«Таным» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:
«Жаратылыстану»
Өтпелі тақырып: «Мамандықтың бәрі жақсы»
Тақырыбы: Біздің ауланы тазалаушы.
Мақсаты: Балаларды ауланы тазалаушының жұмысымен таныстыру, ол қандай жұмыс атқаратынын, еңбек нәтижесін, маңызын түсіндіру. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Жаңа сөздер енгізу. (күрек, сыпырғыш, қоқыс- күрекпен күрейді, сыпырғышпен сыпырады.)
Педагогикалық технологиялар : (акт )
Ресурстармен қамтамасыз ету: презентация, күрек, сыпырғыш.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
- Балалар, бүгін бізге көңіл күйі жоқ ағай келіпті. Ол апай балабақшаның ауласын тазалап қойса бір бұзақы балалар ластап кетіпті.
- Балалар бізге балабақшаның ауласын ластауға болады ма?
2. Негізгі бөлім:
Таңертең далаға шыққаныңызда ауланың сыпырылып, таза тұратынын байқаймыз. Түнде көрген қоқыстар да жоқ. Көшеге шыққаныңызша қаланы айнадай еткен кім? Күні-түні қардан, қоқыстан тазартып, гүл мен талды суарып жүретін жандар – аула тазалаушылар. Аула тазалаушылар біз шырт ұйқыда жатқанда айналаны тап – таза етіп тазалап қояды. Олардың жұмысын жеңілдетіп, яки ауырлатуға ат салысып жүргендердің бірі емессіз бе?
- Балалар біздің балабақшаның ауласын кім тазалайды?
- Аула тазалаушының құралдары?
Сергіту сәті:
Қамымызды ойлайды
Тазалайды, жинайды
Құрметтейміз бәріміз
Тазалықшы ағайды
Қимылдық ойын: «Аула тазалаушы»
Балаларды ойынға деген қызығушылығын ояту. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Жаңа сөздер енгізу. (күрек, сыпырғыш, қоқыс- күрекпен күрейді, сыпырғышпен сыпырады.) Сөйлеу тілдерін дамыту.
3. Қорытынды:
- Аула
тазалаушы қандай еңбек етеді.
- Ол кісінің қолында қандай
құралдар бар.
- Біз өз ауламызды, тұратын
жерімізді ластауымыз керек пе?
-Үлкендер еңбегін қалай
бағалауымыз керек?
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.