Әлеуметтік желінің адам денсаулығына әсері
Қай кітаптың бетін ашып қарасақ та, XX ғасыр алтын дәуір деген сөздерді көрмеу мүмкін емес. Өйткені бұл ақын - жазушылар ғасыры бола тұра, заманауи технологиялар кезеңі қызметін де атқарады. Оның бірден – бір дәлелі ғажайып нәрсе интернеттің пайда болуы. Жалпы интернет дегеніміз бүкіләлемді байланыстырушы тор. Ол жетістіктерімен қоса адамның физиологиялық қажеттіліктерін де жаулап алды. Әсіресе, ең бірінші орындағы адам коммуникациясы, қарым – қатынасы әлеуметтік желімен алмастырылды. Жалпы алғанда әлеуметтік желі дегеніміз адамдардың бір-бірімен интернет арқылы қарым - қатынас жасайтын құралы болып табылады. Көптеген жастар, тіпті ересектер де тікелей бетпе – бет қарым – қатынас жасаудың орнына, әлеуметтік желілер арқылы қарым – қатынас жасауды жөн көреді. Ең басында ескі, таныс достарымен сөйлесу мақсатында қолданамын деп, соңында көптеген қиыншылықтарға тап болады. Бүгінгі таңда әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет сөйлесуден гөрі, интернет арқылы, оның ішінде әлеуметтік желілерде сөйлеседі.Тиынның екі жағы бар демекші,әлеуметтік желі де адам арасындағы қарым – қатынасқа оң және кері әсерін тигізеді. Көптеген ғалымдардың ойынша, адамдар әлеуметтік желіде отырған сайын, оның шынайы өмірмен қарым – қатынасы үзіледі. Әлеуметтік желі арқылы қарым – қатынас жасаған адам, шынайы өмірде тұйық, көптеген адамдармен сөйлесуі қиынға түседі, жолында пайда болған проблемаларды шешуге қабілеті аз болады. Сондықтан да әлеуметтік желінің пайдасынан зияны көп.Технология дамыған ХХІ ғасыр келісімен ғажайып нәрсе интернет те келді. Оның бір дәлелі әлеуметтік желілердің пайда болуы. Әлеуметтік желі – бұл тек адамдардын бір-бірімен сөйлесетін, пікір алмасатынжелі қана болып табылмайды, онымен қоса өз айналасындағы адамдардың тағыда кімдермен байланыста екенін білудің, оған қоса, сол арқылы өз таныс достарыңды арттырудың жолы болып табылады. Әлеуметтік желі тіркесіне ассоциация жасайтын болсақ, бұл жерде "әлеуметтік" сөзі адам, халық деген мағынаны білдірсе, ал ''желі'' сөзі осы сайтты тұтынушылар деген мағынаны білдіреді. Адам баласының табиғатында бір қасиет болса керек, басқа адамдармен сөйлесуді, танысуды, пікір алмасуды жақсы көреді. Шынай өмірде оны тек реті келгенде жасаса, ал технология дамыған ХХІ ғасырда интернет арқылы оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы әңгімелесу оңай әрі сәнге айналды. Бір сөзбен айтқанда, әлеуметтік желі адам баласының бір - бірімен байланысу, араласу, әңгімелесу, пікір алмасу үшін қажет. Әлеуметтік желі адамға оң және кері әсерін тигізеді. Әлеуметтік желілерде көп отыратын адамдардың көп досы болады. Онымен қоса ол айналасында болып жатқан оқиғаларды естіп, адамдардың немен айналысып отырғанынан хабардар болып отырады. Ал бірақ күні - түні отыратын адамдар осы әлеуметтік желілерге тәуелді болып бара жатыр. Көптеген адамдар әлеуметтік желілердің кесірінен өз - өзіне қол жұмсап жатыр. Әлеуметтік желіде әңгімелесуге үйреніп қалған адам шынай өмірдегі достарынан алшақтай бастайды, жолында пайда болған қиыншылықтарды шеше алмайды, немқұрайлықпен қарайды. Бала әлеуметтік желілерде қарым – қатынас жасауда, ол көптеген мүмкіндіктерге ие болады. Бірақ ол оны өз пайдасына қолдана ма? Әрине, әлеуметтік желілерді пайдалану оның жеке өзіне байланысты болады. Ол әлеуметтік желілерде «жақсы» адамдармен әлде «жаман» адамдармен байланысады ма?
Себеп
– салдары
Бүгінгі таңда әлем халқының екіден бірі Facebook,
Twitter, Вконтакте, Whatsapp сияқты әлеуметтік желілерде отырады.
Ең басында олар тек сөйлесу, кино қарау, музыка тыңдау,
жаңалықтармен таныс болу мақсатында қолданып,
бірақ соңында көптеген қиыншылықтарға
ұшырайды. Өзімнің достарымды, таныстарымды көбейтемін
деп, танымайтын адамдармен сөйлесіп,
салдарынан тіпті өмірлерімен қош айтысып жатады. Әлеуметік
желі арқылы әңгімелескенде, адамдардың
көбісінің шынайы өмірде тұйық, адамдармен
сөйлесуі қиынға түседі. Және де осы
әлеуметтік желінің салдарынан әлем халқы
отбасының төрттен бірі ойраңдалып жатыр, яғни жас
жұбайлар арасында ажырасулар көп - ақ. Әлеуметтік
желі проблемасы мекемелерде жұмыс жасайтын адамдарға да
өзінің кері әсерін тигізеді. Жұмыскерлер жұмыс
уақытында сол сайттарды жұмыс мақсатында емес, адамдармен
әңгімелесу үшін пайдаланады. Бұл мекеменің
жұмыс жағдайына кері әсерін тигізуі мүмкін. Адам
баласын сауатсыздыққа, меңіреулікке алып келетін
әлеуметтік желілердің адамзат үшін пайдасынан зияны
көп. Бүгінгі таңда көптеген адамдардың
сөздік қорының байымауы да осы әлеуметтік желінің
салдарынан екен. Виртуалды тілдесу арқылы үйреніп
қалған бүгінгі жас буын адамдармен шынай өмірде бетпе-
бет кездескенде өздігінен сөйлеуге қысылып, өз ойын
білдіре алмай жатады. Соңғы уақытта өз
өмірін қию сәнге айналып барады. Осы болып жатқан
оқиғалар әлеуметтік желінің салдарынан
екен. Тіпті президентіміз Н. Назарбаевтың ойынша,
әлеуметтік желінің адамның қарым – қатынасына
пайдасынан зияны көп деп ойлайды.Оның айтуынша, интернетте отыратын
бала түптің – түбінде жалғыз қалады. Ал мұның
арты қайғылы өз - өзіне қол жұмсаумен
аяқталып жатады.Айта кетсек, Президент жас бүлгіншіктерге
:«Бүгінгі қоғамда адамдарды кітап оқитындар мен
компьютерде отырып, уақыт өткізетіндер деп екі топқа
бөлуге болады. Компьютерде отыратындар өмір бойы кітап
оқитындарға қызмет етіп өтеді» - деп өз
сөзін айтқан. Әлеуметтік желіде отыратындардың
көбісі кітап - журнал, газет
оқымағандықтан, сөздік қоры аз
болады, тіл байлығын дамыта алмайды.
Фактілер: Қазіргі таңда
әлеуметтік желілер әлемді жаулап алды. Себебі, адам
әлемнің кез – келген бұрышында отырған адаммен
қарым – қатынас жасауға болады. Соңғы
жылдардағы статистика бойынша әлемдегі отыз жасқа дейінгі
адамдардың 50 пайызы, ал соңғы 10 -15 жылдар аралығында
туылғандардың 96 пайызы осы әлеуметтік желілерде
әңгімелеседі, пайдаланады. Тағы айта кететін факт,
қазіргі уақытта көптеген адамдар осы әлеуметтік желілер
арқылы танысып, үйленіп, бірақ соңында ажырасып жатады.
Үйленгендердің ажырасуының 30 пайызы осы әлеуметтік
желілердің кесірінен екен. Оксфорд университетінің профессоры
Сьюзан Гринфилд ойынша, әлеуметтік желілердің кесірінен
отбасындағы қарым – қатынас бұзылады. Ата – ана мен
бала арасындағы қарым – қатынастың 36 пайызы
әлеуметтік желілердің салдарынан бұзылады екен. Оған
қоса жыл сайын ғаламда шамамен 100 адам өзінің
қалдырған хаты үшін өз – өзіне қол
жұмсап, өмірлерімен қош айтысып жатады. Өзіміз
білетіндей, бүгінгі таңда Facebook әлемдегі ең танымал
әлеуметтік желілердің бірі болып табылады. Соңғы
статистика бойынша, ғаламның 350 миллионнан адам тәуелдік
синдромына ұшыраған. Және де олар тек виртуалды достарымен
ғана қарым – қатынас жасайды, әңгімелеседі.
Facebook – ке тіркелген әйел қауымының 85 пайызы шынай
өмірдегі достарынан шаршаған. Көптеген ғалымдардың
ойынша, адамдардың көбісі осы әлеуметтік желілерде
күніне 6 сағаттан көп уақытын бөледі. Айта
кетсек, әр түрлі жастағы адамдарды өзіне баулап,
тәуелді еткен Вконтакте әлеуметтік желісі Қазақстан,
Ресей, Белорусь, Украина сияқты елдерде өте танымал. Бұл
жерде тек әңгімелесіп қана қоймай, кино
қарауға, музыка тыңдауға, соңғы
жаңалықтармен хабардар болып отыруға болады.
Соңғы жылдардың көрсеткіші бойынша осы әлеуметтік
желіні 175 миллионнан аса адам қолданады. Адамдар Вконтакте-ге
өзінің жарты күнін арнайды, яғни 12 сағаттай осы
әлеуметтік желіде отырады. Сонда ол өзінің уақытын
шынай өмірдегі адамдармен емес, виртуалды достарымен немесе «интернет» -
пен өткізеді.
Дәлелдемелер
Жоғарыда айтқандай, әлеуметтік желілер адамның
физиологиялық қажеттіліктерін жаулап алды, адамдар
тәуелділікке ұшырады. Оны дәлелдейтін
көптеген дәлелдемелер бар. Көптеген адамдар әлеуметтік
желілер арқылы байланыс жасауды жөн кереді. Себебі, әлеуметтік
желілер арқылы қарым қатынас жасау тиімді әрі арзан
болып табылады. Бірнеше дәлелдемелер келтіретін болсақ, шет
елдің бір азаматы онлайн қызметтер үшін барлық
жиған тергенінен айырылып қалды. Өзінің баспанасынан
айырылды. Салдарынан ұрлық істеп, тұтқындалды. Одан
басқа өзіміздің елімізде Астана қаласында бір қыз
бала әлеуметтік желі арқылы бір танымайтын адаммен танысып,
соңында үлкен қасіретке алып келді. Ол адам өзінен
үлкен ересек кісі болып шықты. Соңында олар кездесіп, ересек
кісі қызды өлтіріп кетіпті. Тағы бір дәлелдеме
Қазақстанның Ақтөбе қаласында 14 жасар
қыздың өлімі осы әлеуметтік желілердің кесірінен
болғаны анықталып отыр. Жас қыз әлеуметтік желі
арқылы бір қызбен танысып, танысқан қызы
өзінің үйіне қонаққа шақырады. Сол
күні жас қыз сол үйге қонып, әлгі қыз
телефонның кабелімен буындырып өлтіріпті. Сонда жоғарыда
айтылған дәлелдемелер, яғни
қайғылы оқиғалар осы әлеуметтік желілер
арқылы танысып, байланыс жасағанның салдарынан болып отыр.
Әлемнің кез – келген бұрышында болып жатқан
қайғылы оқиғалардың көбісі осы
әлеуметтік желілердің кесірінен екен. Виртуалды қарым –
қатынас жасаудың салдарынан жылына 1,5 миллион адам өз
өмірлерімен қош айтысып жатыр. Сондықтан да, әлеуметтік
желілердің адам баласы үшін пайдасы шамалы, зияны көп болып
табылады.
Қорытынды
Қорытындылай келе, әлеуметтік желінің адам баласы үшін
зияны көп, пайдасы шамалы. Әлеуметтік желілер ғаламтор
арқылы адамдардың қарым - қатынас жасау
құралы болып табылады. Әлеуметтік желілер арқылы
қарым - қатынас жасау арзан әрі тиімді жолы болып табылады.
Әлемнің кез - келген бұрышындағы адамдармен
сөйлесуге мүмкіндік береді. Бірақ оның адамға
тигізетін пайдасынан зияны көп болып табылады. Себебі, сол
әлеуметтік желілердің кесірінен көптеген
қиыншылықтарға ұшырайды, тіпті өмірлерімен
қош айтысып жатады. Тіпті адамның физиологиялық
қажеттіліктерін де жаулап алды. Әлеуметтік желілерде қарым -
қатынас жасайтын адам шынайы өмірдегі достарынан алшақтайды,
шынай өмірде айтайын деген ойын ашық айта алмай, қысылады;
нақты таза жазудын орнына көптеген грамматикалық
қателіктер жібереді. Онымен қоса бала мен ата ана арасыдағы
қарым - қатынас та үзіледі. Айта берсек, әлемнің
кез - келген бұрышында көптеген осындай қайғылы
оқиғалар болып жатыр. Сол болып жатқан
оқиғалардың көбісі осы әлеуметтік
желілердің кесірінен орын алып жатыр. Сондықтан да әлеуметтік
желілердің пайдасынан зияны көп - ақ. Әрине, әлеуметтік
желілерді мүлдем қолданбау керек деп айтпаймын, тек уақытылы, шектеулі, өз орнымен
қолданса деймін. Әлеуметтік желі ХХІ ғасырдың
тапқан жемісі болғандықтан, оны қолданған
дұрыс. Бірақ та оның пайдалы жақтарын пайдаланып, ал
зиянды жақтарынан адам баласы өзін алшақ ұстауға
тырысу қажет. Сонда ғана адам баласының шынай өмірмен
қарым - қатынасы бұзылмайды, үзілмейді; адам баласы
әлеуметтік желілерге тәуелді болмайды.
Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Төлеп селосы
«Ә.Махутов атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ
Информатика пәні мұғалімі
Кобенгалиева Р.М.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.