Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтау
Оценка 5

Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтау

Оценка 5
docx
30.11.2020
Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтау
Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтау.docx

Сағынтаев Қ.С

ҚР,  Шымкент қаласы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан  облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы.

 

 

Резюме:

В докладе излагается важность и пути формирования профессиональной компетентности учителей в условиях обновления содержания образования

Summary:

The report outlines the importance and ways to develop professional competence of teachers in the context of updating the content of education

 

    Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтау

Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын,  тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын  жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз. [1]

Мұғалімнің кәсіби құзырлылығы, оның өзіне деген сенімділігінен, кәсіби қызметте өзін-өзі көрсетуінен басталады. Осыдан барып жетіктік іс-әрекеттің формасы, үлгісі (идеалы) ретінде көрініс табады. «Жетіктік» адамның білімі, білігі мен дағдыларының қолдану саласын белгілейді. [2]

      Құзырлылығы қалыптасқан маман – кәсіби қалыптасу барысында жетіктік үлгісіндегі мақсатқа ұмтылуда белгілі бір міндеттер жиынтығына ие болатын маман. Негізгі құзыреттілік сала ерекшелігіне қарамастан барлық мамандар бойынан табылу керек деп қарастырылған, себебі құзыреттілік маман біліктілігінің негізін құрайды, оның ішінде;

 Ақпараттық құзырет – мамандардың компьютерлік білімділігі, жаңа ақпараттық технологияларды қолдана алу (мультимедия, электронды пошта, Интернет) мүмкіндігі.
Коммуникативтік құзырет – бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасындағы сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, этикет сақтау, дәстүрді білу, дау жан-жалды шеше алу, бұзылған қатынастарды түзету, өз қателігін түсіне білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері.
Әлеуметті-құқықтық құзырет - өз елінің азаматы ретінде өзнің және қоғам мүшелерінің әлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапкершілік арту жатады. Құзыреттілікті қалыптастыру – білім беру саласының өзекті мәселесі. Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда.. Сол себепті мектеп мұғалімдерінің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзіреттілігі кезінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды. [3]

        Құзіреттілік тәсіл идеясы – «қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады» деген сұраққа жауап береді. Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру – бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсіл, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсіл мен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарыстан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. [5]

 Оның сапасы алған білімнің көптігінен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды. 

 

 

Аты -жөні

Сағынтаев Қайрат Сағынтайұлы

Байділдаева Ақмарал Сағынтайқызы

Жұмыс орны, кызметі

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан  облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы.

ҚР,  Шымкент қаласы

ОҚМА Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар кафедрасы аға оқытушысы

Қатысу бағыты

Педагогтың білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы кәсіби дамуы

Баяндама тағырыбы

Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі-нің қалыптасу деңгейін анықтау

Байланыс телефоны

8-775-176-61-78

Электронды почта

taraktyruy@mail.ru

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.     Жүсіпова Ж.А . Педагогикалық шеберлік. Алматы, 2011

2.     Байжуманова Н. С. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі // Білім әлемінде. - 2008. - № 5. - С. 33-36.

3.     Нұрғазиева Н. М. Шығармашылық әрекеттегі мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің аспектілері // Бастауыш мектеп. - 2010. - №11. - С. 58-60

4.     Құдайбергенова К.А.. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий // «білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі » атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30- 32-б.

5.     Устемиров К. Шаметов Н.Р. Васильев И.Б. Профессиональная педагогика. Алматы 2005.- 432 с.


 

6.    

Са ғынтаев Қ.С ҚР, Шымкент қаласы «Өрлеу»

Са ғынтаев Қ.С ҚР, Шымкент қаласы «Өрлеу»

Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді

Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді

Электронды почта taraktyruy@mail

Электронды почта taraktyruy@mail
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.11.2020