Тәрбие сағатының өтілу жоспарында алдымен студенттер арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра отырып сөз жұмбақты шешу арқылы тәрбие сағатының тақырыбын ашып, ұлы Абайдың он төртінші қара сөзін тыңдай отырып пікір алмасу. Бейне роликті көру арқылы сұрақтар қойып топтық және жұптық жұмыстар жүргізу.
мейрим.doc
Уақыты:
Тәрбиелік ісшараның тақырыбы:
23.02.2017
«Мейірім – жан шуағы»
Құзыреттілікке жеткізетін тәрбиелік
ісшараның мақсат міндеттері:
А) ақпараттық
Б) коммуникативтік
В) проблеманы шешу
А) ақпараттық – Студенттерге «мейірімділік», «қайырымдылық», құндылықтары түсініктерін кеңейту;. Студенттерге адалдыққа,
шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден сақтануға үйрету.
Б) коммуникативтік – Адамдар арасындағы мәдениетті, сыпайы қарымқатынас тұрғысындағы ойлау қабілеттерін дамыту, өз
ойларын, еркін жеткізе білуге үйрету
В) проблеманы шешу – Студенттерге адамгершілік қасиетін, бірбіріне деген достық сезімдерін, мейірімділікті нығайту.
пікірталас, диспут, талқылау, тренинг.
сұрақжауап, түсіндіру, ойын.
Әдебиет, психология, педагогика, өзін – өзі тану
Проектор, слайдтар, ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақалмәтелдер.
Оқушының қызметі
Күтілетін нәтиже
Тыныштық сақтау,тәрбие сағатына толықтай топ
қатысады.
Тыныштық сақтай алады және қойылған мақсатты
түсінеді.
Ішкі жан дүниелеріне үңіледі.Аудиторияда жағымды
қарымқатынас атмосферасы орнайды.
Тәрбиелік іс шара түрі:
Әдістер:
Пәнаралық байланыс:
Көрнекіліктер, құралдары:
Тәрбиелік ісшараның жоспары
Тәрбиелік ісшараның барысы:
Оқытушының қызметі
І. Кіріспе
Студенттермен амандасып, бүгінгі өтетін тәрбие сағатының
тақырыбымен таныстыру.
Тәрбие сағатына қатысты құралжабдықтарының дайындығын
тексереді
Тренинг:
Мен саған сенемін
Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір бірінің көздеріне қарап
отырады. «Мен саған сенемін …» өйткені сен жақсы адамсың.
ІІ.Қызығушылықты ояту
(Тақырыпты ашу)
Осы сөзжұмбақты шешу үшін берілген мақалдарды
жалғастырамыз.
Жауаптарын табады.
Мақалдар:
1.
2.
3.
4.
7.
Адамның күні ... (адаммен)
Тірліктің күші ... (бірлікте)
Байлық байлық емес,бірлік....(байлық)
Үлкенге құрмет,
Кішіге ...(ізет)
5. Жақсыдан үйрен,жаманнан...(жирен)
6.
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның...(тіленбей)
Білекті бірді жығар,
Білімді.... жығар(мыңдай)
Сабаққа қызығушылықтары туындайды. Негізгі
ойларын жинақтайды.Тәрбие сағаты тақырыбын өз
беттерімен ашады.. бірбірімен өзара ой жарсына
түседі.Сабақтың идеялық мұны анықталады.
ІІІ.Негізгі бөлім
Абайдың 14 сөзімен таныстыру
«Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атар өтсек:
Ұлы ақын, философтың адамдар арасындағы өмірлік
қатынастар мен тіршілік әрекеттердің түпкі мағынасы сыйластық, бірбіріне мейрім,өз ароа көмек,
қайырымдылық екенін түсінеді. Практикалық іс әрекет
арқылы топ мүшелерінің пікірімен санаса білуді
үйренеді.
Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың
жүректі кісі дегені батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің
қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық,
әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, езіне ойлағандай оларға
да болса игі еді демек, бұлар жүрек ісі. Асықтық та жүректің ісі.
Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін
алса, жүрек ұмыт қалады. Қазақтың «жүректісі» мақтауға
сыймайды. Айтқанға көнгіш, уағдада тұрғыш, бойын
жаманшылықтан тез жиып алғыш, көштің соңынан итше ере бермей,
адасқан көптен атының басын бұрып алуға жараған, әділетті ақыл
мойындаған нәрсеге, қиын да болса, мойындау, әділетті ақыл
мойындамаған нәрсеге, оңай да болса, мойындамау ерлік,
батырлық осы болмаса, қазақтың айтқан батыры әншейін жүректі
емес, қасқыр жүректі деген сөз.
Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың
сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың
жоқтығынан азады. Білімді білсе де, арсыз, қайратсыздығынан
ескермей, ұстамай кетеді. Жаманшылыққа бір елігіп кеткен соң,
бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады. Осы
жұрттың көбінің айтып жүрген мықты жігіт, ер жігіт, пысық жігіт
деп ат қойып жүрген кісілерінің бәрі пәлеге, жаманшылыққа
еліртпек үшін, бірінбірі «айда, батырлап!» қыздырып алады да,
артын ойлатпай, азғыратұғын сөздері. Әйтпесе құдайға терістіктен,
не ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі,
үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі бір
тексермей кеткен кісі, тәуір жігіт түгіл, әуелі адам ба өз
жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл,
жылы жүректі. Енді осындай адам деп кімді айтар
едіңдер?
— Әрине мейірімді жандардың қатарында ең бірінші
біздің аналарымыз тұрады екен.
— Адамзат ненің,кімнің мейіріміне бөленген?
— Күн, табиғат, ана, ұстаз, дәрігер және тағы
басқалардың мейіріміне бөленеді. Ендеше мына
сұрақтарға жауап беріп көрейікші:
«Мейірімді адам» дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай
адамды мейірімді адам деп айтасыңдар? Балалардың
жауаптары тыңдалады.
«Мейірімділік шуағы» сөзін топтастыру(Тақтаға
оқушылар осы сөздің мағынасын ашатын сөздерді қойып
шығады)«Тотастыру» стратегиясы:
Мейірімділі
к
«Бейнеролик»
1«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» мақалына талдау жасау
1.Бірнеше студент нақыл сөзге талдау жасап,нақты
өмірлік мысалдарды ұсынады.
Студенттердің көңілкүйін игере білуге және бір –
біріне деген сенімділік орнату. 2Қыз анадан үйренбей, өнеге алмас,
Ұл атадан үйренбей, сапар шекпес.
3 «Жақсылыққа қайырымдылықпен, мейірімділікке ізгілікпен,
достыққа адалдықпен жауап беру керек»
4. «Қайрымсыз қоғаммейірімсіз ұрпақ»
2.Студенттер бейнеролике байланысты қайырымдылық,
ізгілік,адалдық құндылықтарын сипаттап өз ойларын
ортаға салады.
Студенттер тақырыппен танысады. Өз ойларың ортаға
салып. жоғарыда айтылған нақыл сөздерден не
ұқтыңыздары туралы пікір таластырады
3.Кластер құру
.
Сергіту сәті
Шығармашылық жұмыстарымызды аяқтасақ,онда топ болып өлең
айтып көрелік «Кешірімді болайықшы бауырлар» Серик Қалиев
Топ болып, ән шырқау, жоғары эмоциялық көңіл күйді
қолдайды.
Мейірімділік туралы мәлімет алады.
Көктем етіп көркейтсе де маңайын,
Көріп жүрміз өкпешілдің талайын,
Өшігуді қояйықшы өзгеге,
Кешірімді болайықшы, ағайын!
Көк нөсерін көл етсе де жауындар,
Көк пен жерді сел етсе де дауылдар,
Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,
Мейірімді болайықшы, бауырлар!
Болашаққа қол ұстасып барайық,
Ақиқаттың ауылын іздеп табайық,
Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,
Кішіпейіл болайықшы, халайық!
Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,
Сонда дағы бөлінумен шаршап ек,
Өзімізге қалайтұғын нәрсені,
Тілейікші өзгеге де болса деп.
Студенттер жағымды, ізгілікті тарбие берудің мәнін,
маңызын түсіндіру;
Жағымды қарымқатынас жасай алу
Ән – асыл қазына. Студенттер халық тарбиесінен өнеге
алып, мақалдың мағынасын жетік түсінеді
Қорытынды:
Қазірден бастап жаман әдет пен қылықтардан тазарып, жаны таза,
көңілі ақ рухани сезімдерге бай адам болуға талпыныңдар. Осындай
әсем сезімде отырып бірбірімізге жылы сөздер арнайық! (Бір
біріне бірекі ауыз жақсы тілек айтады).
Рухтың мекені – адамның жүрегі. Жүрек жылуы,
махаббат, арұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық
адамшылық осы жүректен туындайды. Рухтың табиғаты
материалдық зат емес, оның табиғаты – асыл нұр
екендігін бірбіріне деген игі тілекпен қорытындылайды
Осы топ сағатында әркімнің бойындаа бір әсем шуақ
— мейірімділік шуағы молая түседі. Жүректеріңе жан
шуағы орнайды.
"Мейірім - жан шуағы" тәрбие сағаты
"Мейірім - жан шуағы" тәрбие сағаты
"Мейірім - жан шуағы" тәрбие сағаты
"Мейірім - жан шуағы" тәрбие сағаты
"Мейірім - жан шуағы" тәрбие сағаты
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.