Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымындарын тереңдетіп, мамандыққа деген ықыласын, қызығушылығын арттыру. Мың түрлі мамандықтар туралы түсінік қалыптастыру. Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған таратпалар, суретті Слайдтар, плакат «Мамандықтар ағашы».Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Мамандық — дегеніміз не? Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі. Мамандық қандайда бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық иесі болу үшін талмай ізденіп оқу керек. Өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу әрқайсыңның арманың. Сендердің таңдауларың да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.
156 Мамандық таңдауда қателікке ұрынба-2017.docx
Әсерлі кездесу
«156 Н. Бекежанов атындағы қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің 9 Б сынып оқушысы Жапбарова Зинеп Жүсіпбекқызы
2017 жылдың 13 қазан күні «156 Н. Бекежанов атындағы қазақ орта мектебі»
мамандық таңдау мәселесін белсенді
коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу үшін 9, 11сыныптар, яғни біздер,
мектебіміздің жоспарлы ісшарасындағы «Мамандық таңдауда қателікке ұрынба»
тақырыбында ойда жүрген жұмысымызды өткіздік. Сынып жетекші Ұлзада
Алшынбаева мен директордың бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары М.
Бектұрсыновтың ақыл кеңестеріне жүгіне отырып мамандықтың әр түрлі
салаларынан маман иелері шақырылып, көкейде жүрген ақпарат көздерін алдық.
Ісшара мектеп директоры Г. Бектегенованың негізгі орта мектепті бітіруші және
жалпы орта мектепті бітіруші түлектеріне, келген маман иелерінің қонақтарына
жылы лебіз тілектері мен сәттілік сөзінен бастау алды.
Біздің ісшара қонақтары ауданымыздың «Өскен өңір» баспасының
менеджері Қ. Исмайлов, фото тілші Б. Бәйімбет, Шиелі индустриалдыагро
колледжінің оқу –тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақтияр Байрақұлов, Музыка
пәнінің мұғалімі, аудандық Жастар парламентінің мүшесі О. Үсенұлы, Аға
лейтенант застава бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары Қозыбаев Нұрлан
Дәулетбекұлы, әскери бөлімше командирі Ж. Дурманов, мектебіміздің түлегі,
аудандық Ішкі Істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға
лейтенанты Ф. Досболова, мектебіміздің «Озат» тәжірибе мектебінің жетекшісі
Р. Нысанбаевалар қатыса отырып, өз мамандықтарының қырсырына тоқталды.
Елбасының «Мамандықты игеруде мүмкіндік те бар, қажеттілік те бар» мазмұнды
сөздерінің аясында
қатысушы маман иелері мамандыққа қол жеткізудің
жолдарында тиек еткен ақылкеңестері көңілімізден орын алды. Сұрақтарымызға
толық жауап алдық.
Ісшара барысында мектебіміздің «Озат» тәжірибе мектебінің жетекшісі
Р. Нысанбаева қай мамандық иесі болса да ұстаздар алдынан шығатынын айта
отырып, бұл мамандыққа халықтың баласын сүйетін, қиындығына төзетін, үздіксіз
ізденетін адам ғана қол жеткізетінін сөз етті. Ұстаз мамандығын мақтанышпен
дәріптеп, музыка пәнінің мұғалімі, аудандық Жастар парламентінің мүшесі О.
Үсенұлы «Ұстазым» әнін жолдады.
Еңбек етсем, ертеңгі бақытыма сенемін,
Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін.
Достық іс пен қасты да жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана, білім мен өнеріме сенемін.
Арым таза, ақ көңіл адалдыққа сенемін, Абыройлы, ақ ниет адамдыққа сенемін! –дегендей, қандай маман иесі болсақ
та, ел болашағын ойлайтын, халқына абыройлы қызмет ететін ел ертеңі
болатынымызға нық сенім білдіреміз.
Ісшара соңында Ақберді Рамазан «Аққуарман» әнін жолдап, директордың
бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары М. Бектұрсынов Т. Фуллердің «Ештеңе
туралы сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді» деген сөзімен қорытындылады.
Мамандык тандауда кателикке урынба (9-11 класс)
Мамандык тандауда кателикке урынба (9-11 класс)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.