Массалар центрі

  • pptx
  • 02.05.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала Массалар центрі.pptx

Массалар центрі

10.2.3.1: абсолют қатты дененің және материалдық денелер жүйесінің массалар центрін анықтау

Абсолют қара дененің не екенін түсінеді
Массалар центрі не екенін түсіне алады
Айналатын дененің тепе – теңдік шартын біледі және қолданады

Ой қозғау

1173 жылы Пиза мұнарасы қаланып басталды. Бірнеше уақыттан соң құрылыс тоқтатылып, тек 100 жыл өткен соң ғана қайта жалғасын тапты. Құрылыс аяқталғаннан соң Пиза мұнарасының қисайып тұрғаны байқалды. Пиза мұнарасының төбесі центрінен 5,3 м –ге көлбеу орналасқан.
Неліктен Пиза мұнарасы көлбеу орналасқан және құламай тұр?

Жауабы:
Себебі, мұнараның массалар центрі арқылы өтетін вертикаль сызық оның табанының ауданының центрінен 2,3 м арақашықтықта орналасқан.


С нүктесі – массалар центрі, С 1 - массалар центрі арқылы өтетін вертикаль сызық, О – мұнара табанының ауданының центрі

Механиканың қатты денелердің тепе-теңдікте болу шарттарын зерттейтін бөлімі статика деп аталады. Тепе – теңдік түрлері

Абсолют қатты дене дегеніміз – дененің өз өлшемдерімен салыстырғанда деформациясын ескермеуге болатын дене.
Дененің ауырлық центрі – дененің ауырлық күштерінің теңәрекетті күші арқылы өтетін нүкте.
Массалар центрі (ауырлық центрі) – дене жүйесін сипаттайтын геометриялық нүкте.
Тіреу нүктесі мен тіреу осі бар дене тепе – теңдікте болу үшін ауырлық центрінен өтетін вертикаль тіреу нүктесінен де өтетін болу керек.

Айналатын денелердің тепе – теңдік шарттары

Тепе-теңдік шарты