Мектеп, оқушы, ата – ана ынтымақтастығын арттыру

  • Документация
  • ppt
  • 18.08.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Ата-ана жиналысына арналған слайд презентация
Иконка файла материала Презентация родительское собрание.ppt

Ата -аналар жиналысы

Күн тәртібінде:
1. Мектеп директоры А.У. Сатаеваның 2012-2013 оқу жылына есебі, 2013-2014 оқу жылындағы атқарылатын жұмыстары жөнінде
2. Оқу ісі орынбасары Ш.К Имажанованың есебі.
3. Мектеп психологы М.С Рахимжанованың «Мектеп, оқушы, ата – ана ынтымақтастығы» тақырыбына баяндамасы
4. Ата-аналар комитетін сайлау

Тақырыбы:
«Мектеп, оқушы, ата – ана ынтымақтастығын арттыру»

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына ,туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Нұрсұлтан Назарбаев.


Мақсаты : мектептегі оқу-тәрбие жұмысының бала тәрбиесі мен оның жан-жақты дамуына отбасы мен жанұяның, мектептің ынтымақтастығын арттыра отырып,ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістемесін таныстыру.

Міндеттері:
1) мектеп пен отбасы арасындағы байланысты арттыру.
2)отбасы құндылықтары жайлы ұғымды қалыптастыру.
3)мектеп,отбасы,бала арасындағы өзара қарым-қатынасты ақылмен шешуге, проблемалық жағдайларға көңіл бөлуге, мінез-құлқы мен пікіріне теріс баға беруге асықпауға қалыптастыру.

Кіріспе сөз.
Отбасы – бұл баланың өмір сүру ортасы, қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиемен қарапайым біліммен қаруландыратын, шешім қабылдай білуге үйрететін және ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезетін орын.
Қазақстан Республикасының тәлім – тәрбие тұжырымдамасында отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылатындығы атап көрсетілген.
Бала жақсы азамат болып өсуі үшін ол күн сайын отбасы мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділетті қарым – қатынастардың өзіне қандай қамқоршы, сүйеніш екенін сезінуі керек.

Ой санасы дамыған, адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты, мәдениетті тұлғаны жан-жақты қалыптастыруды көздеген табысты тәрбиенің мәселелері мектепті де, ата-ананы да әрқашан толғандырып келеді.
Отбасы –қоғамның маңызды буыны және өзінше бір кішігірім ұжым. Көп ұлт өкілдері мекен еткен мемлекетіміздің негізі осы шағын ұжымдардан қаланады. Осы жағынан кез-келген отбасы өзін қоғамның бір бөлігі деп түсінеді.

Мектеп. Бала. Ата-ана. Бірінен-бірін ажыратуымызға болмайды.
Орыстың ұлы жазушы Л.Н.Толстой былай деген екен : “Қарапайымдылық, жақсылық пен ақиқат жоқ жерде ұлылық та жоқ”.

“Тәрбиесіз берілген білім, білім емес...” – Әл –Фараби,
”Балаға берілген бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын,жолдасын сыйлауға үйретуден басталады” Ы.Алтынсарин.
Біздің мақсатымыз –балаларыңызбен қарым-қатынастарыңызды бұрынғыдан да жақсартып бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын арттыру.


Бала тәрбиесі

Ата-ана
тәрбиесі

Ата-әже
тәрбиесі

Әке
тәрбиесі

Ана
тәрбиесі

Имандылық
тәрбиесі

Салт-дәстүр
әдет ғұрып
тәрбиесі

Мектеп
қабырғасындағы
тәрбие

Мектепке
дейінгі
тәрбие

Орта
тәрбие

Қоғам талабына
сай тәрбие

Өзін-өзі
тәрбиелеу

Жеке бас
тәрбиесі


Ата-ананың ең ардақты міндеті: бала бойына жақсы қасиеттерді сіңіре беру, баланы ерінбей бақылап, жақсылыққа жол сілтеу. Бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы, сондықтан бала тәрбиесі - ата-анадан жауапкершілікті талап етеді.

Сынып жетекшісі мен ата-аналар ынтымақтастығы

Ата-аналарды
оқу-тәрбие үрдісіне
қатынастыру

Материалды-техникалық
базаны нығайтуға
көмектесу

Ата-аналар
патрулі

Ата-аналар
жиналыстары

Секция, үйірме, жұмыстарын
ұйымдастыру

Сәтсіз отбасылармен
жұмыс
Жеткіншектерді
қамқорлыққа алу

Ата – аналар жиналыстары

Балалар шығармашылығы

Үйірме жұмыстары

Үйірме жұмыстары

Жеткіншектерді қамқорлыққа алған ата – аналармен жұмыс .

Түзету дамыту жұмыстары

Ата – аналар патрулінің жұмысы

Қайырымдылық акциясы

Сөзімнің соңын Ян Амос Коменскийдің ұстаздар туралы айтқан мына бір сөзімен аяқтағанды жөн көріп отырмын:
“Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол шәкірттердің қимыл әрекетіне, ойына ақылдың дәнін сеуіп, жанына нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі”.
Сәттілік тілеймін!

Балаларыңыз мына күннің шуағындай болып
жайнап тек қуанышқа бөлей берсін!