«Ұлы Отан соғысының ардагері, ардақты ұстаз Қ.Нұрғалиев»
1941жылы 22-ші маусымда бүкіл халықпен Құмаш Нұрғалиевте соғыстың басталғанын естиді. Он жетіден асқан Құмаш Нұрғалиев 1943 жылы 26 мамырда өз еркімен Бұғымүйіз ауылынан әскер қатарына шақырылып, 1943 жылдың 1-маусымында капитан М. Астаховтың бұйрығымен Зайсан аудандық әскери комиссариаты арқылы су жолымен қасындағы бес жігітпен Отан қорғауға аттанды. Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатының Зайсан бөлімшесіндегі 284-қор, 1-тізбе, 24-істің 144 бетіндегі сарғайған газет бетіне жазылан әскери комиссариатың бұйрығында нақты уақыты 1943 жыл 1 маусым деп көрсетілген.
1943 жылы әскерге атанғаннан 1944 жылдың мамырына дейін әскери қызметін Қиыр Шығыс пен Оралда жалғастырды. Ол курсты бітіріп, кіші сержант атағын алды. 1944 жылдың мамырынан 29 қазанға дейін Кеңес Одағының батыры А. Матросов атындағы атқыштар полкінде Отан қорғады. Қ. Нұрғалиев майданның алғы шебінде жүріп, өзінің патриоттық тәрбиесімен Ұлы Жеңіске өз үлесін қосты. Генерал Казаков басқарған дивизия Кеңестік Латвияны жаудан тазартуға кірісті, кіші сержант Құмаш та осы қызыл әскер қатарында неміс-фашистерден Резекне, Мадона, Рига қалаларын азат етуге қатысты, талай қанды ұрыстарда шайқасты.
1944 жылдың күзінде Риганы азат етудегі Ауце қалашығы үшін болған шайқаста Құмаш Нұрғалиев ауыр жараланды. 29-қазан, яғни өзінің 19 жасқа толған туған күнінде қазақтың жас жігітіне тағдырдың тартқан сыйы осылай болды. Тура туған күні, бұл туралы №3431 госпитальнің басшысы майор Иваньковтың анықтамасынан көре аламыз «... в боях за Советскую Родину мл.сержант Нургалиев Кумаш 29.10 был тяжело ранен. Диагноз: Ампутатция обеих бедр и левого крецплечи». Өмірдің тауқыметі мен ауыртпашылығы осылай жалғаса берді.
Ол өлген жоқ. Бұл ғажапты жасағандар хирургтар Молоденков, Каверина, Зайцев болды. Медбикелер Шевелева, Великанова, Солодкина, Ракова сынды ақ халатты абзал жандар өздерінің бірнеше литр қандарын берді. Дивизия командирінің өзі келіп, қазақтың кіші сержанты Құмаштың кеудесіне жауынгерлік «Қызыл Ту» орденін қадаған еді.
Ерен шыдамдылығымен, қайтпас қайсарлығымен өлімді жеңуге берік бел байлап, 12 күрделі оталарға төтеп берді. Госпитальда ол үшін «атпайтын таң, батпайтын күн» тура екі жылға созылды. Ауруханада 9-10 сыныпты экстернат түрінде емтихандар тапсырып аяқтады. 1945 жылдың 22-тамызынан 18-желтоқсанына дейін коммуналдық кәсіпорындар бухгалтері курсында үздік оқып бітірді. 1946 жылдың қоңыр күзінде протезбен екі балдаққа сүйеніп туған еліне оралды.
Туған жерге оралған ол әлемдегі ең құрметті де жауапты мамандық - ұстаздық жолына түсті. Күршім ауданындағы Боранмектебінің директоры болды, «КСРО Халық мұғалімі» деген атақ алды. Құмаш Нұрғалиев өмірден кеткеннен кейін ол басқарған мектеп «КСРО Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиевтің мектеп-гимназиясы» атты авторлық мәртебесіне ие болды
Қ. Нұрғалиевтің тұлғалылығы мойындалғаның ол кісі туралы көзі тірісінде «Өлімді жеңген өмір», «Құмаштың мектебі» атты екі кітап жазылып, «Комсомольский билет», «Здравствуй солнце», «Учитель», «Открытый урок» т.б. бірнеше деректі фильмдер түсірілгендігі дәлел.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.