Математика_9класс_Мәтінді есептерді ТЖ арқылы шығару_Қосымша_2сабақ

  • doc
  • 13.05.2020
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала Математика_9класс_Мәтінді есептерді ТЖ арқылы шығару_Қосымша_2сабақ.doc

Қосымша

Сабақ тақырыбы

Мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.4.3.1 есеп шарты бойынша математикалық модель құру;

Сабақ мақсаттары

Мәтін есептерді теңдеулер жүйесі арқылы шешу;

Есептің шарты бойынша математикалық модель құру;

Бағалау критерийлері

Оқушы мақсатқа жетеді, егер:

ü  Есептің шартын түсінсе

ü  Есептің шарты бойынша математикалық моделін құрса

ü  Есептің шешімін шарты бойынша дұрыс тапса

Жұптық жұмыс. Бүтін сандық мәселе есептер       

1. Екі санның айырмасы 6-ға тең, біріншісінің 30%-і екіншісінің 42%-не тең. Осы сандарды табыңыз.

2. Тізбектес екі натурал санның көбейтіндісі олардың кішісінен 2 есе үлкен. Осы сaндарды табыңыз.

3. 160 метрлік канализациялық жүйені іске қосу үшін ұзындығы 800 мм және 1200 мм 150 керамикалық трубалар пайдаланылды. Осы трубалардың әрқайсысынан қанша алынды?

4. Екі санның геометриялық ортасы кішісінен 12-ге артық, ал сол сандардың арифметикалық ортасы үлкенінен 24-ке кем. Осы сандарды табыңыз.

5. А нүктесінде тұрған ит өзінен 30 м жерде тұрған түлкіні қуды. Ит бір секіргенде 2 м, ал түлкі бір секіргенде 1 м жерге барады. Түлкі үш рет секірген уақытта ит екі рет секіреді. Ит А нүктесінен қандай қашықтықта түлкіні қуып жетеді.

Дескриптор:

-         Белгісіз шаманы дұрыс анықтайды;

-         Есептің шарты бойынша математикалық моделін құрады

-         Есептің шешімін дұрыс табады.

Жеке жұмыс. Аралас мәселе есептер   

1. Оқушының үйінен мектепке дейін 700 м болады. Оқушының ағасының адымы інісінің адымынан 20 см артық болғанықтан, ол үйден мектепке дейін інісінен 400 адым кем аттайды. Оқушы мектепке дейін неше адым аттайды?

2. 20 дана бірінші том мен 30 дана екінші томның бағасы 15000 теңге. Бірінші томның бағасы 15%-ке, ал екінші томды 10%-ке кеміткеннен соң 13200 теңге төлеу керек. Бірінші томның және екінші томның бағасын табыңыз.

3. Факультетте 360 қыз оқиды. Егер ер балалар барлық студенттің 52%-ін құраса, факультетте барлығы қанша студент бар?

4. Комбайншы жоспарды 15%-ке асыра орындады және 230 га жердің егінін жинады. Комбайыншы жоспар бойынша қанша га егін жинау керек еді?

5. Кептірілген жүзім алғашқы салмағының 32% құрайды. 2 кг кептірілген мейізді алу үшін қанша кептірілмеген жүзім керек?

Жауабы:

Жұптық жұмыс. Бүтін сандық мәселе есептер       

1.                  Екі санның айырмасы 6-ға тең, біріншісінің 30%-і екіншісінің 42%-не тең. Осы сандарды табыңыз.

Жауабы: 21; 15

2.                  Тізбектес екі натурал санның көбейтіндісі олардың кішісінен 2 есе үлкен. Осы сaндарды табыңыз.

Жауабы: (1; 2)

3. 160 метрлік канализациялық жүйені іске қосу үшін ұзындығы 800 мм және 1200 мм 150 керамикалық трубалар пайдаланылды. Осы трубалардың әрқайсысынан қанша алынды?

Жауабы: 50; 100

4. Екі санның геометриялық ортасы кішісінен 12-ге артық, ал сол сандардың арифметикалық ортасы үлкенінен 24-ке кем. Осы сандарды табыңыз.

Жауабы: 6 және 54

5. А нүктесінде тұрған ит өзінен 30 м жерде тұрған түлкіні қуды. Ит бір секіргенде 2 м, ал түлкі бір секіргенде 1 м жерге барады. Түлкі үш рет секірген уақытта ит екі рет секіреді. Ит А нүктесінен қандай қашықтықта түлкіні қуып жетеді.

Жауабы: 120 м

Жеке жұмыс. Аралас мәселе есептер       

1. Оқушының үйінен мектепке дейін 700 м болады. Оқушының ағасының адымы інісінің адымынан 20 см артық болғанықтан, ол үйден мектепке дейін інісінен 400 адым кем аттайды. Оқушы мектепке дейін неше адым аттайды?

Жауабы: 1400

2. 20 дана бірінші том мен 30 дана екінші томның бағасы 15000 теңге. Бірінші томның бағасы 15%-ке, ал екінші томды 10%-ке кеміткеннен соң 13200 теңге төлеу керек. Бірінші томның және екінші томның бағасын табыңыз.

Жауабы: 300 тг; 300 тг

3. Факультетте 360 қыз оқиды. Егер ер балалар барлық студенттің 52%-ін құраса, факультетте барлығы қанша студент бар?

Жауабы: 750

4. Комбайншы жоспарды 15%-ке асыра орындады және 230 га жердің егінін жинады. Комбайыншы жоспар бойынша қанша га егін жинау керек еді?

Жауабы: 200 га

5. Кептірілген жүзім алғашқы салмағының 32% құрайды. 2 кг кептірілген мейізді алу үшін қанша кептірілмеген жүзім керек?

Жауабы: 6,25 кг