География пәні бойынша 9 - сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
IІ тоқсан 30.11.20
Сабақтың тақырыбы: §23 Атмосфералық және климаттық құбылыстардың атауы
Мақсаты: Жергілікті компонетті қосымша қамти отырып, қазақ халқының атмосфералық және климаттық құбылыстарды атауындағы ерекшеліктерді анықтайды
Қысқаша конспект Климат- адамдардың дәстүрлі көшпенді малшаруашылығына, тіршілігі мен өмір сүру жағдайына қатты әсерін тигізетін табиғат компоненттерінің бірі. Қазақ халқының ежелгі географиялық терминологиясыда климаттық терминдер тобы кең таралған. 1. Ауа райы құбылыстарын білдіретін метеонимдер және желді. 2. Ауа райының басқа да стихиялық құбылыстарын сипаттайтын анемонимдер. Оларға қазақтың халық терминологиясының ерекшеліктері ықпал етеді. «Жауын» деген терминнің 6-ты негізгі атауы
Өлара. Ескі ай бітіп, жаңа ай туғанға дейінгі аралық. Аспанда ай көрінбейтін кезең. Өларадағы ауа райы, туар айда қайталанады деген тәжірибе калыптасқан. «Өларада жауын- шашын болса, туар айда жауынды-шашынды болады» дейді халық. Бұл болжам әрқашан катесіз келіп отырған. Амал. Жыл он екі айда айналып соғып тұратын ыстық пен суықты, кар мен жаңбырды, жел мен боранды халык бір сөзбен «амал» деп атаған. Яғни жылдың әр мезгілдеріндегі табиғат қүбылыстарының өткінші әрі тосын, аз уақытта болып өтетін өзгерісі мен көрінісін және оның бірнеше түрлерін айтқан. Ұлттық сандық ұғымда жеті амал бар. Олар: 1. Күннің тоқырауы. 2. Қарашаның қайтуы. 3. Үркердің батуы. 4. Мұздың қатуы. 5. Киіктің матауы. 6. Қыс тоқсан. 7. Ай тоғамы. Құсқанаты. Наурыз айының соңғы күндерінде жыл құстары да ұшып келе бастайды. Қүстардың келуімен қар аралас жаңбыр, суық жел түрады. Мұны ел құсқанаты деп атап, амалға жатқызған. Бесқонақ. Жыл аяғында, яғни наурыз айының 17-21 күндері аралығында болатын жауынды-шашынды күндер. Бүл - әр жылы соғып өтетін суык әрі лайсаң мезгіл. Жұрт бесқонақтан қатты сақтанып, күтініп отырған.
|
Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме: bilimland.kz, 188-195 б.бет
Оқушыларға арналған тапсырмалар:
1.
Тапсырма Үйге тапсырма: § 23 оқу
мазмұндау.
Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы
электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы
жібереді.
2.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.