Мектепалды сыныбына арналған ойындар мен жаттығулар
Оценка 4.7
Документация
doc
воспитательная работа
Детсад
22.02.2018
Танымдық іс-әрекет адам өміріндегі үрдістен қалыптасады. Бала дайын ақыл-оймен, танып-білуге дайын қабілетпен тумайды. Ол осы материалды тез қабылдайды, егер оның бұл материалға деген таным көмегінен туатын немесе қолданушылық қызығушылығынан туғанда ғана жеңіл салыстырмалы түрде тез меңгереді.
Мектепке дейінгі білім берудің басындағы басты мәселе болып олардың оқуға деген мотивациялық дайындығының жетіспеуі, осыдан оқуға деген тұрақты қызығушылығының жоқтығынан көрінеді.Мектепке дейінгі білім берудің басындағы басты мәселе болып олардың оқуға деген мотивациялық дайындығының жетіспеуі, осыдан оқуға деген тұрақты қызығушылығының жоқтығынан көрінеді.
казахский клуб.doc
Жазғы алаңы «Балдырған
»
Ойын арқылы бала өз еркімен қоршаған
Ортаның негізгі ережелерін зерттейді.
Э.
Эриксон.
Қ аза қ клубы
« С ә тті са
ғ ат ойыны»
Жетекшісі: Байдувлетова Әлия Сарықызы.
Уақыты: 30 мамыр – 11 маусым 2017 жыл.
Сынып: Мектепалды
Кеңарал ауылы
2017 жыл. Түсінік хат
«Қазақ клубы» мектеп алды сынып балаларына, мектептегі жазғы алаңына
арналған. Мемлекеттік тілді пысықтап, қайталау жаттығуларды ойын
арқылы өткізіледі, қазақ тілің үйренуге, тілге қызығушылығын арттырады,
осы клубта балалар сабақтан алған білімдерің көрсетеді.
(Бағдарлама жазғы алаңының I аусымға арнаған.
Бес күн «қазақ клубы» өткізіледі, бес күн «ағылшын клубы» өткізіледі
Әрбір ұстаздың мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа
оқушының қызығушылығын арттыру. Ұлы педагог В.А. Сухомлинский «ойын
ойнамай бала толыққанды дамымайды...»деп жазған.Ойынға да басқа оқыту
формалары сияқты арнайы психологиялық қағидалар талап етіледі. Сондықтан
сабақты түрлендіріп, ойын сәттерін қолданып өткізсе, сабақтың мазмұны ашыла
түседі. Өйткені ойын оқушының бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруға,
әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа
үйретіп, адамдармен қарым қатынас жасауға тәрбиелейді, зейіні арта түседі, есте
сақтау қабілеті дамиды. Ойын арқылы балалар әлем есігін ашады, шығармашылық
қабілеттері артады. Білімді алуда іс – әрекетке үйренген баланың бойында алған
білімі ұзақ уақыт сақталады және ол жұмыс істеуде, ізденуге, таңдауға , т. б.
үйренеді. Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын
оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі.Өйткені кейбір
сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Әр
сабақта ойын түрлерін орынды қолданып, оны қызықты етіп өткізу арқылы
бүлдіршіндердің оқуға деген ынта – ықыласын, пәнге қызығушылығын арттыруға
болады. Жақсы оқушы мүмкіндігіне дейін дамып, нашар оқитын оқушы өз
мүмкіндігінше іс – шараларға араласып, өз үлесін қосып отырады. Қорыта
айтқанда, кез – келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда
болады, дүниетанымы кеңейеді.Сөйтіп оқушы ой – өрісін ойын арқылы
дамытады.Соңғы нәтижиеде ойнай отырып, білім көрсеткішіне өз үлесін қосады.
Артта қалған , жасық ,мектептен қорқатын, оқуға енжер, күшпен оқитын оқушы
болмайды. Керісінше , баланың өмірі , қоршаған ортаны танып білу, еңбекке
қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде Қазақ клубтың мақсаты. Тіл байлығын дамыту. Ойын арқылы ойлау қабілетін арттыру, өткенді
қайталап еске түсіріп отыру. Есту, көру мүшелері арқылы ойлау
қабілетін арттыру. Қазақ тілін білуге, үйренуге қызығушылығын көтеру.
Талаптар.
1. Балалардың сөздік қорын молайту.
2. Дидактикалық ойындар арқылы қазақ тілі сабақтарына
қызығушылығын, ынтасын арттыру.
3.Оқушылардың ой өрісін кеңейту, белсенділікке тәрбиелеу.
4. Ауызекі сөйлеуді меңгерту, сөз байлығын арттыру.
5. Ойын арқылы өткенді қайталау, пысықтау.
Iкүн Тақырып: Ойна да ойла.
Мақсаты: Балалармен ойын арқылы өткенді қайталап еске түсіру.Балалардың тіл байлығын
дамыту. Ой өрісін кеңейту, белсенділігін арттыру.
Көрнекіліктер: тірек –схемалар, суреттер, фишкалар.
1. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Сөзұйқастарды өткізу.
Мұғалім + балалар.
АААалашамыз тамаша! ЫРЫРЫРырылдайды қасқыр!
ААА жерде жатыр алаша! ЫЗЫЗЫЗ Айгүл жақсы қыз!
2. « Әрі оқу, әрі ойын
»
Тіл – піл сөз –көз
Кес –бес арыстан нан
Ауыл –дауыл күн түн
Қанат –сағат өмір –көмір
Жалау –палау
3. Балаларды екі топқа бөлу. Әр топтың атауын беру. «Мұрагер», «Айгөлек» .
1сайыс. Жемістер мен көкөністер.
Ойынның шарты: Жемістер мен көкөністерді дұрыс ажыратып керекті себетке салу.
Екі бала ортаға шақырылады. Бір бала себетке жемістерді, ал екінші бала көкөністерді жинайды.
Жиналған жемістер мен көкөністер тексеріледі, олардың атауларын айтады. Ойын шартын дұрыс
орындаған бала жеңіске жетеді, ұпай немесе фишка алады.
2сайыс. Аңшылар
.
Ойынның шарты: Шапшаң әрі тез қимылдап барынша көп суреттер жинау және оларды атау
керек. Тақтаға 2 бала шақырылады. Ойын шарты түсіндіріледі. 1 минут уақыт беріледі. Команда
бұйрық бойынша аңға шығады, уақыт біткен соң, ойын тоқтатылады. Әрбір оқушының жиналған
сурет саны есептелінеді. Әр бала өзі жинаған суреттің атын атайды. Егер қателессе сонша ұпай
алып тасталады. Мысалы. Он бес сурет жинап,
бесеуінің атын дұрыс айтпаса, бес ұпай алынады. Кім көп ұпай жинаса, сол жеңімпаз аталады.
3 сайыс. Жыл атасы
Ойынның шарты: Балаларды жыл мезгілдері және айларымен таныстыру; 1ден 4ке дейінгі
сандар қатары туралы алған білімдерін бекіту.
Тақтада Жыл атасының суреті. Балалар жыл мезгілдерін атайды, оларды санайды.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Тәрбиеші қазір қай ай екенін сұрайды, балалар қайталайды. Әрбір жыл мезгілінде 3 айдан бар
екенін айтып, күз айларын атайды.
Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Бүгін жыл атасы бізбен күз туралы әңгімелескісі келеді. Ол бізге сары карточка әкеліпті.
Не үшін сары карточка әкелді?
Әрбір карточкада керекті санды қоюға арналған күз айларына сәйкес келетін тор көз бар. Тәрбиеші айды атайды, балалар керекті цифрды бос орынға қояды. Одан кейін тәрбиеші цифрды
атайды, ал балалар айды атайды.
II күн
Тақырып: Ойын ой өсіреді.
Мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын байыту, Дыбыстарды, өтілген сөздерді қайталау, есту
мүшелерін дамыту. Сөздерді топтастыра білуге үйрету, қазақ тілі сабағына қызылушығын көтеру.
Көрнекіліктер: әріптер, пазлы,фишкалар.
1.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.Фонетикалық жаттығуларды өткізу.
Мұғалім + балалар.
ЛАЛАЛА Асан жақсы бала.
ДАҚДАҚДАҚ Міне саған балмұздақ.
ЫҚЫҚЫҚ Дейміз сені жылауық.
ҚОЙҚОЙҚОЙ жылағанды қой
ІШІШІШ сусын іш.
2. «Әрі оқу, әрі ойын»
Жүрукіру үшкүш
Тыңдаужинау бесшеш
Қаратаза көмірөмір
Санауқарау қалтабалта
3. Балаларды екі топқа бөлу. Әр топ өздері команданың атауын тандайды.
( тақтада сөздер ілулі тұр: «Достар», «Бөбектер», «Балбөбек», «Құлагер».)
1 сайыс. Кім көп айтады?
Ойынның шарты. Тақтаға екі сайыскер шақырылады. Бірінші сайыскер ойынды бастайды, бір
сөзді айтады, екінші сайыскер ойынды жалғастырады 23 секунданың ішінде сөзді айтады, егер
уақытында сөзді айтпаса ойын тоқтатылады. Ойынның ережесі: сөздер қайталамайды, сан
есімдерді айтуға болмайды.
2 сайыс. «Пазлы ойын» (он сөзді табу)
Ойынның шарты. 12 минуттың ішінде он сөз табу. Кім бірінші уақытында үлгіреді сол
жеңімпаз болады.
3 сайыс. «Қол шапалақтау» ойыны. Ойынның шарты. Бірнеше сөздерді балаларға оқу. Олар сол сөздердің арасында Ұ дыбысы бар
сөзді табуға тиісті. Дыбысты тапса қол шапалақтайды. Келесі сөздер: құм, оқушы, ұя, үлгі, мұнда
т.б сөздер.
III күн
Тақырып: Сәтті сағат ойыны.
Мақсаты: Сөздік қорын байыту, сөздерді дұрыс аудару, сөйлеуге үйрету. Белсенділігін, ынтасын
арттыру. Ойлау қабілеттерін дамыту. Көру мүшелерін дамыту.
Көрнекіліктер: парақтар, фломастерлер, қарындаштар.
1. Ұйымдастыру кезені. Амандасу. Сөзұйқастарды айтқызу.
Мұғалім + балалар
ГЕГЕГЕ ЕТЕТЕТ
Маза берші кісіге. Бәріңе рақмет!
МАМАМА КӨРКӨРКӨР
Ойбай салып жылама! Сен де көр!
ТӨРТӨРТӨР мынау біздің төр!
2 . «Әрі оқу әрі ойын»
Суықтауық биіккиік
Сегізтеңіз аңтаң
Түлкікүлкі жапырақтопырақ
3. Балаларды екі топқа бөлу. Тақтаға 2 жақсы оқитың оқушы шығады. Олар өздеріне команданы
құрады.
1 сайыс. «Мынау қай пішін?»
Ойының шарты. Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу.
Көрнекілік: Картоннан жасалған геометриялық пішіндер 5–түрі.
Барысы: Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық
пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды.
2 сайыс. « Не жоқ?»
Ойынның шарты. Тақтада 1015 сурет ілулі тұрады (үй жануарлар, құстар, оқу құралдары,
аңдар, т.б. суреттер). Мұғалім «түн» деген сөзді айтқанда балалар көздерін жауады, сол кезде
тақтадан бір суретті алып тастайды. «Күн» деген сөзді айтқанда балалар көздерін ашады да не
жоқ деген сұраққа жауап береді. Мысалы: кітап жоқ! Қой жоқ т.б.
3 сайыс. «Қайтала» ойыны. Ойынның шарты: Тәрбиеші «Сынып», «Оқу құралдары» тақырыбы бойынша қандай да бір сөзді
атайды. Екінші ойнаушы сол сөзді немесе осы тақырыптағы бір сөзді атайды. Үшінші ойыншы
естілген және үшінші бір сөзді айтады. Осылайша әрбір ойыншы өз сөзін қосып айту үшін, оған
дейінгі айтылған сөздерді ретімен қайталау қажет. Сөзді ұмытып қалған, немесе сөз тіркестерінің
ретін сақтамаған оқушы ойыннан шығады.
IVкүн
Тақырып: Ойнай біл де, ойлай біл.
Мақсаты: Балалардың ықыласын кеңейту, есте сақтау қабілетін жоғарлату,көңіл көтеру, ойлау
қабілетін арттыру. Емле ережелерін меңгерту.
Көрнекіліктер: парақтар, фломастерлер, қарындаштар.
1. Ұйымдастыру кезені. Амандасу. Сөзұйқастарды айтқызу.
Мұғалім + балалар
КҮНКҮНКҮН ІШІШІШ
Туған күн. Сусын іш
ЛЫҚЛЫҚЛЫҚ МАМАМА
Міне саған сыйлық! Ойбай салып жылама.
ШЫҚШЫҚШЫҚ МІНМІНМІН
Төрге шық. Ертең мен де өсемін! 2.
«Әрі оқу әрі ойын»
Арыстаннан баладала
Қоянжылан малтал
Ілбіл оқжоқ
3. Балаларды екі топқа бөлу. «Данышпандар», «Даналар»
1 сайыс. « Қара және тыңда»
Ойынның шарты. Тәрбиеші бір затты көрсетіп, атын атайды. Егер заттың аты дұрыс аталса,
балалар қолдарын көтеріп хормен қайталайды. Егер тәрбиеші бір затты көрсетіп, атауды айтса,
онда олар қолдарын да көтермейді, қайталамайды. Қателескен бала ойыннан шығады. Мысалы: а)
тәрбиеші кітапты көрсетіп, «кітап» дейді, балалар хормен қайталайды, қолдарын көтереді.б)
қарындашты көрсетіп «дәптер» дейді, онда олар үндемейді.
2 сайыс. « Пішіндерді боя
»
Ойынның шарты. .Түстерді тани білуге үйрету.
Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер
Барысы: Балаларды ұйымдастырып, оларға ақ бет қағаздағы пішіндердің суреттері таратылып
беріледі. Бұл суреттегі пішіндер боялмаған. Тәрбиеші балаларға тақтаға боялған пішіндерді ұсынады. Балалардың міндеті сол тақтадағы түстеріне қарап алдарындағы пішіндерді сондай
түспен бояйды. Мұндай ойын балалардың түсінулерін және шапшаңдықтарын шыңдайды.
3 сайыс. « Апта күндері
» ойыны.
Ойынның шарты: Апта күндерін қазақша атап, есте сақтай білуге үйрету.
Көрнекілік: Апта күндерін шартты түрде белгілейтін 1ден 7ге дейін дөңгелектермен
дайындалған карточка.
Барысы: Арнайы дайындалған карточканы көрсетіп, қайталау өткізу. Апта күндерін атату,
карточканы таратып беру. Тақтаға шыққан бала карточкаға сәйкес өз апта атын білу керек.
Тәрбиеші бұйрығымен, «дүйсенбі» бір адым алдыға десе, тұрып қалмай алдыға шығу керек.
Бұдан соң балалар кезекпен ауысып тақтаға шығады. Vкүн
Тақырып: «Кел ойнайық»
Мақсаты: Танымдылық, қызығушылықтарын, логикалық, ойлау өмірмен ұштастыра дамыту.
Көрнекіліктер: суреттер.
1. Ұйымдастыру кезені. Амандасу. Сөзұйқастарды айтқызу.
Мұғалім + балалар
ДЫДЫДЫ ПАНПАНПАН
Ағаштарды қорғайды Аман қалды балапан
ҒАҒАҒА ТЫПТЫПТЫП
Саусқан қонды томарға Құс кетті қайтып
АШАШАШ МІНМІНМІН
Қорқып кетті қарлығаш Ертең мен де өсемін!
2 . «Әрі оқу әрі ойын»
Ән – сән жарық – ет бет
Сәлем – әлем көз – сөз
Киік – биік бала қала « Жасырынбақ » ойыны
Ойынның шарты : Жоғалған затты табу, «жоқ», «бар» сөздерін дұрыс пайдалану. Тақтада
суреттер ілінуп тұр, балар көздерін жабады, мұғалім бір суретті алады. Балалар не жоқ? деген
сұраққа жауап береді.
«Кім көп мамандық біледі» ойыны
Ойынның шарты : Балаларды адамдардың мамандығына қарай қимыләрекет жасайтының
білуге, шапшан ойлауға, сөздік қорын байытуға тәрбиелеу.
« Дүкен» ойыны.
Ойынның шарты: « Бер», « жоқ», « беріңізші», « алыңыз» деген сөздерді бекіту. Дүкенші
мамандығының қимыләрекеттерін білу үйрету. Бірбірімен сөйлесу үйрету. Дүкеннің түрлерін
айта білу. Дүкендерде әртүрлі жағдайларын көрсету; ұйымдастыру.
Сергіту сәттерді қайталау : «Шеңбер»
«Кәне балалар, тұрамыз...»
«Орныңды тап»
Мектепалды сыныбына арналған ойындар мен жаттығулар
Мектепалды сыныбына арналған ойындар мен жаттығулар
Мектепалды сыныбына арналған ойындар мен жаттығулар
Мектепалды сыныбына арналған ойындар мен жаттығулар
Мектепалды сыныбына арналған ойындар мен жаттығулар
Мектепалды сыныбына арналған ойындар мен жаттығулар
Мектепалды сыныбына арналған ойындар мен жаттығулар
Мектепалды сыныбына арналған ойындар мен жаттығулар
Мектепалды сыныбына арналған ойындар мен жаттығулар
Мектепалды сыныбына арналған ойындар мен жаттығулар
Мектепалды сыныбына арналған ойындар мен жаттығулар
Мектепалды сыныбына арналған ойындар мен жаттығулар
Мектепалды сыныбына арналған ойындар мен жаттығулар
Мектепалды сыныбына арналған ойындар мен жаттығулар
Мектепалды сыныбына арналған ойындар мен жаттығулар
Мектепалды сыныбына арналған ойындар мен жаттығулар
Мектепалды сыныбына арналған ойындар мен жаттығулар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.