Пән: қазақ тілі |
СҚО Тимирязев ауд. С.Мұқанов ат.Тимирязев жалпы білім беретін гимназия-мектебі |
Сыныбы: 5 |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Тақырыбы: |
Мектеп. Басқа тілден енген сөздер. |
Мұғалім: Жимағулова К.А. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Мақсаты: |
Басқа тілден енген сөздерді, лексикалық тақырыпта пайдалана білу |
Күтілетін нәтиже: |
Мектеп туралы білімдерін кеңейтеді. Қазақ тіліндегі кірме сөздер мен төл сөздердің айырмашылығын түсінеді; Сөздердің сипатына қарай өмірде қолданады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Міндеті: |
Оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту, жүйелі сөйлей білуге баулу; Тілді құрметтеуге тәрбиелеу, оқушылар бойындағы адамгершілік құндылықтарды жетілдіру |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Керекті жабдықтар |
Проектор,ресурстар,түрлі түсті стикерлер, жіп, кеспе қағаздар, топ атттары жазылған қағаздар, бағалау парағы, интербелсенді тақта |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қолданатын әдіс-тәсілдер. |
Шаттық шеңбері, «Мозайка» әдісі, «Микрофон»әдісі, «Суреттер сөйлейді» әдісі, Кластер әдісі, «Кір жинағыш» әдісі, «нақты жауап айдары» әдісі, «Сәйкестендіру» тесті, «Жеміс ағашы» |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ойын түрлері |
«Жасырын сөзді тап» «Мен мұғаліммін» ойыны, «Есіңе түсір» ойыны |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың типі |
Аралас |
||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері |
Мұғалім іс- әрекеті |
Оқушы іс -әрекеті |
Уақыт Бағалау |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Кіріспе
І Білу |
Ұйымдастыру 1.Оқушылармен сәлемдесу 2. «Шаттық шеңбері» смайликтер таратып, смайликтегі бейнені көрсетеді Оқушыларды топқа бөлу. 3. «Мозайка» әдісі бойынша «басқа тілден енген» сөздері бар кеспе қағаздары таратылады. 4-5 оқушыдан 3 топқа бөлінеді.(кітап,мектеп, қалам)1,2,3 топ 4. Сабақтың бағалауын таныстыру. ФБ «бас бармақ» әдісі, «қол соғу» әдісі |
Амандасады Оқушылар көңілді смайликтегі бейнені көрсетеді |
1 мин
2 мин |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Тақырыпқа ену. «Микрофон әдісі» арқылы оқушыларға мектеп тақырыбын ашатын сұрақ қою арқылы микрофонға жауап айтқызылады. |
Оқушылар қойылған сұрақтарға микрофон арқылы жауап береді |
5 мин |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Негізгі бөлім ІІ Түсіну |
1. «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы оқушылар тақырыпты өздері анықтайды. 2. Сөздікпен жұмыс- «Жасырын сөзді тап» ойыны слайд арқылы |
Оқушылар бұл сөздердің орысша,ағылшынша баламаларын айтып тақырыпты өздері ашады |
2 мин
1 мин |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Топтық жұмыс |
Мағынаны тану Басқа тілден енген сөздер туралы аудио жазба қосылады |
Оқушылар мұқият тыңдайды |
1 мин |
||||||||||||||||||||||||||||||||
«Мен –мұғаліммін» ойыны.Ойынның шарты оқушылар таратылған ресурстарды пайдаланып постер жасайды. І -топ Кірме сөздер дегеніміз тілімізге басқа тілден енген сөздер. Бір тілден екінші тілге сөздердің ауысып тұруы барлық тілдерге тән құбылыс. Өз тарихында қазақ халқы көптеген елдермен достық қарым-қатынаста болған. Соның нәтижесінде араб-парсы тілінен сөздері енген.Мысалы:адам, әлем, ғылым, қоғам, мектеп, қалам, кітап, білім, тарих, әдебиет, мәдениет, пән, тәрбие, емле
ІІ-топ Басқа тілден енген сөздер немесе кірме деген сөздер «жергілікті емес» деген ұғымды білдіреді. Жер бетінде бірде бір басқа тілден енбеген сөз жоқ десек қателеспейміз. Ресей елі бізге жақын болғандықтан орыс сөздері де қазақ тіліне енген. Мысалы: Самаурын (самовар), кереует (кровать), шәйнек (чайник), сот (суд), станса (станция), шай (чай), картоп (картофель),сөмке(сумка),үтік(утюг),кәмпит(конфета), үстел(стол),жәшік(ящик), бәтеңке,бөтелке,кірпіш
ІІІ –топ Кірме сөздер дегеніміз тілімізге басқа тілден енген сөздер. Дүние жүзіндегі түрлі тілдерде сөйлейтін халықтар өз ара бір-бірімен қарым- қатынаста болады да, бір-біріне сөз ауысады. Қазақ тіліне де шет тілден сөздер енген. Ағылшын тілінен енген сөздер- disk – диск, stapler – степлер, computer -компьютер, notebook – ноутбук, curling- керлинг, hockey-хоккей, boxing -бокс, billboard -биллборд, bowling- боулинг |
Оқушылар оқиды, кластер жасайды. Әрбір топ шығып өз класстерлерін қорғайды |
9 мин Әр топқа
«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
ІІІ Қолдану |
Оқулықпен жұмыс 162 беттегі 1 тапсырма орындалады. Суретті сөздер қай тілден енгенін анықтайды. Аударма жұмысы-1,5 мақалдармен жүргізіледі. Дәптермен жұмыс «Есіңе түсір» ойыны.Кітапты жауып интербелсенді тақтадағы 2 шатасып кеткен мақалдарды орынына қояды. Сөйлемдерді дәптерге жазады. |
Оқулықтағы тапсырманы орындайды. Аударады.
Дәптерге кітаптан оқығандарын естеріне түсіріп жазады. |
3 мин
2 мин |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сергіту сәті |
«Көңілді күн» видеожазбасы |
Оқушылар қайталайды |
2 мин |
||||||||||||||||||||||||||||||||
ІҮ Талдау
Жеке жұмыс |
Тақтамен жұмыс «Кір жайғыш» әдісі бойынша өздеріне тиісті сөздерді теріп жазады. Дұрысын жіпке тізіп іледі. Араб тілінен енген сөздері: ғылым, мұғалім, мектеп,қалам Орыс тілінен енген сөздері: сөмке,үтік,кәмпит, үстел,жәшік Ағылшын тілінен енген сөздері: диск,компьютер, бокс, бизнес |
Интербелсенді тактаға шығып әрқайсысы бір-бір сөзден іледі |
2 мин |
||||||||||||||||||||||||||||||||
V. Жинақтау |
«Нақты жауап айдары»
Сәйкестендіру» тесті. І топ:
«Сәйкестендіру» тесті. ІІ топ:
«Сәйкестендіру» тесті. ІІІ топ:
|
Оқушылар нақты-нақты жауап береді әр топта 2 оқушыдан
Интерберсенді тақтадан сөздерді орын орнына қояды |
2 мин
3 мин |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды Ү Бағалау |
Үйге тапсырма: Кірме сөздері бар сөйлем құрастыру. Баға қою .Рефлексия «Жеміс ағашы» көңіл күйлерін сабақтан алған әсерлерін алмаға жазып ағашқа іледі. |
Күнделіктеріне жазады. Алманы жапсырады |
5 мин |
||||||||||||||||||||||||||||||||
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.