мұғалімдер күніне арнап өткізілген тәрбие сағатының сценарийі. ұстаз ұлы тұлға. әр адамзат осы ұстаздан тәлім тәрбие алып, шыңдалып, білім нәрімен сусындап қана өмір есігін ашады. сондықтан да оқушыларға ұлы тұлғаның орасан зор еңбектерін айтып жеткізіп, оларды құрмет тұтып сыйлауға үйретуіміз қажет
Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған.docx
Тлепова Алия Еркаевна
Батыс Қазақстан облысы Бөкейордасы ауданы Бисен ауылы
Б.Жаникешев атындағы ЖББО мектебінің мұғалімі
Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған
Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.
Ұстаз … Қандай қасиеттісөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық
нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының
жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі –
Ұстаз.«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі
болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер
«ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.Ұрпақ тәрбиесі –
ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқандасоны ілерсің » дегендей өнегелі
ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін
білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына
дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор. Шәкірттерге
білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым
қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Олай болса бүгінгі мерекеге арналған
«Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған» атты мерекелік сабағымызға
Уалиахметова Ақерке Темірғалиқызын шақырып отырмыз.
Әртүрлі ойындар профессоры: Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау
мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамататандырудың өзі бір үлкен күш,
сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да,
тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер
төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет
ұстаздарға арналады. Осынау қиын да, қызықты мұғалім мамандығын таңдап
алған қонағымызға сөз кезегін берейік.
Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын
аямау – деген екен ғұлама ағаларымыз.Алтын уақыттарын сарп қылып,
ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен
сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор.
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам – дей келе ендігі мерекелік
сабағымыздың сахнасында қыздарымыздың сыйлығын қабыл алыңыздар. Күй: «Айжан қыз» Орындайтындар Ақылбек Лунара мен Нұроллақызы Гүлім
Ұстазым менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс жазым
Өзіңсің жаным мәңгілік
Жадымда қалар жаңғырып дегендей сізге арналған жүректен шыққан
лебіздерімізді арнаймыз: Ән «Ұстазым, менің ұстазым»
Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,
Ұстаздың алып жүрген атын еркін.
Біз сізге сыйлық қылып ұсынамыз,
Жүректің алғысы мен рахметін.
Сыйлық тапсыру сәті.
Мұғалім болу әркімнің қолынан келеді. Бірақ нағыз ұстаз болу – барлығының
бағына бұйырмайтын бақыт. Ал бүгінгі біздің мерекелік сабағымыздың
кейіпкері шын бақытқа ие болған жан. Сондықтан да ұлағатты
ұстаздарымыздың еңбегі елеусіз қалған жоқ.
Өзі ұшырған қырандарын қиядан,
Іздейтұғын құздан емес, қиядан.
Біз бәріміз берешекпіз ұстазға –
Ұстаздарды, ұстаздарды сүй адам!
Қала, дала жайнап тұрған бау болсын!
Тәрбие теңіз, береке білім, құт болсын!
Ел байлығын маңдай термен жасастың,
Ұстаздарым дендеріңіз сау болсын!
Аяулы ұстаз! Төл мерекелеріңіз тағы да құтты болсын! Білім беру жолындағы
еңбектеріңіз еленіп, абырой биігінен көріне беріңіздер деген ізгі тілекпен
бүгінгі мерекелік кешімізді жабық деп жариялаймыз!
Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған
Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.