Мектеп тарихы ЖОМ №33
Оценка 4.7

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Оценка 4.7
Исследовательские работы
docx
воспитательная работа
Взрослым
29.03.2017
Мектеп тарихы ЖОМ №33
«Тарих – бұл табиғи тарихи процесс», - деп тұжырымдайды біреулер. «Тарих – саясатшылар әрекетінің нәтижесі», - деп санайды басқалары. «Тарих – кездейсоқ оқиғалар ісі», - деп үшіншілері олармен келіспей жатады. Дегенмен, әдетте, бәрінің бір мәселеге көзқарасы ортақ – тұтас адамзат қоғамының тарихында да, жеке алғанда ұлттар қоғамының тарихында да басты рөлді ұлы тұлғалар атқарады. Ұлы тұлғалар – өздерінің саяси немесе рухани еңбегі арқылы қоғам қажеттіліктерін анағұрлым толық қанағаттандыра алып, оның дамуына айтарлықтай әсер еткен, атқарған қызметі өз мемлекетінің аясынан шығып, бүкіл әлемге пайдасын тигізіп, баршаға әйгілі болған адамдар.
Мектеп тарихы ЖОМ №33.docx
«Тарихи мұра» Павлодар қаласының №33  жалпы орта білім беру мектебі мұражайы  ПОРТФОЛИО Мұражай жетекшісі: Олжаева М.О.                                                            ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН: 8­747­615­19­56   2016 жылы, 18 қараша 1 Мазмұны Кіріспе ………........................................................................................................... 2 Мектеп тарихы..................................................................................................................3 Биік шыңына жол бастар мектеп басшылары................................................................7  Ұстаздық еткен жалықпас...............................................................................................11 Тарихи тұлғалары.....………………................……........................................................18 Бабалардың армандаған тәуелсіздіктің ақ таңы......………………................……......27 2 Кіріспе        «Тарих – бұл табиғи тарихи процесс», ­ деп тұжырымдайды біреулер. «Тарих – саясатшылар әрекетінің нәтижесі», ­ деп санайды басқалары. «Тарих – кездейсоқ оқиғалар ісі», ­ деп үшіншілері олармен келіспей жатады. Дегенмен, әдетте, бәрінің бір   мәселеге   көзқарасы   ортақ   –   тұтас   адамзат   қоғамының   тарихында   да,   жеке алғанда ұлттар қоғамының тарихында да басты рөлді ұлы тұлғалар атқарады. Ұлы тұлғалар   –   өздерінің   саяси   немесе   рухани   еңбегі   арқылы   қоғам   қажеттіліктерін анағұрлым   толық   қанағаттандыра   алып,   оның   дамуына   айтарлықтай   әсер   еткен, атқарған қызметі өз мемлекетінің аясынан шығып, бүкіл әлемге пайдасын тигізіп, баршаға   әйгілі   болған   адамдар.   Сондықтан   кез   келген   мемлекет   тарихы   ұлы тұлғалар ісінің   арқылы анағұрлым айқын, әрі әсерлі көрінетіні тегін емес. Оның үстіне, тарихтың өзі де кейде осы тұлғалармен сәйкестендіріледі. Өз заманындағы ұлы тұлғалардың өмірі мен қызметін зерделеу мәселесі ерекше мәнге ие болмақ, егер осы адамдар тек тарихты жасап қана қоймай, сонымен бірге сол қоғамның мәдени   құндылықтарын,   адамгершілік   принциптері   мен   дәстүрлерін   бойында сақтап, оның жетекшісі бола білген жағдайда.  3 МЕКТЕП ТАРИХЫ                    Негізгі мақсаты: Тарихты білмей өткенді қазіргі жағдайды білу, келешегі болжау   қиын»­   деп   ұлы   данамыз   Әбу   Насыр   әл­   Фараби   айтып   кеткендей,   сол мектептің шығу тарихын білу әр азамттың парызы.   Тарихына ортақ еткізу адам баласының   өз   еліне,   оның   ұлы   тарихына,   оны   жасаған   ұлы   тұлғаларға   деген мақтаныш сезімін қалыптастырады.            «Мектеп»  деген сөзбен өмір жолы қиылыспаған адам кемде кем. Адамның ең ыстық   шағы,   балалық   шағы   мектеп   өмірімен   байланысты.    Қазақстан Республикасының әр азаматының жеке тұлға ретінде   қалыптасуы осы мектептің сусындатқан білімнің арқасы. 2006   жылғы   Білім адамзаттың сарқылмас қазынасы. Адамзат тарихында  ұлт болсын, ұлыс болсын, жеке адам  болсын тек білім арқылы ғана өзінің көздеген мақсатына жетеді. Біліммен ғана басқалардан озады.  Ұлы суреткер  жазушымыз  М.Әуезов «Ұлт пен ұлтты, адам мен адамды  теңестіретін нәрсе  — білім»  деп тегін айтпаған. Біз үнемі айтып   жүретін,   ойшылдық,   көрегендік,   адамгершілік,   парасаттылық   деген ұғымдардың   —   бәрі   де   біліммен   тікелей   байланысты.   Адам   бойында   болатын тапқырлық,   шығармашылық   қасиеттері   біліммен   ғана   кемелденеді.   Білімсіз адамның   бойынан   бұл   қасиеттердің   бірін   де   табуға   болмайды,   Бір   ұлттың, мемлекеттің   бәсекеге   қабілеттілігінің   кепілі   —   білім   ғана.   Осындайда  18   ақпандағы   Қазақстан Елбасымыз    Н.Ә.Назарбаевтың   Республикасы   халықтарына   арнаған   жолдауында   «ХХІ   ғасырда   білімі дамымаған   елдің   тығырыққа   тірелері   сөзсіз»   деген,   үлкен   парасаттылықпен  айтылған көреген пікірі еске түседі. Ұлттың білім қорының, біліктілік сапасының  қандай екенін мектебінен көруге болады. Мектеп даналардың  түлеп ұшар тұғыры, талантын шыңдар  білім ордасы. Ұлттың рухани байлығы білімінде, ұстанар бағыты тәрбиесінде, осы білім мен тәрбиенің  сарқылмас  кәусар бұлағының  көзі мектепте.               Жетінші ауыл сол уақытта жаңа құрылып жатқан болатын және салынып жатқан еді Сол себепті ауылға жаңа мектеп салу керек болды. Ауыл тұрғындары Жетінші   ауылда   1929   жылы   жаңа   мектептің   іргесін   қалай   бастады,   алғашқы мектептің   ғимараты   салынды.  Қазіргі   мешіт,   сол   жылдары   7   жылдық   бастауыш мектебі болған екен. Ғимарат ағаштан жасалынған еді. Онда мұғалімдер бөлмесі, мәжіліс залы және 7  сынып дәрісханасы болған.              1930­1935 жылдары  18­25 оқушылардан оқыған. Мектебіміздің жұлдызды түлектерінің     бірі   Хафиз   Мақажанов.   Қарағанды   медицина   институтының професоры,   Қазақ   ҚСР     жоғары   кеңесінің   депутаты   болған.   Ленин     кентінде атамыздың атында Мақажанов көшесі бар.              1954 жылы мектеп жаңа  ғимаратқа көшірілді. Он үш  бөлмеден тұратын кірпіштен қаланған ғимартта  5­10 сынып оқушылары оқуларын жалғастырды.              1959  жылы  2 сынып бөлмесі  мен спортзал қосылды.  4 1967 жылы үш қабатты жаңа мектеп салынды.  Алғашқы  мектеп директоры Қазақ КСР оқу ағарту саласының үздігі Қалданов Елеуке Тәттіұлы.              1969 жылы бастап мектебіміз Павлодар Қаласының  № 33 орта мектебі аталды     Мектеп ғимараты мектеп қазіргі мешіт 50 жылдары Мектеп ғимараты  1967 жылы   Мектеп ғимараты 2015 жылы 5 1 сурет­ 1947 жылы Ленин орта мектебінің мұғалімдер ұжымы. 2 сурет – Кабаченко Галина Евгеньенаның музыка сабағынан көрініс. 3 сурет – 1946  жыл Павлодар  қаласы. 4 сурет ­Ең алғаш түлектерінің бірі  Қабылбеков Мәжен Қабылбекұлы,  Социалистік Еңбек  Ері, педагогикалық  еңбек ардаргері бірнеше орден  иегері  Макажанов Хафиз Жаңабайұлы. Қарағанды медициналық институтының  6 профессоры. 5 сурет ­ 1961­1962 оқу жылы Ленин орта мектебінің  «Ұстаздар  ұжымы». 6 сурет – 50 жылы орыс тілі және әдебиет мұғалімі Бабина. 1971­1981 жылғы түлектер, сол кездегі  директор Ксембаев Р.К.  1992­1993 оқу жылың түлектері, ди  ректор Омарбекова Б.М. 7 Биік шыңына жол бастар мектеп басшылары Ұстаз деген сөз біз үшін қашанда қадірлі, қасиетті саналады. Небір данышпан да, қарапайым еңбек адамы да осы ұстаз алдынан өтеді. Ал, ұстаз болу кез­келген адамның қолынан келе бермейтін іс. Сондықтан, осы құрметті атаққа кір келтірмей, бар саналы ғұмырын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге аямай жұмсаған ұлағатты ұстаздар   арамызда   аз   емес.   Сондай   жандардың   бірі,   қарапайым   ұстаздықтан директорлыққа   дейін   көтеріліп,   осы   салада   абыройлы   еңбек   етіп,   білікті   басшы ретінде   көзге   көрінді.    87   жыл   ішінде   осы     ұжымды   ұрпақ   тағдарына   алаңдап, мектеп   жұмысын   жетілдіруге   атсалысқан   ұстаз   атына   лайықты   талай   білікті педагог­ директорлар басқарған. Мектеп тарихында еңбегімен есімі еленіп, білім ордасында өз қолтаңбасын қалдырған директорлардың алар орны бөлек. 8 Қалданов   Елеуке   Тәттіұлы    1911   жылы   дүниеге   келген. мМектептегі әр мұғалімге бағыт бағдар көрсетуде, дұрыс жол  сілтеуде Елеуке ағамыздың рөлі зор болатын» ­ деп   ағамызды көзі корген  ардагер ұстаздар айтып отыратын. Ағамыздың   еңбек   кітапшасына   қарап   отырып,   1944   жылы Павлодар облысы білім басқармасының басшысы болғанын және  Май, Лебяжье, Шарбақты, Ақсу аудандарында мектеп директоры болғанын аңғаруға болады.         Өзі негізін салған №33 орта мектепке ағамыздың аты берілсе нұр үстіне нұр болар еді.              Жүрегі жомарт, жаны жайсаң, өткір мінезді, білімді ұстаз Қалданов Елеуке ағамыздың 2011 жылы 100 жылдығы аталып өтті. Қазақ КСР­і  халық ағарту ісінің үздігі, Қазақ КСР­не еңбегі сіңірген мұғалім атанған Елеуке ағамыз 40 жылға жуық Павлодар   облысының   білім   мекемелерінде   табысты   еңбек   етті.   Бүкіл   саналы ғұмырын   ұрпақ   тәрбиесіне   арнаған   ұстаздың,   мектеп   қабырғасынан   қанаттанып ұшқан  шәкірттері еліміздің түкпір түкпірінде қызмет атқарып жүр. Ленин кентінің мектебінде 1956 жылдан 1969 жылға дейін директор қызметін атқарды.                    Калданов Елеуке Татинович родился 12 декабря 1911 года в с. Галкино, Щербактинского   района.   Свой   трудовой   путь   начал   в   Восточно­   Казахстанской области в юридических учреждениях. В 1935 ­ 1938 годах работал в организациях печати и здравоохранения. Трудовую деятельность учителя начал в 1939 году в школе   №   10   г.   Павлодара.   В   1939   ­   1941   годах   работал   в   школах   Майского, Лебяжинского, Ермаковского районов. В 1941 ­ 1944 годах ­ заведующий районного отдела образования Лебяжинского и Галкинского       районов, в 1944 ­ 1946 годах исполнял   обязанности   заведующего   областного   отдела   образования.   Позднее работал в средней школе поселка Ленинский Ермаковского   района,   директором    вечерней     молодежной     школы   г.   Павлодара.   Елеуке   Татинович   заканчивает двухгодичный   учительский   институт   в   г.   Семипалатинске,   затем   в   1955   году   – Семипалатинский   педагогический   институт,   исторический   факультет.   Калданов   Елеуке   Татинович   неоднакратно   участвовал   в   районных   и   областных педагогических чтениях, семинарах, охотно делился своим богатым педагогическим опытом коллегами. За   плодотворную,   творческую   работу   он   награждался   Почетными   грамотами,   имел    знаки    «Отличник    просвещения    Казахской    ССР»,   «Отличник просвещения СССР». А  в 1967 году Указом  Президиума  Верховного     Совета    республики    ему    присвоено    высокое    звание «Заслуженный учитель Казахской ССР».   работы     с       9 Белозеров Виктор Дмитриевич  Ленин кенті №33 жалпы орта білім беру мектебінде 1969 жылдан 1971 жылға дейін директор қызметін атқарды. Фурса Василий Василивич   Ленин кенті №33 жалпы орта білім беру мектебінде 1971 жылдан  1980 жылға дейін директор қызметін атқарды. Ксембаев Рашид Караевич  Ленин кенті №33 жалпы орта білім беру мектебінде 1980 жылдан 1990 жылға дейін директор қызметін атқарды.  Омарбекова Бахыт Мукановна Ленин кенті №33 жалпы орта білім беру мектебінде  1992 жылдан 1994жылға дейін директор қызметін атқарды.  №35 мектептеп 2005 жылы тамыз айынан бастап 2009 жылға дейін директор қызметін атқарды. Өкініш орай 2009 жылы өмірден озды.  10 Рахметов Алтынбек  Таубасарович.  Ленин кенті №33 жалпы орта білім беру мектебінде 1994  жылдан 1995  жылға дейін директор қызметін атқарды. Омарова Бахыт Жумашевна    1960 жылы 15 қыркүйекте Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Ленин кентінде дүниеге келген. 1977 жылы №33 жалпы орта білім беру   мектебін   бітірді.   1980   жылы   Павлодар   Мемлекеттік Педагогикалық Институтына орыс тілі және әдебиет мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1985 жылы бітірді. Алғабас мектебінде  орыс тілі және әдебиет мұғалім болып істеді. Содан кейін Приозерный мектебінде тәрбие ісінің   меңгерушісі   болып   істеді,   одан   кейін   Куйбышев   ауылында   оқу   ісінің меңгерушісі болып істеді. Содан кейін  №33 жалпы орта білім беру мектебінде 1995 жылдан 2001 жылға дейін директор қызметін атқарды. 2002­2013 жылы Павлодар Мемлекеттік   Педагогикалық   Институтында   психология   және   педагогика кафедрасында Аға оқытушысы болып жұмыс істеді. Содан кейін  №32 жалпы орта білім  беру   мектебінде 2013  жылдан  бастап     директор   қызметін   атқарып   келеді. Еңбек   жетістіктігінің   жемісі.   Білім   Министірінен   «Алғыс   хат»,   Павлодар Мемлекеттік   Педагогикалық   Институтының       50   жылдығына   арналған   медалі, Павлодар облысының 75 жылдығына арналған медалі. Хаиров Чапай Ныгманович.     2009 жылдан бастап 2013 жылға дейін директор қызметін атқарды. Білім үздігі және әдістеменің жоғары санатты мұғалімі.  Қашыр ауданы Трофимовка   ауылында   1989   жылдан   1992.   жылға   дейін   директор қызметін атқарды.      Қаз. ССР­нің білім бері үздігі. Ленин кенті №33 жалпы   орта   білім   беру   мектебінде   2001   жылдан   2003   жылға   дейін директор қызметін атқарды.  Бектемирова Дина Жумабаевна        Ленин кенті №33 жалпы орта білім беру мектебінде 2003 жылдан 2008 жылға дейін директор қызметін атқарды.  Нугербаев Толеген Какимович   11 Ленин кенті №33 жалпы орта білім беру мектебінде 2008 жылдан 2010 жылға дейін директор қызметін атқарды.  Тайгулин     Дәулет   Амангелдіұлы  1972   жылы   ,12   мамырда       Семей облысы, Шұбартау ауданы, Қорық ауылында дүниеге келді. 1979­1989   жылдары     Шұбартау   ауданының   Баршатас   ауылында     орта мектепті   бітірді.  1989­1990  жылдары   Семей   қаласындағы   №6  кәсіптік училищесін,электрик   мамандығы   бойынша   тәмәмдады.   1990­1992 жылдары Украинаның «Белая церковь» қаласында әскери борышын өтеді. 1992­1993   жылдары   Шұбартау   ауданының   Қосағаш   ауылындағы   мектеп интернатында тәрбиеші болып жұмыс істеді.  1993­1997   жылдары   Шәкәрім   атындағы     «Семей»   мемлекеттік   университетінің тарих факультетін бітірді.  1997­2010   жылдар   аралығында   Павлодар   қаласындағы   №39   мектепте   тарих мұғалімі   болып   жұмыс   істеді.   2010­2013   жылдары   Павлодар   қаласының,   Ленин кентіндегі №33 орта мектепте директор болып қызмет етті. 2013 жылдан, бүгінгі күн аралығында   Павлодар қаласының №19 орта мектебінің директоры. Павлодар қаласы бойынша «Жыл мұғалімі­ 2010» сайысының бас жүлдегері. Облыстық «Жыл мұғалімі­2011»   сайысының   бірінші   орын   иегері.   2011   жылы   Қазақстан Республикасының   білім   және   ғылым   министірінің   Құрмет   грамотасымен марапатталды.   2014жылы   ҚР   жалпы   білім   беру   ұйымдары   басшыларының біліктілігін   арттыру   бағдарламасы   бойынша   курсты   аяқтады.   Ленин   кенті   №33 жалпы орта білім беру мектебінде 2010 жылдан     2012   жылға дейін   директор қызметін атқарды. Қыстаубаева Гүлсім Рашитқызы –  1965 жылы 5 қаңтарда Қарағанды облысы   Ақтоғай   ауданында   дүниеге   келген.   1989   жылы   Семей   қаласы «Н.Крупская атындағы   СПИ бітірді.   Мамандығы бойынша – қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі. Көптеген жетістіктері жетерлік: 2011 жылы «Ұстаздық қошемет ­2011» диплом, 2015 жылы Сарыарқа газетіне ұдайы мақала жариялағаны үшін Алғыс хат, 2013 жылы, 2014 жыл, 2015 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары нәтиже көрсеткені үшін Құрмет грамотасы, 2015   жылы   «Мың   бала»   республикалық   мәдени­ағартушылық   жобысын ұйымдастырған үшін Алғыс хат.2016 жылы Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлес қосқаны үшін Алғыс хат. Ленин кенті №33 жалпы орта   білім   беру   мектебінде   2012   жылдан   2014   жылға   дейін   директор   қызметін атқарды. Қазіргі уақытта Ленин кенті №33 жалпы орта білім беру мектебінде оқу ісінің меңгерушісі болып істейді. 12 Батесова Нұржиян Молдагалиевна  Ленин кенті №33 жалпы орта білім беру мектебінде 2015 жылдан 2016 жылға дейін директор қызметін атқарды. Сыздыков Азамат Жылқайдарұлы     ­23.05.1988 жылы туған.   2005­ 2009 жылы аралығында   Инновациялық Еуразиялық Университетіндегі «Экономика және құқық негіздері бакалавры» мамандығы бойынша. ІІ (негізгі) деңгейлік курсын аяқтаған. қаңтар 2011 – тамыз 2011: Ақсу қаласының № 1 қазақ орта мектебі, экономика пәні мұғалімі. қыркүйек 2011 –    қаңтар 2015:  Ақсу   қаласының   дарынды   балаларға   арналған мамандандырылған   гимназиясы,   экономика   және   құқық   негіздері мұғалімі,  ақпан 2015 – осы уақытқа дейін:  Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған   мамандандырылған   гимназиясы,   директордың   оқу   ісі   жөніндегі орынбасары.  Республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» сайысының ІІІ орын иегері, облыстық кезеңде І орын. «Ертіс дарыны» АҒТО Дарынды балаларды дамыту және қолдауда қажырлы еңбегі үшін Алғыс хат (2012),  Дарынды балаларды тәрбиелегені үшін Алғыс хат (Қызылорда, 2013), Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы (2014), Облыстық ғылыми жобалар сайысында «Оқушылардың ғылыми   қоғамының   үздік   жетекшісі»   (2014,   2015),   ҚР   Білім   және   Ғылым министрлігінің Алғыс хаты (2015), Павлодар облысы әкімінің Алғыс хаты (2016). Ленин кенті №33 жалпы орта білім беру мектебінің 2016 жылдың 8 тамыз айында директор болып тағайындалды.       ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС Мектебімізде ұзақ жылдар бойы ұстаздық етіп, еңбек ардаргерлері жетерлік !!! 13 "Қазақтың   қаны   бір,   жаны   бір   жол   басшысы   –   мұғалім.   Еліміздің   аз   ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі", ­ деген қазақтың кемеңгер ақыны Мағжан Жұмабаев. Ертеңгі   күннің   бүгінгіден   гөрі   жарқынырақ   болуына   ықпал   етіп,   адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Демек, қай елдің болсын өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы  білім саласының даму бағытына тікелей байланысты. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: "Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында", ­ дегені бәрімізге белгілі. Еліміз өркениетті елдердің қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл – ұстаздардың еңбегінің жемісі. Олай дейтін себебіміз ақынды да, батырды да, алыпты да, дананы да ұстаз тәрбиелейді. Мұғалімі қандай болса, қоғамы да сондай болмақ делінген бұлжымас   заңдылық   ерте   уақыттардың   өзінде­ақ   белгілі   болды.   Адамзат өркениетінің даму тарихында жақсы мектебі мен мұғалімдері бар мемлекет қана озып шыққан. Қасиетті қара шаңырақтың білім нәрімен сусындап, мұғалім деген атақты алып шығу, оқушыларға жақсы тәрбие мен білім беру үлкен ерлік. Себебі біз тәрбиелеген ұрпақ   ертеңгі   күні   еліміздің   тірегі   болмақ.   Тәуелсіздіктің   тұғырын,   еліміздің тыныштығын   сақтап   қалатын   да   солар.   Сондықтан   ұстаз   болу   ­   жүректің батырлығы! Дерюгина   Людмила   Викторовна  ­   1953   жылы   18   қаңтарда   Павлодар   облысы, Шарбақты   ауданында   дүниеге   келген.   Павлодар   қаласындағы   №188   жалпы   орта метебінде   1960­1970   аралығында   мектепте   оқыды.   1970   жылы   Павлодар педагогикалық   институтына   дене   тәрбие   факультетіне   түсіп,  1974  жыл   институтты бітіріп, 1978 жылдан бастап Ленин кентіндегі №33 жалпы орта білім беру мектебіне жұмысқа кіреді. Сол мектепте Кәсіподақ жетекшісі, одан кейін,  әдістемелік жетекшісі болады.   Еңбегінің   жемісінің   нәтижесі:   «Құрмет   грамотасы»       кәсіподақ   атынан, «Құрмет   грамотасы»   Павлодар   облысындағы   білім   департаментінен,     «Құрмет грамотасы» білім беру бөлімнен. 14 Мусинова   Рысты Әлмұхамбетқызы –  1948  жылы  24  мамырда     Новосибирь облысы, Андреевский ауданының «Баған» станциясындағы шаруа отбасында дүниеге келген.   Әке   ­   шешесі   ашаршылық   жылдары   (   1932   ж.)  туған   –   туысқандарымен Ресейге  қоныс аударған. Жылы Қазақстанға, Павлодар қаласына көшіп келеді.                    1956 жылы 1 сыныпқа оқуға барды, ал 1959 жылы отбасы Павлодар ауданы, Ямышев совхозының Кеңес бөлімшесіне (қазіргі Әйтім ауылы)   көшіп барады. Осы ауыл   мектебінде   8   жылдық   білім   алып,   1964   жылы   Павлодар   қаласындағы педучилищеге оқуға түсті, оны 1968 жылы жақсы бағаларымен бітіріп, өзінің Кеңес ауылына   бастауыш   сыныпқа   және   5­6   сыныптарда   математика,   ән­күй   сабақтарын берді.  1970   жылы     Дурманов   Т.О.   тұрмысқа   шығып,   1971   жылы   Май   ауданының «Жалтыр» совхозына көшіп келді. Бастауыш сыныпта мұғалім болып қызмет атқарды. Үш бала тәрбиелеп өсірді. 1976   жылы   Павлодар   Мемлекеттік   Педагогикалық   институтынның   биология факультетіне  сырттай оқуға түсіп,1981 жылы бітірді. 1984   жылынан   бастап   Павлодар   қаласының   №33     жалпы   орта   білім   беру мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып істеп жүреді, зейнеткерлікке шыққанша. 1997 жылы еңбегі бағаланып «ҚР Білім беру ісінің үздігі» белгісімен, бірнеше рет облыстық, қалалық, аудандық білім беру бөлімдері «Құрмет грамотасымен», «Алғыс хаттармен»   марапаттады.   2006   жылы   Президентіміз   Н.Ә.Назарбаевтің   саясатын қолдаудағы дұрыс түсінігімді бағалап «Асар» Республикалық партиясына төрайымы, Қазақстан   Республикасының   Парламент   мәжілісінің   депутаты   Д.Н.Назарбаеваның «Алғыс   хаты»,   сол   кездегі   облыс   әкімі   Қ.А.Нүрпейсовтің   алғыс   білдіріп Президентімідің он томдық кітабын сыйға тартты. 2012 жылы «Павлодар облысының 75жыл»   мерейтойлық   медалімен,   2014   жылы   «Ленин   кентінің   100   жылдық   » мерейтойлық медалімен марапатталды. Ол алдына мақсат қоя білетін, өз ісіне талдау жасай алатын, жауапкершілігі мол жоғары санаты ұстаз.                                                             15 Көкішева Дәмеш  Көкішқызы 1949 жылы 1 қаңтарда Ертіс ауданы, Үлгілі селосында дүниеге келген.1968 жылы Павлодар педучилищесін аяқтап, Ертіс ауданындағы  өзінің туған   ауылы   Үлгілі   селосына   мұғалім   болып   барады.     1984   жылы   Семейдің Н.К.Крупская атындағы пединститутының математика факультетін сырттай бітіреді. 1989 жылдан 2003 жылға дейін   №33 жалпы орта білім беру мектебінің оқу ісінің меңгерушісі болған ұлағатты ұстаз.1984 жылы «Аға мұғалімі», 1996 жылы «ҚР Білім беру ісінің үздігі» атақтарына ие болды. Сапалы да білімді   ұрпақ тәрбиелеуде көп еңбек сіңірген ардақты ұстаз, ардақты жар, аяулы әже. Темірбаева   Салима     Уахитқызы   –  1953   жылы   17   қазанда     Павлодар   ауданы Чернорецкий   совхозында   дүниеге   келген.   Ақсу   қаласында   «Дене   шынықтыру   және спорт мамадығының» техникумын 1970 жылы бітіріп, 1972 жылы Ленин кентінің  №33 мектебіне   дене   тәрбие   мұғалімі   болып   жұмыс   істейді.   Павлодар   педагогикалық институтында дене шынықтыру   және спорт   мамандығы бойынша   сырттай бітіреді. Санаты   жоғары.     Салима   Уақитқызының   жетістіктері   қалалық,   облыстық   деңгейде жүлделі   орындарға   ие   болып   жүрді.   Төрт   қыз   тәрбиелеп,   немерелерінің   қызығын жұмады. көремін мәңгілікке деген   көз     кезде     16 Таскарин Сағадат Сағындықұлы –  1923  жылы  15 қарашада  Павлодар облысы, Ермак ауданы Калинский  совет ауылына қарасты, Жидковский ауылындағы шаруа отбасында дүниеге   келген.   1932 жылы Калинскийдағы бастауыш   сыныпта оқиды.   1936   жыл   Жолқұдықтағы   7   жылдық     мектепте   оқиды.     1940­41   жылы Павлодардаға   педучилищесіне түседі. 1942 жылы 17 наурызда Совет Армиясының әскери     қатарына     шақырылады.     1943   жылы   10   ақпанда     Ұлы   Отан   Соғысына шақырылады.1943 жылдың желтоқсанынан 1944 жылдың мамырына дейін Томбовский округінде   кіші лейтенант курсын бітіріп шығады. 1944 жылы   маусымда   Ұлы Отан Соғысына қатысып, үш рет жараланып,   содан аман қалған. 1941­1945 жыл аралығында екі «Қызыл Жұлдыз»   орденімен марапатталады. 1947 жылы   КПСС мүше қатарын енеді. 1949 жылдың   1 қарашадан бастап , 19569 жылдың   26 шілдесіне дейін Ленин кентінде  орта мектебінде  әскери дайындық мұғалімі ретінде қызмет атқарады. 1959 жылдың     20   сәуірінен   бастап,   1961   жыл     28   мамырына   дейін     Ермак   ауданында Мәдениет бөлімінде директор болып жұмыс істейді. 17 Егенбаев Нәжімеден Егенбайұлы               Кабылбеков Мажен Кабылбекович  (10 сентября 1923 года – 19 декабря 1999 года), Герой Социалистического Труда (1971), заслуженный учитель Казахской ССР   (1967),   отличник   народного   образования   [Казахской   ССР]   (1957),   почётный гражданин   Ермаковского   района   (1991).   Документы   М.К.   Кабылбекова   вошли   в созданную   в   Государственном   архиве   Павлодарской   области   Коллекцию   дел   и документов Героев Социалистического Труда (Ф.197. Оп.6). 18 Карибаева   Татьяна   Какешқызы  1939   жылы   17   наурызда   Павлодар   облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келді. 1960 жылы Павлодар педучилищесін  бітіріп, №33 орта   мектебінде   ұстаздық   еңбек   жолын   бастайды.   Өзі   еңбек   еткенінен   бастап, педагогикалық жаңа идеяларды, әдістерді өз тәжірибесіне енгізіп, үлкен табыстарға ие болды.   Осы   мектептің   қызық   –шыжығын   бірге   2000   жылға   дейін   көріп,   сол   жылы зейнеткерлікке шығады.  19 Түсіпбекова Нұрғайша Жұмашқызы   1959 жылы 19 ақпанда   Павлодар облысы, Ермак   ауданы,   Қызылжар   ауылында   дүниеге   келген.   1977   жылы   Жамбыл   мектебі, Ермак ауданында,   1979 жылы  Қызылжар орта мектебі, Ермак ауданында, 1982 жылы Куйбышев   орта   мектебі,   Ермак   ауданында     істеді.   1979­1982   Қызылжар   орта мектебінде кәсіподақ  жетекшісі,  1988 жылы   1 қыркүйектен  бастап Ленин кентінде № 33 жалпы орта білім беру мектебінде мұғалім болып істеді.   Сол мектепте 1993 жылдарынан бастап , бастауыш  қазақ сынып мұғалімі қызметінде істейді.   2003­2008 жылы   әдістемелік     бірлестігінің   жетекшісі   болып     істеді.     2012   жылы   ПГД   НДП «НҰРОТАН » «Алхыс хат», 2015 жылы Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық   орталығында   бастауыш   сынып   мұғалімдер   форумының     делегаты ретінде барды. Кабаченко   Галина   Евгеньвна      1957   жылы     17     қарашада   Алтай   ауданы Панкрушиха ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Украина Артемская пед.училищесін бітірді. Мамандығы бойынша музыка пән мұғалімі.  Осы мектепте 1978 жылдан бастап жұмыс істейді. 2014 жылы облыстық сайыстан 1 орынға ие болды. «Диплом». 20 Солдан оңға қарай Кабаченко Галина Евгеньевна ұжыммен.                     Кабаченко Галина Евгеньевна музыка сабағында 21 Мектеп тарихи тұлғалары МАҚАЖАНОВ ХАФИЗ ЖАҢАБАЙҰЛЫ        Травматолог­ортопед дәрігері, Қаз ССР еңбек сіңірген дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ұлы Отан Соғысына қатысушысы.  1915 жылы Павлодар облысында шаруалар отбасында дүниеге келген. Орта  мектепті  аяқтаған  соң, Алматы  медициналық  институтына   оқуға түскен. Ұлы Отан Соғысы басталысымен Х.Ж. Мақажанов мезгілінен бұрын, Y курста оқып жүрген кезінде соғысқа шақырылды. Соғыста өткен 4 төрт жылдың   алғашқысын   полк   дәрігері   болып   бастап,   кейін   госпиталдың хирургия бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1945 жылы Кеңес Одағының Коммунистік Партиясының мүшесі болды. Соғыстан аман­есен   оралған   соң   (1947   жыл)   Қарағанды   қаласында   хирургия   бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмысқа орналасты, кейін 25 жыл бойы – денсаулық сақтаудың облыстық бөлімінің бас хирургы лауазымын атқарды.   Ол   Орталық   Қазақстанның   хирургия   және   травматология   қызметінің   дамуына өзіндік зор үлесін қосты.  Қарағанды облысының көптеген аудандық ауруханаларында хирургия бөлімшелерін құруға ат салысты. 1949 ж. Хафиз Жаңабайұлының бастамасымен және тікелей басқаруымен ғылыми хирургтар одағы, кейін травматолог­ортопедтер қоғамы құрылды. Х.Ж. Мақажанов емдеу ісін ғылыммен ұштастыра білді. 1955 жылы «Ксеносүйекті пайдалану   арқылы   ұзын   сүйектердің   сынығына   операция   жасау»   атты   кандидаттық диссертациясын қорғады. 1958 жылы ҚММИ­да Х.Ж. Мақажанов тұрақты басшылық еткен травматология, ортопедия   және   далалық­әскери   хирургия   кафедрасы   ұйымдастырылды.   Сонымен қатар,   Хафиз   Жаңабайұлы   тірек­қимыл   жүйесі   аурулары   мен   зақымдануларын хирургиялық   емдеудің   тиімді   тәсілдерін   әзірлеп,   енгізді.   Жалған   буындарды,   ұзын сүйектердің   ақауларын,   жамбастың   туа   біткен   орнынан   таюларын   және   тағы басқаларды емдеуге байланысты жасалған операциялар арқылы тәжірибелік дәрігерлер кеңінен танылды және қадірлері арта түсті. Х.Ж. Мақажанов ірі буындар аурулары және   салдары   кезінде   ксенобрго­шинаны   қолданумен   реконструкциялық­қалыпқа келтіріп   емдеу   операция   жасайтындардың   бірден­бір   пионері   болып   табылады. Травматология және ортопедияның  түрлі өзекті мәселелері  бойынша 140­тан астам ғылыми­жұмыстар   жазды,   оның   ішінде   2   монография:   «Ірі   буындар   кезінде аутопластика»,   «Травматология   және   ортопедиядағы   гетеропластика»   атты 22 тақырыптарда жазылды. Ол 6 өнертабыстың, 14 өнертапқыштық ұсыныстардың авторы. Оның жетекшілік етуімен 16 диссертация, оның 4 – докторлық диссертация қорғалды. Х.Ж.   Мақажанов   Бүкіл   одақтық   және   республикалық   травматолог­ортопедтер қоғамының, Қазақстан хирургтар қоғамының құрметті мүшесі, Қарағанды облыстық ғылыми   травматолог­ортопедтер   қоғамының   төрағасы,   мүшесі,   хирургия   және Бүкілодақтық   өнертапқыштар   одағы   (БӨО)   жөніндегі   институттың   мәселелік комиссиясының төрағасы. I­II деңгейлі Отан соғысының, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, «Денсаулық сақтау үздігі»,   «Жоғары   мектеп   үздігі»   медалдарымен,   белгілерімен,   Қазақ   ССР   Жоғары Кеңес Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталған.   Пану   Ильясовна   Какенова  хирург,   кандидат   медицинских   наук, профессор,   доцент,   Отличник   здравоохранения   СССР,   отличник народного  образования  РК  Пану  Ильясовна  Какенова  родилась  1935 году    в   г.   Экибастузе.  В   1959   году   окончила   Семипалатинский государственный медицинский институт. В 1959­1964гг. ­ врач­хирург, главный   врач   сельской   участковой   больницы   поселка   Ленинский Павлодарской области. С 1964 года ­ клинический ординатор кафедры общей хирургии, ассистент кафедры факультета     хирургии. С 1976г. ­ доцент,   профессор   кафедры   СГМИ   (ныне   Семипалатинская государственная медицинская академия). Руководитель курса врачей­ интернов СГМА на базе 1­ой больницы г. Павлодара. Научная деятельность связана с актуальными   проблемами   желудочной   хирургии.   Автор   более   60   научных   трудов. Награждена   орденом   "Дружбы   народов",   медалями   СССР   и   РК.                                                   Садвакасова Нелкен Кәрімқызы   1935 жылы Павлодар облысының Потанин  ауылында туған. Ленин кентінің орта мектебін күміс белгіге бітіріп,   қазақ   қыздар   мемлекеттік   педагогикалық   институтының физика­математика факультетіне түскен. Үздік диплом алғаннан кейін Павлодарға   оралды.   Ленин   кентінің   мектебінде   жұмыс   істеді.   1980 жылдан   бастап   Павлодар   политехникалық   техникумның   механика бөлімнің   меңгерушісі   және       математика   пәнінен   сабақ     берудегі ҚазССР үздігі.  Қабылбеков   Мәжен   Қабылбекұлы  1923   жылы   10   қыркүйекте бұрынғы Жетінші ауыл, қазіргі Ленин елді мекенінде дүниеге келген. Ол   мектепте   алдынғы   қатарлы   оқушылардың   бірі   болды.   Әсіресе әдебиет пәнін өте сүйіп оқыды.         Қазақ эпостарындағы «Қыз Жібек»,  «Алпамыс» т.б. жырларынан 23 М.Әуезовтың,   С.Мұқановтың, ұзақ үзінділерін жатқа айтатын. Ал, Махамбеттің  өткір де, жалынды өлендерін дауыс ырғағына салып айтқанда , тыңдаушыларын таң қалдыратын.           Ауыл ақсақалдары қоңыр кеште доңес басына жиналып өткен­кеткен тарихты әнгімелейтін. Оған ауыл балалары да келетін. Соның бірі оқушы Мәжен болатын. Оны көрген үлкендер, ал Мәжен, сен бізге қиссалардан үзінді оқы­ дейтін. Мәжен болса қиссалардан үзіндіні бүгілместен суылдата   айта жөнелетін. Ақсақалдар риза болып, мұғалім бол,­ деп бата беретін.          Мәжен Қабылбекұлы  мектепті үздік бітіріп,  Павлодар  қаласындағы  педагогикалық  техникумға  емтихансыз  қабылданады.        Оның табиғатынан ұқыптылығы, білімге деген құштарлығы, алға қойған мақсатты орындауда, қажырлығы бірден көзге түсетін. Ол сабақтан бос уақыттарының алғашқы күндердің   өзінде­ақ,   техникумның   бай   кітапханасына   жиі   келетін.   Оның   қазақ әдебиетінің   классиктері   Ғ.Мұсіреповтың, Ғ.Мұстафиннің еңбектері қызықтыра түсті. Ол аз уақыттың ішінде С.Мұқановтың « Жұмбақ   жалауын»   оқып   шыққаннан   кейін,   ондағы   Ботагөз,   Асқар,   Амантай, Бүркітбай,   Балтабек   т.б.   сияқты   кейіпкерлердің   образдары   қатты   әсер   еткендігін Мәжекен кейінде еске алады.   Сондай­ақ, ол 2­3 курстарда оқыған кездерінде орыс әдебиетінің алыптары Пушкиннің, Лермонтовтың, Тургеневтің, Толстойдың, Чеховтың т.б. еңбектерімен таныса бастайды.           Студент Мәжен техникумның қоғамдық жұмыстарына белсенді түрде қатысады. Өз   әріптестерінің   арасында   алғашқылардың   бірі   болып,   комсомол­жастар   ұйымына мүше болып өтеді.           Осы   материалдарды   дайындау   барысында   мектеп   архивінен   Мәжекен   жасаған еңбектерінің бір нешеуін кездестірді. Соның бірін  қысқаша келтіруді жөн көрдік. Ол «Сабақтас   сойлемді   әдебиетпен   ұштастыра   оқытудың   тәсілдері»   атта   тақырып болатын.   Онда   грамматика   сабақтарында   оқушы   сабақтас   сөйлемді   салаластан  ажырата   білуді,   сабақтастың   өз   ішіндегі   түрлерінде   бір­бірінен   айырып   тануды үйренеді.   Онда   білім   мұғалім   ұсынған   жеке   сойлемдерді   талдау   арқылы,   оқулық жаттығуларындағы терме   сөйлемдерден сабақтастың белгілі бір түрін танып, айыру арқылы, кішігірім тұтас текстен тиісті сабақтас сөйлемнің түр­түрін ажырату арқылы, ауызша   келтіремін,   мысалдардың   қандай   сабақтасқа   жататын   қолма­қол   дәлелдеу арқылы,   ең   ақырында,   сабақтас   сөйлемнің   түрін   өз   ойынан   қүрап   беру   арқылы оқушылардың   ұғымына   енеді.   Одан   әрі   ол   қабылданған   білім   әр   алуан   қимыл процестері   (дағдылық   жаттығулары)   арқылы   оқушының   үйреншікті   ,   әдетті   ісіне айналады.   Сөйтіп, сабақтас сөйлем жөніндегі білім әрі теориялық, әрі практикалық жағынан қоса қабат меңгеріледі.           М.Қабылбеков өз білімін жетілдіре түсуде еш уақытта да естен шығарған емес. Ол 1956 жылы Семей қаласындағы Н.Крупская атындағы педагогикалық институттың филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша диплом алады.       Өткен ғасырдың 70­шы  жылдарында политехникалық оқуды еңбекпен ұштастыру, теориялық білімді практикамен байланыстыру, кәсіптік бағдар беру   мәселелері   күн  тәртібіне өткір қойылды.        Осыған   сәйкес   пән   бағдарламалары   және   оқулықтар   қайта   қаралынды. 24 М.Қабылбеков басқаратын мектеп ұжымы жоғарыдағы талаптарға байланысты мектеп өміріне   көптеген   жаңалықтар   еңгізді.   Әсіресе   оқушыларды   еңбекке   баулу,   еңбек сабақтарының сапа  деңгейін көтеру мәселелеріне  көңіл аударылды. Мектеп жанынан 2   га   жер   бөлініп,   участок   ұйымдастырылды.   Онда   4,5,6   сыныптарға   арналған бағдарламаға   сәйкес   практикалық   жұмыстар   жүргізілді.   Оқушылар   теориялық білімдерін   практика   істеріне   қолдануға   кірісе   бастады.   Сонымен   қатар,   мектеп алаңдарымен   ауласын   көгалдандыру   мәселесін   қолға   алды.   Онда   тұрлі   ағаштар: қарағай, қайың, шырша және декоративті бұталар отырғызылды.             Бұл отырғызылған ағаштар мектеп учаскесіндегі өсімдіктерді желден қорғап және   ылғалды   молайтуға   көмектесетін   жаратылыстану   мұғалімі   ұдайы   оқушыларға ескертіп отырды. Жақсы күтімге ие болған ағаштар   мектеп алаңын жасыл желекке бөледі.               Мектеп   ұжымы   оқушылар   арқылы   ата­аналармен   бірлесе   отырып,   кеңшар орталығын   көгалдандыру мәселесінде мұрындық болды.   Сондай­ақ , мектеп ұжымы жоғары сынып оқушыларына ауыл шаруашылығы мамандарын дайындауда да алдынғы қатарда   болды.   Мектеп   жыл   сайын   автомобиль   жүргізуші,   тракторист,   электр  дәнекерлеуші   т.б.   мамандар   дайындап,   ұжымшарды   механизатор   кадрлары   мен толықтыра түсті.  Сонымен бірге, ұжымшардың  20 га    бау­бақша егісін өтырғызу, жаз бойы суарып   баптау, күзде өсірілген мол өнімді жинау процестерін жоғары сынып оқушылары атқарды. Егіс басында   арнаулы үй салынып   оқушылардың   «Еңбек және демалыс   лагері»   ұйымдастырылды.   Бұл   ұжым   оқушыларды   еңбек   процессінің  сатыларымен   таныстырып   қана   қоймай,   болашақ   мамандық   істеріне   де   бағыттап отырды.   Мәжекең   қырық   жылға   жуық   басқарып   келген   Қанаш   Қамзин   атындағы  Жолқұдық   мектебінің екінші бір ерекшілігі ­ басқару   прцесіне ылайықты  кадрлар дайындауда елеулі үлес қосқандығы. Мектептегі оқу­тәрбие үрдісін  басқарудың алуан түрлерін   үйреніп қана қоймай, оларды практикада қолдана білуді де еске асырды. Солардың бірі, Жолқұдық мектебінде оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарған Қаратай Жукеновті айтуға болады. Ол көршілес Қызылжар  мектебіне директорлыққа тағайындалды.   Аз   уақыт   ішінде   мектеп   танымастай   түледі.   Мектептің   оқу кабинеттері   түгелдей   жаңартылды.   Жеңа   педагогикалық   технологияларды   оқу процессіне   еңгізу колға алынды. Сондай­ақ , еңбек тәрбиесіне де аса көңіл аударылды. Мектеп жанында оқушылардың өндірістік бригадасы құрылып іске кірісті.            Бұл   мектепте   қазақтың   алғашқы   ғарышкері   Тоқтар   Әубәкіров   болып,  оқушылармен ұстаздар ұжымымен  кездесуде кездейсоқ мәселе емес екендігі  белгілі. Мектептің   қоғам   өмірінде   алатын   орыны   ерекше.   Ол   жас   буынды   білім   нәрі   мен сусындатып еліміздің экономикасымен мәдениетінің дамуын алға апаратын түлектерді дайындайды.         Осы   орайда   М.Қабылбеков   басқарған   мектеп   ұжымы   тек   қана   ағымдағы мәселелерді   шешіп   қана   қоймай,   перспективалық   күрделі   мәселелерді   шешуге бағыттап   отыратын.   Мектеп   ұжымы   өз   ісіне   байланысты   барлық   көрсеткіштерден аудан мектептерінің алдынғы қатарында  болды.              1984 жылы Мәскеу қаласында  ССРО оқу министірінің ұйымдастыруы бойынша бір   айлық   курс   өткізілді.   Оған   облыстық   оқу   бөлімдерінің   меңгерушілері   және автономиялық   республикалардың   оқу   министрлері   қатынастырылды.   Курстың   аяқ 25 кезінде   Бүкілодақтық   халық   шаруашылығының   (ВДНХ)     көрмесіне   курс тыңдаушыларын апарды.  Алдымен  «Народное образование»  деп аталатын павильонға келдік.   Оның   үлкен   залында   оқу­ағарту   саласының   жетістіктері   жинақталған. Орталықта биік стол үстінде үлкен турникетте  біздің облыстың Қ.Қамзин атындағы  Жолқұдық мектебінің  оқу­тәрбие процесінде қол жеткен табыстары  баяндалған. Мен шыдай алмай,  бұл  біздің   облыстың   мектебі ,  бұл  ұжымды  Социалистік  еңбек ері, Мәжен   Қабылбеков   басқарады,   ­дедім   деп   еске   алады,   бұрынғы   облыстық   оқу бөлімінің меңгерушісі Т.Шаймерденов. Бұл орайда дарынды ұстаздың өнегелі ісі мен шеберлік үлгісі, биік бейнесі   оқушылары мен тыңдаушыларының көз алдынан кетпей, мәнгі естерінде сақталатын   бар емес пе? Көптің көкірек көзін ашып көңіліне білім нұрын   сепкен,   жаңалықтың   жайнап   шыққан   жаршысы   болып,   үздік   өнегесі   мен ұстаздардың ұстазы атанған осындай ардақты адамдардың бірі  Мәжен Қабылбекұлын атауға   толық   болады.   Ол   40   жыл   бойы   басқарған   мектептен   ондаған,   жүздеген түлектер   қанат   қақты.   Олардың   ішінде   түрлі   мамандықтың   иелері­ұстаздар, дәрігерлер,   ауыл   шаруашылығы   мамандары,   құрылысшылар,   инженерлер   және ғалымдар   да   бар   еді.   Олар   еш   уақытты   білім   алған   өз   мектептерін   ұмытпайды.    Өмірдің соңына дейін Мажен­аға мектептен қол үзген жоқ.  1996 жылы зейнеткерлікке шықса да, біздің мектепте бір –де жиын, бір де мейрам Мәжен ағасыз өткен емес. Жыл сайын жаңа оқу жылы бастап алдында  оқушыларға ол өзінің тілегін айтатын, оқу жылы соңында да түлектерге ақ жол тілейтін.            Мәжен ағаны есімізде мәнгі өнегелі ұстаз, адамгершілігі мол, үлкен парасат иесі болып қалдыру жолында көптеген игі істер атқарылып жатыр.   Мектеп мұғалімдері Мәжен ағаға мұражай ұйымдастырды. Ал 2000 жылы шілденің 21­де бәрімізге ортақ жақын ұстазға мектеп алдынан салтанатты түрде    ескерткіш ашылды.            «Еңбек   адамның   көркі,   адам­заманның   көркі»   ,   ­   дегендей   Мәжен   аға   шын мәнінде заманымыздың көркі болған. Ондай дәрежеге ол тек қана еңбегінің арқасында жеткен.    Мәжен Қабылбекұлы    замандастарына еңбек сүйгіштілігімен, адалдығымен және   доғары   кәсіби   шеберлігімен   танылды.   Мәжен   ағаның   жарқын   бейнесі   біздің жадымызда әрдайым сақталады.              Мәжен   Қабылбекұлының   көп   жылғы   ұстаздық   еңбегі   ерлікке   пара­пар   деп  айтсақ,   артық   айтқан   болмаспыз.   Ол   кеңшардың,   ауылдық,   аудандық   кеңестерінде депутат болып сайланды. 1978 жылы Мәскеу қаласындағы Кремльдің үлкен сарайында өткен Бүкіл одақтық мұғалімдер съезінің делегаты болып сайланды. Оның оқу­ағарту ісін  дамытудағы, жастарға сапалы білім, саналы тәртіп берудегі, Отанға шын берілген патриоттар тәрбиелеудегі орасан зор еңбектері жоғары бағаланып отырды.                      Өмірдің соңына дейін Мажен­аға мектептен қол үзген жоқ.   1996 жылы зейнеткерлікке шықса да, біздің мектепте бір –де жиын, бір де мейрам Мәжен ағасыз өткен емес. Жыл сайын жаңа оқу жылы бастап алдында  оқушыларға ол өзінің тілегін айтатын, оқу жылы соңында да түлектерге ақ жол тілейтін.        Қазақстан   Республикасы   бойынша   «Оқу   ісінің   үздігі»    белгісі берілді.   Ол   «Құрмет   белгісі»,   «Еңбек   Қызыл   Ту»   және   Ленин ордендерімен   марапатталған.   1967 жылы   « Қазақстан Республикасы мектептеріне   еңбегі   сіңген   мұғалім»   деген   құрметті   атақ   берілген.  Мәжен   Қабылбекұлына   ҚСРО   Жоғары   кеңесінің   жарлығына   сәкес 26 «Социалистік  еңбек ері» деген ең жоғары атақ беріліп, орақ­балға салынған алтын жұлдызбен Ленин ордены тапсырылған.             Ол   өмірден   өткеннен   кейін,   оған   ескерткіш   орнатылды.   Мектеп   ауласында Кеңестер   одағының   батыры   Қанаш   Қамзин   мен   Социалистік   еңбек   ері­Мәжен Қабылбекұлы   ескерткіші   қатар   тұр.   Жыл   сайын   жаңа   оқу   жылының   қарсаңында    оқушылар ескерткіштерге гүл шоқтарын қойып , бас иіп, тағзым етеді.                    М. Қабылбековке арналған шағын мектеп мұражайы жұмыс істейді. Онда Мәжекенің   жеке   басы   пайдаланған   заттары   мен оған берілген түрлі сыйлықтары жинақталған.   Оның   туған   күніне   орай   еске   алу   мақсатында   түрлі   іс­шаралары өткізіледі. Ақсу   қаласының   оқу бөлімінің ұйғаруына сәкес жаңа оқу жылында үздік деп аталған мектеп ұжымына Мәжен Қабылбеков атындағы кубок беріліп келеді. 1991 жылы М.Қабылбековке   Ақсу қаласының ауылдық аймағының   «Құрметті азаматы»     деген   атақ   берілді.   Ақсу   қаласының   ауылдық   жерінде   орналасқан   Алғабас   орта мектебіне    Мәжен   Қабылбековтың   аты   берілген.   Міне,   ұстаз   еңбегі   еш   уақытта  ұмытылмайды,  мәңгілік  деген  осы болар Сулейменов Жанат Жакенұлы 1946 жылы  Ленин  кентінде  дүниеге келген.   Мектеп   бітіргеннен   кейін   Саратовтың   ұшқыш   училищесіне түсіп, кейін Ленинградта Азаматтық Авация академиясын бітірді.   І класс   пилот   ретінде   пилот­инструктор,   жоғары   аттестациялық комиссияның мүшесі болған. ҚР Азаматтық авиация   академиясында, «Қазақстан   әуе   жолы»   ұлттық   комитетінде,   «Эйр   Қазақстан» авиакомпаниясында       ұшу   кезінде     қауіпсіздік   иснпекторы   болып жұмыс істеген. 2006      жылы дүниеден өтті.            27 Бабалардың армандаған тәуелсіздіктің ақ таңы.                Бабаларымыздың кей кездері орындалмастай болған, бес ғасырдан бері аңсап келген бейбітшілік аспанындағы тәуелсіз, азат елде өмір сүру арманы бүгін, міне, көз алдында   орындалғандай.  Шіркін,     адамның   қамшының   сабындай   ғана   өмірінде   шек болмағанда   ғой,   сонау   кезеңдерден   құралайдың   көзіндей   мөлдіреген   қазағымның бұндай   бақытын   аңсап,   өмірінің   соңына   дейін   көре   алмай   кеткен     Истайлар, Мағжандар,   Сакендер   мен   Ахметтер   қара   халықтың   бүгінгі   қалпын   көргенде,   кім юіледі,   бақыттан   басы   айналып,   жүрегі   шарасынан   атылып,   алпыс   екі   тамырынан зулаған қанының қысымы миллиардтан асып дәл сол тұсында қайтадан келген жерінен оралар ма еді.... Әйтпегенде, дәл осы зиялы қауым бүгінгі таңда Қазақстанның ұшы – қиыры   жоқ,   кеудесінде   қазақтың   шарапаты   тасыған   даласының   төбесіндегі   ақ бұлттардан   жымия   бақылап   тұр   ма   екен?   Қайткен   күнде   де   заманауи   қоғамда   біз олардың   Тәңірден   тілеген   сол   күндегі   «қияли»   арманының   құшағындамыз.  Ыбырай қазақ   балаларына   алғаш   қазақ   мектебін   ашып   берсе,   бізде   сол   армандап   келген тәуелсіздігімізге   қол   жеткізген   соң,   Ресей   боданының   қарамағында     болғандықтан қаншама   қазақ   балалары   орыс   мектебінде   оқып   жүрді,   соның   бір   көрнісі   ретінде ұстаздарымыз қазақ балаларына арнап қаза сыныбын ашты.  1989 жылы Тәуелсіз жылдарындағы алғашқы ашылған қазақ сыныптарындағы  ұстаздар.                                   Осы ұстаздар алғашқы қазақ мектебінде жұмыс істеген. Ен бірінші болып Мусинова Рысты  Әлммұхаметқызы 1989 жылы  алғаш  қазак сыныбын ашты. Сол кезде 1 сыныпқа 17 бала  болса, келесі жылы Дәмеш Кокешқызы 1 сыныпқа 25 бала, одан кейін Нұрғайша Жұмашқызы   қазақ сыныбын жалғастырып әкетеді.   1989­ жылдан 2016 жылға дейін қазақ сынып оқушылар санының өсімі Тәуелсіздік белестер жылнамасы 28 1989­1995 жылдары               1995­2000 жылдары                                2000­2016 жылдары        54 оқушы                                   97 оқушы                                                  402 оқушы 29

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33

Мектеп тарихы ЖОМ №33
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.03.2017