«Математика пәнін тереңдетіп оқу» қолданбалы курс бағдарламасы
Оценка 4.8

«Математика пәнін тереңдетіп оқу» қолданбалы курс бағдарламасы

Оценка 4.8
docx
29.11.2020
«Математика пәнін тереңдетіп оқу» қолданбалы курс бағдарламасы
Бағдарлама тақырыптары 5 - сыныпқа арналған математика курсының негізгі бағдарламасымен тікелей байланысты
5 сынып Тереңдетілген матем.docx

5 – сынып

«Математика пәнін тереңдетіп оқу» қолданбалы курс бағдарламасы

Түсінік хат

Берілген курс оқушыларға бағдарлама бойынша математикадан білімдерін жалпылауға, кеңейтуге және тереңдетуге бағытталған. Сонымен қатар математикалық объектілердің бірегейлігін, жоғары абстрактілігін көруге мүмкіндік береді және математиканы өмірде, техникада, өнерде, практикалық қызметте, тұрмыста қолданудың зор мүмкіндіктерін көрсетеді, дұрыс шешімді табуда, әртүрлі есептерді соның ішінде тұрмыстағы есептерді шешудегі логиканы қолдануға үйретеді (профильдердің техникалық, гуманитарлық және басқа түрлерінің таңдауына дайындау). Бағдарлама тақырыптары 5 - сыныпқа арналған математика курсының негізгі бағдарламасымен тікелей байланысты. Ол математиканың базалық курсын кеңейтеді және оқушыларға математиканың практикалық құндылығын сезінуге, өздерінің математикалық қабілеттерін тексеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аталмыш таңдау курсы мектеп бағдарламасында көрсетілген маңызды математикалық білім мен дағдыларын жетілдіруге және дамытуға әсер етеді, математикадан мүмкіндіктерін бағалауға және болашақтағы оқу бейінін дұрыс сезініп таңдауға көмектеседі. Ұсынылып отырған курс бұрынғы алынған бағдарламалық білімдер жүйесінің дамуы болып табылады.Оқыту нәтижесінде оқушылар күрделі есептерді шығаруды және қиындығы әртүрлі есептермен бірге олимпиада деңгейіндегі есептерді де шеше білуге міндетті болады. Бағдарламаға енгізілген сұрақтар олимпиадаға және әртүрлі математикалық сайыстарға қатысу үшін дайындық жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар курс мазмұны әрбір оқушыға оқу-танымдық үдеріске белсенді түрде енуге және функционалдық сауаттылықтарын нығайтып, өзін-өзі жоғары деңгейде көрсетуге бағытталады.

Таңдау курсының сабақтарын дайындау және өктізу кезінде оқушылардың өзін-өзі анықтау үдерісіне әсер ету үшін және оларға өзін-өзі бағалау деңгейін төмендетпей, өзіне дұрыс баға беруіне көмектесу жұмыстары ұйымдастырылады. Сабақ лекция, әңгіме, саяхат, ойын түрінде өткізіліп, жеке немесе топтық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады. Сабақтарды жүргізу технологиясында оқушыларға өтілген материалдың қаншалықты игерілгенін тексеруге мүмкіндік беретіндей  өзін-өзі тексеру кезеңдері болады. Қорытынды бақылау түрі курс тақырыбы бойынша оқушылардың дайындаған жобаларының тұсаукесері болуы мүмкін.

Математиканы оқытудағы басты мақсаттарға жетуге есеп шығару - басты қызметші болып табылады. Сондықтан математика сабақтарының жарты уақыты есеп шығаруға арналады. Қиындығы жоғары есептерді шешуге көп көңіл бөлінеді. Есептер шығару кезінде экономикамен пәнаралық байланыс айқын көрінеді, бұл оқушылардың оқу мотивациясын көтеруге, математикалық сауаттылықтарын нығайтуға мүмкіндік береді.

5-сынып математикасында бөлшек сандарды енгізу сан ұғымын бірінші рет кеңейту болып табылады. Бағдарламада оқушылардың жай бөлшек пен ондық бөлшек жөніндегі алған мәліметтерін қайталау мен жалпылаудың нәтижесінде осы білім кеңейеді: координаталық сәуледе жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді кескіндеу, дұрыс және бұрыс бөлшектер, бөлшектің негізгі қасиеті, бөлшектерді қысқарту, бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру, оларды салыстыру, натурал санды бөлшек түрінде жазу, ондық және жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану тақырыптарын қайталау оқушылардың алған білімдерін қолдануға ынталандырады, ал соның нәтижесінде олардың білімі тереңдей түседі. Қайталау – саналы және берік білім алу, яғни дидактикалық талаптар негізінде білім алу қажеттігінен туындайды. Математикадан білім  сапасын  арттырудың тиімді  жолы - тереңдетіп  оқыту болып табылады.

Бағдарлама 5 –сыныпқа математика пәнінен барлығы 68 сағатқа арналған (аптасына 2 сағат)

Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (2016 жылғы

17 маусымдағы №5 хаттама) және 5-сынып оқу бағдарламасына сүйене отырып курстық бағдарлама құрастырылды.

Мақсаты:

1) жалпы логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, есептерді шығаруда формулаларды пайдалану біліктілігін дамытуға жағдай жасау.

2) оқушыларды математикалық материалды түсінуін қамтамасыз етуге бағытталған математикалық қызметке қатыстыру және ой-өрістің дамуы арқылы математиканың базалық негізін сапалы меңгеруді қамтамасыз ету;

3) ұлттық және жалпыадами құндылықтар негізінде талдау жүргізудің практикалық дағдысы мен біліктігін иелену, ойлаудың математикалық стилін қалыптастыру;

4) болашақ оқу бейінін дұрыс сезініп таңдауға әсер ету;

5) математикалық сауаттылығын нығайту арқылы құзіреттілік деңгейлерін көтеру;

6) есептерді шығара отырып, өмірде туындайтын көптеген мәселелерді шешу үшін алған білім және біліктілік қабілеттерін анықтау және қолдануға дағдыландыру.

Міндеттері:

  • Алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету;
  • ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • ізденушілік, зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру;
  • әртүрлі әдістермен логикалық есептерді шешуге үйрету;
  • рационал сандар және олардың қасиеттері, рационал сандарға қолданылатын арифметикалық амалдар туралы білімді қалыптастыру;
  • көрнекі-бейнелік және логикалық ойлауды, оқу уәжін, өздігінен білім алу қабілетін, математика тілінде сөйлеуді, талдау мен дәлелдеулер жүргізу және қарапайым зерттеу есептерін шығару біліктігін қалыптастыру;
  • өздігінен жұмыс атқару дағдыларын дамыту; берілген тақырып бойынша оқушыларға өздігінен есептер құрастыру мен оларды шығаруға мүмкіндік беру;
  • оқушыларды математика ғылымының түрлі даму кезеңдерінде жинақталған құндылықтарға қатыстыру;
  • Оқушыларға экономикалық сауаттылық негіздерін беру;
  • Оқушылардың математикалық іс-әрекетке қабілеттерін дамыту;
  • Оқушылардың математикалық іс-әрекетке деген өз қабілеттерін сараптауға мүмкіндік беру.

Оқушы білуі тиіс:

  1. жаңа мазмұнның элементтерін кіріктіре отырып, оқушылардың бастауыш білім деңгейінде (бастауыш сыныптарда) игерген математикалық білімдерін естеріне түсіру, қайталау, тиянақтау және жүйелеу;
  2. координаталық сәуле, қостеңсіздік, натурал сандар жиыны, ондық санау жүйесі, бөлгіш, еселік, жай сан, құрама сан, жұп сан, тақ сан, жай бөлшек, жай бөлшекті қысқарту, ондық бөлшек, ондық бөлшектерді дөңгелектеу, пайыз, диаграмма ұғымдарын игеру;
  3. жай және ондық бөлшектермен арифметикалық амалдар орындауда есептеу білігі мен дағдыларын қалыптастыру;
  4. арифметикалық амалдар компоненттерінің өзара байланысын қолдана отырып, теңдеулерді шығару біліктігін дамыту;
  5. санның пайызын және пайызы бойынша санды табу біліктігін қалыптастыру;
  6. формулалар арқылы есептеумен таныстыру;
  7. мәтінді есептерді шығару.

Оқушы үйренуі тиіс:

  • Пайыз анықтамасын пайдаланып, күрделі есептерді шығаруды;
  • Кейбір сандарды шапшаң квадраттау тәсілін;
  • Логикалық есептерді теңдеу арқылы шешуді;
  • Алған білімдерін практикалық есептерді шығаруда пайдалана білу.
  • Натурал сандарды шапшаң қосу және азайту тәсілін білу;
  • Мәтінді есептерді шешуде теңдеу құра алуды;

КУРСТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ:

Оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын аша отырып, берілген тапсырмаларды өз бетімен шығара алатын қабілеттерін қалыптастыру.

КУРСТАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

  • Өз бетінше есеп шығарудың сан қилы жолын іздестіреді;
  • Өз бетінше білім алу дағдыларына негіз салады;
  • Табиғи қасиеттерін, математикалық білім деңгейлерін тереңдетеді;
  • Практикалық, танымдық, шығармашылық тапсырмаларды еркін орындай алады;
  • Өмір мен қоғамға аса қажетті мәселелерді математика ғылымына тән жан-жақты талдайды;
  • Математикалық білімдерін өмірде қолдана алады.

Пәнаралық байланыс: физика, экономика.

Курстың мазмұны:

 Тест жұмысы. Оқушылардың бастауыш сыныпта алған білім-біліктерін анықтау және байқау.

1- тақырып. Математика негіздері

Ауызша және жылдам есептеу әдістері. Әртүрлі есептеулер жүйесі. Адамдар санауды қалай үйренді. Логикалық және қызықты есептер. Пифагор мектебі. Математикалық ойындар. Ата-ананың мамандығындағы математиканың рөлі (эссе)

2- тақырып. Натурал сандар және нөл саны

Координаталық сәуле. Қостеңсіздік. Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдану. Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығару. Тендеудің көмегімен мәтінді есептерді шығару. Дөңгелек сектор. Толық бұрыш. Есептер шығару.

3 -тақырып. Натурал сандардың бөлінгіштігі

Натурал сандардың бөлгіші мен еселігі. Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері. 2; 3; 5; 9; 10 сандарына бөлінгіштік белгілері. Дәреже. Дәреженің негізі. Дәреженің көрсеткіші. Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай саңдар. Ең кіші ортақ еселік. Есептер шығару.

4- тақырып. Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Дұрыс және бұрыс жай бөлшектер. Аралас сан. Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру. Жай бөлшектер мен аралас сандарға арифметикалық амалдар колдану. Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табу. Есептер шығару.

5- тақырып. Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. Координаталық сәуледе ондық бөлшектерді кескіндеу. Ондық бөлшектерді қосу және азайту. Ондық бөлшектерді көбейту және бөлу. Ондық бөлшекті 10, 100, 1000, ... және 0,1; 0,01; 0,001 ... санына көбейту және бөлу. Ондық және жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану. Ондық бөлшекті дөңгелектеу. Арифметикалық орта. Мода, ауытқу, медиана. Қайталау есептері.

6- тақырып. Пайыз

Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу. Диаграммалар. Формула

5-сынып. Курстың оқу-тақырыптық жоспары:

Сабақ саны

Мазмұны

Сағат саны

Мерзімі

 

I.  Математика негіздері

 

 

 

1

Ауызша есептеу әдістері

1

3.09

2.09

2

Әртүрлі есептеулер жүйесі. Адамдар санауды қалай үйренді

1

10.09

9.09

3

Логикалық және қызықты есептер

1

17.09

16.09

4

Математикалық ойындар

1

24.09

23.09

5

Ата-ананың мамандығындағы математиканың рөлі (эссе)

1

1.10

30.09

 

II. Натурал сандар және нөл саны

 

 

 

6

Координаталық сәуле. Нүктенің координатасы. Салыстыру

1

8.10

7.10

7

Қостеңсіздік.

1

15.10

14.10

8

Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдану.

1

22.10

21.10

9

Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығару.

1

29.10

28.10

10

Тендеудің көмегімен мәтінді есептерді шығару

1

19.11

4.11

11

Дөңгелек сектор. Толық бұрыш

1

26.11

18.11

12

Қиындатылған есептер шығару

1

3.12

25.11

 

III. Натурал сандардың бөлінгіштігі

 

 

 

13

Натурал сандардың бөлгіші мен еселігі

 

10.12

2.12

14

Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері. 2; 3; 5; 9; 10 сандарына бөлінгіштік белгілері.

1

24.12

9.12

15

Дәреже. Дәреженің негізі. Дәреженің көрсеткіші.

1

23.12

16

Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай саңдар. Ең кіші ортақ еселік

1

 

17

Есептер шығару

1

 

30.12

 

IY. Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану

 

 

 

18

Дұрыс және бұрыс жай бөлшектер.

1

 

 

19

Аралас сан.

1

 

 

20

Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру

1

 

 

21

Жай бөлшектер мен аралас сандарға арифметикалық амалдар колдану.

1

 

 

22

Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табу.

1

 

 

 

Y. Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

 

 

 

23

Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру

1

 

 

24

Координаталық сәуледе ондық бөлшектерді кескіндеу

1

 

 

25

Ондық бөлшектерді қосу және азайту

1

 

 

26

Ондық бөлшектерді көбейту және бөлу

1

 

 

27

Ондық бөлшекті 10, 100, 1000, ... және 0,1; 0,01; 0,001 ... санына көбейту және бөлу

1

 

 

28

Ондық және жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану.

1

 

 

29

Ондық бөлшекті дөңгелектеу

1

 

 

 

YI. Пайыз

 

 

 

30

Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу.

1

 

 

31

Өмір жағдаяттарындағы проценттер. 

1

 

 

32

Диаграммалар

1

 

 

33

Формула бойынша есептеулер

1

 

 

34

Қорытынды тест

1

 

 

 

 

Қолданылатын әдебиеттер:

 

  1. «Математика» 5-сынып, А. Е.Әбілқасымова, Т.П. Кучер,З.Ә. Жұмағұлова. Алматы «Мектеп» , 2015
  2. Дидактикалық материалдар. Жұмағұлова, С.Төлеубаева, «Алматы», Мектеп,2012 жыл.
  3. «Математика және физика», ғылыми-әдістемелік журналдар
  4. А.Я.Кононов «Математикалық мозаика» М., 2004 г.
  5. Нурк  «Математикадан факультативтік курс»
  6. Әбілқасымова А.Е,Төлеубаева С.Қ. «Математика сабақтарында ұлттық ойындарды қолдану»Астана,2005 ж.
  7. Сейітқазина, С.М.Аймахан, Г.У.Құдайбергенова, Қ.Мырзабекова «Математика», факультативтік курс, оқу-әдістемелік құрал. Қызылорда, 2010 жыл
  8. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «Репетитор»
  9. Оқу сайтынан материалдар : www.school.collection.edu.ru, www.sabak.kz

 

 

 

Рейтинг материала: 5,0 (голосов: 1)


 

Скачано с www.znanio.ru

Математика пәнін тереңдетіп оқу» қолданбалы курс бағдарламасы

Математика пәнін тереңдетіп оқу» қолданбалы курс бағдарламасы

Бағдарламада оқушылардың жай бөлшек пен ондық бөлшек жөніндегі алған мәліметтерін қайталау мен жалпылаудың нәтижесінде осы білім кеңейеді: координаталық сәуледе жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді кескіндеу,…

Бағдарламада оқушылардың жай бөлшек пен ондық бөлшек жөніндегі алған мәліметтерін қайталау мен жалпылаудың нәтижесінде осы білім кеңейеді: координаталық сәуледе жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді кескіндеу,…

Оқушыларға экономикалық сауаттылық негіздерін беру;

Оқушыларға экономикалық сауаттылық негіздерін беру;

Оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын аша отырып, берілген тапсырмаларды өз бетімен шығара алатын қабілеттерін қалыптастыру

Оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын аша отырып, берілген тапсырмаларды өз бетімен шығара алатын қабілеттерін қалыптастыру

Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру

Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру

Жай бөлшектер мен аралас сандарға арифметикалық амалдар колдану

Жай бөлшектер мен аралас сандарға арифметикалық амалдар колдану

Рейтинг материала: 5,0 (голосов: 1)

Рейтинг материала: 5,0 (голосов: 1)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020