә. Табылдиев өлеңін « Бағдаршам» жаттау.
Мақсаты :Білімділік : Өлең мағынасын түсініп ,оны еске сақтауға үйрету.
Дамытушылық : Балаларды сызба арқылы тақпақ жатауға дағдыларын жаттықтыру.
Тәрбиелік : Балаларды жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілік : бағдаршам суреті, жол суреті.
Сөздік жұмыс : жүрме жолға таласып.
Билингвальды компонент : бағдаршам - светофор.
|
Оқу іс – әрекетін кезеңдері |
Тәрбиешінің іс - әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті. |
|
Мотивациялық -қозғаушылық |
Шаттық шеңбер : Ал, балалар, тұрайық,алақанды ұрайық. Оңға – соға түзу тұр,солға –оңға түзу тұр. Жоғары – төмен қарайық. Бойымызға күш жинап бір тынығып алайық. |
Шеңбер бойына тұрып ,бірге қайталайды. |
|
Ұйымдастырушылық- ізденістік |
- Ал енді балалар, бәріміз орнымызға жайғасып отырайық.Бүгінгі іс – әрекетімізде балалар ақын Әділбай Табылдиев ағамыздың тақпағын тыңдап көрейік. Ашса кезек үш көзін, Айтты деп ұқ үш сөзді: Тоқта!Сақтан! Жол ашық! Жүрме жолға таласып. - Осы оқылған тақпақта не туралы айтылған ? - Бағдаршамның неше көзі бар? - Олардың түсі қандай ? - Қызыл көзі бізге не дейді ? - Сары көзі не дейді? - Жасыл көзі не дейді? - Жүрме жолға таласып – деген сөзді қалай ұғамыз? Көліктермен,жарысып жүруге болмайды, көшеде жол ережесін естеріңнен шығармаңдар, ата- аналарды үнемі тыңдап жүру қажет. - Өлеңнің авторы кім? Сергіту сәті : Біздер тату боламыз, Гүл- гүл жайнаймыз, Жаттығуда сергіп қаламыз,1,2,3. Жоғары қолды созамыз. Жоғары –төмен қарайық ,орнымызды табайық! Билингвальды компонент: бағдаршам –светофор. Сызба арқылы балаларға тақпақты оқып беру . Балаларды бір –бірден шығарып сызба арқылы тақпақты айтуға дағдыландыру. Суреттерді бір – бірден түсіндіру. Ж/жұмыс : жаттап алмаған балаларды қайта сұрау. |
Мұқият тыңдайды.
Бағдаршам туралы. Үш көзі бар. Қызыл,сары,жасыл. Тоқта дейді. Сақтан дейді. Жол ашық дейді.
Балалар өлеңге сәйкес қимыл –қозғалыстар жасайды.
Қайталайды.
Суреттерді қарап, оларға сәйкес сөздерді айтуға үйренеді. |
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
- Не туралы тақпақ жаттадық? - Бағдаршам не үшін қажет? - Кімге бүгінгі әрекет ұнады ? |
Бағдаршам туралы. Жол ережесін сақтауға қажет. Балалардың жауаптары. |
Күтілетін нәтиже : Біледі : Шығарманың мағынасын түсінеді,жатқа айтуға ұмытылады.
Игереді : Бағдаршамның қажеттілігін біледі.
Меңгереді : Сызба арқылы ,сөздерді сәйкестендіріп өлеңді айтып береді.
Есеп :________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.