Мақала "Ұлттық код - тіл мен діл"
Оценка 4.9

Мақала "Ұлттық код - тіл мен діл"

Оценка 4.9
Научные работы
docx
воспитательная работа +1
Взрослым
12.02.2019
Мақала "Ұлттық код - тіл мен діл"
Бұл мақала елбасымыздың бағдарламасының негізінде жазылды. Ұлттық тәрбие жайында. Ұлттық код, салт-сана, әдет-ғұрып әрқашан да ең басты мәселелердің бірі болып есептеледі. Қазақтың мәдени кеңістігінің кеңдігі жайлы біраз айтылады. Өйткені біздің әдет-ғұрпымыз күнделікті тұрмыс-тіршілігімізбен біте қайнасып жатыр. Менің айтқым келгені де осы.
ҰЛТТЫҚ КОД.docx
Ұлттық код – тіл мен діл (ұлттық тәрбие жайында) «Көшбасшымыздың   «Болашаққа   бағдар:   рухани   жаңғыру»   атты   халықтан   қызу   қолдау тапқан тұғырнамасын  ширек ғасырды  артқа тастаған  Тәуелсіз  Қазақстанның  жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. Сөз жоқ, «Ұлттың рухани коды» дейтін академиялық ұғым кешелі­бүгін ғана емес, Мемлекет басшысының ой­санасында   әлденеше   рет   елекке   түскен,   таразыға   тартылған,   сан   жылдардан   бері сарапталып,   пісіп­жетіліп,   өзінің   сын   сағатын   күтіп   келген   дүние   екені   даусыз»   деп айтылады. Мемлекет басшысы болашаққа бағдар болған мақаласында: «Мен халқымның тағылымы мол   тарихы   мен   ерте   заманнан   арқауы   үзілмеген   ұлттық   салт­дәстүрлерін   алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын» – дейді. Шынында, жаһанданған қоғамға жұтылып кетпеуіміз үшін де ұлттық тамырдан нәр алуымыз қажет. Заманға тіке қарайтын кез жетті. Қазір немерелеріне ертегі айтатын әжелер некен­саяқ. Ондай әжелер болғанның өзінде «Мақтақыз бен мысық» немесе «Бауырсақтан» әрі аса алмай жатқан жайымыз тағы бар. Сондайда ұлттық рухты күшейтетін батырлар туралы ертегілер айтса ғой дейсің. Ұрпақ   тәрбиесіне   әрбіріміз   жауаптымыз.   Сол   себепті,   аталар   мен   әкелер   де   балаларға ұлттық   тамырымызбен   сабақтасатын   аңыз   әңгімелерді   айтып,   құлағына   сіңіріп   отырса болмай   ма?!   Құдайға   шүкір,   қазақ   даласында   келешек   ұрпаққа   үлгі   боларлық   небір кемеңгерлер өткен. Олардың арасында хан да, би де, жырау да, батыр да бар екенін назарда ұстауымыз   керек.  Президент   өз   мақаласында   ұлттық   рухани   код   туралы   жазды.   Бұл «қазақты қазақ ететін қандай құндылықтар, қандай мәдениеттің бағыттары» деген сөз. Біз тек тамағымыздың тоқтығына  мәз болмай,  рухымыздың  күштілігіне,  қадір­қасиетіміздің молдығына   бүгін   мән   беруіміз   керек.   Адамға   тек   жұмыс   күші,   материалдық   өндірісті игіліктерді шығаратын тұлға деп емес, қоғамның маңызды күші, рухы биік тұлға, рухы биік қазақ,   рухы   биік   Қазақстан   мемлекетінің   азаматы   деп   қарауымыз   керек»   деген   ойын білдіреді. Осы жерде қазақты қазақ ететін құндылықтардың бірі   бесік жыры дер едім. Қазір бала туыла   салысымен   оларды   ұйықтату  үшін  ұялы   телефондардың  әуендерін   қосып   қояды. Бала – ізімізді жалғар болашағымыз. Халқымызда  «адам ұрпағымен мың жасайды» деген тәмсіл бар.  «Тәрбие басы – тал бесік» деген бабаларымыз ұрпақ мәселесіне ерекше көңіл бөлген. Бесікте жатқанында құндақтағы баласын бесік жырымен өсірген. Одан өсе келе халықтық   ертегілер   мен   аңыз­әпсаналарды   айтып,   небір   батырлар   жырлары   арқылы еркіндік пен әділдікті сүйетін қазақы рухты бойларына сіңірген. Дала мектебінен тәлім алған   ата­бабаларымыз   болашақта   ізін   жалғар,   тұяғын   басар   ұл­қыздарына   осылайша тәрбие берген. Осы арқылы ұлттың тіні мен дінін ұрпақ бойына сіңірген.  Абайды оқыған, Құрманғазыны тыңдаған қазақ түп тамырынан ажырамайды.  Ұлттық кодтың негізі ұлттық тәрбиеде жатыр. Елбасы   мақаласында   жаңғыру   атаулы   бұрынғыдай   тарихи   тәжірибе   мен   ұлттық дәстүрлерге   шекеден   қарамауға   тиіс.   Керісінше,   замана   сынынан   сүрінбей   өткен   озық дәстүрлерді табысты жаңғыртудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық­рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайтыны айтылған. Ұлттық   код   туралы   сөз   қозғалғанда   ұлттық   таным­түсінік,   әдет­ғұрып,   салт­дәстүр   де назардан   тыс   қалмауы   керек.   Өйткені,   біздің   әдет­ғұрпымыз   күнделікті   тұрмыс­ тіршілігімізбен   біте   қайнасып   жатыр.   Салт­дәстүрімізде   көрініс   тапқан   ғұрыптық жоралғылар   түптеп  келгенде   тәрбиемен   ұштасады.   Осы   жерден   қазақтың   мәдени кеңістігінің қаншалықты кең екенін көруге болады. Мәдениет бар жерде, әдебиет те бар, әдебиет бар жерде өмір де болады. Мемлекет басшысы: «...Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» дейді өз мақаласында.  Менің айтқым келгені де осы.

Мақала "Ұлттық код - тіл мен діл"

Мақала "Ұлттық код - тіл мен діл"

Мақала "Ұлттық код - тіл мен діл"

Мақала "Ұлттық код - тіл мен діл"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
12.02.2019