М.Жұмабаев (1893 – 1938 ж.) солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі М.Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келеді.
Ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, 1912 жылы “Шолпан” тұңғыш өлендер жинағы жарық көрді.
М.Жұмабаев - философ ақын, “Қорқыт” поэмасы бар. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап “Педагогика”, “Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні” еңбектерін жариялады.
Ол орыс ақын – жазушылары И.Гете, Г.Гейне, Әбу Фирас, А.В.Кольцов, М.Ю.Лермонтов, А.А.Фет, А.А.Блок, Д.Н.Мамин-Сибиряк т.б. әңгімелерін қазақ тіліне аударған.
“Шолпанның күнәсі” әңгімесі арқылы психологиялық талдау, сана ағымы әдістерін енгізді.
Мағжан Жұмабаев
www.ZHARAR.com
Мағжан – ең алдымен, сыршыл ақын. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса, сырлы, көркем, сәнді жазады.
Оқушының жүрегіне әсер бере алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз.
Жүсіпбек Аймауытов
www.ZHARAR.com
Мағжан Жұмабаев“Мен жастарға сенемін” өлеңі
Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты — Мен жастарға сенемін! Көздерінде от ойнар, Сөздерінде жалын бар. Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін! Жас қырандар — балапан, Жайып қанат, ұмтылған. Көздегені көк аспан, Мен жастарға сенемін! Жұмсақ мінез жібектер, Суттей таза жүректер, Қасиетті тілектер — Мен жастарга сенемін! Тау суындай гүрілдер, Айбынды алаш елім дер, Алтын Арка жерім дер, Мен жастарға сенемін! Қажу бар ма тұлпарға, Талу бар ма сұңкарға?! Иман күшті оларда, Мен жастарға сенемін!.. Алаш — айбынды ұраны, Қасиетті құраны. Алаштың олар құрбаны, Мен жастарға сенемін! Мен сенемін жастарға: Алаш атын аспанға Шығарар олар бір таңда, Мен жастарға сенемін!
www.ZHARAR.com
Мен оттанмын, от-мененЖалынмын мен, жанамын,оттан туған баламын. М. Жұмабаев
“Мен жастарға сенемін “ өлеңі
Ақын жастарды қарсыласуға үйретеді.
Мағжан өлеңдерінен өзекті өртер қайғымен бірге асқақ арманды, үмітті қатар көреді. Ол толықтай уайымға берілмейді. Өкінішті айта отырып, жарқын болашаққа сенім артады.
www.ZHARAR.com
«Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да – Абайдан. Бұдан соң Мағжанды сүйемін. ... Мағжан мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда бұл бар заманның шегінен асқандай ... бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бойұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі»
Мұхтар Әуезов
www.ZHARAR.com
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.