Магжан Жумабаев "Кыскы жолда"
Оценка 5

Магжан Жумабаев "Кыскы жолда"

Оценка 5
Разработки уроков
docx
администрации
5 кл
10.02.2017
Магжан Жумабаев "Кыскы жолда"
Мұғалімі: Сыныбы: 5-сынып Сабақтың тақырабы: Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда» Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың өмірі, шығармашылық жолымен танысу. Поэзия әлеміндегі лирикалық шығармасының мазмұны мен идеясын меңгеру. Мағжан мен Абай өлеңін салыстыру. 2. Танымдық. Оқушылардың шапшаң ойлау қабілетін дамытуға, өлең құрастыруға, өз ойын тұжырымдап жазуға баулу. 3. Тәрбиелік. Табиғатты қорғауға баулып, экологиялық тәрбие негіздерін көрсету. Сабақтың көрнекілігі: М.Жұмабаевтің суреті, шығармалар жинағы, плакаттар, қима қағаздар, суреттер, перфокарталар: тест, Венн диаграмма, интербелсенді тақта, т.б Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ойын, баяндау, көрнекілік. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі. А) Оқушыларды түгендеу. ә) Сабаққа назарын аудару. ІІ Үй тапсырмасын сұрау. Ойын. «Төрт маусым». Сурет арқылы оқушыларды серуендетіп, төрт маусымның сұрақтарына жауап беру. Көктем мезгілінің сұрақтары: 1. С.Торайғыровтың өмірі туралы не білесің? ( 1-топ ) 2. Ақынның шығармалары . ( 2-топ ) Жаз мезгілінің сұрақтары: 3. «Шілде» өлеңін жатқа сұрау. ( әр топтан 1 оқушы ) 4. «Шілде» өлеңі жылдың қай мезгіліне арналған? 5. «Шілде» сөзінің мағынасын аш. ( іздену ) Күз мезгілінің сұрақтары: 1. Өлеңде қандай тәсіл кездеседі? Кейіптеу түр түсініктерін сұрау. Өлеңдегі кейіптеулерді тауып оқы. 2. «Туған жер» тақырыбында шағын мәтін, өлең құрау. 3. Табиғат лирикасына байланысты қандай өлеңдерді білесің? Қыс мезгілі 1. С.Торайғыров нешінші ғасырда өмір сүрген ақын? (ХХ ғ. бас.) ХХ ғасыр басындағы әдебиет өкілдері С.Торайғыров, І.Жансүгіров, М.Жұмабаев, Б.Майлин, С.Дөнентаев, С.Сейфуллин т.б ( 5 арыс, 3 бәйтерек мәлімет ) Жаңа білім беру. 1. Өмірі. 2. Шығармалары. (Тірек сызба арқылы) ХХ ғасыр басындағы әдебиет өкілдерінің бірі – М.Жұмабаев. Инсерт әдісі Нені білемін? Нені білдім? Нені білгім келеді?
Мағжан Жұмабаев сағындым.docx
Ә д е б и е т  пәнінен ашық сабақ 5­«ә» сынып Мағжан Жұмабаев Қысқы жолда Мұғалімі:  Сыныбы: 5­сынып Сабақтың тақырабы: Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»   Сабақтың мақсаты:   1. Білімділік. Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың өмірі, шығармашылық жолымен танысу. Поэзия  әлеміндегі лирикалық шығармасының мазмұны мен идеясын меңгеру. Мағжан мен Абай өлеңін салыстыру.  2. Танымдық. Оқушылардың шапшаң ойлау қабілетін дамытуға, өлең құрастыруға, өз ойын тұжырымдап жазуға баулу.    3. Тәрбиелік. Табиғатты қорғауға баулып, экологиялық тәрбие негіздерін көрсету.  Сабақтың көрнекілігі: М.Жұмабаевтің суреті, шығармалар жинағы,  плакаттар, қима қағаздар, суреттер, перфокарталар:  тест, Венн диаграмма, интербелсенді тақта, т.б  Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ойын, баяндау, көрнекілік.   Сабақтың түрі: аралас сабақ.   Сабақтың барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі.   А) Оқушыларды түгендеу.   ә) Сабаққа назарын аудару.   ІІ Үй тапсырмасын сұрау.  Ойын. «Төрт маусым».  Сурет арқылы оқушыларды серуендетіп, төрт маусымның сұрақтарына жауап беру. Көктем  мезгілінің сұрақтары:  1. С.Торайғыровтың өмірі туралы не білесің? ( 1­топ ) 2. Ақынның шығармалары .  ( 2­топ ) Жаз мезгілінің сұрақтары: 3. «Шілде» өлеңін жатқа сұрау.  ( әр топтан 1 оқушы )  4. «Шілде» өлеңі жылдың қай мезгіліне арналған?   5. «Шілде» сөзінің мағынасын аш. ( іздену ) Күз мезгілінің сұрақтары: 1. 2. 3. Өлеңде қандай тәсіл кездеседі? Кейіптеу түр түсініктерін сұрау. Өлеңдегі кейіптеулерді тауып оқы.  «Туған жер» тақырыбында шағын мәтін, өлең құрау.  Табиғат лирикасына байланысты қандай өлеңдерді білесің? Қыс мезгілі  1. С.Торайғыров нешінші ғасырда өмір сүрген ақын? (ХХ ғ. бас.)  ХХ ғасыр басындағы әдебиет өкілдері   С.Торайғыров, І.Жансүгіров,  М.Жұмабаев,  Б.Майлин,  С.Дөнентаев, С.Сейфуллин т.б       ( 5 арыс, 3 бәйтерек  мәлімет )  Жаңа білім беру.   1. Өмірі.   2. Шығармалары. (Тірек сызба арқылы)   ХХ ғасыр басындағы әдебиет өкілдерінің бірі – М.Жұмабаев. Инсерт әдісі Нені білемін?  Нені білдім?  Нені білгім келеді? Мағжан Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының Булаев ауданында туған. Жастайынан зерек  болған Мағжан алғашқы сауатын ауыл молдасынан ашады. Баласының зеректігін байқаған әкесі Бекен Мағжанды  Қызылжардағы Бегішев медресесіне оқуға береді. Мұсылмандық орташа дәрежелі білім беретін бұл медресені бес жылдай  оқып бітірген соң, 1910­1913 жылдары Уфа қаласында «Ғалия» медресесінде оқиды. Медреседе оқып жүріп, «Садақ»  журналының шығуына атсалысады. Алғаш рет өзінің өлеңдерін жариялайды. Осы жерде қазақ поэзиясының ғұламасы Абайдың  өлеңдерімен танысады. Араб, парсы, түрік тілдерін оқып үйренуін жалғастырады. Орыс тілінен сабақ алады. Абай үлгісімен  Шығыс пен Батыс поэзиясынан бірдей нәр алады. 1913­1917 жылдары Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқып,  оны үздік бітіреді. Омбыда оқып жүрген кезінде сондағы жастармен тізе қосып, «Бірлік» әдеби үйірмесін құрысып, оның  «Балапан» атты қолжазба әдеби журналын редакциялайды. 1917­1923 жылдары «Бостандық туы», «Ақжол» газеттерінде және «Шолпан» журналында істеп жүріп халық ағарту жұмысына белсене араласады. 1923­1926 жылдары Мәскеуде көркем әдебиет  институтында оқиды. 1927­1929 жылдары Бурабайда, одан соң Петропавлда оқытушылық қызметтер атқарады. 1912 жылы  Қазан шаһарында «Шолпан» атты өлеңдер жинағы жарық көреді. «Батыр Баян», «Оқжетпестің қиясында», «Қойлыбайдың  қобызы», «Өтірік ертегі», «Шын ертегі» поэмаларында адам жанының, психологиялық әлемнің құпия сырларын, иірімдерін,  даму диалектикасын асқан шеберлікпен кестелеп өрнектей білген. Мағжанның поэзиясын жайында академик Серік Қирабаев:  «Мағжан бүкіл ұлтқа тән ұғым­сезімнің, поэтикалық өнердің шекарасын кеңейтіп, қазақ әлемінің жан дүниесін ашып берді.  Оның таза қазақтық рухы кімнен де болса жоғары. …» деп оның поэзиядағы суреткерлігіне тәнті болған. Мағжан Жұмабаев  өмірден өз орнын үнемі іздеумен өткен, бар білген­түйгенін соған сарп еткен суреткер. Оның шығармашылығының бір қырында  мұңлы толғаныс, өкініш және қайғы­қасірет, күйініш жатса, екінші қырында романтикалық өршілдік, махаббат, сүйіспеншілік, қуаныш пен сүйініш, арман, мақсат, үміт жатады. Ұлы суреткердің шығармашылығында тарих тұңғиығын терең түсіну, өткенді  бажайлау, болашақты болжай білу, бүгіннің ақиқатына көз жеткізу сияқты терең толғаныстар заманның астаң­кестең аласапыран жайымен астасып жатады. Мағжанның кеңес үкіметі жылдары екі өлеңдер жинағын жарияланды. Алғашқысы ­ 1922 жылы Қазанда, екіншісі Ташкентте  басылып шыққан. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап «Педагогика», «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні»  еңбектерін жариялаған. 1929 жылы Жұмабаев «Алқа» атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі  Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесілген. 1936 жылы М. Горький мен Е. Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға оралып, Петропавл қаласындағы мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берген. 1937 жылы наурызда Жұмабаев  Алматыға келіп, аударма ісімен айналысқан. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілген. Жұмабаевтың  «Алыстағы бауырыма» өлеңін Мұстафа Шоқай «Яш Түркістан» журналында жариялай отырып, оны түрікшілдік күресі үшін ең  пайдалы өлең деп бағалаған. Мағжан Жұмабаев ­ философ ақын. Оның шығармашылығы әлеуметтік, эстетикалық талғам, талабымен айрықша жаралған  дүние.Тұтасымен алғанда Мағжан өлеңдері қазақтың сөз өнері үшін жаңа, соны әлем. Мағжан лирикасының құдіреті – оның түр  сипатының сонылығы, сөз қолданыс қасиетінде. Тілінің дәлдігі, ой­толғамдарының жаңалығы, суреттелген жайлардың  айқындығы, сөз ойнату иірімдерінің таңғаларлық жарасымы – осының бәрі жинақтала келе Мағжан поэзиясының ерекше  қасиетін байқатады. Ақын «Қорқыт» поэмасында философиядағы мәңгілік тақырып ­ өмір мен өлім мәселесін Қорқыт пен  ажалдың аңдысуы түрінде суреттеген. Жұмабаев Ақан сері, Базар жырау, Әбубәкір Диваев туралы зерттеу үлгілерін жинауға  жәрдемдескен. Ол орыс ақын­жазушылары И. Гете, Г. Гейне, Әбу Фирас, А. Кольцов, М. Лермонтов, А. Фет, И. Дмитриев, И.  Мятлов, А. Блок өлеңдерін, М. Горький, В. Иванов, Д. Мамин­Сибиряк, т.б. әңгімелерін қазақ тіліне аударған. Жұмабаев  «Шолпанның күнәсі» әңгімесі арқылы қазақ әдебиетіне психологиялық талдау, сана ағымы әдістерін енгізген. Ақын 1960 жылы  ақталған соң, кітаптары Түркияда жарық көре бастаған. Қазақстанда Жұмабаев шығармалары 1989 жылы ғана қайтадан  жариялана бастады. Алматы және Петропавл қалаларында көшелерге Жұмабаев есімі берілген. Петропавл қаласында және  ақынның туған ауылында ескерткіш қойылған. Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы Булаев ауданына М. Жұмабаевтың  есімі берілді. ­Сендер қыс мезгілін көз алдыларыңа қалай елестетесіңдер? ­Мажан атамыз қысты қалай суреттеген екен? Оны білу үшін өлеңін оқып талдайық.  «Қысқы жолда» өлеңін оқып, талдау. Сұрақ­жауап 3. «Қысқы жолда» өлеңін мәнерлеп оқу,тзбектей оқу.Мазмұнына талдау.  Сөздікпен жұмыс: Иінінен­ Тәңір­ Қаракөк­ Кебін­ 4. Өлең құрылысына сатылай кешенді талдау. ­Тақырыбы           Қысқы жолда ­шумақ                  5 шумақ ­тармақ                 4­ шумақ 4 тармақтан, 5­шумақ 6 тармақтан тұрады.  ­бунақ                  2 бунақ ­буын саны          7 буынды ­ұйқасы                егіз ұйқас ­өлеңдегі бейнелі сөздер: құлағын қайшыландырып, ызғарлы жел, екі иінінен, бір мезгіл, бір жарық, сар дала, суық кебін........ ­көркемдегіш құралдар: кейіптеу. ( жел долданып, ішін тартып осқырып, кейде қатты ысқырып, аңдай ұлып бір мезгіл, екі санын шапақтап, сақ­сақ күледі) Сыныптағы әр топқа сұрақ қою. Ақынның  «Қысқы жолда » өлеңін Абай Құнанбаевтің «Қыс» өлеңімен                  салыстыру. Венн диаграммасы  бойынша Сұрақтар: 1. Екі ақынның өлеңдерінің ұқсастықтары неде? 2. Айырмашылығы неде? Авторға хат! Мағжанға Дебат Қыс мезгілі  ұнайды, ұнамайды ә) Ой жинақтау, өздігінен жұмыс. Қыс айына б/ты сурет бойынша төрт жол өлең құрау. б) Ой жинақтау перфокартасы арқылы өздігінен жұмыс. Қыс және жаз мезгілін салыстыр ортақ белгісін анықтау.  Кестені  толтыру в) Ой жинақтау перфокартасы арқылы өздігінен жұмыс. Антоним сөздердің сыңарларын табу.  Қыс­жаз. Тұман – ашық Cуық – жылы Түн – күндіз Боран – боран емес.   ҮІІ. Сабақты бекіту.   А) Тест сұрақтарына жауап. Қысқы жолмен келе жатқан жолаушының қоржынындағы заттарды саудалау.   Қоржын сұрақтары: 1. М.Жұмабаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген?   А) 1893 жылы Солт. Қазақстан обл. Булаев ауд.   ә) 1983 жылы Торғай обл. Затабол ауданында.   Б) 1890 жылы. Қарағанды обл. Жаңаарқа ауданында.   2. «Қысқы жолда» өлеңі не туралы айтылған   А) Көктемгі қара суық туралы   ә) Аязды, боранды, суық қыс (сурет) мезгілі   б) Туған жер, Отан.   3. Көп нүктенің орнына төмендегі мақалға керекті сөзді қой.   Қыстың қамын ......... ойла.   А) жаз.   Б) ерте   ә) қүз   4. Жұмбақты шеш.   Бар жерді қаптап,   Етеді аппақ.   Жазға қарай су.   Онан әрмен бу болады.   А) Қырау. Б) Қар. ә) Аяз   5. Қыс мезгілін суреттеу.   А) Өлең шумағы   ә) мақал­мәтел   б) жұмбақ.   В) сурет салу.  ҮІІ. Бағалау.   Үйге тапсырма.   1. «Қысқы жолда» өлеңін жаттау.   2. М.Жұмабаев туралы реферат жазу. 3. Нені білгім келеді? бөлімін қарастыру.

Магжан Жумабаев "Кыскы жолда"

Магжан Жумабаев "Кыскы жолда"

Магжан Жумабаев "Кыскы жолда"

Магжан Жумабаев "Кыскы жолда"

Магжан Жумабаев "Кыскы жолда"

Магжан Жумабаев "Кыскы жолда"

Магжан Жумабаев "Кыскы жолда"

Магжан Жумабаев "Кыскы жолда"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.02.2017