ҚЫЗ БЕЙІТІ
«Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу
алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын,
табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады.»
Н.Ә. Назарбаев.
Дүниеге шыр етіп келгеннен бастап-ақ адам баласы туған үйін, туған ауылын тани бастайды. Өсекелең ұрпақ оның топырағынан өзіне нәр алып, оның қырындағы әсем гүлдерін теріп, құмары қанғанша бал-шырынды суын ішіп, мейірі қанғанша таза ауасын жұтады. Міне, осы жерді әр адам атамекенім, алтын бесігім деп біледі. Әр елдің атамекенін ардақтаған, кіндік қаны тамған жерін сүйген ұл –қыздары:
Туған жер топырағыңнан айналайын,
Өзіңмен өле-өлгенше бір болайын.
Егер де елді сүйсең менше сүйгін,
Ал, тыңда мекенімнен сөз қозғайын , - деп туған жер, өсірген ел туралы сөз қозғап жатады. Ендеше талай заман, талай ұрпаққа жайлы мекен, құтты қоныс болған Жарма өңірі,киелі жерлері туралы неге айтпасқа , неге мақтамасқа –деп менде Шар өңірінің киелі жерлеріне тоқталмақпын.
Бүгінгі 21 ғасырдағы Қазақстан азаматы, өзін мемлекеттің өкілімін деп санайтын әрбір адам еліміздің, өзіннің өлке тарихын білуі тиіс деп ойлаймын. Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Бұл тәуелсіз Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихын ой елегінен өткізіп, «Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген. Бұл әрбір азамат өзінің ата-бабалары қалдырған кең байтақ елдің, жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз. «Туған жер» бағдарламасында кіндік қанымыз тамған жеріміздің, еліміздің тарихына баса көңіл аударғаны байқалады. Осы бағытта «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына сәйкес Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және басқа да мекендерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді. Біз XXI ғасырдың жаhандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаhандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз.
Туған жерге деген сүйіспеншілік оның тау-тасын , өзен-көлін , тарихы мен байлығын, жалпы алғанда геграфиясын білуден басталады . Осынау өркениетке ұмытылып отырған кезеңде өз жеріміздің әрбір обьектілерін білу және олардың қыр сырына басты назар аудару басты міндет болып саналады. Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы екендігіне баса назар сала отырып, төл тарихмызды жетік меңгеру және қадірлей білу елдің болашағының мызғымас кепілі, басымдығы екендігін ерекше атап көрсетеді.
Сондай-ақ,«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жалпыұлттық қасиетті орындарды және аса қастерлі жерлерді сақтауға, әрі елдегі туристік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру Қазақстанды өз шығармашылығы арқылы дүние жүзіне танытатын көптеген таланттарға жол ашады. Соған орай өзімнің кіші отаным Жарма өңірі, Шар өзені жерін сөз етуді түйдім
Шығыс Қазақстан облысында 15 аудан бар. Әрбір аудан өзінің табиғатымен, ерекшелігімен, табиғат байлықтарымен ерекшеленеді. Жарма ауданы – ел бастаған көсемі, сөз бастаған шешені, қол бастаған батыры, баһадүр балуаны, сан қырлы өнерпазы талайды тамсантқан талантты тұлғалардың өркенді өлкесі. Қарт Қалбаның бауырын жайлап, Қызылсу мен Шар бойын қоныстаған қалың жұрттың атадан балаға аңыз-жыр боп жеткен қатпар қатпар тарихы бар. Шығыс Қазақстан облысының аудандары ішінде ерекше аудан ретінде Жарма ауданын да қарастыруға болады. Ауыл шаруашылығы дамыған, өндіріс орындары аз болғанымен бұл ауданда туризмді дамыту мүмкіндіктері зор. Аудан Шығыс Қазақстанның орталығында орналасқан. Ол 1928 жылы құрылып, сол кездегі аудан орталығы – Жарма кентінің атауымен аталған. 1932 жылдан бері аудан орталығы болып Георгиевка ауылы болып саналады. Аудан орталығының атауы 2008 жылдан Қалбатау ауылы болып ауыстырылды. Жер көлемі 22 мың 600 шаршы шақырым немесе облыс көлемінің 8 пайызын құрайды.72 елді мекені бар, оның төртеуі ірі Қалбатау ауылы, Шар қаласы, Әуезов және Жаңғызтөбе кенті. Әкімшілік территориялық белгілермен аудан 22 ауылдық бірлікке бөлінген, оның ішінде 1 қала, 4 кент және 17 ауылдық округтер бар.Табиғат бұл өлкені әр түрлі байлықтармен сыйлаған. Көптеген өзендер мен көлдер, жасыл белестер, көркем таулары бар. Бұл өлке алтын, асыл тастармен, қара мрамор және извест тастар және т.б. пайдалы қазба байлықтарға бай.Аудан территориясын мемелекттік маңызы бар темір жол желісі, Алматы-Лениногорск және Омск-Майқапшағай автокөлік жолдары кесіп өтеді. Жарма жері ертеден – ақ оңтүстік пен солтүстікті керуен жолдарымен байланыстырып жатыр. Бұл өлке саяхатшылар мен георграфтарды қатты қызықтырған, олардың көпшілігі артына жергілікті жердің табиғат көркі, тұрғылықты халықтың тұрмысы мен шаруашылық ерекшеліктері туралы мәліметтер қалдырған. Мәселен, бұл жерлерде Ш.Уалиханов, П.Семенов-Тянь-Шаньский, Г.Потанин, В.Обручев, А.Янушкевич сияқты басқа да атақты ғалымдар мен зерттеушілер болған. Шығысында аудан Көкпекті ауданымен, батысында Абай ауданымен, онтүстігінде Аягөз ауданымен, солтүстігінде Ұлан және Семей қаласымен шекараласады.
Отаным.Бұл туған жерге, туған елге, Отанға деген – патриоттық сезім деп түсінемін.Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер. Жарма ауданының аса көркем бөлігі – Шар өзенінің бойын жайлаған Шар қаласына ел сүйсінгендей-ақ. Бар сырын ішіне бүгіп, бір қарағанда жым-жырт жатқан бұл қаланың ойы мен қыры, өзен-суы пернесін басып қалсаңыз сыр тербетіп, жыр қозғап кете баратындай. Бүгінгі ХХI ғасырдағы Қазақстан азаматы, өзін мемлекеттің өкілімін деп санайтын әрбір адам еліміздің, өзінің өлке тарихын білуі тиіс деп ойлаймын. Сондықтан мен өзімнің туған жерім Жарма ауданы, Шар өңірінің әлі де ашылмаған сырлары туралы зерттеуге бел шешіп кірістім. Мені ерекше қызықтырғаны Шар қаласынан Семейге негізгі автомобиль жолымен бет алсақ Суықбұлаққа жеті шақырым қалғанда тас жолдың батыс жағында Шар өзенінің бойында тұрған «Қыз бейіті немесе Қыз әулие» бейіті. Бұл кісі туралы көптеген аңыздар бар екен. Өзімді ерекше қызықтырғаны соншалық киелі жер «Қыз бейіті» бейіті «Қыз әулие» туралы зерттегім келді. Шар өзенінің бойында өткен ғасыр басында ескі шымнан тұрғызылып, кейінгі уақыттарда әбден мұжылып құлауға жақын қалған зират тұрады.Бұны кейбір ескі көз адамдар болмаса,былайғы жұрт жай ғана естігені бойынша «Қыз бейіті»деп атайды.Бірақ,оның неліктен олай аталығанын,неліктен қасиетті Әулие қыз дейтінін,тіпті оның елін де,руын да біле бермейді.Сөйтсе де іштей түйсікпен,былайша тегін еместігін жүрегімен сезініп,ары-бері өткенде қол жайып,тәубешілік етіп келеді. «Еліміз егемендік алғаннан кейін жалпы қасиет тұтар әулиелерімізді ардақ тұтар батырларымызды,зиялы қауымымызды, түгендеп,еске ала бастадық. Жас та болса ел арасында әулие атанған, бүгінде мүрдесі қойылған «Қыз бейіті» де міне сондай біздің бас иер орынның бірі.Әкесі мен шешесінің Бибі де ат қойған баланың өмірінен бүгінгі күндері талай сенуге болатын сырлар жетіп артылады.Қалай болса да Найманның Бура тарапынын Қондыбай руынан шыққан қыздың әулиелік қасиеттері болғаны шындық.Содан болар жұрт зират басына әдейі барып,тәуәп етеді.Сырқаты бары деніме саулық берсін деп,жаны ауырғаны қасиеті арқылы бойым жеңілденсін деп,ал жалпы былай бара қалған адамдар болашағыма жол болсын деп алдында тізерлеп намаз оқып,Әулие қыз шапағаты арқылы Алладан тілек тілейді. Өткенді ұмытпау,оны болашақ ұрпақ үшін үнемі жаңғыртып отыру біздің борышымыз.Әр біріден кейін ол бізге сын»,- дейді емші Шәмшия Шаяхметқызы. Сонымен, «Әулие қыз» кім? Ол несімен әулие атанды? ХIХ –ғасырдың 30- жылдарында бұрынғы Шар ауданы, Киров атындағы кеңшар қазіргі Қоңырбиік ауылдық округі жерінде осы елде Мамажай деген молда өмір сүріпті. Мамажайдың орта жасқа келгенде бір қыз бала көреді. Қыз баланың айрықша белгілері ол үш айға толғаннан кейін ерекше айқындала бастаған. Ел қыстаудан көшіп Шар өзенінің бойына келіп қонған кезі. Әкесі Мамажай біраз демалайын десе бесікте жатқан бала жылап, мазасын ала береді. Тербеткенге де уана қоймайды. Ыза болған Мамажай дауысын шығарып жағың қарыссын деп тербете бастаған екен. Сол-ақ екен, жылап жатқан қыз жылағанын тоқтата қойып, анық сәби дауыспен: «Сенің жағың қарыссын, Мамажай» - деген екен дейді. Жалма-жан жылап жатқан қызының бетін ашып қараса, қыз кемсеңдеп әкесінің бетіне қарайды. Одан әрі бала мүлдем тіл қатпапты. Осындай оқиғадан кейін әкесі қызын үшкіріп, бесікті отпен аластайды. Бұдан біршама уақыт өтеді. Бұл оқиға тағы қайталанады. Оқиғаны өзінен басқа ешкім білмейді, айтуға дәті бармайды. Ал қызы отыра бастағаннан бастап тілі шығып сөйлей бастайды. Үш жасқа келгенде шешесінің атын атап,өзінің туған күні төбеде қызылды-жасылды не ілініп тұрғанын сұрайды. Шешесі ойлана келе қызы туатын күні алаша тоқуға иірген жіпті бояғаны есіне түседі. Қызының сұрап отырғаны сол екен.[2] Қызы бес жасқа толады.Қыс айының бір күні болса керек.Түс мезгілі,Мамажай жастыққа шынтақтай жатып,кітап оқып отырған.Кенет оның құлағына арапшаны нәзік үнмен, нақышына келтіре,мақымдап,келістіре,жосылта оқып тұрған бір нәзік үн келеді.Басын көтеріп терезе жаққа көз салса терезе алдында тұрған өзінің көптен оқып жүрген ескі құранын ортасынан ашып қойып, оқып тұрған өзінің бес жасар қызы екенін көрген молда,сасқанынан құлап қала жаздайды.Қыз болса бұл үйде өзінен бөтен еш жан жоқтай,нәп-нәзік қолдарымен екі жағын таянып алып,үлкен кітаптың бетіне шынтақтай тұрып,құранды зулатып оқи береді.Кәперіне ештеме кіріп шығар емес. Сол өңірдегі белді деген бақсы,балгерді шақырып,қызын көрсетіп кітап ашқызып,құмалақ салдырып тексертеді.Солардың барлығы да бірінің сөзін бірі қайталып,қыздың денсаулығында өзгеріс белгісінің жоқ екендігін,ақыл-есінің дұрыстығын айтады.Бірақ молда болса,оған илана қоймайды. «Қызды жын шалған»-деген тұжырымға келеді.Сөйтіп Мамажай қызын Семейдегі өзі оқып,дәріс алған хазретке апармақ болады.
Хазретке апрамас бұрын,өзі білетін басқа да емшілер мен
балгерлерге тағы да көрсетеді.Олар да қыздың
денсаулығы дұрыс деген пікір айтады.Оларға да илана
қоймаған Мамажай осы өлкедегі діндарлардың
басшысы,жетекшісі хазретке әдейі барып сәлем береді.Қызын
көрсетіп,жағдайын баяндайды.Хазрет қызды
қарап,түрлі сұрақтар беріп,қыздың
ақыл ойының дұрыстығына әбден көзі
жетеді.Баланы алдына отырғызып қойып,құранды ашып
оқуға қосады.Қыз болса хазрет көрсеткен жерден
бастап зуылдатып оқи бастайды. Сөйтіп құранның
әр жерінен ашып оқытып, байқайды. Содан соң арабша
жазылған басқа да кітаптарды оқытып көреді. Оны да
қыз зуылдата жөнеледі. Хазрет те етпен сүйектен
жаратылған жан емес пе, ол да қыздан мұндай «Өнерді»
күтпесе керек, моладан : «Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды»,-деген сөз бар.Сол айткандайын біреуден-біреу естіп,әулие қызды көреміз деп маңайдағы елдін адамдары Мамажайдың есігін босатпайтын болды. Қыз өсіңкіреп,жасы ондар шамасына келгенде сол атырауда не болып жатқанын,не болатынын,бәлен жерде бәленшенің ауырғанын,оның емі неден екенін айтып отырады екен.Мамажайдың үйіне де көп адамдар келіп,қыздан ем алып қайтысады. Қыз жастайынан көз тиіп ауырып қайтыс болады. Ел расында маныдай да әңгіме бар,қыз әкесіне: «Қазір біздің үйге бір адам келеді.Сол кісіге ренжімей,шынайы кеңпейілмен қарсы алып,риза етіп жіберіңіз.Ол кісінің бұл үйден риза болып шығу-шықпауы менің өмірімнің ұзын-қысқа болуына әсер етеді»,-дейді.Соны айтып аузын жия бергенде үйге үсті-басы жүдеу,бір қайыр сұраған адм келіп кіреді.Мамажай болса қызының тілегін түсінбеді ме,ол жағы беймәлім,әлде сараңдығы ұстады ма,кім білсін,әйтеуір әлгі адамды шын көңілмен,ақ пейілімен,қарсы алып,аттандыра алмады.Ол адам шығып кетісемен-аһқ қызының өні бұзылып,жастыққа шалқасынан жатады да,әкесіне: «Әке,айтқынмды орындамадың,егер орындағанда әлі де біраз өмір сүрер едім бе,қайтер едім?»,-депті де,көзін жұмып жүріп кетіпті.Жаңа ғана сап-сау тұрған қызының өліп кеткеніне Мамажай онша илана қоймаса керек. Мамажайдың арғы аталарын қуған кезімізде Бибі қызға нұрдай болып әулиелік жарық түсіріп тұрған текті бір адамды еріксіз көруге болады. Ол ХVII-ғасырдың аяғына таман дүниеге келіп,1763 жылы қайтыс болған. Бүкіл қазақ халқына танымал болған-батыр,әрі би ,әрі әулие атанған,Үш жүздің басын қосып біріктіруге аса ықпал жасаған Абылай ханның алғашқы ұстазы,соғыс өнерін үйретуші Қонақай еді. Шежіреге сүйенсек оны былайша таратып беруімізге болады.Қонақай Бураның Қондыбайы. Әкесі Жанкісі. Қонақайдың кіндігінен Ханкелді,Балапан,Қалмақалы,Мөлдір,Құттықадам,Боздақ,Ниязбек,Ниязбектен алты бала-Өтеу,Танаш,Манаш,Егізбек,Тоғызақ,Жанкелді.Өтеуден-Алтынбай,Шүкібай,Үйсімбай.Осы Үйсімбайдан-Мамажай, Еркебай, Беген. Мамажайдан төрт қызы болды,соның бірі Бибі. Осы хронологиялық талдауға сүйенетін болсақ Бибі қызға бесінші атасы Қонақайдың шапағаты қонды ма деп қаласың. Оған себеп бүгінде сүйегі Ахмет Яссауйдың мавзолейінде жатқан Қонақайдың тектілігі мен әулиелігі еді. Қонақайды Ахмет Яссауйдың мавзолейіне жерлеуге алып барғанда, сондағы көп жасаған текті үлкендер «Орта жүздегі жалғыз әулие маңдайларыңа симаған екен»,-депті. Қонақай батыр дедік – батырылығы жоңғар шапқыншылығы кезінде ерлігімен,күштілігімен ерекшеленген.Күштілігі сонша,жаумен жекпе-жекке шыққанда, жауы өкініште кетпесін деп бірінші кезекті соған береді екен.Ол өзін ала-алмаған соң ғана жауының басын алған. Қонақай би дедік-билігі сол Қонақай қалмақтармен соғыстан кейін отарлау саясатына көшкен ресейге қарсы қазақтың соғысарлық күшінін жоқтығын сезіп,Абылайға онымен қалайша саясат жүргізу жолы туралы кеңес беріп отырған.Өйткені қалмақ соғыс кезінде Ресей қазақтың шекарасына Семей сияқты талай бекіністерді салып та тастаған еді.Ол осыны табиғи зердесімен,өз ортасынан оза туған,алысты болжай алатындағымен ойлап елінің басын қосуға,жоғын-жоқтап,мұңын-мұңдап сүйеу болған.Әсіресе,Қаракерей Қабанбай,Қанжығалы Бөгенбай бастап қазақтың басын қосып,ел қорғау ісінде халықты бірлікке,ынтымаққа шақырғанда Төле,Қаз дауысты Қазыбек,Әйтеке билер секілді Қонақай да елдің басын құрап,жауға тойтарыс беруге белсенді тұрде араласқан.Олай дейтініміз,бұл ауыр жұмыс бір адамның немесе тіпті бір топ адамның қолынан келмейтін жұмыс еді.Қонақайдың ақылы да өзіндік ерекшелігімен әйгіленген еңбек етті. Ал енді Қонақайдың әулиелігіне келетін болсақ,оның айтқаны әсте қате кетпеген,артық айтпаған,аузы дуалы адам болған,оның мысалы ретінде мына бір әңгімені ғана айта кетейік: «Ақтабан шұбырынданың » оқиғасының алғашқы кезендерінің бірі болса керек. Жоңғарлар ретін тауып бір топ қазақты қолға түсіреді. Қолға түскендердің арасында Абылай да болады. Қолға түскен қазақтарға қалмақтар өздерінің жеңістерін тойлайтындықтарын айта келіп,бәйгеге қосатын аттарың болса жаратыңдар,аттарың озса,бастарыңа бостандық береміз дейді екен. Абылаймен қолға түскендердің арасында Қонақайда бар екен. Абылай қазақтарды жиып алып кеңес құрады. Астымыздағы мініп келген жылқылардың арасында бәйгеге қосарлық жылқы бар ма деген сауал қояды. Сонда Қонақай сөз бастап: «Бізбен қолға түскен жылқылардың арасында Бурыл ат бар еді,шапса сол шабады,одан өзгенің ретін көре алмадым» ,-дейді. Абылай сол сөзге тоқтап өздерімен қолға түскен жылқыларды алдарынан айдап өтулерін сұрайды. Қалмақтар уәдесінде тұрып,келесі күні қазақтардың бұл талабын орындап,өздерімен бірге түскен жылқыларды алдарынан айдап өтеді. Абылайдың қасында тұрған Қонақай Бурыл аттың бұл жылқылардың арасында жоқ екенін айтады. Сонда Абылай қалмақтарға өздерімен бірге қолға түскен жылқылардың ішінде көкбурыл аттың болғанын, ал мына жылқылардың ішінде оның жоқ екенін айтып,сол жылқыны тауып берулерін өтінеді. Арада бірнеше күн өткенде қазақтардың алдынан жылқыларды екінші рет айдап өтеді.Сол қалың жылқылардың арасында көкбурыл ат та кетіп бара жатады.Бірақ ол Қонақай көргендей емес,жүдеген,арқасына ердің қапталы батып,қабағы кіртиіп,жүні үрпиіп,құр сүлдесі ғана қалған.Сөйтсе,қолға түскен күні-ақ бір қалмақ жылқышысы ұстап алып малға мінген көрінеді.Аттың мына болмысын көре тұрып,қалмақтар түгілі қазақтардың өзері де мынаның тұлпарлығына онша илана қоймаса керек. Көкбурыл атты Қонақай өз күтіміне алып,бағып-қағып,жаратып,еікі айдан соң бәйгеге қосыпты.Сол көкбурыл ат бәйгенің алдында келіп бірінші орынды иелденіпті .Осы оқиғадан соң Қонақайдың әулиелігі туралы аңыз бүкіл қазақ даласын кезіп кете барады. Зерттеуімнің басында XX ғасыр басында аз ғана жыл өмір сүріп Әулие қыз атанған бала туралы айтсам,соңын Қондыбай руының Қонақайы жайында жалғастырдым. Осы екі адамның бірін сөзімізбен елге жеткізіп әрі дәріптей отырып, екіншісімен өзара байланысын іздедім. Жалпы қазақ халқының өзі айтады ғой: «Адам басына біткен ерекше қасиет түптің түбінде оның ұрпақтарының біріне айналып кеп қонады» деп.. Әулие қыз бесіктен белі шықпай жатып тегін сөйлемеген,көріпкелдігі өз алдына. Біздің Шар қаласында тұратын халық емшісі ,шипалы қолымен талайдың алғысына ие болған. Шәмшия Шаяхметқызы былай дейді: Ең алдымен Әулие қыздың әулиелігін танығандар: 1)Сейіт молда; 2)Қари Наурызбай молда Арыстанбайұлы; 3)Қытайда өткен ғасыр басында өмір сүрген Есен қазірет. Кейінгі жылдары Әулие қыз туралы мол мағлұматтар жинаған Ержан Сағындықов болды. Әулие қыз бейітінің ғасырға тақау уақыттан кейін ұрпақтар үшін қайтадан жаңғыртылуы атап өтуді қажет ететін шаруа.Жермен жексен бола жаздаған Әулие қыздың бейітін жаңашыр ұлдары мен қыздары қайта көтеріп алғысын алды.Тіпті Бибі қыздың өзі де бейітінде жатып бір аунап түскен шығар. Жалпы бейітті жаңарту неліктен қолға алынды деген ой әркімнің санасына келуі мүмкін.Таратып айтар болсақ бұл оқиға былай басталды. Семейге қарай кетіп бара жатқан ұзын жол бойында сол сәби қалпында тып-ыныш,моп-момақан жатқан Әулие қыз бейітінің өзі былайғы көзге құлап қираған,қораш көрінгенімен арлы-берлі өткендерді өзіне тартып тұрушы еді.Естіген, білген адам оның тылсым күшін сезінетін.Жанынан дабырламай,айғайламай өтетін.Іштей сиынып,екі алақанымен бетін сипайтын.Бірақ неліктен екенін онша түсіне де білмейтін. Мұндай әулие қыздың үнемі үнсіз жата беруі тіптен де мүмкін емес еді,ол ғасыр бойы өзін ұғатын адамды күткен екен ғой.Сол адам емші Шәмшия Шаяхметқызы болып шықты. Бір күні түнде ұйықтап жатқан Шәмшия оның жанына келіп тұрғанын сезінгендей болды. Әулие қыз қолын жайып өзіне аян берді. Ол былай деді: «Мен өмірге, тіршілік көзіне сәби болып көрінемін. Соған қарамастан арада ғасыр өтсе де айналадағы дүние танымына қараңғы тар қапаста жатсам да адамдарға тек қана жақсылықтарды ойлап жатамын. Менің басымды енді малдар басып,денеме ауыртпалықтар салуда. Осыған сен назар аударсаң. Мен де сенің емшілік қасиетіңе қолғанат болар едім ». Осы аяннан кейін Шәмшия ұзақ толғанды,әулие қыздың қазіргі үйіне назар аударып,ерекше көңіл аудару ,халықты да сол ниетке жақындату өзінің міндеті екенін ұқты. Бірақ, бұл шаруаның жалғыз қолынан келмейтінін де білді. Шар қаласындағы өз ұсынысын ұғатын, түсінетін белді-белді деген азаматтарына арқа сүйеу керек деп ойлады. Сөйтіп ол қаладағы ең үлкен кәсіпорынның басшысы Жұмабек Рамазанұлы Бейсоновке келіп алған аяны туралы айтып,өз ойын бөлісті. Тәрбиесі бар,ойы ұшқыр,халқын сүйетін,өтенді қадірлей білетін азамат сөзге келместен Шәмшияның ұсынысын бірден қолдады.Екеуі зират басына молда алып барып,алдымен құран оқыды.Ұзақ ойланып-толғанып Әулие қыздың бейнесін халық алдына алып шығу үшін бірінші кезекте зиратын жөндеуді қолға алу керек деп түйіндеді.Мұнан соң бұл әңгіме қаланың басқа да бас көтерер азаматтары алдына қойылды.Нәтижесінде өткен 2004 –жылы Әулие қыздың зираты қайта көтерілді.Бұл істі қолға алған жігіттер жақсы- ақ істер атқарып оның ескірген үйін көз тартарлық қалыпқа келтірді.Бұл өмірден кәмелеттік жасқа келмей қайткандықтан,оның үйі бесік іспеттес қаланып,сырты мәрмәрмен безендірілді.Осы қалыпқа келтіру көп күшті, қаржыны қажет еткендігін айтпай-ақ ұгуға әбден болады.Осы орайда ерекше еңбек Жұмабек Рамазанұлы. Қорыта айтқанда елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жалпыұлттық қасиетті орындарды және аса қастерлі жерлерді сақтауға, әрі елдегі туристік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. Қаламыздағы тарихи орындарды, киелі жерлерді қорғау шараларын жүргізу, болашақ ұрпаққа негізгі байлықтың бірі болып табылады. Ата-бабамыз айтып кеткендей, «Өткен тарих, болашақ үшін алтын қазына». Олай болса,туған өлкенің тарихын болашаққа паш ету –өзіміз үшін де,өзгелер үшін де,келешек үшін де үлкен міндет |
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы
2. Қ.Керейбаев «Қазыналы Қалба» Алматы 2003
3. «Шар тынысы» газеті, 2004, қазан
4. Қ.Мұсатаев Киелі Шар өңірі Алматы-2010
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.