математика 3-сынып "Кайталау" ашык сабак

  • Занимательные материалы
  • docx
  • 10.02.2017
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Сабақтың тақырыбы: Қайталау Сілтеме: математика оқулығының әдістемесі, мұғалімге арналған нұсқаулық Мақсаты: 1. Оқушыларға есептің әртүрлі тәсілдер арқылы шығару жолдарын меңгерту; 2. Математикалық сөйлеу тілдерін дамыта отырып, ойын, зейіндерін дамыту; 3. Салауатты өмір салтын ұстануға, алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Міндеттері: - қызығушылақтарын ояту арқылы шығармашылықтарын шыңдау; - Есепті әртүрлі тәсілмен шығару біліктіліктерін меңгерту; - Сабақтың типі: қайталау сабағы Сабақтың түрі: сайыс сабақ Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, практикалық, шығармашылық, проблемалық, деңгейлік тапсырмалар, СТО стратегиялары. Сабақтың көрнекіліктері: сызба, деңгейлік тапсырма, карточкаларСабақтың тақырыбы: Қайталау Сілтеме: математика оқулығының әдістемесі, мұғалімге арналған нұсқаулық Мақсаты: 1. Оқушыларға есептің әртүрлі тәсілдер арқылы шығару жолдарын меңгерту; 2. Математикалық сөйлеу тілдерін дамыта отырып, ойын, зейіндерін дамыту; 3. Салауатты өмір салтын ұстануға, алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Міндеттері: - қызығушылақтарын ояту арқылы шығармашылықтарын шыңдау; - Есепті әртүрлі тәсілмен шығару біліктіліктерін меңгерту; - Сабақтың типі: қайталау сабағы Сабақтың түрі: сайыс сабақ Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, практикалық, шығармашылық, проблемалық, деңгейлік тапсырмалар, СТО стратегиялары. Сабақтың көрнекіліктері: сызба, деңгейлік тапсырма, карточкалар
Иконка файла материала Қайталау. Математика. Универсиада 2017. Майбасова Ляззат Боранкуловна.docx
Жарық ЖОББ мектебі Ашық сабақ жоспары Тақырыбы:  Қайталау Пәні: математика Уақыты: 01.02.17 ж Сынып: 3 «Ә» Сын.жет.: Л.Б.Майбасова 2016­2017 оқу жылыСабақтың тақырыбы: Қайталау                     Сілтеме: математика оқулығының әдістемесі, мұғалімге арналған нұсқаулық Мақсаты: 1. Оқушыларға есептің әртүрлі тәсілдер арқылы шығару жолдарын меңгерту;  2. Математикалық сөйлеу тілдерін дамыта отырып, ойын, зейіндерін дамыту; 3.  Салауатты өмір салтын ұстануға, алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Міндеттері: ­  қызығушылақтарын ояту арқылы шығармашылықтарын шыңдау; ­ Есепті әртүрлі тәсілмен шығару біліктіліктерін меңгерту; ­ Сабақтың типі: қайталау сабағы Сабақтың түрі: сайыс сабақ Сабақтың әдістері: сұрақ ­ жауап, практикалық, шығармашылық, проблемалық, деңгейлік тапсырмалар, СТО стратегиялары. Сабақтың көрнекіліктері: сызба, деңгейлік тапсырма, карточкалар                                                         Сабақ барысы І. Ұйымдастыру кезеңі –Амандасу ­Тақтадағы сандардың мағынасын табу 2017, 28,50,29­8,2000,17­28 ­ Бұл сандар нені білдіреді? ­ Универсиада 2017 ­ ендеше, видео көрейік          ­ балалар, кім біледі, бүгінгі күнгі санақпен Қазақстан құрамасы нешінші орында тұр? ­Бүгінгі сабақты қысқы универсиаданың спорт түрлерімен байланыстыра отырып,  қайталау тақырыбын өтеміз.Жеңіске жеткен оқушыларды медальмен марапаттап отырамын. Сабақтың соңында  медаль санына қарай бағалаймын. Сол үшін бәріміз ат салысып, сабаққа қатысып  отырайық.  1­Тау­шаңғы спорты – Өтілгенді қайталау ­Тау шаңғы спорты туралы не білеміз? ­ Тау­шаңғы спорты бірнеше спорттық дисциплиналардан құралған.  Бұл – слалом,  алып слалом, супергигант слаломы,  шапшаң түсу және  таушаңғы қоссайысы. ­ Жеңіске жету үшін не қажет? Жылдамдық. Ендеше, кім жылдам? Оқушылар парта бойынша бір­бірден тұрып көбейту кестесін, формулалар сұрайды. Мадақтау ­ Бұл спорт туралы не білеміз? 2­Шаңғы жарысы – Үй жұмысын тексеру Шаңғы жарысы – белгілі қашықтықтағы арнайы дайындалған трасса бойынша шаңғымен жарысу спорты. Шаңғымен жүгірудің негізгі екі түрі бар — «классикалық стиль» және «еркін стиль». ­ Жеңіске жету үшін үй жұмысын оқиды №8­32­бет 1­бағанын бір оқушы, 2­бағанын бір оқушы 3кг = 3000г 4ц = 400 кг 40 ц = 4000 кг 5 т = 5000 кг 7 т = 70 ц 800 кг = 8 ц 400 кг = 4 ц 2 т = 20 ц 3 т = 3000 кг 80 ц = 8 т 9 ц = 900 кг 8 кг = 8000гМадақтау 3­Биатлон – Көркем жазу ­Бұл спорт жайлы не білеміз? ­Биатлон шаңғы сайысы мен мылтықтан оқ атуды құрайтын олимпиадалық спорт түрі.  Бастапқыда биатлон “әскери патрульдердің жарысы” деп аталды.  ­ Жеңіске жету үшін, бүгінгі күнді жазып, көркем жазу тапсырмасын орындаймыз.  ­ қалай жазамыз? – әдемі, дәптерді көлденеңінен қойып жазамыз. Цифрлар тор көздің  оң жағында оңға қарай шалқаяды.  1234 1234 1234 1234 1234 Мадақтау 4­Мәнерлеп сырғанау – Оқулықпен жұмыс ­ Бұл спорт жайлы не білеміз? ­ Мәнерлеп сырғанау бес дисциплинаға бөлінеді: ерлер арасында жекелей жарыс,  әйелдер арасында жекелей жарыс, жұптасып өнер көрсету, спорттық би және  синхронды мәнерлеп сырғанау.  Оқулықпен жұмыс Есеп 1 оқу, үш оқушы оқиды. 1 оқушы тақтада шығарады.  ­ Есеп не туралы? ­ Кітапханаға не әкелінді? ­ Қандай кітаптар? Оқулық және әдеби кітаптар ­ Неше оқулық әкелінді? Әдеби кітап ше? ­ Не белгісіз? ­ Барлық кітапты қалай табамыз? ­ Басқа тәсілмен шешуге бола ма? ­ Екінші тәсілді жазу. Жауабы.  Оқулық – 5 к – 6 б                  ? к Әдеби к. – 5 к – 4 б Ш:  5 * 6 + 5 * 4 = 50 (к)   н/е   5 * ( 6+ 4 ) = 50 (к) Жауабы: барлығы 50 кітап әкелінді.  ­ Ал өздерің әдеби кітап оқисыңдар ма? ­ Қандай кітаптар оқыдыңдар?­ Кітап – білім бұлағы дегенді қалай түсінесіңдер? ­ Медальмен мадақтау. ­ Бұл спорт жайлы не білеміз? 5­ Шорт­трек – Ойлан – жұптас ­ бөліс Шорт­трек – хоккей алаңының ішінде жарыс қашықтығын максималды жылдам  бағындыруға бағытталған конькимен жылдамдыққа жүгірудің бір түрі.  Геометриялық тапсырма­3 Әр қатардан бір оқушыдан берілгенін оқу. Жалғыз орындау 1 мин, жұппен,1 мин,  топпен 3 мин   а=8см b­?, 4 есе кем Р­? S­? Мадақтау Жауабы: ені – 2см, периметрі – 20см, ауданы – 16см2 Р=(8см+2см)*2 Р=20см S=16cм2 S=8cм*2см Шешуі:  8см:4=2 (см) ені Р= (а+b) * 2  S=а*b 6­Кёрлинг – Сергіту – Топтық ойындар ­Бұл ойын жайлы не білесіздер? Кёрлинг – мұз алаңда өткізілетін командалық ойын. Алғаш рет керлинг XVI ғасырда Шотландияда пайда болды. XIX ғасырда керлингтің  бірнеше түрі шықты: шотландиялық, немістік және швейцариялық. 3топқа постер таратылады.Мадақтау­ Бұл спорт туралы не білеміз? 7­Сноуборд – Екі жұлдыз бір тілек Сноуборд – қысқы спорт түрі. Хафпайптарда немесе қарлы бөктер бойымен ылдиға  қарай шапшаң сырғанаудан тұрады. Топтар жұмыстарымен алмасады. Екі жұлдыз, бір тілек әдісімен бағалайды, постерды  қайтарады. Әр топ өз жұмысын талдайды. ­ Медальмен мадақтау. ­ 8­Шайбалы хоккей. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс  ­ Бұл спорт түрі жайлы не білесіңдер? Шайбалы хоккей – шайбамен мұз үстінде  ойналатын командалық спорт ойыны.  Үлгерімі төмен 4 оқушыға №4 кесте беру – толтыру а 100 0 1 0 7 1 7 2 0 2 7 3 0 3 7 4 0 4 7 5 0 5 7 6 0 6 7 7 0 7 7 8 0 8 7 9 0 9 7 а+ 7 Мадақтау 1079­Фристайл – Дарынды оқушыларға арналған тапсырма ­ Бұл спорт туралы не білеміз? Фристайл – Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген шаңғы спортының түрі.  Фристайл бес дисциплинадан тұрады : шаңғы акробатикасы, могул, ски­кросс, халф­ пайп, слоуп­стайл.  ­Кеспе парақшалардағы тапсырмаларды орындау. ­ Медальмен мадақтау. 10­ Шаңғымен трамплиннен секіру – Шығармашылық  диктант ­Бұл спорт туралы не білесіздер?  Шаңғымен трамплиннен секіру – арнайы жабдықталған тұғырдан шаңғымен секіруге  негізделген қысқы спорт түрі. Трамплиннен шаңғымен секіру қысқы және жазғы  кезеңдерде өтеді.  800, 808, 888сандарды жүздіктердің, ондықтардың және бірліктердің қосындысы  түрінде жазып көрсет. 3­оқушыға оқыту.Мадақтау  ­Бұл спорт туралы не білісіндер? Конькимен жүгіру спорты­ мұзда шапшаң қимылдап, жүгіруді талап ететін спорт түрі. 11­ Конькимен жүгіру спорты Ауызша жұмыс №6 суреттерді пайдаланып салыстыру.  Бөлшектерді салыстыру. ­ Медальмен мадақтау. Қорытынды ­ Бұл спорт туралы не білеміз? 12­ Шаңғы қоссайысы  ­ «Иә, жоқ» ойыны (резерв) Шаңғы қоссайысы екі дисциплинадан тұрады: трамплиннен тұғырдан секіру және  шаңғы сайысы. Сондай­ақ солтүстік комбинация деген атауы бар.  Дұрыс жауапқа иә, бұрыс болса жоқ деп хормен жауап беру.   1.     Тік төртбұрыштың  периметрін  табу  үшін  ұзындығын еніне көбейтеміз.     2.     Масса  өлшем бірлігі   см, дм, м 3.     Шаршының  периметрін  табу  үшін барлық  қабырғаларын  көбейтеміз.    4.     50 саны   тең   25­ тің 2­ге  көбейтіндісіне 5.       20  саны   5­тен  4 есе артық.     6.   Кез келген санды 0­ге көбейткенде нөл шығады.    7.  Көбейткіштердің   орны ауысқанымен  мәні    өзгермейді.         8.    800 тең   8 бен  10 санының көбейтіндісіне .  9.    Қалдық  бөлгіштен  кіші болады.  ­ Медальмен мадақтау.Үйге тапсырма:  1­қатарға – Есеп 2   33­бет 2­қатарға – Мысал 7   33­бет 3­қатарға – Логикалық тапсырма 34­бет Түсіндіріп өту. Оқушылардың жинаған медальдарына сай бағалау Бағалау