Ілияс Жансугоров "Куй" поэмасын талдау
Оценка 4.9

Ілияс Жансугоров "Куй" поэмасын талдау

Оценка 4.9
Разработки уроков
docx
администрации
5 кл
10.02.2017
Ілияс Жансугоров "Куй" поэмасын талдау
Тақырыбы: І.Жансүгіровтың «Күйші» поэмасына талдау Жоспар: І.Кіріспе. «Күйші» поэмасына қысқаша тоқталу ІІ.Негізгі бөлім. А)Композициялық талдау жасаймыз. Ә) Поэмадағы негізгі кейіпкерлерге талдау жасаймыз Б) Поэманың көркемдік ерекшелігі ІІІ.Қорытынды. Ілияс «Күйші» поэмасында он саусағынан өнер тамған саңлақ күйші мен қазақтың күй өнерінің құдіретін жыр өрнегімен асқан ақындық шеберлікпен суреттеген. Поэмада ақын халқымыздың күй өнері жайлы, сол күйді орындаушы тарланбоз күйші жайлы сыр шертеді. Күйші Кене ханның ақ ордасында дүйім жұрт алдында «домбыраны дірілдетіп», жиылған қауымды тамсандыра өнер көрсетеді,күйге де, өзіне де таңдай қақтыра сүйсіндіреді. Сол күйлердің құдіретіне «қырдағы қоян, құлан, құлақ тігіп, қамыстан жолбарыс та ыңыранды», «табиғатта тып-тыныш бола қалды» деп өрнектейді. Алуан үнде сөйлеген күйге айналадағы бар жан құлақ түре сүйсінді. Күйші жігіттің күйі қолында ақ найзасы жарқылдаған, қол бастаған қас батыр Кене ханды да күй бейжай қалдырмайды. Күйге, күйшіге де елти құлаған Кене ханның қарындасы-Қарашаш. Ол- ағасының оң қолы, ақылшысы әрі ерке, өңіне ақылы сай, паң да өжет боп өскен ханзада. Жыршы Қарашаштың бойындағы қасиеттерді былайша суреттейді: Қарашаш- ақылы дария, алтын басы, Әйелдің ақсұңқары, ханзадасы. Өз басын мың қараға теңгермейтін, Кененің кеңесінің ақылдысы. Поэманың соңында күйші тоқсан күйді қайта тамылжытып, сорғалатып, қыз көңілін аулап, енді еліне, үйіне қайтқысы келген арманын күй арқылы ханшаға білдіреді. Ханша күйшінің тілегін орындамақ болады, сонда өнерлі де келісті, келбетті жігітті әлі де болса кідірте тұрмақты ойлайды. Күйші күй арқылы ханша көңіліне ізгілік нұрын сеуіп, рақымын түсіріп, еліне қайтсам ба деген тілегін жеткізеді. Ілияс «Күйші» поэмасында ақындық биігінен көрінген. Дастанда кейіпкердің сыртқы келбет-пішінін, мінез-қылықтарын бейнелеудегі ақынның зергерлігі, мұсіншілдігі сүйсіндіреді. Ақын дамыту, үндету тәсілдерін шебер қолдана отырып, оны өзінің эстетикалық мұратын, кейіпкер мінезін
күй поэмасын талдау.docx
Тақырыбы: І.Жансүгіровтың «Күйші» поэмасына талдау             Жоспар: І.Кіріспе.               «Күйші» поэмасына  қысқаша тоқталу ІІ.Негізгі бөлім. А)Композициялық талдау жасаймыз. Ә) Поэмадағы негізгі кейіпкерлерге талдау жасаймыз                      Б) Поэманың  көркемдік ерекшелігі ІІІ.Қорытынды.              Ілияс «Күйші» поэмасында он саусағынан өнер тамған саңлақ күйші мен қазақтың күй өнерінің құдіретін жыр өрнегімен асқан ақындық  шеберлікпен суреттеген. Поэмада ақын халқымыздың күй өнері жайлы, сол  күйді орындаушы тарланбоз күйші жайлы сыр шертеді. Күйші Кене ханның  ақ ордасында дүйім жұрт алдында «домбыраны дірілдетіп», жиылған  қауымды тамсандыра өнер көрсетеді,күйге де, өзіне де таңдай қақтыра  сүйсіндіреді. Сол күйлердің құдіретіне «қырдағы қоян, құлан, құлақ тігіп,  қамыстан жолбарыс та ыңыранды», «табиғатта тып­тыныш бола қалды» деп  өрнектейді. Алуан үнде сөйлеген күйге айналадағы бар жан құлақ түре  сүйсінді. Күйші жігіттің күйі қолында ақ найзасы жарқылдаған, қол  бастаған қас батыр Кене ханды да күй бейжай қалдырмайды. Күйге,  күйшіге де елти құлаған Кене ханның қарындасы­Қарашаш. Ол­ ағасының  оң қолы, ақылшысы әрі ерке, өңіне ақылы сай, паң да өжет боп өскен  ханзада. Жыршы Қарашаштың бойындағы қасиеттерді былайша суреттейді:  Қарашаш­ ақылы дария, алтын басы, Әйелдің ақсұңқары, ханзадасы. Өз  басын мың қараға теңгермейтін, Кененің кеңесінің ақылдысы. Поэманың  соңында күйші тоқсан күйді қайта тамылжытып, сорғалатып, қыз көңілін  аулап, енді еліне, үйіне қайтқысы келген арманын күй арқылы ханшаға  білдіреді. Ханша күйшінің тілегін орындамақ болады, сонда өнерлі де  келісті, келбетті жігітті әлі де болса кідірте тұрмақты ойлайды. Күйші күй  арқылы ханша көңіліне ізгілік нұрын сеуіп, рақымын түсіріп, еліне қайтсам  ба деген тілегін жеткізеді. Ілияс «Күйші» поэмасында ақындық биігінен  көрінген. Дастанда кейіпкердің сыртқы келбет­пішінін, мінез­қылықтарын  бейнелеудегі ақынның зергерлігі, мұсіншілдігі сүйсіндіреді. Ақын дамыту, үндету тәсілдерін шебер қолдана отырып, оны өзінің эстетикалық мұратын,  кейіпкер мінезін ашуды жарата білген. Он саусағынан өнер тамған жігіттің  өнер өрісінің асқар шыңына биіктегенін ақын былайша суреттейді: Мұз еріп, қатты аяздың кәрі қайтып, Қас батыр көңілі жұмсап, зәрі қайтып,  Майырылып ақ семсері қалайы боп, Қажытты мұз балақты күй мұңайтып.  Құлпырып бәйшешектей кетті шалқып, Аққудай көкте күйлеп, көлде  толқып. Күйші жігіт күй тартқанда, бәйге атындай көсіле тартады, күй  суреттері өрлеп, қияға шырқай береді, бір сөз бір сөзден, бір ой бір ойдан,  бір шумақ бір шумақтан асып түсіп отырады ол күймен бірге жарысқандай.  Поэмада өнер, күй құдіреті осылайша өрнек тапқан. І.Поэма мазмұны бойынша композициялық талдау жасасақ. 3 4 4 Қобызшы//Малқыбай шал// Матайдағы ­  А 3 4 4 Матайда //Кенже, Тұңғат,// Сақайдағы ­    А 3   4 4 Қазақта// қобызшының //қалғаны сол, ­     В 3 4 4 Жорға еді// маймаңдаған// бақайшағы, ­    А 1.Авторы – Ілияс Жансүгіров 2. Тақырыбы – Халқымыздың күй өнері жайлы, сол күйді орындаушы  тарланбоз күйші жайлы сыр шертеді. 3. Жанр түрі – поэма 4. Негізгі идеясы – Әділетсіздікті, зорлықты тізе бүктіретін ұлы күш,  бостандыққа, азаттыққа жеткізетін құдірет­өнер екенін түсіндіру.  5. Шумақ саны –  6. Тармақ саны –  7. Буын саны – 11 8. Бунақ– 3 9 .Ұйқас – Қара өлең Басталуы: Алатау күй тыңдады ауылдай боп,  Тас болып, толқып жатты бауырдай боп. (күй құдіретіне тамсанған табиғат) Дамуы: Өзінің ордасында батыр Кене Тарттырып домбыраны отыр Кене. (Хан Кене ордасындағы жиын) Шиеленісуі: Ордадан бұдан артық тілемеймін,  Бер маған осы адамды басы бүтін. (Қарашаштың Кенеге қолқа салуы) Шарықтау шегі: Соғады кейде суық мұздың күйі, Толғанған жар сағынып қыздың күйі. (Қарашаштың күйшіге деген сезімі) Шешімі: Домбыра бостандықтың ырғағын тарт! (Күйшінің бостандық алуы) Оқушылар біз І.Жансүгіровтың «Күйші» поэмасының мазмұнымен  таныс  болдық. Бүгінгі сабағымызда поэмаға әдеби талдау жасаймыз. Поэмадағы негізгі кейіпкерлерге талдау жасасақ:       Қарашаш – «Күйші» поэмасындағы басты кейіпкердің бірі. Автордың  түпкі ой қазығы бойынша, ол – ұнамсыз тұлға. Солай бола тұрса да, оның  кейбір адамдық қасиеттерін де ақын жарқыратып алға жайып салған. Ол  алған беттен таймайтын, орта жолда бөгеліп қалмайтын, алдына қойған  мақсатын орындамай тынбайтын, қайратты, кесек мінезді тұтас характер.  Ол мәмілеге келуді, шегінуді білмейтін өр тұлға ретінде есте қалады.  Қарашаш ақылсыз әумесер де емес. Ашумен қатар ақылы да бар.        Қарашаш ­ әр алуан сыр­сипатымен терең бейнеленген күрделі кейіпкер.  Ол тарихи тақырыпқа жазылған поэмалардағы дараланған типтің бірі.      Поэмада күйші жігіт жөнінде онша көп мәлімет жоқ. Кедей екені, шешесі бар екені айтылады. Ақын оның портретін, мінездемесін бере қойған жоқ.   Поэмадағы күйші жігіт екі түрлі сыр­сипатымен, яғни өнерпаздығымен  көзге түседі. Ал, хан феодалдарының құлдық бұғауынан босатуға ұмтылу,  рухани байлықты жасау – халықтық қадір­қасиет үйсін күйші жігіт арқылы  көрінеді.       Күйші жігіт өмірінің нақтылы көріністерін, сезім күйін, арман дүниесінің бұралаң­қалтарыстарынан нәзік те әсерлі тіл бояуларымен суреттеу арқылы халық өкілінің әп­әдемі бейнесін ақынның мүсіндеп бергені – поэмадағы  елеулі көркемдік жетістік. Оның ең басты қасиеті бойына жинаған асқан  халықтық дарыны ­ өнерпаздығы. Шығарманың «Күйші» атануы да осы бір  өзекті сарынмен тікелей байланысты. Күйші жігіт басында оянған махаббат сезімін де ақын келістіре  толғайды. Жалпы жастық, махаббат деген үлкен рухани күш. Ол адамды  шабыттандырады, қанат бітіріп, көкке ұшырады. Бойға бұрқыраған жігер­ күш беріп, тау қопартады. Адам санасын нұрландырып, мол жарыққа  кенеледі. Қарашашқа ынтыққан поэмадағы күйші жігіт халі осындай.  Бұрынғы өзі тартып жүрген  тоқсан түрлі  күйді қоя тұрып, шабыт қанатына мінген өнерпаз өз жүрегінің жаңа күйін – махаббат күйін төгеді.       Поэмадағы күйші жігіт – есте қаларлықтай кесек тұлға. Ақын оның  асқан өнерпаздығын, өміріндегі бұралаңы бар күрделі сәттерді құлпырта  сөз бояуларымен айқын суреттеп берген. Домбырадағы тоқсан құбылған  құдіретті күйдің  адам сезімдерімен  ұштасқан кейде реалистік, кейде  романтикалық кейпін ­өрісін ақын өрен шабытпен өлең өрнегіне шебер  түсірген. Күйші жігіттің барлық қадір–қасиеті – халықтың бойындағы асыл  мінез, қадір­қасиеттердің жарқын көріністері. Бұл шығарманың бүкіл  рухынан көрініп тұр.                                 Поэмада адамдар тұлғасы нақтылы сипатталған. Бірі ұнамды, бірі  ұнамсыз дегендей. Поэманы оқығанда есте қалып қоятын кейіпкердің бірі  ­  хан Кенесары Қасымов. Кенесары – тарихи шындыққа сәйкес, өзінің  зұлымдығымен, жауыздығымен айқын көрінеді. Бұл жөнінде академик     Қ.  Жұмалиев:  «Ақын сөз арасына, кейбір ғана қысқаша сурет, баяндау,  репликалар арқылы, Кененің жексұрындық мінез­құлық әрекеттері де  шеберлікпен көрсетеді. ...Жауыздық, қара жүректілік, менмендік, қара  халықты менсінбей, оларға тәкаппарлықпен қараушылық бәрін бір­екі  шумақпен­ақ ақын түйіп берген емес пе?» ­ деп поэмадағы Кенесары  бейнесі жөнінде дәл топшылау жасады.  Ақынның поэмадағы суреттеу шеберлігіне тоқталайық. Теңеу: Күлдірлеп қоңыраудай, жүйрік  аттай, қымыздай балға ашытқан,  оймақтай аузы, сұлтандай сүйігімді. Эпитет: Зарлы күй, ащы күй, алтын күрек, мақпал бау, құс мамық, қылаң  қабақ, қара шаш, алма сағақ, текті құс, теріс азу, ақиық қыз. Кейіптеу: Күн тыңдап кірмей тұрды ұясына, бұлт тыңдап  мінбей тұрды  тау басына, жолбарыс жымың қағып, сылқ­сылқ күлді, ауырып домбыра да  ыңыранды, жүректей сандыраған, күй жынданды. Метафора: Кенем­құтым, мен­тұйғын, мынау сұлу сұқсыр болып, жаңа  толқын­жасыған күй. Градация:Ақтарып, лекілдетіп, лепілдетіп, талдырып, тамшылатып, сығып, сарқып т.б. Портрет: Қара қас,қылаң қабақ, керқұба қыз, Қара шаш, алма сағақ,құралай қыз. Сырықтай ордадағы сымдай бойы. Тал шыбық,қыпша белдің өзі нағыз. … Қарсылап қарсы алдында тұр мегежін.                                                            Бетінде Қарашаштың қызыл да жоқ.                                                                     Шөп желке, шолақ бұрым қотыр­қотыр,                                                              Қыз емес,қарсы алдында албасты отыр.                                                              Жыландай жиырылған кесерткі қыз… Күй аттары: «Асанқайғы», «Терісқақпай», «Қорамсақ», «Сары өзен», Боз  інген», «Ақ көбек», «Ақсақ құлан», «Қос келіншек», «Жау жорығы», «Қалмақ қыз», «Арша мерген», «Қара көбек», «Бала  көбек», «Желмая», «Тәттімбет», «Кенже қара», «Тойтан салған», «Атылған аққу», «Күйген», «Суға кеткен», «Нар идірген», «Ой, бауырым!», «Азат». Қорытындылау:   Ілияс Жансүгіровтің «Күйші» поэмасының көркемдік  сапасы аса жоғары. Сонымен қатар, идеялық мазмұны да терең. «Күйші»  кезінде де, кейін де идеялық қадір­қасиетімен  жарқырап көзге түседі.  Қазақ поэмаларының тарихындағы аса көрнекті туынды ретінде бүкіл  жұршылыққа кеңінен танылған, оның халықтық шығарма – асыл рухани  байлық екені хақ. Сондықтан да, «Күйші» поэмасы Ілияс талантының  шарықтаған шағының тамаша туындысы. Қорыта келе, І.Жансүгіровтың  «Күйші»шығармасы өнерді дәріптеген туынды. Ол осы шығармаларымен  келешек ұрпаққа «Өнер­ адамның асыл мұрасы»,­ деген ойын жеткізеді.  Өзінің өнерге деген құрметін, сый­сияпатын, үлкен махаббатын, өнердің  әсерінен бойын жайлаған керемет сезімдерін өзінің өшпес ақындық  өнерімен жеткізе білді. Адамдарды ерекшелендіретін, сақтап, қастерлеп  ұрпақтан ­ ұрпаққа берілетін, ешбір бағасы жоқ, уақытқа, жауға бағынбас  асыл мұра­ өнер! Аққайың ауылы Кең көше,ну орманмен оранғаны, Жап­жасылға айнала боялғаны, Ауылымның орманын ұнатамын. Көз алдымда жайқалады жасыл бағы Жұпар иісті,гүлдері үлбіреген, Сылдырап тұр бұлағы мөлдіреген, Құстары да шиқылдап ұшып жүрген, Таусылмайтын ерекше бұл бір өлең Алып тұр ғой барлығын қанатына Демаласың қоңыр жел самалына, Қоп­қоңыр құнарлы топырағы, Текеметтей төселген табаныңа Қарақат,шие,бүлдірген мен алмасы Саңырауқұлақ тұнып тұрған сағасы Айта берсең қасынасы сарқылмайтын  Аққайыңның  «жұмақмекен» бағасы. Анам –әкем Анашым­асылым! Қанат жайып бүгінде ұшты құсың Әкешім –ардақтысың! Ұл –қызына беретін жігер күшін Жан анам аяулы жан Төгілмесін ешқашан мұңнан жасың Ардақты әкем Нағыз ұста бар өнерге бұрған басын Анашым­  ақылшы жан Жетелейді биікке бағалап шын Әкешім­  мақтанышым Жалықпайды айтудан балаға сын Сендер барда бақытым жанады екен Баласына беретін баға бөтен Жаратқаннан сұраймын басымды иіп Аман болсын ардақты анам­әкем. Алғашқы қоңырау Бүгін міне мереке білім күні Ерекше боп көрінеді күннің нұры Оқушылар келіпті гүл құшақтап Қоңыраудың естілді сыңғыр үні Ұстаздар  көздеріне жас алады Жәкірттерін көргеніне шаттанады 3 ай уақыт 3 күндей боп өте шығып Оқушылық күндерімде басталады. Махамбетке арнау Махамбет батыр сен  едің Еңіреген сен едің Еліме асқар бел едің Айдында шалқар көл едің Қазақтың қамын жеп едің Дұшпаныңа ор едің Ала көздеп қараған жауыңа  Қазулы тұрған көр едің Сендей батыр тұрғанда Жуымас дұшпан дер едім Атағың мәшкүр ғаламға Жалғыз да болсаң  көп едің Ашуға бірақ мінгенде Азулы көк бөрі едің Нарын құмды мекендеп Елімнің асыл ұлы едің Махамбет батыр дер едім!             Суық жеңге Суық қарап туған туыс бауырға Жеңгейлердің бұл істері дұрыс па? Қиын кезде тіреу болмай жаныңа Кінә артады керісінше туысқа Суық жеңгей ақша басып санасын Байлықпенен емдеп жатыр дауасын Балаларға  ақыл айту орнына Неменеге жат жұртсың деп бөлесің Сыртың бүтін ,ішің түтін жеңеше Енесімен ұрсысып жүр егесе Ақыл айтса бетке шауып бұрқылдап Күнәңізді көбейтіпті екі есе Суық жеңге достасыпсың байлықпен Тәрбиеде қалай болар сіз берген Қонақ келсе жиырылып үйіңізге Қарайсыңыз кекесін қабақпенен Байлық деген ұстатпайтын бақ құс па Алып бермес  жақсылықта ,табыс та Байлық деген жаныңызда жүретін Бала­шаға бауыр туған –туыста. Жүресіз­ау дүние жинап әрнеден Шығар атақ кей жерден Көк аспанда шыныменнен бар болса Сақтасыншы құдайым сіздей суық жеңгейден!                     Әлия Соғыс болып заманыма төнгенде Жаулар қаптап үстімізден кіргенде Қыршын жастан елқорғауға аттанған Әлияныайтпау енді мүмкін бе Гүлдей өсіп енді бүрін жарғанда Мылтық алды қарсы тұрып жауларға Күресем деп сұм соғыспен сөнгенше Тәуелсіздік аламын деп жалғанға Соғыс оны құрбылардан  оздырды Батырлардың қатарына ілгізді Ержүрек қыз төнген қауып катерді Алып тастап  жасады ол игі істі Қарамады түн бе әлдекүндіз бе  еді Жарасының ауырғанын білгізбеді Қорғаймын деп дархан дала елімді Келген жауды тойтарып кіргізбеді. Ол осылай батырлығын танытты Бостандықтың көк туын да тағыпты Әлия деп бүгінде әр жүрекке  Өз есімін өшпес қанмен жаздырыпты.                  Абай ата Жабытымды бойыма шыңдап алып Жыр жазамын Абайға арнап қолыма қалам алып Күллі ғаламға тараған даңқы асқан Тең келмейді Абайға ешбір алып Абай атам елі үшін қаза болған Шыңғыстауды талай жыл пана қылған Елі үшін у ішкен ұлы ақынның Шыңғыстауда талай арман ізі қалған Абай ақын жет ақын өр мінезді Қазақ үшін соғып едішын жүрегі Орындалып жатыр ғой бүгін міне Ақынымның армандап тілегені. Қазақ деген халық бар Қазақ деген халық бар Болашақта биіктерге қалықтар Жер бетінде қазақ деген халық бар Өзі дана қарапайым ізгі жұрт Қазақ атын әлі талай танытар Адал әрі мейірім толы жүрегі Ары менен намысы гой тірегі Даласындай құшағы кең қолтығы Барлық елде мұны жақсы біледі Ұлы халқым алып жерді мекендеп Тарихынжазып келеді әр тасқа Келер ұрпақ ұмытпаса екен деп Ілиясқа арнау  Халқымның аса биік бәйтерегі. Әр өлеңі жүрекке нұр береді, Сегіз қырлы,әнші,күйші ақынды. Құлагері қазақтың деп біледі. Маржан сөзден өлеңдері құралған, Сізден үлгі алып армандарға қол созам. Сіздей биік бәйтерегі болмай­ақ, Әсем тал боп өскенге қуанам. Ілияс ата күй өнерін дәріптеп, Поэмалар көп жазыпты суреттеп Махаббатты жыр еткен сіздей асыл ақынды, Қате болмас айтсақ егер дүлдүл деп. ”Күй”­“Ақсуым” “ Бұлақ басы” шыңдала, “Боранды” –ше жібереді тоңдыра. Ал “Жетісу суреттері керемет”, Қайта­қайта оқи берем ән қыла.

Ілияс Жансугоров "Куй" поэмасын талдау

Ілияс Жансугоров "Куй" поэмасын талдау

Ілияс Жансугоров "Куй" поэмасын талдау

Ілияс Жансугоров "Куй" поэмасын талдау

Ілияс Жансугоров "Куй" поэмасын талдау

Ілияс Жансугоров "Куй" поэмасын талдау

Ілияс Жансугоров "Куй" поэмасын талдау

Ілияс Жансугоров "Куй" поэмасын талдау

Ілияс Жансугоров "Куй" поэмасын талдау

Ілияс Жансугоров "Куй" поэмасын талдау

Ілияс Жансугоров "Куй" поэмасын талдау

Ілияс Жансугоров "Куй" поэмасын талдау

Ілияс Жансугоров "Куй" поэмасын талдау

Ілияс Жансугоров "Куй" поэмасын талдау

Ілияс Жансугоров "Куй" поэмасын талдау

Ілияс Жансугоров "Куй" поэмасын талдау

Ілияс Жансугоров "Куй" поэмасын талдау

Ілияс Жансугоров "Куй" поэмасын талдау

Ілияс Жансугоров "Куй" поэмасын талдау

Ілияс Жансугоров "Куй" поэмасын талдау

Ілияс Жансугоров "Куй" поэмасын талдау

Ілияс Жансугоров "Куй" поэмасын талдау

Ілияс Жансугоров "Куй" поэмасын талдау

Ілияс Жансугоров "Куй" поэмасын талдау

Ілияс Жансугоров "Куй" поэмасын талдау

Ілияс Жансугоров "Куй" поэмасын талдау

Ілияс Жансугоров "Куй" поэмасын талдау

Ілияс Жансугоров "Куй" поэмасын талдау

Ілияс Жансугоров "Куй" поэмасын талдау

Ілияс Жансугоров "Куй" поэмасын талдау
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.02.2017