Әліппемен қоштасу
Оценка 4.8

Әліппемен қоштасу

Оценка 4.8
Документация
doc
воспитательная работа
1 кл
24.03.2017
Әліппемен қоштасу
Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бірінші сынып оқушысының алғаш қолына алған кітабы, оқулығы - Әліппе! әліппемен қоштасу бірінші сынып оқушыларының дәстүрлі мерекесіне айналған деуге болады. бұл ертеңгілік барысында оқушылар әліппеге өз ризашылықтарын айтып, не үйренгендерін көрсетіп сүйікті әлеппесімен қоштасып, ана тілімен танысады.
Бақытнур 2012ж.Әліппемен қоштасу.doc

Тақырыбы: Қош бол, құтты Әліппем!

 

Мақсаты: Оқушыларға әліппе мен ана тілі пәнінің маңызын түсіндіру. Ата-аналарға балаларының осы мезетке дейін қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету. Оқушылардың эстетикалық талғам сезімдерін байыта түсуге тәрбиелеу.

 

Көрнекіліктер: Плакаттар, пәндер болып әліппе, ана тілі, шарлар.

 

Барысы: сахнада «Көңіл ашар» күйі ойнап тұрады.

 

  Мұғалім:Армысыздар, құрметті ұстаздар, аяулы да ардақты ата-аналар, құрметті 1-сынып оқушылары! Бүгін егемендігіміз ескеріліп, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта бүгінгі күн сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ. Бұл той балалардың тұсау кесер тойы іспеттес. Кеше ғана алаңсыз атқа мініп шапқылап жүрген бүлдіршіндер, бүгінде бойларында жауапкершілік пайда  болып, саналы азаматтық борыштарының алғашқы асуын аман-есен асып, бір жасқа тағы да есейіп отыр.

     Осы сөзімнің айғағы ретінде бүгін біз, барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі Әліппені бітіріп отырмыз. Біз өте қуаныштымыз., өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан, біздің жақын досымыз Әліппемен қоштаспақпыз.Тойларыңыз тойға ұласып, балаларыңыз ата-ананың баласы емес, халықтың баласы болуға жазсын.

 

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі оқып жазатын халге жетті,

Құтты болсын білімі балалардың!

 

Ата-ана қуанып шаттанады,

Оқыды деп баласы мақтанады

Алдарына бұлардың кім шығыпты

Барлық маман мектептен аттанады.

 

(Сахнада баяу ғана «Көңіл толқыны» күйі ойнап тұрады.  Әр оқушы өздерін таныстыраотырып ортаға шығады)

 

1.Рамазанова Айсұлу:

Сәулелі де сымбатты

Сөйлегенім тым тәтті.

Айсұлу деген қыздарың

Сіздерге арнап тіл қатты.

2. Серғали Диар:

Көп оқитын, көп тоқитын

Диар деген баламын

Атам менен апамның

Қолғанаты боламын

 

3. Хуанған Айғаным

Ай мен күні анамның

Ақылдысы атамның

Би  билеп, ән салатын

Мен Айғаным боламын

 

4. Маней Шынтүлек:

Жақсылықты жақтайтын

Бәрін біліп, жаттайтын

Түске дейін жатпайтын

Шынтүлек жігіт мен болам

 

 

5. Нимиткин Руслан:

Дарасы болар даланың

Руслан деген баламын

Бүгін үлкен жиында

Шырқап әнге саламын

 

6. Басжанова Ақмерей:

Ақмерей менің есімім

Мектеп менің бесігім

Ілім-білім алуға

Аштым оның есігін

 

7. Жангарашева Риза:

Мен боламын Риза

Күндей әсем жайнаған

Өнер атты даңылға

Ешқашанда тоймаған

 

8. Иватұлы Ерасыл:

Ерасыл деген мен болам

Ата-ананың тірегі

Қамқор болу міндетім

Мен олардың жүрегі

 

9. Екпін Жанерке:

Жұмсағанда баратын

Айтқан тілді алатын

Әсем, сұлу қыздарың

Мен Жанерке боламын

 

10. Қайртай Мөлдір

Мөлдір қызың кең маңдай

Әдемімін мен қандай

Өнер-білім іздеуде

Ынталымын мен сондай

 

 

 

Екі жүргізуші ортаға шығады.

 

1-жүргізуші:

-         Құрметті ата-аналар, ұстаздар! «Қош бол, құтты Әліппем!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

-         Біздің қолымызға тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығымыз – «Әліппе».

1-жүргізуші:

-         Бұл кітап – бүкіл әлем дүниесінің алғашқы есігі, білімге бастайтын алғашқы соқпақ.

2-жүргізуші:

-         Әліппе – оқу мен жазуға үйрететін алғашқы оқу құралы. Дегенмен осы «Әліппе» атауының қалай пайда болғанын балалардың бәрі біле бермейді.

1-жүргізуші:

-         Бұл сөз тілімізге араб алфавитінің ірпі «әліп» пен кейінгі «би» әрпінің қосылып жазылуынан құралып, сауат ашу құралының атауына айналып кеткен.

2-жүргізуші:

-         Адам баласы талай замандар бойы жинаған білімнің асыл қазынасына алғаш жол ашатын оқу құралы деп «Әліппені» үлкен де, кіші де қастерлейді.

 

Ән «Қошақаным». Орындайтын Басжанва Ақмерей

 

1-жүргізуші:

-         Біз екі тоқсан бойы көп еңбек еттік. 42 әріпті түгел жаттап алдық. Оқуды, санауды, жазуды, үйрендік. Осының бәрін үйреткен кім?

Оқушылар хормен: МЕКТЕП, МҰҒАЛІМ, ӘЛІППЕ!

 

Мұғалім: Олай болса, бәрімізге ең қымбат әліппені ортаға шақырайық.

Оқушылар хормен:  Әліппе, әліппе, әліппе. (Әліппе келеді.)

 

Әліппе:

-         Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендерді мектептегі алғашқы жеңістеріңмен құттықтаймын.

Қазақ алфавитін толық меңгердіңдер. Оқып, жазып үйрендіңдер. Менің беттерім сендерді тек қана сауаттылыққа ғана емес, сонымен қатар тату, тәртіпті еңбексүйгіш оқушы болуға үйретті.

 

1 оқушы:   

«Әліппем»,менің «әліппем»,

                          Сені қолға алып мен.

                          Есігін аштым мектептің

                          Ертеңгі сәуле жарықпен.

2 оқушы:   

                     Сөйледі ол тіл бітіп,

                     Небір қызық сырларды.

                     Тыңдай бердім мен жұтып,

                     Тіл біткен тақпақ жырларды.

3-оқушы:

                     Ашыла берді алдымнан,

                     Кең дүние есігі,

                     Соғылған сомдар алтыннан

                     «Әліппе»-білім бесігі!

4-оқушы:

Армысыздар  аналар,

Бармысыздар балалар

Сөзіме құлақ салыңыз

Бір серпіліп қалыңыз

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі жыр әніміз.

 

5-оқушы:

Өтті оқу сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат

Оқулықпен достассақ

Әліппемен қоштассақ,

Өсті білім ойымыз,

Құтты болсын тойымыз.

6-оқушы:

Ең алғаш алғанымда әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?

Ұстазым оның кілтін алып берді.

7-оқушы:

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те,

Оқимыз қазір ертекте

Үйреткен оны әліппе.

8-оқушы:

Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза боп саған жүреміз,

Сүйікті біздің «Әліппе»

9-оқушы:

Таныстырған қырық екі әріппен

Қош бол менің қасиетті әліппем

10-оқушы:

Оқуды көп ойладық

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық тойладық.

 

Хор: «Мектеп-ана» әні орындалады.

 

Мұғалім:                                                    

Барлық әріп бағалы,

Айттық әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды.

Адам барлық әріпті,

Ардақтайды, қолдайды-

дегендей біз сіздермен қазір әр әріптің өз сырына үңіліп көрелік

 (Әріптер сыры)

 

1-оқушы:

                        Ана тілің ертеңің,

Ана тілің өркенің

Ана тілің ертегің

Қадірле ана тіліңді.

2-оқушы:

Әдеп – тәртіп, білеміз,

Әдеппен сөйлеп, күлеміз:

Әрқашан жұрт алдында,

Әдеп сақтап жүреміз.

3-оқушы:

Халқымыз – біздің анамыз,

Халқымыз – асыл панамыз.

Халыққа қызмет етеміз,

Халықтан қуат аламыз.

 

4-оқушы:

Талмастан алға баратын

Талабың – ұшар қанатың:

Тағлымы ердің-өнеге –

Талаппен үлгі алатын.

 

5-оқушы:

                        Ерлер аңсап еркіндік

Ел болуға бекіндік.

Еңсесі биік елімнің

Елордамыз – жер кіндік

 

6-оқушы: 

«Сабырлы жетер мұратқа –

Сабырсыз қалар ұятқа».

Сабырың – ақыл туындай,

Сабырдың туын құлытпа.

 

7-оқушы:

                        Нақыл сөзін атамның

Нақ орындап, бата алдым:

Нақты жұмыс атқарып,

«Нағыз жігіт» атандым

8-оқушы:

                        Пайымды жан – әдепті:

Пайымдылық әдетті

Парықтадық, үйрендік,

Пайымдымыз әдепті.

9-оқушы:

«Өркенің өссін» деп атам

«Өкпешіл болма» дер апам

«Өсек айтпа» деп әкем,

«Өнерлі бол» дер анам.

 

10-оқушы:

Отанымыз – анамыз,

Отан сүйген баламыз.

Оқып, білім аламыз,

Оты болып жанамыз.

 

11-оқушы:

Ырыс алды – ынтымақ

Ырыссыз, мәнсіз шындық па?

Ықыласы болса тек іске

Ыдырыс сонда тындырмақ

 

12-оқушы:

Жасұланбыз жастармыз,

Жарқын істер бастармыз

Жерімізді түлетіп,

Жайнатып-ақ тастармыз.

 

13-оқушы:

                        Ислам –дінім, тірегім,

Иманға толы жүрегім.

Имансыздан сақтанып

Ибалы боп жүремін.

 

Мұғалім сөзі:

-          Балалар сендер әр әріптің бағалы екеніне біздің көзімізді тағы да жеткіздіңдер. Көп рақмет.

 

Жақсы ән мен тәтті күй

Құлақтан кіріп бойды алар, - деп  Абай атамыз айтқандай кезекті әнге берсек:

1-сынып оқушысы бізге білім алуда үлкен көмектері тиген ата-аналарымызға арнап

Хуанған Айғанымның орындауында «Құттықтаймын мама, туған күніңмен!» әнін тамашалаңыздар.

 

«Помпонмен би»

 

Әліппе:

-     Рахмет, балалар! Сендердің өнерлеріңді тамашалап, мені жақсы меңгергендеріңді көріп қатты қуанып қалдым. Енді сендерге батамды берейін:

-     Оқуда зейін болыңдар,

Еңбекке бейім болыңдар.

Кір шалмасын қабақтар,

Ақ жол болсын қарақтар

Күнделіктерің беске толсын!

Өнерлерің үстем болсын болсын!

Менен естелік ретінде мына бір сыйлығымды қабыл алыңдар. (балаларға «Әліппе» эмблемасы таратылады).

-     Балалар, сендер мені оқып тауыстыңдар, әріптерді жақсы меңгердіңдер. Міне, сендерді таныстырдым, енді сабақтарыңды жақсы оқыңдар. Ал мен кетейін.

 

Мұғалім: Балалар, өзіміздің қимас досымыз әліппені шығарып салайық:

Оқушылар: «Қош бол, құтты Әліппем!»  әнін орындайды.

 

Әліппе кете бере ортаға 2 клоун шығады:

 

1-клоун: -       Мен саған айтпадым ба? Жаңа осы жерде бір той болып жатқан сияқты

деп.

2-клоун:          Достым сен рас айтыпсың? Балалар бұл неғылған той?

Балалар:         Әліппемен қоштасу тойы.

1 клоун:          Сонда сендер әліппені бітіріп қойдыңдар ма?

 Балалар:        иә!

2 клоун:          Жарайсыңдар! Мерекелерің құтты болсын!

1 клоун:          Балалар сендер әліппеден кейін ана тілі оқулығымен таныспаушы ма едіңдер?

Балалар: -иә!

2 клоун:          Ендеше сендердің тойларыңа тарту ретінде сендерге Ана тілі оқулығын әкеліп береміз.

(клоундар шығып кетеді)

МҰҒАЛІМ: -клоундар ана тілді алып келгенше біздің сыныптың оқушыларының әзірлеген тамашасына назар аударыңыздар.

 

«Емтихан» көрінісі

 

 Орындалып біткен соң ана тілді ертіп екі клоун келеді.

 

Мұғалім:    

Ана тіліне сөз кезегін берейік:

Ана тілі:

Менің тілім біреу-ақ,

Сөйлейтін де жазатын.

Тауып қойған тілеуі-ақ

Қазақ деген өз атын.

Дариядай пейілі

Тілі, діні жырында.

Сол туған тіл атауы-

Ежелгі біздің қазақ тіл,

Осы тілді жек көрген

Дүниеден қалар құр

Бағаласаң шынымен

Баба тілің – шын асыл.

 

Мұғалім:

-         Ана тілін сүйіп оқимыз ба?

-         Иә

-         Ендеше ана тіліне арнап өз өнерлерімізді көрсетейік:

 

1.       «Аспазшылар» биі  - «Бүлдіршіндер» би тобы

 

1-оқушы:    -Құрметті ана тілі біз әліппеден оқып үйренгенімізді сізден әрі қарай дамытамыз. Сіздің біліміңізді қадір тұтамыз, құрметтейміз. -

 

2-оқушы: 

Ана тілі- біздің туған анамыз

Анамыздай сыйлап бағып қағамыз.

 

3-оқушы:

Ана тілі ұраным

Ана тілі құралым

Ана тілі болмаса

Мықты болмас тұрағым

 

Хормен:                                                                      

Ана тілін сүйеміз

Басымызды иеміз. Бәрі бірге

 

Мұғалім: ал, балалар ана тіліне арналған көптеген тақпақтар біледі екенсіңдер. Сендерге көп рақмет. Сендердің өнерлеріңе таң қалған клоундарда өз өнерлерін сендерге көрсеткілері келіп тұр. Ендеше клоундардың биін тамашалайық.

Клоундар биі   

 

Мұғалім:

Жақсы білім көрімдік

Болсын сізге халайық

Не үйрендік, не білдік

Кәне ортаға салайық

Қазір біз сіздердің алдарыңызда оқушыларымыз қандай деңгейде не үйренгенін сіздерге көрсетпекші. Балаларыңыздың білімпаздығына куәгер болыңыздар.

СҰРАҚТАР:

1. Әліппе оқулығынан қанша әріп үйреніп, жаздыңдар?

2. Сөйлем қалай жазылады?

3. Сөз неден құралады?

4. Мына сөздерді буынға бөлдіремін: о-тан, қа-йық, жа-ңа, та-уық, кі-тап, дәп-тер, о-қу-шы

5.Ұстап әкеп шеңберді

Байлап қойдым бағанға.   (ю әрпі)

6. Есепке де кіреді,

Әріпте боп жүреді              (з әрпі)

7.  Екі «С» кеп күресті

Арқаларын тіресті           (х әрпі)         

8.Қос бүйірін таянып,

Тұратұғын қай әріп                   ( ф әрпі)

9.Қосылса 1 мен 3 арасы

Қандай әріп ойлашы?    (в әрпі)  

 

Мұғалім:                                 

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан

Математикаға орын берсең басыңнан

Барлық ғылым саған үйір болады

Досың солар-табылатын қасыңнан-дегендей ендігі кезекті математикалық сұрақтарға берсек деймін.

  1. Көлден ұшты жеті қаз,

Қайтып қонды екі қаз.

Қонбады енді нешеуі,

Қане кім шешеді?

                                          (5)

 

  1. Шығармақ боп кеше есеп,

Жиналғанды бес есек

Үшеуі ұйықтап отырды,

Ынталысы неше есек?                

 (2)

  1. Табақта үш алма,

Қолымда екі алма.

Қосқанда барлығы

Болады неше алма?

Бір алма атама

Бір алма апама

Нешеуін алады?

Нешеуі қалады?             

(3)

 

«Үтік» қойылымы

 

Мұғалім: -Балалар сендер айтыңдаршы сөздің көркі не еді?

Балалар:- Мақал-мәтелдер

Мұғалім: -Ендеше ана тілге біз өзіміздің шешен екенімізді дәлелдесек қайтеді?

Балалар: -Сөйтейік!

 

          Мақал –мәтелдер:

Оқу -инемен құдық қазғандай

           *********

Талант қартаймайды, білім ортаймайды.

          *********

Өнерлі -өрге жүзеді

**********

Өнер алды- қызыл тіл

**********

Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

**********

Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

**********

Талап-тұлпар,

Білім сұңқар

 

Мұғалім :

Ал енді бір сәт әнге кезек берсек.

 

 Рамазанова Айсұлудың орындауында «Мектебім»

 

әнін тамашалаңыздар.

 

Мұғалім:

-         Бізге білім алуға көмектесетін ата-аналарымыз бен ұстазымыз. Ендеше келесі өлең шумақтарын ата-аналарымыз бен ұстаздарға арнаймыз:

1-оқушы:

Ашық жарқын жүзді,

Ұстазым көп ізгі

Мейірімін төгіп

Аялаған бізді.

2-оқушы:

Әлем сырын ашқан

Шежірең жыр дастан

Шәкіртіңбіз балғын

Бауырыңа басқан

3-оқушы:

            Айтсаң болды тіл алам

Әйбат мамам, ай мамам

            Сені көрсем қуанам

Сен керексің қайда да

4-оқушы:

Жүре берсең қасымда

Әйбат анам қуанам

Ботам деген даусыңнан

Мен мәз болып оянам

5-оқушы:

Мамам менің ақ мамам

Балын маған сақтаған

Әнін маған сақтаған

Бәрін маған сақтаған

 

Алғашқы мұғалімдеріне арнап

 

Мөлдірдің орындауында «Ертегілер әні»

 

Қабыл алыңыздар.

 

Әліппе жарты жылдай жолдас болдым,

Ана тілге әкеліп жалғастырдың.

Әр әріпті қостырып, сөзін құрап,

Хат танытып, алғаш сен көзімді аштың.

 

Қош болып тұр, әліппе анамдайсың,

Жақсы бол деп біздерге алаңдайсың.

Мен үйреткен әріптің құдіретімен,

Дейсің бізге кірпіш боп қаланғайсың.

 

Орындайтыз әліппе ақылыңды,

Жарысқанда жазамын тақымыөды.

Қандай қиын жұмбақтар шешу үшін,

Артырамын ғылымға құштарлықты – дей келе әліппеге алғысымызды айта отырып, «Балдәурен» әніне кезек берсек.

Экранға назар аударып отырыңыздар, бұл біздің жарты жылдық өмірімізден қысқаша бейнебаян.

 

 

Хор: «Рахмет саған әліппе»

 

Мұғалім:

-         Осымен «Қош бол, құтты Әліппем!» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Келесі сөз кезегі мектеп директорына және ата-аналарға беріледі.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                               


Тақырыбы : Қош бол, құтты Әліппем!

Тақырыбы : Қош бол, құтты Әліппем!

Руслан деген баламын Бүгін үлкен жиында

Руслан деген баламын Бүгін үлкен жиында

Оқушылар хормен: МЕКТЕП, МҰҒАЛІМ, ӘЛІППЕ!

Оқушылар хормен: МЕКТЕП, МҰҒАЛІМ, ӘЛІППЕ!

Оқуды көп ойладық Қызығына тоймадық

Оқуды көп ойладық Қызығына тоймадық

Пайымдымыз әдепті. 9-оқушы: «Өркенің өссін» деп атам «Өкпешіл болма» дер апам «Өсек айтпа» деп әкем, «Өнерлі бол» дер анам

Пайымдымыз әдепті. 9-оқушы: «Өркенің өссін» деп атам «Өкпешіл болма» дер апам «Өсек айтпа» деп әкем, «Өнерлі бол» дер анам

Мен саған айтпадым ба? Жаңа осы жерде бір той болып жатқан сияқты деп

Мен саған айтпадым ба? Жаңа осы жерде бір той болып жатқан сияқты деп

Мұғалім : ал, балалар ана тіліне арналған көптеген тақпақтар біледі екенсіңдер

Мұғалім : ал, балалар ана тіліне арналған көптеген тақпақтар біледі екенсіңдер

Балалар :- Мақал-мәтелдер Мұғалім: -

Балалар :- Мақал-мәтелдер Мұғалім: -

Мөлдірдің орындауында «Ертегілер әні» Қабыл алыңыздар

Мөлдірдің орындауында «Ертегілер әні» Қабыл алыңыздар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
24.03.2017