ҚҰМАР ОЙЫНДАРҒА ТӘУЕЛДІ АДАМДАР ПСИХОЛОГИЯСЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Оценка 5

ҚҰМАР ОЙЫНДАРҒА ТӘУЕЛДІ АДАМДАР ПСИХОЛОГИЯСЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Оценка 5
doc
29.11.2020
ҚҰМАР ОЙЫНДАРҒА ТӘУЕЛДІ АДАМДАР ПСИХОЛОГИЯСЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Кумар ойын.doc

ҚҰМАР ОЙЫНДАРҒА ТӘУЕЛДІ АДАМДАР ПСИХОЛОГИЯСЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

 

 

Адамзат өзінің бүкіл өмір жолында көптеген қиындықтар мен күрестерді басынан өткерді. Олардың көпшілігі саналы түрде немесе белгілі бір жағдайларға байланысты өз тараптарынан болып отырады. Оған адам бойында болатын құмарлықты жатқызамыз. Қоғам ұзақ жылдар бойы маскүнемдікпен күресті, одан кейінгі уақытта оны нашақорлық ауыстырды. Қоғам дамып, өзгерген сайын оның алдында тұрған мәселелер де жаңа үлгі, жаңа мазмұнға ие болып отырады. Қазіргі кезде лексикамызға құмар  ойын, одан тәуелділік деген сияқты тіркестер еніп отыр.

Құмар ойындардың өркениет етек жайған кезден бастап пайда болғаны ешкімге де құпия емес.   Құмарлықты ауытқушылыққа жатқызуға болмас. Шығыста да, Батыста да құмар  ойыннан қанағат алуға тырысқан, оған  үкімет те, діндарлар да, тіпті, басқа тыйымдар мен ырымдар да тоқтау бола алмаған.

Дегенмен, көңіл көртерейін деген күдіксіз ниеттің ар жағында құмар  ойыннан тәуелділік жатуы мүмкін.  Ондай ойыншы  өз тағдырына өзі қожа бола алмайды.  Оның бүкіл өмірі ойынға айналады, бұны енді адам психологиясындағы ауытқушылық деп атауға болады. 

Ойынға құмарлық тез дамуы мүмкін. Адам бір күн ішінде ойын ауруымен ауырып қалуы, бір аптада бүкіл байлығынан айырылып, одан біраз уақыт өткенде өзіне қол жұмсауы ықтимал. 

Ойыннан тәуелділік ауруына  (гэмблинг – азатрные игры, лудомания – пристрастие к азартам, игромания) адамзат назары ауғанына көп болған жоқ. Қазір оны алкоголизм мен нашақорлықпен бірдей қатарға қояды. 

Ішімдікке құмарлық, нашақорлық пен құмар  ойыннан тәуелділік өзара ұқсас. Себебі, ешкім мұндай қырсыққа тап боламын деп ойламайды, оларды ол айналып өтетіндей көрінеді.   Бірінші рет ойнаған адам   (анаша мен ішімдікті алғаш татып көргендей) одан кереметтей ләззат алады және келешекте тағы да қайта-қайта татып көргісі келіп тұрады. 

Екінші мәселе, ойынға құмар адамды анықтау айтарлықтай қиынға түседі, ондай адам ұзақ уақыт көзге жақсы көрінуі (немесе қаржылық мәселе пайда болғанға дейін), ұзақ уақыт отбасына және әріптестеріне еш күдік тудырмауы ықтимал, соған қарамастан, ішімдік құмар және нашақор адамдардікіндей бәрі оның бетінде жазылып тұруы мүмкін. 

Бірақ ішімдікке құмарлық пен нашақорлықты емдеудің тәжірибесі мен әдістері, түзету тәсілдері көп болатын болса, ойынқұмарлықтан емдеудің  мұндай бай тәжірибесі жоқ.  Ойынқұмарлық туралы айтқанда оның өзіне ұқсас түрі компьютерлік тәуелділікті айтпай кетуге болмайды. 

Ол мынадай үлгіде көрінеді:

1. Интернетте жұмыс істеуге деген шектен тыс құмарлық – дәлірк айтсақ, ақпарат іздеу.  

2. Ақпарат алмасуға деген қолжетімділіктің шексіздігінен адам өз күшінен тыс қиял әлемін жасап алады.  Интернеттен тәуелді болу көбінесе компьютерлік желілерді бірден бір әлеммен байланыс құралы деп есептейтіндер үшін әсіресе қауіпті.  

3. Бейне ойындардан шектен тыс тәуелділік.  Бақылаусыз компьютерлік ойын қызметі ойыннан шектен тыс тәуелділіктің қауіптілігін тудырады. 

4. Желі бойынша достармен қарым-қатынастың өзіне тартуы.  Бұл адамның өзіне барлық шарттарды қанағаттандыратын виртуалды сұхбаттасушыны табуына мүмкіндік туғызады.   Бұл жерде танысқан адамымен келешекте қарым-қатынасын үзбеуге ешқандай міндеттеме алмайды.

Тәуелділіктен құтылудағы негізгі мәселе ол адамның психологиясы бұзылған, жандүниесінің үйлесімділігінен айрылған, сондықтан, белсенді түрде емделгісі келсе де, белгілі бір нәтижеге жету тым қиынға соғады. 

Тәуелділіктен өз бетімен арылу қадамы көп жағдайда жеңу мүмкін болмайтын қиындық тудырып, әдетіне: маскүнемдік пен нашақорлыққа қайта оралған кезде жоғалып кететінін депрессияға әкеледі. Өмірдің қалған мәселелері сүреңсіз тартып, өз мәнін жояды.    Дамыған елдердегі ойынқұмарлықтың таралуы 2-3% құрайды және ондай әдет көбінесе ер адамдарда болады.

Бұл ауру сияқты тәуелділікке тән белгі ұтысты күту оптимизмінің ақталмауынан туындайды.

Ойыншылар  әр ойнаған сайын ұтысқа барлық жан-тәнімен сенеді, алдыңғы сәтсіздігін есепке алмай, оңай олжаға кенелгісі келеді.   Ал нағыз ойыншылар үшін ақша басты мәселе емес: ең негізгісі ұтыс тігу мен ойынның басталуы арасындағы эйфориялық сезім. Ол ойында жеңіс пен жеңіліске тіккен ақша мөлшеріне байланыссыз ойынды жалғастыра береді. Өз бетімен ойынды қоя алмайды, ал тоқтатқысы келген адамдарға қатты агрессиямен жауап береді. 

Құмар ойындарға елігу стресс (ағзаның шиыршық атуы), зорланып істелген жұмыс кезінде, эмоцияналдық дискомфорт кезінде болады.  Ойынқұмарлықтың соңы қарызбен, ұрлық, қылмыстық әрекеттер, өзіне-өзі қол салумен бітеді. 

Адамзаттың бүкіл т арихында өздеріннің ойынға тәуелділігінің нәтижесінде көптеген әйелдер мен ер адамдар есепсіз зардап шегіп, қорлық көрді. Дегенмен, адам өз өмірін өзгертуге, жарқын және қолайлы етуге болатыны сияқты жағдаятты да өзгертуге болады. Бірақ, олай ету оңай емес.  Ол үшін өзіңді өзгертуің керек.

Ойынға тәуелділікті жеңу жолындағы маңызды қадам болып ондай мәселенің бар екенін мойындау және салауатты өмір салтын ұстануы қажет.  

 

ОЙЫНҒА ТӘУЕЛДІЛІК: НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР ЖӘНЕ КЕЗЕҢДЕРІ

 

Кез келген патологиялық тәуелділік, мейлі ол ішімдікке, анашаға немесе құмар ойынға болсын жайдан-жай пайда бола салмайды. Эмоционалдық ішкі ыңғайсыздық (дискомфорт) және одан модуляторларды құру арқылы шықсам деген тілек лудомания мен басқа да аддиктивті құлық үлгілерінің пайда болуын тудырады.

З. Фрейд жеңіліп, өзін тағдырдан соққы көрген адам ретінде сезінбеу үшін ойында жеңуге тырысу сезімінің болатынын айтады. Мұндай уәждеменің негізінде баланың ата-анамен өзара қатынасының бұзылуын жатқызады. Ондай жағдайда ойын ана мейірімін қайтарудың тәсілі немесе ана алдындағы кінәсін жою үшін өзін-өзі жазалау тәсілі ретінде қолданылады деп санайды.  Тежелушілік (инфантильдік) құдірет   гипотезасын   Шандор Ференци деген венгер  психоаналитигі ұсынды. Бұл гипотезаға сәйкес ойыншы көктегі жаратушы иемен байланысқа түсу иллюзиясын басынан өткеріп, тағдырдың өзін таңдағанына және сөзсіз жеңіске жететініне сенеді.  Осындай аффект (ашу қысып долданған жағдай) жағдайындағы ойынға берілген адам өзіне сенімділіктен басы айналып, өзіне қандай санның түсетінін тәңірі өзі құлағына сыбырлап тұрғандай, сөйтіп өзіне ерекше назар ауғандай  сезімді басынан кешіреді.   Генетиктер көптеген жылдар бойы құмарлыққа бейім генді – қатерлі генді іздестіруде.   Әзірге ол ізденіс сәтсіз.   Оның есесіне қанағаттың жетімсіздік синдромының генін – үнемі дискомфорт болып тұратын фонды тапты.   Осы синдромға бейімділік гені бар оны сезінуге мүмкіндік беретін  - ішімдік, нашақорлық, ойынға құмарлық сияқтыларды үздіксіз іздеп тұрады.

Солай болғанымен де дәрігерлер құмар ойыннан тәуелді психологиялық ауытқушылықтан зардап шегетін адамдардың ішіндегі басым көпшілігінің тұлғааралық және қоршаған ортамен ашық эмоционалдық қарым-қатынаста белгілі қиындықтардың болатынын мойындайды.  Ойын жасай алмаған толыққанды қарым-қатынас орнын толтырып отырады.   Жалпы әрбір ойыншының ерекше қарым-қатынас орнататын өзінің сүйікті ойын автоматы немесе үстелі бар.    Лудомандар  оны сипайды, жеңуге көмектесуін сұрайды, еркелетіп ат қояды.    Сөйтіп оны тәңірдің жіберген жеңісін жеткізушідей сезінеді. Ал осы сүйкімді автомат әкелген кері эмоцияларды сезіне бермейді.   Компьютерде ойнайтын ойынқұмарлар өз жеңісінің әрбірін тиынына дейін есінде сақтайды, бірақ қанша рет жеңілгенін білмейді де, білгісі де келмейді. 

Ойынқұмарлыққа компьютердің алып келуі мүмкін. Қазіргі таңда оны пайдалануға еш шек қойылмайды және адам  жасына тәуелді емес.

Ойынқұмарлықтың бірнеше себептері анықталып отыр: 

- жалғыздық сезімі. Жалғыздық сезімі ойынға алып келеді, одан алған ләззат сезімі кезекті ойынға жетелеп отырады. 

- қанағатсыздық сезім.  Бұл сезім адамның өзін ойында көрсетуге мәжбүрлейді  Шынайы өмірде өзін мойындата алмаған, өзіне өзіне көңілі толмаған адам, өмірге қарағанда оңай жеңіске жететін ойында көрінгісі келеді.  Нәтижесі жақсы болған сайын оған қайта-қайта оралғысы келіп тұрады.  

- оңай олжаға кенелу сезімі. Бұл әсіресе ойын автоматтарына, казиноға қатысты.   Бір рет жеңіске жетіп, оңай жолмен табылған ақшаға ие болып өз жеңісін ойында қайтадан қайталағысы келеді, бірақ ол ойы әрқашан орындала бермейді. 

- әртүрлі сипаттағы тәуелділікке көнгіштік.  Ойынқұмарлық басқа да анаша, ішімдік сияқты тәуелділікке бейім адамдарға тән болып келеді. 

· психиканың әртүрлі деңгейде  және сипатта  бұзылуы.  Психикасы бұзылып, одан емделген адамдар. 

Ойынқұмарлықтың айтарлықтай маңызды мәселе екенін естен шығармаған жөн. Егер өз туыстарың, достарың бойынан осындай қасиетті байқасаңыз бірден шара қолданыңыз. Әйтпесе ойынқұмарлықтың соңы өкінішке әкеп соғуы мүмкін. 

Ойынқұмарлықтан арылу үшін оның пайда болу себептерін анықтап, дер кезінде одан арылу жолдарын қараған жөн.  Іс жүзінде ол - шешілетін мәселе.  Ол мәселені шешу үшін ойынқұмар адамды бұрынғы қалпына келтіру керек.  

Ойынқұмарлықты танытатын белгілер нашақорлық пен ішімдікқұмарлыққа өте ұқсас:

- әсерленгіштіктің жоғары деңгейде болуы; 

- шектен тыс қызбалық ;

- ашуланшақтық;

- негізсіз қаһарлану;

- өзін қоршаған адамдар мен заттарға деген апатия (көңілінің соқпауы);

- өзін өзі бақылау қабілетінен айырылу (соның ішінде жеңгенен кейін де, үздіксіз жеңілгенен кейін де ойынды тоқтата алмау); 

- ойыннан тыс уақытта өмірге деген қызығушылықтың азаюы;

- ойын басында өткізген уақытының артып бара жатуы;

- ойын жоқ кезінде өздерінің тілімен айтқанда ломканың"басталуы;  

- ойынға қайта-қайта келгісі келіп тұратын сезімін тежей алмау; 

- ойынды қайта бастауға қарсыласу қабілетінің төмендеуі; 

- ойынға құмарлығын бойға терең сіңіру   (өткен ойынды есіне алып отырады, болашақ ұтысты жоспарлайды, клешек ойынға ақшаны қалай табу керектігін ойластырады);

- ойнаған сайын оған елігіп, ұтысқа тіккен бағаны көтере түседі;

-  ойынды тоқтатуға қадам жасағанда немесе оның барысын бақылағанда қиналыс білдіреді;

- ұтыс тігу сомасына шек қойғанда немесе ойынды тоқтатқанда үрей сезімін басынан кешіреді;

- өз проблемесынан құтылу немесе көңіл күйін көтеру үшін ойнайды    (өзін өзі кіналаудан, үрейден, дерессиядан қашқысы келеді);

- жеңілгенен кейін келесі күні жеңем деген сезіммен ойнайды;

- өзінің ойынға тәуелділік деңгейін жасыру мақсатында отбасы мүшелерін немесе дәрігерді алдаап, өтірік айтады; 

- арамдық, алдау, ұрлық немесе ойынды қаржыландыру үшін ақшасын шашу сияқты заңсыз әрекеттер жасайды; 

- ойын кезінде жиналып қалған қарыздарынан құтылу үшін таныстарынан, достарынан, туыстарынан қарыз алады. 

Ойынға тәуелділік – ойынқұмарлық жеке тұлғалық жақтан да, әлеуметтік жақтан да қоғамның күрделі мәселесіне айналды.  Ойынқұмарлықтың әртүрлі зардаптарға әкелуі   мүмкін, атап айтатын болсақ, барлық мүлкінен айрылудан бастап тұлғаның азғындауы немесе өзіне-өзі қол жұмсауына дейін баруы мүмкін. Одан құтылу үшін реаблитациялау (ақтау) керек.  Жақындары тарапынан болатын қолдау болғанда осындай келеңсіздікпен күрес  анағұрлым тиімді және жылдам жүзеге асады.   

Ойынқұмарлық эмоцияналдық ауру деп танылып отыр.

 

ҚҰМАР ОЙЫНҒА ТӘУЕЛДІ АДАМДАР ПСИХОЛОГИЯСЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

 

Соңғы бірнеше  жылдар бойы ойынға тәуелді адамдар мен олардың жақындары психологиялық көмекке жүгінуді.  

Ресейде бұл мәселені зерттеу соңғы он жыл  ішінде ғана қолға алынды.    1996 жылы Санкт-Петербург ғылыми-зерттеу психоневрологиялық институтына өзінің құмар ойынға деген әуестігін байқамай қалатындығын  айтып, ер адам көмек сұраған.   Содан бері бұл проблеманың масштабы кеңейіп, көмек сұрағандар саны артып отыр. Ойынға құмар адамдардың амалы таусылған туыстары көмек сұрап келеді. Олардың көбінің мазмұны мынадай: «Қызым 15 мың доллар несие алып, барлығын ойынға салып жеңіліп қалды, көмектесіңіздерші», «Ұлымның жасы 45-те. Бүкіл отбасымыз болып үй құрылысына жинаған ақшаны ойынға салып ұтылып қалды. Мәселені түсінеді, бірақ қоя алмайды» т.б. 

Бұл тақырып әлі зерттеліп біткен жоқ.  Лудомания ауру ма, егер олай болатын болса, медицинаның қай саласына: психиатрияға ма (құндылықтардан да тыс және сандырақ идея), наркологияға жатқызуға болады деген пікірталас жүріп жатыр.  

Осыған байланысты емдеу, реаблитациялау, алдын алушараларын жүргізуге байланысты әртүрлі пікірлер бар. Қазіргі уақытта емдеудің бірнеше нұсқаларын ұсынуда. Кез келген пікір өмірге, зерттеуге жолдама алуға кұқы бар. Кейбір әдістемелер іс-тәжірибеде өзінің тиімділігін көрсетіп отыр.  Ғылымда тәжірибедегі әдістемелерді біріктіріп, бір бағдарлама жасалынуда. Сонда мынадай әдістемелер бар: гештальт- тәсіл, когнитивті-құлықтық араласу, жағдаятты психоаналитикалық байқау, тренингтік, тәуелділікке қатысты жеке бас тәжірибесі және   - психолог  - кеңесші, анонимді қоғамдастық.

БАҚ осы проблемаларға арналған мақалалар мен хабарлар беріп жатыр.    Адамдар отбасынан айрылып қалу қаупін біле тұра,  ақпарат алу, емделу үшін кәсіби көмекке сирек жүгінеді.  Ал көмек сұрап келгендердің көпшілігі тығырыққа тіреліп, барынан (отбасынан, жұмысынан айрылып, достарымен қарым-қатынасын үзгенен кейін) айрылған соң ғана осындай шешімге келеді.

Ойынқұмарлықты тудыратын себептер басқа тәуелділікке әкелетін себептер сияқты өте көп. Ондай себептерге әлеуметтік, биологиялық, психологиялық сипаттағы факторларды жатқызуға болады. Бірақ оның себебін біліп, ойынқұмар адамға түсіндіргенмен, ол проблема шешімін таба қояды деп айту қиын.

Ғылымдағы мақсат ойынқұмар адамға көмек көрсету болғандықтан, мына мәселелерге жауап іздеу маңызды: 

- адам не үшін ойнайды?

-  ойын кезінде адам өзінің қандай мұқтаждығын қанағаттандырғысы келеді? 

- оның ойынша адам өмірін кім басқарады?

- өмірде ойыннан басқа ештеңенің қалмау себебі не? 

- егер ол үшін ең бір жанға жайлы орын ойын мекемесі болса, әрі қарайғы өмірін қалай елестетеді? 

- адам өзін неге және қалай осындай бақытсыздыққа әкелді?

Сол себепті ойыншының мінез-құлқын зерттеп білу маңызды рольге ие. Сонда байқалған бірден бір ерекшелік – «фантазия әлеміндегі» ойыншының өмірі.

Бақылау нәтижесіне таңғалмасқа болмайды. Себебі ойыншы болмысы тұтастай ғажайыптың болатынына сенеді және ол көз ілеспес жылдамдықпен   ой елегінен жүгіріп өтеді. Онда адам ұтысқа сенетіні сонша, несиесін жауып, ойша машина да, шипажайлық орындардан үй де алып үлгіреді. Осылай жалғаса береді, ал шынайы өмірде проблема көбейе береді, бірақ оны шешудің бірден бір жолы ұтыс екеніне ойыншы имандай сенеді. Құрған жоспары мен ұтыстың арасындағы алшақтық көбейе береді. Ақыры көп күткен ұтысқа да қолы жетеді, бірақ ол оның қаржылық мәселесін толық шеше алмайды.  Дегенмен, ерте ме, кеш пе ойыншының өзі ақша үшін емес, ойын үшін ойнайтынын мойындайды.   Ойынды тастауға әрекет етіп те көреді. Бірақ тағы да таңғажайып өмір есігі ашылғандай болады, тағы бір айналым... осылай жалғаса береді.  

Сонымен ойыншылардың тағы бір  ерекшелігі, ол – шынайы өмірден әлдеқайда тамаша ойдан шығарылған әлемде өмір сүрулері. 

Адам өміріндегі проблемалардан қашады да, онымен күрескеннің орнына құмарлыққа бой алдырып, қиял әлеміне кіреді.  Ойын ол үшін «анестезия» қызметін атқарады.   Көптеген ойыншылар ойын орындарынан «басқа әлемнің» дәмін татады.    Ойын кезіндегі қиял мен белсенділік өзінің де, өзгенің де қайғысын сездірмейді.    Ерте ме, кеш пе шешімін таппаған мәселлердің көлемі арта түсетіні сонша, оны байқамай жүре беру мүмкін болмай қалады, сол кезден бастап адам көмек іздей бастайды немесе өзіне өзі қол жұмсайды.  

 

  Ойынға тәуелділікті психотерапиялық жолмен емдеу бағыттары: 

1  Саналы және түйсік арқылы болатын ойынқұмарлық деңгейін азайту, басу. 

2 Ойыннан тыс уақыттағы мінез-құлқын бақылау, құмарлануға жол бермеу.  

3 Ойынға деген қатынасын өзгерту, ол үшін алдымен жек көрушілік туғызу, сосын жайбарақаттыққа әкелу. 

4 Ойыншының логикалық ойлауындағы қателіктерді түзету.  Атап айтатын болсақ:

- тілек қателігі. Ол дегеніміз ойын нәтижесіне мән бермей, әйтеуір ойнағысы келіп тұратындығы.  

- таным қателігі, таным қызметіндегі когнитивтік қателіктер (барлық ойыншыға тән қателіктер – ірі ұтысқа ие болсам деп ойлауы, таңдау иллюзиясы).  

- сенім қателігі  (мысалы, өз қабілетіне, жеңісіне, жолының болғыштығына, кездейсоқ жағдайға сену).  

5 Ойынға тәуелді адамдар бойында ақыр аяғы бір ұтыстың болуы мүмкін емес деген түсінігін нығайту.  

7 Қандай ойынды қандай әдіспен ойнаса да тиімсіз екеніне көзін жеткізу.  

8. Құмар ойыншының қиялының жалғандығына, мағынасыздығына, қисынсыздығына көзін жеткізу. Ол мынадай жолдар арқылы жүзеге асады: 

- ойыншыға ақпарат беру, көзін ашу арқылы;  

психотерапевтің қуатты  эмоционалдық-энергетикалық ықпалымен;

- оның ойынынан алынған жағдаяттардағы психологиялық жеңілістер арқылы; 

-  ойыншы мінез-құлқын өзгерту арқылы; 

- ойынға әуестігін қоздыратын түсірілімдер мен киноларды көрсетпеу; 

- танымдық ойлауын өзгерту;  

7 Жаңа мұқтаждыққа, құндылыққа, мақсатқа қалыптасқан ойыншы мотивациясын өзгерту. 

8  Дәрі-дәрмекпен емдеу.

9 Отбасылық және өндірістік психотерапия

10  Психотерапиялық емес әдістерді енгізу (спорт ойындарын, т.б.) 

Жоғарыда ойынқұмарлықты тудыратын фактілер аталып көрсетілген. Олар:

1 Сыртқы арандатушылық   (ойын автоматтарын жарнамалау,  автоматтардың өздері,    жолдарында кездесетін казино,   соларға сырттай ұқсас заттар).

2  Дау-жанжал, ұрыстар, жағымсыз үй тұрмысы, өндірістік жағдаяттар).

3   Алкоголизм.

4  анаша қабылдау.

5. Депрессия және басқа да психофизиологиялық жағдайдың ауытқуы. 

6  Шаршау, шектен тыс жүктеме.

8 Жады, соның ішінде ассоциалдық жады (ойын, ойын эпизодтары, ұтыс, ойыннан алған қанағат сезімі, кураж, ләззаттану) 

9 Бос уақыттың көп болуы

10  Ойыншыда казиноға кіре алатындай ақша сомасының болуы.  .

 

Психологтардың пікірі бойынша құмар ойындарды ұжымдық спорттық ойындармен алмастыра отырып, ойыншының мінезіндегі ауытқушылықты түзетуге болады

Әсіресе көпшілің қызықтайтындай, эмоцияны шығаратындай, ойыншының ғана емес, жанкүйерлердің де құмарлығын оятатындай болғаны жөн.  Ресейде  "Адаптивная физическая культура" (денсаулығында ауытқуы бар адамдар және мүгедектер үшін)  өткізілді.

Спорттық ұжымдық ойындардың мынадай мүмкіндіктері бар:

1 Құмарлықты басқаратын жағдаяттарды тудырады   (ондай қасиеттер құмар ойыншыда болмайды).

2 Ұжымдық өзара әрекет жасайтын жағдайларды тудырады (соның ішінде қарым-қатынас жасау).

3 Диаметралды қарама-қарсы бағытта сана өрісінің векторын өзгертуге    (барлық қызметінің жоспарлары,  мақсаттары, бағдарламалары, ұмтылу, күш салуы) өзгертуге мүмкіндік тудырады.

4. Спорттық ойынның ұжымдық сипаты топтық психотерапиялық ықпал етеді.  Бұнда топ психотерапевт түрінде көрінеді де әркімнің жағымсыз жақтары түзетіліп отырады.  

5 Спорттық ойындарға тарту арқылы құмар ойыншыға құр ақпарат беріп қана қоймайсың, әрекет арқылы көрсетіп адам психологиясына терең ықпал ете аласың.  

6  Спорттық ойын өз әрекетіңді жоспарлауға, оқиға барысын бақылауға, алдағы әрекетіңді болжауға үйретеді. 

7 Ол маңызды, жауапкершілігі мол шешімдер қабылдау арқылы өзің үшін де, барлық команда үшін де жауапкершілікті сезінуге үйретеді.  

8 Ол жеңіске жетуге сенімділік тудырады, ал құмар ойындардағыдай ақша ұтсам деген шексіз, шетсіз иллюзия болмайды.   

9 Онда әркімнің ұсақ жеке мүдделерінің бас көтеруіне мүмкіндік бермейді (эгоизм, индивидуализм сияқты). 

10 Ұжымдық спорттық ойындар құмар ойыншының психологиясын түзетіп қана қоймай, құмар ойыншыға қарама-қармсы  модель, психология, мінез-құлық қалыптастырады.  


МАР ОЙЫНДАРҒА ТӘУЕЛДІ АДАМДАР

МАР ОЙЫНДАРҒА ТӘУЕЛДІ АДАМДАР

Ақпарат алмасуға деген қолжетімділіктің шексіздігінен адам өз күшінен т ыс қиял әлемін жасап алады

Ақпарат алмасуға деген қолжетімділіктің шексіздігінен адам өз күшінен т ыс қиял әлемін жасап алады

З. Фрейд жеңіліп, өзін тағдырдан соққы көрген адам ретінде сезінбеу үшін ойында жеңуге тырысу сезімінің болатынын айтады

З. Фрейд жеңіліп, өзін тағдырдан соққы көрген адам ретінде сезінбеу үшін ойында жеңуге тырысу сезімінің болатынын айтады

Ойынқұмарлық басқа да анаша, ішімдік сияқты тәуелділікке бейім адамдарға тән болып келеді

Ойынқұмарлық басқа да анаша, ішімдік сияқты тәуелділікке бейім адамдарға тән болып келеді

Ойынға тәуелділік – ойын құмарлық жеке тұлғалық жақтан да, әлеуметтік жақтан да қоғамның күрделі мәселесіне айналды

Ойынға тәуелділік – ойын құмарлық жеке тұлғалық жақтан да, әлеуметтік жақтан да қоғамның күрделі мәселесіне айналды

Сол себепті ойыншының мінез-құлқын зерттеп білу маңызды рольге ие

Сол себепті ойыншының мінез-құлқын зерттеп білу маңызды рольге ие

Ойыншының логикалық ойлауындағы қателіктерді түзету

Ойыншының логикалық ойлауындағы қателіктерді түзету

Ресейде "Адаптивная физическая культура" (денсаулығында ауытқуы бар адамдар және мүгедектер үшін) өткізілді

Ресейде "Адаптивная физическая культура" (денсаулығында ауытқуы бар адамдар және мүгедектер үшін) өткізілді
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020