Қазақ тілі 5- сынып. Сабақтың тақырыбы: Мектеп.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету; ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру; б) тәрбиелік: мектебін, мемлекеттік тілді құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, кестемен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: лексиканы меңгеру, өз мектебі жөнінде өз пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. - Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Мәтіннен синоним, антоним, омоним болатын сөздерді теріп жазу.
ІІІ. Жаңа сабақ . 1-тапсырма. Кестелердің көмегімен мектепте оқушылар неге үйренетінін және қандай азамат болып шығу керектігін әңгімелеу.
А) жазу ...
Мектепте |
жазады
әр
түрлі ...
пәндер спортпен
оқиды шұғылданады
Ә)
сауатты ...
Мектептен |
тәртіпті білімді азамат
ұқыпты
2-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден жуан және жіңішке буынды сөздерді бөліп жазыңдар.
Біздің мектеп жаңа, биік, әдемі. Мектептің қасында дәріхана, дүкен бар. Мен мектепке жақын тұрамын. Біздің сынып үшінші қабатта. Сыныптың терезелері аулаға қараған.
Үлгі:
Жуан буынды сөздер |
Жіңішке буынды сөздер |
... |
... |
3-тапсырма. Диалогты толтырыңдыр.
- Сенің мектебің қандай?
- ... ... ...
- ... ... ...?
- Мектеп Сәбит Мұқанов көшесінде орналасқан.
- ... ... ...?
- Мен бесінші сыныпта оқимын.
- ... ... ...?
- Сыныпты 13 оқушы бар.
4-тапсырма. Синоним сөздерді теріп жазыңдар, олармен сөз тіркестерін құраңдар.
Зат, кіші, ат, нәрсе, күш, бұйым, ақ, сұлу, биік, есім, әдемі, таза, лас,
мөлдір, мұғалім, кір, кітап, дәптер, ұстаз.
ІV. Бекіту бөлімі. Кесте бойынша «Мектеп» тақырыбына әңгіме құраңдар.
Мектеп
Қай көшеде орналасқан? |
Қандай? |
Неше қабатты? |
Нелер бар? |
Ауласы қандай? |
Қандай пән кабинеттері бар? |
|
|
|
|
|
|
V. Үйге тапсырма. 1. Өз мектебі туралы әңгімелеу.
2. Өз мектебі туралы қосымша мәлімет жинау.
VІ. Бағалау бөлімі . Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау.
І деңгей. 1-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден жуан және жіңішке буынды сөздерді бөліп жазыңдар.
Біздің мектеп жаңа, биік, әдемі. Мектептің қасында дәріхана, дүкен бар. Мен мектепке жақын тұрамын.
Біздің сынып үшінші қабатта. Сыныптың терезелері аулаға қараған.
Үлгі:
Жуан буынды сөздер |
Жіңішке буынды сөздер |
... |
... |
ІІ деңгей. 1-тапсырма. Диалогты толтырыңдыр.
- Сенің мектебің қандай?
- ... ... ...
- ... ... ...?
- Мектеп Сәбит Мұқанов көшесінде орналасқан.
- ... ... ...?
- Мен бесінші сыныпта оқимын.
- ... ... ...?
- Сыныпты 13 оқушы бар.
2-тапсырма. Синоним сөздерді теріп жазыңдар, олармен сөз тіркестерін құраңдар.
Зат, кіші, ат, нәрсе, күш, бұйым, ақ, сұлу, биік, есім, әдемі, таза, лас,
мөлдір, мұғалім, кір, кітап, дәптер, ұстаз.
ІІІ деңгей. 1-тапсырма. Кесте бойынша «Мектеп» тақырыбына әңгіме құраңдар.
Мектеп
Қай көшеде орналасқан? |
Қандай? |
Неше қабатты? |
Нелер бар? |
Ауласы қандай? |
Қандай пән кабинеттері бар? |
|
|
|
|
|
|
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.