Ұлы даланың киелі шаңырағы
Оценка 4.7

Ұлы даланың киелі шаңырағы

Оценка 4.7
docx
30.11.2020
Ұлы даланың киелі шаңырағы
Шанырақ.docx

Тақырыбы:    Ұлы даланың киелі шаңырағы .

 

Тәрбие сағатының мақсаты:

 

1,Киіз үй туралы мәлімет беру,шаңырақтың тарихи маңызын айту , жүйелі түрде өз пікірін айта білу.

 

2, Негізгі ойды бөліп алу, өз пікірін қорғай алу, ой қорытындысын жасау, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.

 

3,Ұлт дәстүрі тарихымен таныстыру арқылы Отанын сүю, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

 

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топтық жұмыс

 

Көрнекіліктер: слайд, , киіз үй , шаңырақ.

 

І.Ұйымдастыру кезеңі: тәрбие сағатының  мақсатын хабарлау.                                                                                                    

 

 

Жүргізушінің сөзі

 

Киіз үйдің тарихы :

Киіз үй кейінгі қола дәуір б. з. б. XII—IX пайда болып, тарихшылардың кейбір ой-пікірлерінше андрондық тұрақ үйлеріне ұқсастығы жақынрақ болғанды. Алайда андрондық үйлері бөренелі тектес лашық үй болған. Сондықтан бұл нұсқаны шындыққа жатқызуға болмайды. Киіз үй жуық шаменен алғанында кейінгі дәуір б. з. б. 8-5 ғасырларда пайда болуы мүмкін. Киіз үй ғұн дәуірінен белгілі. Кейбір ежелгі көшпенділердің мобильді тұрақ үйінің көрсетілімдерін жартасқа салынған суретте сақталып қалған.

Мысалы, 1861 жылы Алмас деген кісі Париждегі Дүниежүзілік этнографиялық көрмеге киіз үй апарып, еуропалықтарды таңқалдырып, бәйге алған. 1876 жылы Мейрам қажы Жанайдарұлы Петербургке, 1890 жылы Ибраим Әділов Қазандағы көрмеге киіз үй апарып, қазақ мәдениетін Еуропаға паш еткен. Жазушы Ш. Айтматов Батыс Еуропадағы белгілі бір мұражайлардың бірінен қазақтың киіз үйін көргендігін жазды. Сондай - ақ Германияның Гамбург, Майндағы Франкфурт қалаларындағы мұражайларда да қазақ киіз үйлері бар.

Слайд    Шаңырақтың тарихи маңызы  туралы                                                                                                                                                                                                      

 

Ойынның ережесімен таныстыру( Жүргізуші таныстырады  )

 

 

 

Оқушыларға қойылатын сұрақтар :

                                                                                                                                                                       1.Киіз үй түрлерін атаңдар

Жауабы :

Орда – салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар басын қосатын елдік мәселе шешетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Мұның да бірнеше түрі бар.

Алтын орда – 30 қанаттан (керегеден) тұратын хамәжіліс ордасы.

Алтын үзік – 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй.

Ақ ала орда – 8 қанатты дәулетті бай үйі.

Ақ үй – 6 қанатты дәулетті бай үйі.

Боз үйқоңыр үй – 4-5 қанатты ооташалар үйі.

Қараша үй – кедей үйі.

Отау – жас жұбайлар үйі.

Жолым үйабылайшажаппа – уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үйлер.

Күрекқос – ауылдас ас сақтайтын, далада малшылар тұратын немесе кедейлер үйлері.[4]

 

2. Киіз үйдің іші неше  бөлімге бөлінеді ? (4)

 

Жауабы :

Төр. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Бұл – киіз үйдің жоғары әрі сыйлы орны. Жас келіндер бұл жерде отырмайды.

 Сол жақ (кіргенде оң жақ) – үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-түлік, ыдыс-аяқтар тұрады. Оны шимен жауып қояды.

 Оң жақта (кіргенде сол жақ) балалар орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрмандар, киімдер ілінеді.

 От орны қасиетті орын болып саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады.

 

3.Киіз үйде отыру тәртібін  атап беріңдер

 

Жауабы :

Сүйеніп, тіреліп отыруға болмайды.

Таянып отыруға болмайды.

Жағын таянуға, маңдайды тіреуге де тыйым салынады.

Қолын төбесіне қойып немесе желкесіне қойып отыруға болмайды.

Тізені құшақтап немесе қолдарын айқастыра, тізені тартып отыруға болмайды.«Тізеңді құшақтама, керме».

Жұртқа қарап керілуге болмайды.

Киіз үйде жастардың жамбастап жатуына болмайды.

Жатып ішуге болмайды.

Аяғын созып отыруға болмайды — көсіліп жату.

Киіз үйдің ішінде жүрелеп отыруға болмайды.

Киіз үйге бірдеңені шайнап, жеп кіруге болмайды.

Киіз үйге қолына қамшы ұстап кіру жөнсіз саналады.

Қазақта ер адамның дұрыс отыруы «малдас құру» арқылы отырады.

Күйеуі бар әйелбәйбіше — ошаққа қарап, оң аяғын астына басып, сол аяғының тізесін бүгіп отырады.

Салт атты адам киіз үйге артқы жағынан келуі керек.[11]

 

4. Киіз үйдің негізгі бөліктерін атаңдар                                                                                                  

 

Жауабы :

( кереге ,уық ,шаңырақ , есік  )

 

5.Уық туралы айт – кереге мен шаңырақ ортасын қосатын негізгі бөліктің бірі. Уық алақан, иіні, қары және қаламы деген атаулардан тұрады. Ол иінінен ішке иіле жасалады, яғни үйдің  күмбезді үлгісі осы уықтан басталады. Уық алақандағы уық бау арқылы кереге басына байланып, қаламы шаңырақтың қаламдығына сұғылады. Қалам мен қаламдық төртбұрышты қырланып, ойылады. Мұндай уық берік болады, әрі ауып, қисайып кетпейді. Қанат санына қарай уықтың саны да, ұзындығы да өсе береді. Әр үйде көлеміне қарай 60-160-тай уық болады.

 

6. Кереге туралы білгеніңді айт.

 

Жауабы :

 Киіз үйдің негізін құрайды. «Керегең кең болсын» деген тілек осыдан шыққан. Өйткені үйдің берік болуы, кеңдігі осы керегеге  байланысты. Кереге құрайтын ағаштарды желі, оның ұзынын ерісі, қысқаларын сағанақ, балашық деп атайды. Желілердің басы мен аяғына әдемілік үшін ойып, сызықтар (ыру) жүргізеді. Желілерді тесіп, түйенің мойын терісі немесе өгіздің бас терісінің сірісі (қайыстары) арқылы көктейді. Керегенің басы мен аяқ жағы сәл шалқайтыла, ал ортасы дөңестеу жасалады. Дайын керегені қанат деп атайды, яғни 18 қанат үйде 18 кереге болады. Кереге көзінің үлкен-кішісіне қарап торкөз, жел көз деп бөледі. Торкөзді кереге әдемі әрі берік болады.

7. Киіз үйде неше  есік болады ?  

 

Жауабы : (2 )

ішкі есік – сықылауық-ағаштан жасалады,

 екіншісі – киіз есік – киізден жасалады, ол сықырлауықтың сыртынан жабылады. Киіз есік ашық күндері маңдайшаға дейін шиыршықталып жиналып қойылады, жай күндері күн түспес үшін, оның бір жағы бақан арқылы ашық тұрады.

Ағаш есік маңдайша, екі босаға, табалдырық және екі жарма есіктен құралып, керегеге бекітіледі. Керегелер бір-біріне таңғыш құр арқылы жалғасады. Кереге бастары арқылы тартылатын бас арқан маңдйшаның екі жағына мықтап байланады. Үйдің барлық ауырлығын ұстайтын, беріктігін сақтайтын бас арқан. Сәндік үшін бас арқан тұсынан және кереге басы туырлықты қажамас үшін басқұр жүргізіледі.

8.Шаңырақ  туралы білгеніңді айт.

 

Жауабы :

Киіз үйдің қасиетті, киелі мүлкі. Қазақтың көптеген жақсы сөздері осыған байланысты айтылады. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді. «Шаңырағың биік болсын» деген тілек бар. Киіз үй шаңырағы тоғын, күлдіреуіш, кепілдік деген бөліктерден тұрады. Тоғынды, яғни шеңберді, қайыңнан оюлап, өрнектеп жасайды, жиілеп қаламдық ояды. Күлдіреуіш шаңырақ күмбезін жасайды. Кепілдік күлдіреуіштің орнынан қозғалып кетпеуі үшін қызмет етеді.

Үйші үй сүйегін толық жасап болғаннан кейін, оны қызыл түсті жосамен немесе қызыл, көк бояулармен бояйды. Егер үй қайыңнан жасалса, оны өсімдік майымен майлайды. Ол ағашқа піл сүйегі түстес өң береді, әрі оған су сіңбейді. Салтанатты ордалардың шаңырағын, уығын, кереге басын, маңдайшасын оюлайды, өрнектейді. Ауқатылар күміспен, сүйекпен, мүйізбен әшекейлейді.

 

 9.Киіз үйдің жиһаздарын атаңдар. 

Жауабы :

 Абажа – тамақ пен ыдыс-аяқ сақталатын кебеженің үлкен түрі. Ағаштан жасалып, киізбен, былғарымен қапталған. 

Кебеже – сүр ет, құрт, шай салып сақтау үшін ағаштан жасап, өрнектеген үй жиһазы. 
Әбдіре – зат сақтайтын үлкен сандық. Сырты қаңылтырмен әшекейленіп 
қапталады. 
Ағаш төсек – жату үшін пайдаланатын үй жиһазы. 

 Асадал-тамақ пен ыдыс-аяқ сақталатын кебеже. 

Жастықағаш – ерте кезде жастықтың астына салынатын ағаш тиянақ. 

Адалбақан – киім ілуге арналған үй жиһазы.

Жүкаяқ – үйде жүк астына қоятын ағаш зат. 

Сандық – киім-кешек т.б. зат салуға арналған үй жиһазы.

 

10. Төсеніштер туралы білгеніңді  айт

 

Жауабы :

Алаша – әр түрлі түске боялған жүннен тоқылған төсеніш. Көп мәнерлі өрнектер түсіріп тоқиды.

Бөстек – малдың не аңның жұмсақ терісіне киізден астар салып жасалынады. 
Киіз – қой жүнінен, еденге төсейтін төсеніш. 
Сырмақ – киізден сырып, оюлап жасалған төсеніш. Ақ-қара киіздер бөлек-бөлек даярланып бір-біріне беттестіріп, қиюластырып тігеді. 
Түскиіз – сәндік үшін төсектің тұсына тұтатын үй бұйымы. Киіз үстіне барқыт, шұға, жібектерден ою-өрнектер тігіледі. 

 

11.Қоржын дегеніміз не ?                                                                                              

 

Жауабы :

– Екі жағын тең етіп тоқыған, не құрап тіккен зат салатын дорба. 

12 . Аяққап дегеніміз не ?                                                                                                               

 

Жауабы :

– Ыдыс-аяқ салатын қапшық. Екі бетін киізден тігіп, бетін ою-өрнек салып не кестелеп әшекейлейд .                                                                                                                                                                              

 

13. ҚР елтаңбасында не бейнеленген ?                                                           

 

Жауабы :

(Тұлпар ,шаңырақ ,жұлдызша,күн.)                                                        

 

14..Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан алды ?                                                                         

 

Жауабы :

(1991 жыл 16 желтоқсан  ).                                                                      

 

15. «Отан қорғау дегенді қалай түсінесің ?                                                                                                                         

Өз ойыңды айт.

 

16. Қазақстан  қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр ?                                              

 

Жауабы :

( Қытай , Ресей ,Қырғыз , Өзбек , Түрікменстан , Әзірбайжан).                                                                                                                                                    

 

17.Гимнің авторларын ата .                                                                                                                                          

 

18. ҚР тұңғыш президенті кім ?                                                                                                                                                

 

19. ҚР неше облыс бар ?                                                                                                                                                           

 

20. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім ?                                                                                                                             

 

21. ҚР тәуелсіздігін алғанына биыл неше жыл толады ?                                                                                                                      

 

22. Астана туралы қандай фильм түсірілді ?                                                        

(Астана – Отанымыздың жүрегі) .                                               

 

23. «Менің Қазақстаным»  әні мемлекеттік Гимн ретінде қай жылы қабылданды ?                                                                                                                                         

Жауабы :

( 2006 жылы 7 қаңтар ).                                                                                                                                                                        

 

24. «Көк тудың желбірегені» әні туралы не білесің ?                                                                                             

 

25. ҚР нешеге жуық ұлт өкілдері тұрады ?

                                                                                                                                                                           Қорытынды.   Бүгін біз сіздермен киелі киіз үй, шаңырақ  туралы әңгімеледік. Әртүрлі жұмыс жасадық. Енді интеллектуальды ойынымызды қорыта келе, ендігі кезекті әділқазылар алқасына берейік. 

 

Әділқазылар  шешімінен кейін ,                                                                                                                                                                                                        «Тәуелсіздік тірегім» атты әнді бірге шырқап , тәрбие сағатын аяқтаймыз .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  

 

 

 

 

                  Шығыс Қазақстан облысы ,                                                                                            

                 Өскемен қаласы әкімдігінің

               «№35 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

        

 

 

 

                    «Ұлы даланың          

   киелі  шаңырағы»

 

                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                Өскемен қаласы,2019-2020 жж 

 

1.Киіз үй түрлерін атаңдар

 

 

2. Киіз үйдің іші неше  бөлімге бөлінеді ?

 

 

3.Киіз үйде отыру тәртібі атап беріңдер. 

 

 

4. Киіз үйдің негізгі бөліктерін атаңдар 

 

 

5.Уық туралы айт 

 

 

6. Кереге туралы білгеніңді айт.

 

7. Киіз үйде неше  есік болады ?

 

 

8.Шаңырақ  туралы білгеніңді айт.

 

 

 9.Киіз үйдің жиһаздарын атаңдар. 

.

 

10. Төсеніштер туралы білгеніңді  айт

 

 

11.Қоржын дегеніміз не ?

 

 

12Аяққап дегеніміз не ?

 

 

13. ҚР елтаңбасында не бейнеленген ?                                                           

 

 

14..Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан алды

 

 

15. «Отан қорғау дегенді қалай түсінесің ?                                                                                                                         

 

 

16. Қазақстан  қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр ?                                                                                              

 

 

17.Гимнің авторларын ата .                                                                                                                                          

 

 

18. ҚР тұңғыш президенті кім ?                                                                                                                                                

 

 

19. ҚР неше облыс бар ?                                                                                                                                                           

 

 

20. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім ?                                                                                                                            

 

 

21. ҚР тәуелсіздігін алғанына биыл неше жыл толады ?                                                                                                                     

 

 

22. Астана туралы қандай фильм түсірілді ?                                                                                                                      

 

 

23. «Менің Қазақстаным»  әні мемлекеттік Гимн ретінде қай жылы қабылданды ? 

 

 

24. «Көк тудың желбірегені» әні туралы не білесің ?                                                                                              

 

 

25. ҚР нешеге жуық ұлт өкілдері тұрады ?

 

 

   


 

Скачано с www.znanio.ru

Тақырыбы: Ұлы даланың киелі шаңырағы

Тақырыбы: Ұлы даланың киелі шаңырағы

Оқушыларға қойылатын сұрақтар : 1

Оқушыларға қойылатын сұрақтар : 1

Киіз үйге бірдеңені шайнап, жеп кіруге болмайды

Киіз үйге бірдеңені шайнап, жеп кіруге болмайды

Кереге бастары арқылы тартылатын бас арқан маңдйшаның екі жағына мықтап байланады

Кереге бастары арқылы тартылатын бас арқан маңдйшаның екі жағына мықтап байланады

Сырмақ – киізден сырып, оюлап жасалған төсеніш

Сырмақ – киізден сырып, оюлап жасалған төсеніш

Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік

Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік

Шығыс Қазақстан облысы , Өскемен қаласы әкімдігінің «№35 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Ұлы даланың киелі шаңырағы» Өскемен қаласы,2019-2020 жж

Шығыс Қазақстан облысы , Өскемен қаласы әкімдігінің «№35 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Ұлы даланың киелі шаңырағы» Өскемен қаласы,2019-2020 жж

Киіз үй түрлерін атаңдар 2

Киіз үй түрлерін атаңдар 2

Отан қорғау дегенді қалай түсінесің ? 16

Отан қорғау дегенді қалай түсінесің ? 16

Ұлы даланың киелі шаңырағы

Ұлы даланың киелі шаңырағы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.11.2020