Ұлы даланың жеті қыры сайы 8 сынып
Оценка 5

Ұлы даланың жеті қыры сайы 8 сынып

Оценка 5
Конкурсы
docx
история
6 кл—8 кл
05.01.2019
Ұлы даланың жеті қыры сайы 8 сынып
8 сыныпқа арналған. Сайыс Атажұрт тарихт-танымдық сайысы жобасында жасалған. Сайыста 6-7-8 сыныптарда өтілген материалдар қамтылған. Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры " жобасы барысында жасалынған, жеті бөлімнен тұрады. Әр бөлім бойынша сұрақтар қойылады, оқушылар белсене қатысады. Сайысты мен өз тәжірибемде қолдандым.
Тарих сайыс.docx
«Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбындағы «АТАЖҰРТ» интеллектуалдық – тарихи танымдық сайыс Мақсаты:1. Қазақстан республикасы туралы оқушылардың алған білімін жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру.Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білу. Туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Патриоттық тәрбие беру. Көрнекілік: «Ұлы даланың жеті қыры» атты жазуы бар плакат, қаттама, Қазақстан Республикасының картасы, безендіру құралдары. Қатысушы: 8 сынып оқушылары. Топтың аттары: «……………………….», «………………………….» тобы. Жоспары: 1 КЕЗЕҢ: «Қанат қақты »кезеңінің тақырыбы «Алтын адам» деп аталады. 1минут, 10 сұраққа жауап. 2 КЕЗЕҢ: «Самғау» кезеңінің тақырыбы «Аң стилі» деп аталады. ұпайы көп команда бастайды. 5 минут сұрақ беріледі. 3 КЕЗЕҢ: «Шарықтау» кезеңінің тақырыбы «Ұлы даладағы ежелгі металлургия» деп аталады. 5 сұрақ. 4. КЕЗЕҢ: «Шырқау» кезеңінің тақырыбы «Түркі әлемінің бесігі» деп аталады. 5. КЕЗЕҢ: «Серпілу» кезеңінің тақырыбы «Атқа міну мәдениеті» деп аталады. 6. КЕЗЕҢ: «Жер ұйық» кезеңінің тақырыбы «Ұлы Жібек жолы» деп аталады. 7. КЕЗЕҢ: «Үй жұмысы» кезеңінің тақырыбы «Қазақстан алма мен қызалдақтың отаны» деп аталады. Топ мүшелері үйде отындап келген постерлерін қорғайды. Ойын қортындысын шығару. Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді ұстаздар, оқушылар! Армысыздар жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар. Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген – жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятып қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін білу - әрбір ұрпақтың азаматтық бұрышы. Ойынға қатысып отырған 8 а, 8ә сынып оқушылары Команданы таныстыра кетсек: …………………………………………………………………………………………… …………………………………………………………………………………………… …………………………………………..............................командасын таныстырады. ............................................................................................................... ............................................................................................................... ............................................................................................................... ...................................... командасын таныстырады. «Ал іске сәт» дей отырып ойынымызды бастайық. Тарихи  ескерткіштерді жаңғырту жұмысы ерекше ыждаһаттылықты талап етеді. Бұл құбылыс емес ғылыми жұмыс...   Н.Ә.Назарбаев. Ұлы даланың заманалар керуенінің белін қайыстырған ұлық өркениетіне зер салған  жан баласы адамзат тарихының біз шеше алмаған жұмбақтары әлі де көп екеніне шүбә келтірмес. Соның бірі «Алтын адам» бейнесі. Қазақ топырағының төрт тарабынан да  Алтын адамның табылуы –тарихи сананың бетбұрыс жасар тұсы болса керек. 1 КЕЗЕҢ «ҚАНАТ ҚАҚТЫ ». Бұл кезеңінің тақырыбы «Алтын адам» деп аталады. 10 сұраққа жауап. Команда капитандар сайысы ..............................1мин 10 сұраққа жауап береді. 1. Алғашқы алтын адам қай жылдары өмір сүрген дерек бар. (б.з.д Ү-ІҮ ғ. өмір сүрген) 2. Алғашқы Алтын адамның киімінде не бейнеленген? (Әшекейлер барыс,бұлан,таутеке, арқар, ат, түрлі құс) 3. Екінші Алтын Адам қай жылы қай жерден табылды табылды? (1999 жылы, Ақтөбе облысының Жылыой ауданына қарасты Аралтөбе қорымында табылды.)) 4. Екінші Алтын Адамды зерттеген археолог ? (Зерттеушісі археолог З.Самашев 1999 жылы) 5. Үшінші «Алтын адам» кім- (сақ патшасы) 6. Үшінші Алтын адамды кім зерттеген? (археолог- этнолог,профессор, тарих ғылымының доктры Әбдеш Төлеубаев бастаған) 7. Үшінші Алтын адам қай ғасырға жатады?. (Шілікті патша қорғанынан табылған. Алтын адам Б. Д. Д. ҮІІІ ғ. аяғы мен ҮІІ ғ. басындағы жәдігерлердің бірі. Қазақстан жерінде табылған Алтын адамдардың ең көнесі) 8. Үшінші Алтын адамның табылған жерінің тарихтағы атауы? Бұл жәдігер тарихқа Бәйгетөбе деген атаумен енді. 9. Қазақстаннан табылған төртінші Алтын адам кім? –Сақ жауынгері. 10. Қазақстаннан табылған төртінші Алтын адамның жанынан не табылды? Қазба жұмыстары барысында жүзге жуық белдіктің әшекейі, сегіз арыстан бейнесі, жиырмаға тарта құйма алтын, түрлі формадағы әшекейлер, айдаһар пішіні сомдалған алтындалған зат, секіруге бейімделген қабан) ...........................тобының басшысы. 1. Алғашқы Алтын Адам қай жылықай жерден табылды? (1969 ж, Алғашқы алтын адам Қазақстанның қай жерінен табылды? Жетісу өңіріндегі Есік қорғанынан табылған.) 2. Есік қорғанынан табылған алтын адамды кім зерттеген? Тарих ғылымдарының докторы Кемел Ақышев 3. Есік обасына жерленген адам кім? Жерленген адам- 17-18 жас шамасындағы темір дәуірінен сақталған сақ ханзадасы. 4. Екінші Алтын адам кім? ( Аралтөбеден табылған сақ көсемі.) 5. Есік қорғанынан қанша әшекей табылған ( Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлер мен безендірілген.) 6. Үшінші алтын адам қашан қайдан табылды? Үшінші «Алтын адам» 2003 жылы Қазақстан облысына қарасты Зайсан ауданының Шілікті жазығынан табылған. 7. Төртінші Алтын Адам қайдан табылды? Қарағанды облысына  қарасты Талды­2 қорымындағы қазба жұмыстары кезінде табылған 8. Қазақстаннан табылған төртінші Алтын адамды зерттеген кім? Зерттеуші, археолог Арман Бейсенов. 9. Киімінің алтын қаптырма – түймешектерінің барлық санықанша? (4303 данадан тұрады.) 10. Тарихшылар төртінші алтын адам табылған аймақты қалай атайды? Қорымды Патшалар даласы деп атады. 1-ші турдың Ұпай санын белгілеу . Қазақстан жерінен табылған «Алтын киімді адамдар»- құнды жәдігерлер. «Алтын киімді адамдар»- мәдени -тарихи мұралар. «Алтын киімді адамдар»- тарихи құндылықтар. «Алтын киімді адамдар»- тарихи деректер. «Алтын киімді адамдар»- тұнып тұрған көне тарихи шежіре. «Алтын киімді адамдар»- өз дәуірінің лауазымды тарихи тұлғасы. Қазақстан жерінен табылған «Алтын киімді адамдар»- қилы тарихымыздың даңқын алысқа жеткізген асыл сүйекті бабаларымыз. ............................................................................................. ................................................ 2. «САМҒАУ» кезеңінің тақырыбы «Аң стилі» деп аталады. ұпайы көп команда бастайды. 5 минут сұрақ беріледі. Әр командаға 5 сурақ беріледі. Жауап таңдауға 1минут, жауап берілмеген жағдайда қарсы топ жауап береді. ...........................тобы. 1. «Аң стилі» қай ғасырда пайда болды? Б.з.б. 7 ғасырда. 2. Сақтар «Аң стилімен» қайда таныс болды? Алдыңғы Азияға жасаған жорығында 3. «Аң стилі» қай ғасырда жойылды? Біздің заманымызбың басында жойылды. ...........................тобы. 1. «Аң стилінің» негізгі тақырыбы не болды? Аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу. 2. Сақтар алдыңғы Азияға жасаған жорығында нені меңгерді? Сақтар «өмір ағашы» дейтін арыстан бейнесін меңгерді. 3. «Аң стилі» немен жалғасты? Тотемизммен. ............................................................................................. ............................................... 3 КЕЗЕҢ: «ШАРЫҚТАУ» кезеңінің тақырыбы «Ұлы даладағы ежелгі металлургия» деп аталады. Мәтін беріледі. Соны құрастырып оқу керек. ...........................тобы. 1. Б.з.б. ІІ мың жылдықта Қазақстан территориясында қола дайындау технологиясы дайндалды. Өндіріске металл құралдарының енуі: еңбек өнімділігін арттырды, дөңгелекті ойлап табуға сеп болды. Адамдар табиғи мысты балқытып, оған қалайы қосты. Солай қола өндіруді үйренді. Қола – тастай қатты, әрі сары түсті әдемі болды. Одан жасалған бұйымдар тас пен мыстан жасалған еңбек құралдарынығыстыра бастады. Тарихта бұл кезең қалай аталады? Қола дәуірі. ...........................тобы. Мыс өндіру әдісі былай орындалған: кен орнының алдында от жаққан, кен қызғаннан кейін оған су құйған. Оның нәтижесінде тас шытынап, уытылған, сөйтіп біршама босаған. Бұдан соң тас және қола қайланың немесе ағаш сынаның көмегімен кенді опырып, тас балғамен ұсақтаған. Кен өндірушілердің қонысы кенішке жақын орналасты. Кенді қорыту үшін құрылысы өте күрделі қазандықтар салынды. Көне заманда 1 миллион тоннадай кен өндіріліп, одан 100 мың тоннадай мыс қорытылған. Шығыс Қазақстанда Нарын мен Қалба кен орнында 1100 тонна шығарылғанын жазған ғалым? Қ.И.Сатбаев. ............................................................................................. ............................................... 4. КЕЗЕҢ: «ШЫРҚАУ» кезеңінің тақырыбы «Түркі әлемінің бесігі» деп аталады. Бұл кезеңде оқушыларға кесте беріледі, кестені бағандар бойынша толтырады. ...........................тобы. қ\с Мемлекет аты Өмір Территориясы Оғыз мемлекеті 9ғ соңы- 11ғ басы Шахмәл ік ...........................тобы. қ\с Ғалымдар 1 2 Әбу Насыр Әл- Фараби Махмұт Қашқари Өмір сүрген жылда ры 870- 950жж 1030- 1090жж Туған жері Шығармасы Отырар Трактаттар Қашқар Түркі елдерінің сөздігі Түрік қағанаты 522- Батыс түрік қағанаты Түргеш қағанаты 1 2 3 4 сүрген жылдар ы 603жж. 603- 704жж 704- 756жж. Негізін салуш ы Бумын Шығыста-Алтайға, Батыста-Каспийге дейін. Үйсін жері. Ташкент, Шығ.Түркістан, Бесбалық, Турфан қалалары Баатыс Жетісу мен Сырдария аумағы Шегу, Тон. Үшлік 3 Жүсіп 4 Баласағұн Қожа Ахмет Йассауи 1021- 1075жж. 1103- 1167 Баласа ғұн Йассы Құт негізі - білік Диуани хикмет., Даналық кітабы. ............................................................................................. ................................................ 4. КЕЗЕҢ: «СЕРПІЛУ» кезеңінің тақырыбы «Атқа міну мәдениеті» деп аталады ...........................тобы. 1. Көшпелілер жылқыны қолға үйретуге байланысты ойлап табылған жаңалығы? Үзеңгі мен ауыздық 2. Жылқы тұңғыш рет Қазақстанның қай аймағында қолға үйретілді? Солт. Қаз. Ботай тұрағы. 3. Жылқы малы қа ймемлекеттің тұсында байлықтың негізгі көрсеткіші болды? Қыпшақ хандығында ...........................тобы. 1. Үзеңгі мен ауыздықты алғаш жасаған тайпа? Ғұндар 2. Қыпшақтардың жылқылары 100 динардан 500 динарға дейін қа ймемлекеттерде сатылды? Иран, Ауған, Египет, Үнді. 3. Шілікті жеріндегі үлкен обадан мәйіт және қабір жанынан 16 аттың қаңқасы шыққан. Бұл қай оба? Берел қорымы. 4. 6. КЕЗЕҢ: «Жер ұйық» кезеңінің тақырыбы «Ұлы Жібек жолы» деп аталады. 5 сұрақ. ...........................тобы. 1. Ұлы жібек жолы қашан қалыптасты? Б.з.б. 2 ғ. 2. Оңтүстік-батыс тармағын атап бер: Испиджабтан- Шаш- Самарқан-Бұқара қалалары арқылы Батысқа өтіп кетеді. 3. Ұлы жібек жолының алғашқы тауары? Лазурит пен нефрит тасудан 4. Ұлы жібек жолы бойындағы ірі сауда орталығы болған қалаларды ата? Испиджаб, Отырар, Тараз, Науакент, Баласағұн. 5. Ұлы жібек жолын әлемдік мұралар тізіміне енгізген халықаралық ұйым? ЮНЕСКО ...........................тобы. 1. Ұлы жібек жолы қайдан бастау алды? Қытайдан 2. Отырардан шыққан жолдар: Отырар- Сырдария арқылы- Васидж-Сырдан жоғары - Сүткент- Шаш - төмен қарай Жент қаласы. 3. Ұлы жібек жолының басты тауары? Жібек 4. 7 ғасырда Қытайдың жол көрсеткіш кітапшасында «Ақ өзендегі қала» деп қай қаланы атады? Испиджаб-Сайрам 5. Ұлы жібек жолының жалғасы, елбасының бастамасымен жүзеге асқан жол? Батыс Еуропа-Батыс Қытай ......................................................................................... ........................................... 7. КЕЗЕҢ: «Үй жұмысы» кезеңінің тақырыбы «Қазақстан алма мен қызалдақтың отаны» деп аталады. Топ мүшелері үйде отындап келген постерлерін қорғайды. Ойын қортындысын шығару. «Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту- еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» деп елбасы Н.Ә.Назарбаев атап айтты. Олай болса өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақтылай білетін баолашақ көшбасшыларымызбен «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбы аясында өтетін «Атажұрт» интеллектуалды тарихи танымдық ойын аяқталды назар салып тыңдағандарыңызға рахмет.

Ұлы даланың жеті қыры сайы 8 сынып

Ұлы даланың жеті қыры сайы 8 сынып

Ұлы даланың жеті қыры сайы 8 сынып

Ұлы даланың жеті қыры сайы 8 сынып

Ұлы даланың жеті қыры сайы 8 сынып

Ұлы даланың жеті қыры сайы 8 сынып

Ұлы даланың жеті қыры сайы 8 сынып

Ұлы даланың жеті қыры сайы 8 сынып

Ұлы даланың жеті қыры сайы 8 сынып

Ұлы даланың жеті қыры сайы 8 сынып

Ұлы даланың жеті қыры сайы 8 сынып

Ұлы даланың жеті қыры сайы 8 сынып

Ұлы даланың жеті қыры сайы 8 сынып

Ұлы даланың жеті қыры сайы 8 сынып

Ұлы даланың жеті қыры сайы 8 сынып

Ұлы даланың жеті қыры сайы 8 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
05.01.2019