Адамның бәрі бірдей деген қағида болғанымен, бесенеден белгілі ақиқат – пендешілікте екі адам заты ешқашан бір-біріне ұқсаған емес. Ақыл-парасат жағынан да, сезім-түйсік жағынан да, мінез-құлық жағынан да, тұлға-тұрқы жағынан да, жалпы жаратылысынан адам баласы бірегей, дара. Сол бір «жауқазынның бүр жарғанындай» сырлы сәтті басынан өткізген тәрбиеші бақытты. Балалар - өмір гүлі. Ал гүлдер ешқандай жасандылықсыз, шынайылықпен баптағанда ғана өседі. Тәрбиеші болу-жай мамандық емес. Тәрбиешілік -қызық та бейнеті көп мамандық. Жүсіпбек Аймауытов «Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көрсін» деген екен. Мен мамандығымды жақсы көремін, мамандығыммен мақтан етемін.
Мамандығыммен мақтанамын....docx
«Мамандығыммен мақтанамын...»
(эссе)
Нұржанова Ақмарал Серікқызы
Қарғалы ауданы
Ш. Қалдаяқов ауылы
«Бөбек» бөбекжайбалабақшасы» МКҚК
тәрбиеші
Адамның өзінеөзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы
сұрақтары болады екен. Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де бірегейі – мұғалімтәрбиеші
деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап бағайын. Өйткені мен де
бала бағбанытәрбиешісімін. Таңғажайып балалар әлемімен тереңірек танысып, өз өмір
тәжірибемнің мейірімінің
дәндерін қондыру менің жұмысымның мәні.
Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай
мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып
маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен қарымқатынас маған қуаныш, шаттық
сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар маған қажетігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы әр
тәрбиешінің бақыты. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен айтып көрсетіп
қана қоймай, бар жүрегімен және жан тәнімен сезіне білуі қажет.Тәрбиешінің жұмысы
күрделі де қызықты. Осы бір «Балалар әлемінің теңізіне» бір бойласам, ешқашан өз
мамандығымды өзгерткім келмейді. Өйткені, балапәк, бала таптаза мөлдір бұлақтың
бастауы сияқты. Көзін ашып, тұнығына қану үшін тәрбиешіде жылы жүрек, аялы алақан
және тәрбиешіге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу сезімі болу керек екенін
түсіндім. Оның адамшылық арожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай сыйлау,
құрмет тұту. Француз ағартушысы,жазушы ЖанЖак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай
болып таза туды, оның үстіне шыймайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала
тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең ол солай тәрбиеленеді» деген нақыл сөзі осы
балабақша балаларына арналғандай. Тәрбиешінің әрбір өткізген сабағы баланың ақылой
парасатын дамыта білетіндей, баланың жас ерекшелігіне сай құрылса, баланың ынта –жігері
артары сөзсіз деп білемін. Өзімнің жұмыс тәжірибемде әрдайым балалардың тілін, ой
өрісін, тіл байлығын дамыту мақсатында ертегілерден көріністер ұйымдастырамын. Себебі
бала ролде өзі ойнаса сол кейіпкердің бойындағы барлық қасиет дағдыларын ой елегінен
өткізіп саралайды. Ақылмен ойланады. Ол үшін тәрбиеші бойындағы асыл қасиет – ақыл
парасат болуы шарт. Баланың ішкі жан дүниесіне жол тартқан тәрбиеші ең нәзік те мөлдір,
алайда, сонымен қоса, ең күрделі де жұмбақ әлемге енеді. Осы әлемнің ішінде, осы әлеммен қатар, үндесе өмір сүруі тиіс. Ол үшін сол мөлдір әлемнің айқышұйқыш құбылыстары мен
қағидаларын, заңдылықтары мен жұмбақтарын барынша тереңірек түсініп, парықтай
алатын айқын да қуатты ақылпарасат қажет. Адам жанын аялай отырып, түсінетін нәзік те
әмбебап табиғи құрал керек. Баяғы Сократтың «Таным – бұл жақсылық» деген пәлсәпалық
қағидасы дәл осы жерде тікелей мағынасына ие. Баланың жан дүниесін неғұрлым терең
таныған сайын мұғалім оның тұлға ретінде жетілуіне септігін тигізе алады. Осындай
тынымсыз еңбектің жемісін көру үшін, тәрбиешілік жұмыс тәрбиешінің бойынан –
жігерлілік пен еңбекқорлықты қажет ететінін айқын аңғардым. Әрине, әрбір тірлікте де
жігерлі еңбек етпей айтарлықтай нәтижеге жету мүмкін емес. Ал тәрбиешіде бұл
қасиеттердің түп негізі жауапкершілікте дер едім. Қолыңдағы баланың, адамның, тағдырын
шешуден артық жауапкершілік бар ма?! Осы ауыр жауапкершілікті қабылдаған тәрбиеші
күндізтүні тыным таппасы анық. Оның мұқалмас жігері балаға бұйрық беруге
жұмсалмасын деңіз. Тәрбиеші жігері оның бала санасына «мол суымен сабырлы аққан кең
арналы өзендей» таси құйылған білімі
мен дана тәрбиесінен көрінеді.
Адамның бәрі бірдей деген қағида болғанымен, бесенеден белгілі ақиқат – пендешілікте екі
адам заты ешқашан бірбіріне ұқсаған емес. Ақылпарасат жағынан да, сезімтүйсік
жағынан да, мінезқұлық жағынан да, тұлғатұрқы жағынан да, жалпы жаратылысынан адам
баласы бірегей, дара. Сол бір «жауқазынның бүр жарғанындай» сырлы сәтті басынан
өткізген тәрбиеші бақытты. Балалар өмір гүлі. Ал гүлдер ешқандай жасандылықсыз,
шынайылықпен баптағанда ғана өседі. Тәрбиеші болужай мамандық емес. Тәрбиешілік
қызық та бейнеті көп мамандық. Осы орайда менің мақсатым: тек білім қағидаларын
меңгерту ғана емес, сонымен бірге өзінөзі тануға, дамытуға ұмтылатын,ақылды да алғыр,
қабілетті, өз көзқарасын ашық айта алатын балаларды тәрбиелеу. Өмірдегі көп
мамандықтардың ішінде жанжақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше
шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – тәрбиешілік мамандық.
Олай дейтінім, тәрбиешінің бейімділігі, дарындылығы көбінесе баланың тағдырын шешеді.
Тәрбиеші үнемі балалармен үздіксіз қарымқатынаста болып, үйренсем, білсем, таныссам
деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.
Қортындылай келе тәрбиеші ең озық педагог, психолог, ғалым және асқан дарын иесі
болу керектігіне көз жеткіздім. Бала зейінін дамытып, жеке тұлғаға айналдыру әр
тәрбиешінің басты міндеті. Сондықтан, бала жүрегіне жылылық ұялатып, қабілетімен
дарынын ашу әр тәрбиешінің алдына қойылған ең басты міндеті деп түсіндім. Жүсіпбек Аймауытов «Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, әуелі өз
қызметін шын көңілмен жақсы көрсін» деген екен. Мен мамандығымды жақсы көремін,
мамандығыммен мақтан етемін.
Мамандыгыммен мактанамын...
Мамандыгыммен мактанамын...
Мамандыгыммен мактанамын...
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.