Менің денсаулығым
Оценка 4.8

Менің денсаулығым

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
воспитательная работа
6 кл
19.04.2019
Менің денсаулығым
Денсаулық зор байлық. әр адам өз денсаулығын күтіп қана қоймай ол болашақ ұрпағының денсаулығы екенін ұғыну қажет. сондықтан осы тәрбие сағаты әр адамға зор пайдасы тиетіні сөзсіз. спортпен шұғылданып салауатты өмір салтын ұстансақ ғана болашағымыз ашық жарқын болары сөзсіз. дені саудың жаны сау
Менің денсаулығым.docx
«МЕНІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫМ – МЕНІҢ БОЛАШАҒЫМ»  Тлепова Алия Еркаевна  Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Бисен ауылы, Бисен Жаникешев атындағы ЖОББ мектеп Мақсаты: жасөспірімдерге салауатты өмір салтын насихаттау; Міндеті: салауатты өмір салтын насихаттай отырып, жаман әдеттерден  аулақ болуға үйрету. Уа,халқым назар аудар денсаулыққа, Өмірде бақыттысың денің сауда, Денсаулық терең байлық деген сөзді. Құр айтпаған кешегі бабамыз да. Армысыздар,құрметті ұстаздар,мектеп оқушылары! Бүгінгі біздің мектептің қара шаңырағында бүгінгі күннің өзекті мәселесі­ темекі,арақ,есірткі,СПИД ауруларына қарсы «Денсаулық»акциясы аясында ұйымдастырылып отырған «Менің денсаулығым­менің болашағым» атты кешімізге қош келдіңіздер!                             Жігерің бар,талабың бар,қайратың,                             Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын,                             Өз­өзіңді ұстай білсең тартынып,                             Өмірің бар алда әлі солмайтын,­дей отырып,  тренингтерге кезек берейік. «Сын есімді қос» тренинг «Досыңды таныстыр» тренинг Салауатты   өмір   сүрудің   басты   шарты­ темекі,нашақорлық,маскүнемдіктен арылу.Маскүнемдік,шылымқорлық,нашақорлық­ұлтымыздың ертеңіне қауіп төндіруде.Оның   қасіреттілігі   сол­денсаулықты   нашарлатып­адамды аздыруда. Маскүнемдікпен,нашақорлықпен,шылымқорлықпен жеке аудан,қала,не облыс бойынша күресу мүмкін емес.Жеңіске жету үшін бүкіл қазақты көтеру керек.Барлық қазақ арақтың,нашаның,темекінің ата­жаулар екенін түсініп,оған қарсы аттандап шығуы керек. Келесі кезекте «Темекенің зияны» атты бейнероликті тамашалайық. Тренинг «Қисық жол» «Салауатты   өмір»   Қазақстан­2030   жолдауында   шылым   шегу   терең ойластырылып, қоғамдық өмірден ығыстырылуы қажет делінген. Сонымен, қатар ғасыр қасіреті нашақорлыққа,     маскүнемдікке жол бермей спортқа көп көңіл бөлейік. Жігерің бар,талабың бар қайратың, Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын, Өз­өзіңді ұстай білсең тартынып, Өмірің бар алда әлі жайнайтын,­дей отырып, «Нашақорлық» атты  бейнероликті тамашалайық. Ролдік ойын  «Сызықтар» жаттығуы Күтін балам алдыңда өмір сүбелі, Ақылды алсаң тиер саған көмегі, Ешбір затпен уламай жас денеңді, Бағытталған мол қозғалыс керегі. Ендеше оқушылар,келесі кезекте сергіту сәтіне кезек  берейік.Ұстаздар,сіздердің де қалыс қалмай қатысқандарыңызды қалаймыз. Темекі тартпайтындар орындарынан тұрсын. Ертеңгі жаттығумен күнделікті айналысатындар оң қолын көтерсін. Таңертеңгілік және кешке үнемі тісін тазалайтындар сол қолын көтерсін. Арақты зиян дегендер екі қолын төмен түсірсін. Ешқашан ауырғысы келмейтіндер бір орнында тұрып жүгірсін. Бақытты да,ұзақ жасағысы келгендер,алақандарын соқсын. «Денсаулық­басты байлық»дегенді қолдайтындар орындарына отырсын. (Рахмет) Қазақпын мен жеті жұтты өткерген, Аман­есен өтіп келген өткелден, СПИД деген аждаһа бар сақ болшы, Дүниені орап келер беткейден. АҚТҚ\ЖҚТБ \бейнероликті тамашалайық\ Қамшының сабындай қысқа ғұмырда мәнді, салауатты өмір сүргенге не жетсін! Бұл біздің қолымызда ағайын. Еліміз егемендік алып, енді ғана еңсесін   көтеріп   келе   жатқанда   темекі,   есірткі,   арақ   деген   пәлекет жағамыздан   алмасын   деп   тілейміз.Елдің   елдігін,   азаматтың   ажарын ашатындай жақсы қасиеттерді үлгі, мұра етіп қалдыра гөр,­дей отырып:                                     Айналайын жастарым,                                     Өн­ бойыңды әрдайым,                                     Дәл осындай кеселден,                                     Сақтай жүрші ылайым!­дегім келеді.     Міне   оқушылар   әр   адамның   мәнді   де,   сәнді   өмір   сүруі   үшін денсаулықтың   әсері   ұшан­теңіз   екен.   Сондықтанда   өмірлеріңіздегі   ең жарқын   жастық   шақтарыңызда   дендеріңіздің   саулығына   бүгінен   бастап қамқор   болыңыздар.   Жастық   шақтарыңның   тамырына   анаша,   ішімдік, темекі   балта   шабылмасын.   Өзіміз   өмір   сүріп   отырған   ортада   өмірімізге қауіпті: наша, темекі сияқты зиянды улы түтінге әуес, құмар болмайық дей келе, бүгінгі кешімізді  аяқтаймыз.                Шешілмейтін жұмбағы,сұрағы көп,                Бұл өмірге келген соң бір­ақ рет,                Қалу керек өмірдің бұлағы боп,    Қалу керек өмірдің шуағы боп. Кешіміз өз мәресіне жетті. Өз­өзімізге көтеріңкі көңіл­күй сыйлау үшін  бәріміз бірге билейік.  Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Менің денсаулығым

Менің денсаулығым

Менің денсаулығым

Менің денсаулығым

Менің денсаулығым

Менің денсаулығым
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
19.04.2019