Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін қолдану.
Оценка 4.6
Научные работы
docx
английский язык
Детсад
05.04.2018
Мақсаты:
Ойын түрлері арқылы тәрбиеленушілердің ағылшын тілін үйренуге деген ықыласын арттырып, сол тілде сөйлеуге үйрету.
Міндеттері:
- үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру;
- баланың өз күшіне сенімділігін нығайту және дұрыс мотивация құру; - ағылшын тілінің ырғағымен және мәнерлі дыбысталуымен танысу, балалардың тілдік құзыреттілігін дамыту;
- мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу мүмкіндігі мен қажеттілігін ескере отырып, ағылшын тілінде баланың өздігінен қарым-қатынас міндеттерінің қорытындылауын қолдау;
- ойын және нақты қарым-қатынас жағдайында қарапайым деңгейде серіктеспен байланыс орнатуды үйрету;
- фонетикалық есту қабілетін дамыту;
- ағылшын тілінде сөйлеу мазмұнын түсінуге үйрету;
- зейін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
- айту және тыңдату: ауызша сөйлеу дағдысының негізін дамыту.Мақсаты:
Ойын түрлері арқылы тәрбиеленушілердің ағылшын тілін үйренуге деген ықыласын арттырып, сол тілде сөйлеуге үйрету.
Міндеттері:
- үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру;
- баланың өз күшіне сенімділігін нығайту және дұрыс мотивация құру; - ағылшын тілінің ырғағымен және мәнерлі дыбысталуымен танысу, балалардың тілдік құзыреттілігін дамыту;
- мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу мүмкіндігі мен қажеттілігін ескере отырып, ағылшын тілінде баланың өздігінен қарым-қатынас міндеттерінің қорытындылауын қолдау;
- ойын және нақты қарым-қатынас жағдайында қарапайым деңгейде серіктеспен байланыс орнатуды үйрету;
- фонетикалық есту қабілетін дамыту;
- ағылшын тілінде сөйлеу мазмұнын түсінуге үйрету;
- зейін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
- айту және тыңдату: ауызша сөйлеу дағдысының негізін дамыту.
Шыгармашылык жумыс.docx
«Қызғалдақ» мектепке дейінгі бөбекжайы
«Ерте жастағы балаларға ойын элементтерін қолдану
арқылы ағылшын тіліне қызығушылығын ояту»
тақырыбындағы шығармашылық жұмыс
Ағылшын тілі маманы: Сайлаукенова Д.Қ 20172018 оқу жылы
Жоспар:
І.Кіріспе
1.1.Ағылшын тілін оқыту –заман талабы.
ІІ.Негізгі бөлім. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда
ойын элементтерін қолдану.
2.1. Ойын элементтерін ағылшын сабағында қолдану.
2.2. Ағылшын тілін оқытуға арналған ойындар.
ІІІ. Қорытынды Мақсаты:
Ойын түрлері арқылы тәрбиеленушілердің ағылшын тілін үйренуге деген
ықыласын арттырып, сол тілде сөйлеуге үйрету.
Міндеттері:
үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру;
баланың өз күшіне сенімділігін нығайту және дұрыс мотивация құру;
ағылшын тілінің ырғағымен және мәнерлі дыбысталуымен танысу, балалардың
тілдік құзыреттілігін дамыту;
мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу мүмкіндігі мен қажеттілігін ескере
отырып, ағылшын тілінде баланың өздігінен қарымқатынас міндеттерінің
қорытындылауын қолдау;
ойын және нақты қарымқатынас жағдайында қарапайым деңгейде
серіктеспен байланыс орнатуды үйрету;
фонетикалық есту қабілетін дамыту;
ағылшын тілінде сөйлеу мазмұнын түсінуге үйрету;
зейін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
айту және тыңдату: ауызша сөйлеу дағдысының негізін дамыту. Еліміз егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер
жүруде. Саяси, экономикалық, қаржылық т.б. салалардағы секілді білім беру
саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі мемлекетті нығайту,
көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жанжақты дамыған
ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан қандай халықтың даму
стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл,
саналы, тәрбиелі етіп шығару оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас
ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Білім беру ұйымдарының алдында
күрделі міндет тұр. Ол саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын
табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.Мектепке дейінгі ұйымның
бітірушісін тәрбиелеуде ана тілімен тең және басқа шетелдік тілдерде білім
үлкен рөл атқарады.
Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев айтқандай: «Қазақстан
бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде
танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілімемлекеттік тіл, орыс тілі
ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тіліжаһандық экономикаға
ойдағыдай кірігу тілі». Қазақстан әлемдік қауымдастыққа екпіндеп басып
келеді және өзінің алдына жоғары даму мақсатын қояды. Әлем барынша
әртүрлі және көптілді болып келеді, және көптеген балалар бір тілден артық
тіл қолданатын ортаға түседі. Уақыт талабына сай, аясы тар мақсаттағы
сапалы білім емес, шет тілдерді үйренуге дәл осындай қырынан қарау
керек.Шет тілін оқыту жанжақты дамыған, үйлесімді тұлғаның қалыптасуына
өте зор ықпалын тигізуі тиіс. Бұл ең алдымен балалардың бойныда
шығармашылық тәуелсіздікті, белсенділік қабілетінің, орындалып жатқан
әрекетке деген оң көзқарас тәрбиесін қалыптастыру болып табылады.Жүйелі
және мақсатты ағылшын тілін оқыту ережеге сай мектепке дейінгі білім беру
мекемелерінде балаларға білім беру үрдісінің егізгі формасы болып
табылатын сынып сабақтарында жүргізіледі.Мектепке дейінгі жаста ойын
әрекеті жетекші әрекет екенін ескере отырып, балалар өзінің жеткен нәтижесін ертерек көру үшін сабақ көбіне сөйлеу қабілетін дамытуға
бағытталған ойын формасында өткізіледі. Ойын тілді әр жаста тез меңгеруге
өте жақсы жағдай жасайды әрі көмектеседі, бірақ мектепке дейінгі жаста ол
өте пайдалы. Бұл жаста ойын жоғары буынға жақындау және зерттеу жолы
болып есептеледі.Балалармен жұмыс тәжірибесінде шет тілін оқытуға
бақытталған әртүрлі ойындар кеңінен қолданылады: ережеге негізделген
ойындар, рөлдік, білім тереңдету ойындар, лингвистикалық ойындардың
әртүрлі нұсқалары. Сабақтар ойын атмосферасының басынан бастап аяғына
дейін сақталып қалуына бағытталып құралады.Сабақты педагог ойын
барысында ережені ұстанып, балаларды ойынға көбірек тартып,
шығармашылық қабілетін танытса, соншалықты сабақ сәтті өтеді. Балалардың
ойын әрекетінің әсерінен жауапкершілік және байсалдылық қасиетінен
айырылып қалады деп қорқудың қажеті жоқ. Бала ойдан шығарылған әлемді
кәдімгі өмірдегі болмыстан өте жақсы ажырата алады және де ойын
барысында үйренгенін нақты әрекет жасау кезінде байқатады.
Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілі сабағында жалпы
тақырыппен байланыстыру мақсатты болып есептеледі. Мысалы, балалар
Мики Маустың туған күніне келеді және сабақтың соңына дейін сол туған күн
иесімен ойнайды немесе кішкене тышқан Джерриге көмектесу үшін бірнеше
тапсырмалар жасайды. Осындай жолмен тіл оқыту мақсаты 56 жасар баланың
өмір сүретін әлемімен байланысып сай келіп тұрады. Бұл таза қызығушылық,
жаңаны білу және өзінің қатарлас достарымен ойнауға деген құштарлық
сезімге толы ертегі, қызықты әңгімелер мен өлеңдердің әлемі. Егерде
тақырыптық бірлік бірнеше сабаққа созылса, балалардың әрекетін міндетті
түрде түрлендіру керек, жиірек жұмыстың түрін өзгерту қажет, оларды
динамикалық паузалармен, қозғалыс элементтері бар ойындармен көңілін
аулау керек, өйткені балалар бірсарынды сабақтардан шаршап кетуі мүмкін.
Бірақ соның өзінде мұғалім сабақтың әр элементі оның міндеттерін орындау
қажет болуын, қозғалыс немесе ойын негізгі мақсатқа айналмауын қадағалауы
тиіс. Шетелдік және отандық ғалымдар мен педагогтардың зерттеулері мен
жетістіктері балалардың шет тілін меңгеру мен әлемді тану мүмкіндіктері өте
жоғары екенін көрсетеді. Мектепке дейінгі жас тіл меңгеруге әсіресе қажетті
жас деп есептеледі. Бұл жерде осы жаста білім беруді интенсивті түрде
өткізудің қажеттілігі туындайды.Балаларды шет тіліне оқытуға бағытталғын
жұмыс негізінен оқыту мақсаттарының кешенді жүзеге асыруының
принциптерінен шығады, яғни оқыту үрдісі балалардың сөйлеу (лексика)
қабілетін меңгерумен қатар, тілдік біліктіліктеріне (диалогтық және
монологтық сәйлеу, тыңдау) бағытталған.Фонетиканы оқытудың ағылшын
тілін оқытудың бастапқы кезеңінде ең негізгі орын алатынын ескере отырып,
мұғалімдер өздерінінің еңбектерінде фонетикалық әдісті белсенді қолдануы
тиіс. Балаларды дұрыс айту жаттығулары шаршатпауы үшін және де сабақтың
көңілді әрі қызықты өтуі үшін фонетикалық жаттығулар ойын түрінде қолданылады.Балалардың үлкендердің артынан лингвистикалық және
елтанушылық құндылыққа толы ағылшын жаңылтпаштарын, мақалмәтелдерін
қайталау балалалға ағылшын тіліндегі сөйлемдердің дұрыс интонациясын
меңгеруге мүмкіндік береді.
Жаңа сөздер енгізгенде 56 жастағы балалардың психофизиологиялық
ерекшеліктеріне аса зор мән беру керек. Бұл жаста балалардың сөйлеуі сезім
мүшелерінің заңдылықтарына бағынады.Бұндай қабылдаудың негізгі
ерекшелігі балалардың бір жағынан зат, әрекет немесе құбылыстың аталуы
маңызды болуы, екінші жағынан ол заттардың атауларының мүлде маңызды
болмауы болып есептеледі. Берілген материалды қабылдау кезінде балалар
оның берілуіне, эмоционалық сапасына үлкен мән береді.Ашық, түрлітүсті
көрнекілік кіші жастағы балаларды оқытудағы таптырмас көмекші болып
есептеледі. Жаңа сөзді суретпен немесе әсем көрнекіліктермен байланыстыра
отырып түсіндірсе, оны белгілі бір ісәрекетте қолданылып көртілсе бала өте
тез меңгеріп кетеді.Белгілі бір тақырыпқа байланысты сөйлеу қабілетін
қалыптастыруда әртүрлі таратуға арналған материалдарды, ойыншақ жиһаз,
ыдысаяқ, киім, яғни балалардың барлық ойнағанда жақсы көретін заттарын
пайдалану үлкен көмегін тигізеді. Баланың сөйлеуін белсендету үшін
оқытудың басында ойыншықтар мен бірнеше нұсқадағы заттар бейнеленген
суреттері болуы тиіс. Мысалы, сары, қызыл, көгілдір түсті шарлар немесе
кішкене және үлкен күшік. Сонымен қатар, жаңа және ерекше ойыншықтар
мен суреттер сабаққа жаңашыл элемент енгізеді және әдеттегіден өзгеше
жағдай жасайды.
Жаңашылдық принципы балаларды шет тіліне оқытудағы жетекші
принцип ретінде сабақтың сюжеттікомпозициялық құрылымын түрлендіруге
мүмкіндік береді.Ойыншықтар мен суреттерді көбірек пайдалану арқылы
балаларда қиялы және байланыстырушылық еске сақтау қабілеті дамиды, ал
қарымқатынас жасау міндеттерін нақты қою және оларды шешуді
ұйымдастыру логикалық сөйлеу есте сақтауының дамуына өз септігін
тигізеді.Бұл мектепке дейінгі жастағы балалардың ұзақ уақыттық есте сақтау
қабілеті өте жақсы қалыптасқандықтан болады. Олардың бар оқыған
білгендері жадтарында сақталады. Бірақ олардың жедел сақтау қабілеті нашар
дамыған.Бала берілген материалды көп мөлшерде миына бекіте отырып
сақтауға деген қабілетке ие. Бірақ бұл материал бала үшін меңгеруге өте
маңызды рөлде ғана болса, сонымен қатар үлкен қызығушылығын оятса ғана
болады. Берілген материалды жете меңгерудің ең жеңіл жолы ойын әрекеті
болып есептеледі.
Мектепке дейінгі балалардың жанжақты дамуы үшін ойынның ролі
ерекше. Ойын – жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар
көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады,
тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіл көтертеді, дем алдырады, сонымен қатар, ол сықақтап, күлдіріп, кезкелген әлеуметтік мәртебенің шартты
екендігін көрсетеді.
Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз,
шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақылой тәрбиесі болмайды»
дейді, демек балалармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бірбіріне
деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық
сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру,
тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында жанды
жансыз табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен
сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады
Ойын бала үшін нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен
ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А.П.Усова
былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен ісәрекетін дұрыс
ұйымдастыру оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын
және ойынның өзара қарымқатынастары формаларында жүзеге асырылатын
себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік
етеді».Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана
отырып алдымен солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру,
балалар ұжымын топтастыруға күш салу керек. А.С.Макаренко ойынның
балалар өмірін ұйымдастырудағы ролін жоғары бағалай келіп, тәрбиешінің
ролі туралы былай деп жазды: «Мен де педагог ретінде олармен аздап ойнауға
тиіспін. Егер мен тек қана үйретіп, талап етіп, айтқанымды істетіп тұрсам,
онда мен, бәлкім, пайдалы, бірақ жақындығы жоқ бөгде күш қана боламын.
Мен міндетті түрде аздап ойнауға тиіспін және мен өзімнің барлық
әріптестерімнен осыны талап еттім».Дидактикалық ойын – баланың
қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі
балалардың ойын баласы екенін ескере келе, дидактикалық ойындардың
жүйелі қолданылуы жақсы нәтиже береді. Дидактикалық ойындарды
пайдалану мәселесі педагогикалық теорияда кеңінен қарастырылған. Атап
айтсақ, Ахметов С., Алдабергенов А., Ахметов Н.К., Хайдаров Ж.С., Кларин
М.В., Қайырбекова А., Төлтаева Г., Әбселемова А., Әбішова А. т.б. ғалымдар
дидактикалық ойындардың маңызын, түрлерін қолдану жолдарын көрсеткен.
Педагогикалық процесте ойын балалар ісәрекетінің басқа да түрлерімен,
бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста
болады.Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына
сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық,
шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу,
ол арқылы бала өмірге әзірленеді.Сөзсіз балаларға ағылшын тілін оқытуда
ойын әрекетінің орны өте зор. Ағылшын тілінің білім мен тәрбие беру үрдісіне
енуі ең қарапайым ойын формаларында жүзеге асырылады: дидактикалық
ойындар, драматизациялық ойындар, әуен және қозғалысқа негізделген ойындар.Оқытудың бастапқы этапында ерекше рөлді балаларда пәнге деген
қызығушылықты қалыптастыруда бұл мәселелердің шешімін әртүрлі ағылшын
тіліндегі ойындар арқылы табуға тырысу қажет.
Ағылшын тілін оқытуда ерекше орынды драматизациялық ойындарға
беруге болады. Драматизациялық ойындарды жүзеге асыруда ағылшын
фольклорының танымал ертегілері, мультфильмдері, тақпақтар болып
табылады. Мысалы: «The three little pigs», «The turnips», «Little mouse», «Old
MacDonald» және т.б. Бұл қойылымдар балаларға бұрынна белгілі лексикадан,
сөз тіркестерінен құралады.Әлемдік тәжірибе драматизациялық ойындардың
дайындалмаған сөйлеу қабілетінің дамуына тигізетін әсерінің зор екендігін
көрсетіп отыр. Драматизациялық ойындар мектепке дейінгі балалардың тілдік
компетенттілігінің жоғарыдауына септігін тигізеді, тілді тезірек «сезінуге»
көмектеседі, оқылатын тілдің әдебиетімен, ағылшын тілінде сөйлейтін
елдердің мәдениетімен танысуға өз үлесін қосады.Сабақ тәжірибесінде кең
қолданысты дәстүрлі халықтық ағылшын ойындары алады.
Халықтық ойындар арқылы ағылшын тілін оқытуда балаларды
ағылшын тілінде сөйлейтін халықтардың мәдени құндылықтарына, сөйлеу
мәдениетінің дамуына тарту жүзеге асырылады. Бұл ағылшын тілін жетік
меңгеруге үлкен септігін тигізеді.Балалар диалогтық және монологтық сөйлеу
қабілетін қалыптастыруға зор мүмкіндіктер алады. Халықтық ойындарға
халықтың өзі әрқашан тақпақтар мен ертегілерді енгізіп отырған.
Ағылшын тілін оқытуды мектепке дейінгі мекемелерден басқа, отбасы
ортасында да жүзеге асыруға болады. Бұл үшін педагогикалық білімнің болуы
міндетті емес, жай ғана үй жағдайында балалармен дидактикалық ойындарды
ұйымдастырып өткізу ғана жеткілікті.
Мектепке дейінгі балалалық шақ – ертегі, қызықты ойындар, әігімелер
мен өлеңдер әлемі. Бұл жаста балалардың балабақшадан мектепке ауысу
үрдісі жүреді, жетекші әрекет түрінің өзгеруі, яғни ойын әрекетінің оқу
әрекетіне ауысуы болады. Бірақ баланы ойын әрекетінен айырудың қажеті
жоқ.Оқытудың ойын әдісі өте пайдалы болып келеді, өйткені балаларды ой
еңбегіне біртебірте үйренуге мүмкіндік береді. Ойын әдісінің кеңінен
қолданылуы ойынның бала қуанышының көзі ретінде ғана айқындалмайды,
соынмен қатар ол оқыту міндеттерін шешудің ең негізгі жолы болып
табылады.Ойындарды мектепке дейінгі балаларының оқуісәрекеттеріде
белгілі бір жүйемен пайдалану қажет. Ойындардың оқыту мазмұнына,
танымдық ісәрекет сипатына, ойын құрылымына сәйкес жіктемелері бар.
Ойындардың жіктемесі оқушылардың жас ерекшеліктеріне, ойын сипатына,
дене қасиеттерін, қимылдық әрекеттерді дамытуға, ойындардың
педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес жасалады. Ойындарды оқыту
мазмұнына сәйкес түрлері: 1. Ойын саяхаттар. Олар ертегіге үқсас, фактілер немесе оқиғаларды
бейнелейді. Бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетеді, қарапайым жұмбақ
арқылы, қимылдық оңай жолмен, қажеттілер қызық жолмен беріледі.
2. Ойын тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен
әрекет, сөздік тапсырмалар кұрайды. Ойын міндеттер мен әрекеттері бір
нәрсені болжауға негізделеді.
3. Ойын болжамдар. Бұл ойындар, Не «болар еді...?», «Мен не
істерп едім, егер...?» деген сұрақтарға негізделеді.Ойынның дидактикалық
мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда
ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда қалыптастыра
байланыс есептерін тағайындауды талап етеді.
4. Ойын жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі логикалық
астарын болуында, олар баланың есі әрекетін белсендіреді.
Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін
ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
Баршамызға белгілі ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп өзі жасаған
қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, шыдамдылық,
ұйымдастырушылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Сабақтан тыс
уақытта ойналатын ойын түрлері оқушылардың қимыл қозғалысқа деген
икемділігін арттырып, шығармашылық қабілетін кеңейтеді. Халық өзін
қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей тегжейлі білуді баланың
шамасына ойын арқылы жастайынан сіңіре беруді көздеген. Ойын бала
табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз піспек емес, жан жақты дамымақ
емес. Бұл жерде атап айтатын бір нәрсе, ойындарды бүгінгі педагогикалық
ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда ол сабақтың сапасын
көтеріп, тиімділігін арттырады, сабақтан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие
жұмыстары жандандыра түседі.
Шетел тілін мектептке дейінгі балаларға оқытудың шарттарын ескере отырып,
балалар балабақшадан кейін де шетел тілін оқып, түсіне білу қабілетін
қалыптастыруға мән берілуі тиіс. Осыған орай, шетел тілін балабақшада
оқытудың практикалық мақсатын жүзеге асырудың алғышарты оқыту әдіс
тәсіліне, коммуникативтік бағдар беруге назар аударылады.
Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін
арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.Ойындар
жаңа тақырыптарды өткенде, сөздерді, грамматикалық материалды, тұрақты
сөз тіркестерін пысықтыруға арналған жаттығулардың бір түрі ретінде
пайдаланылады. Мұғалім ойындардың сабақ кезінде қолдануға ыңғайлы,
ықшам, өткізілуі жағынан қарапайым түрлерін таңдап алғаны жөн. Таңдап
алынған ойындар шәкірттердің сөз байлығына, тілдік қорына сай болуы керек. Қандай да болмасын ойынды өткізу үшін мұғалім алдын ала жоспар құрып
алуы қажет. Ол жоспар, әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда мынадай
шарттарға жауап беруі қажет:
∙ Ойынның өтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмұны сәйкес келуі;
∙ Ойынға бөлінетін уақыттың нақты белгіленуі;
∙ Ойынның ойналу түрінің топ болып ойнау, кішірек топ болып ойнау т. б.
нақтылануы қажет;
∙ Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы;
∙ Қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, мақал мәтелдері, тақпақтар
өлеңдердің таңдалынып алынуы;
∙ Пысықталатын грамматикалық, фонетикалық, лексикалық
материалдардың анықталуы;
∙ Ойынның өту барысының жоспары жасалуы.
Қазіргі балабақшадағы ойынды қолданар алдында ақпараттық құралдарды
жетік меңгеру, Power Point, Microsoft office, Paint бағдарламаларымен жұмыс
істеп қана қоймай үнемі интернет жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістерді
өзінің кәсіби шеберлігіне қолдана білу, білім кеңістігін кеңейту, ашу
бағытындағы өзгерістер мен әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге
талпындырады. Интернет жүйесінің балаға тәрбие беру барысына қосар үлесі
көп.
Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұны неғұрлым
сәйкес алынса, соғұрлым оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі.
Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін тартымдылығын күшейтеді,
балалардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Еліміздің ертеңі
бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында.
Адам уақытпен бірге адымдайды, уақытпен бірге өмір сүреді. Білім туралы
заңда педагогтар бас қосуларында сапалы білім, саналы азамат өсіру туралы
талай пікірлер айтылады. Болашақ еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі
балалар. Біз оларды қалай тәрбиелесек ертеңгі Қазақстан сол деңгейде
болады. Сондыктан да педагогтарға жүктелер міндет жүгі өте ауыр.
Ойын адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы
балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, дамиды. Ойынның басты шарты
жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір
біріне деген сенімділігін арттырады.
Ойынның өзіне тән мотивтері болады. Мысалы: мазмұндық, ролдік ойындар
баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады.
Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көре алады. Ал ақылой ойындарында белгілі бір
ережені сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын,
зиінділігін арттырумен қатар ерік сезім түрлерінде дамытады.
Сабақта қолданылатын ойындар алуан түрлі. Олар негізінен, оқу
ойындары және коммуникативтік ойындар болып екіге бөлінеді. Ойынның бір
ерекшелігі, ол оқушылардың сабақта өздерін еркін ұстауына, ойларын
қысылмай айтуға жағдай жасайды. Балабақша балдырғандарына беретін
болғандықтан ағылшын тілі сабағын қызықты етіп өткізу үшін мынадай ойын
түрлерін қолдануға болады:
∙ Фонетикалық ойындар;
∙ Сөздік ойындар;
∙ Оқу ережесіне байланысты ойындар;
∙ Сөйлеу қабілетін дамытуға арналған ойындар;
∙ Сергіту ойындары;
∙ Сан есімге байланысты ойындар;
∙ Дидактикалық мақсаттағы ойындар.
Ағылшын тілі сабағында әрбір баланың сабаққа белсенді қатысуының,
ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, ағылшын тілін оқып үйренуге талпынысы
мен қызығушылығын арттыратын әдістәсілдер түрі ерекше орын алады. Бұл
міндеттерді сабақта оқытудың ойын әдістерінің көмегімен шешуге болады.
Алайда, ойын әрекетін қандай мақсатта қолдануға болады? Қандай деңгейде?
Сабақтың қай кезеңінде? Қай кезде жақсы нәтиже береді? деген сұрақтар
әрбір педагогты толғандыратыны сөзсіз.
Ойынды мынадай мақсаттар қойып пайдалану керек: лексиканы меңгерту,
қарымқатынас жасай алуға үйрету, тілдік материалдарды есте сақтау, белгілі
бір тілдік білімді дамыту, қажетті психикалық қызметтер мен қабілеттілікті
дамыту, білім беру. Сондайақ, ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды жеңіл,
оңай меңгертуге болады.
Ағылшын тілінде жұмбақтар, сөзжұмбақтар, лото, лингвистикалық ойындар,
бөлмедегі жиһаздарды орнына қою, дүкендерді аралау, телефонмен сөйлесу,
т.б. түрінде де ойналады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 29 қаңтар 2011 жыл
Қазақстан халқына жолдауында «Мен қазіргі заманғы қазақстандықтар үшін
үш тілді білу әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты еккендігін
айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар
саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін» деді. Олай болса, оқушыны ағылшын пәніне қызығушылығын тудырып дамытуды және жемістің
нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір мұғалім жолдауға жедел үн қосу керек
деп білемін. Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде
ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана
отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру
қабілеттерін жетілдіру. Мектептерде жаңа технологиялар арқылы оқыту шет
тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Шет тілін оқыту процесінде
тілді дұрыс үйрету ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте
маңызды.
Атақты американдық жазушы Е. Градин «You cannot effectively learn a
foreign language until you make a million mistakes in that language. So hurry up
and made your million mistakes» деп айтқандай, кезкелген адам ағылшын тілін
сөйлеу әрекетінде миллиондаған қателерді жіберу арқылы үйреніп,
шыңдалады.
«Ересек адамдардың ісі, жұмысы,қызметі сияқты ойын да бала өмірінде
маңызды болып саналады. Бала ойында қандай болса, өскенде жұмыста да
сондай адам болады». А.С.Макаренко
Ойын дегеніміз – жас ерекшеліктеріне қарамайтын, адамның көңіл
күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын – төзімділікті, алғырттықты,
тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным
өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондайақ, басқа да толып жатқан
сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық
Ағылшын тілі – қазақ елін әлемге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл.
Сол себепті ағылшын тілін үйренудің маңызы зор. Ағылшын тілін оқытуда
ойын түрлерін қолдану оқушының тілді үйренуге деген ынтасын арттырады.
тиімді әдістердің бірі. Ағылшын тілін үйрету кезінде ойын элементтерін
пайдалану оқушының шет тіліне деген қызығушылығын арттырып, жаңа
тақырыпты жақсы түсінуге әсер етеді. Ойын арқылы балалар ағылшын тілінде
жеңіл қарымқатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар
шаршағандығын сезбей, әсерлене, қызыға отырып ағылшын тілін тез үйренеді.
Егерде мұғалім ойынды тек балалардың көңілін көтеру, демалдыру үшін
ойнатса, онда пайда болмайды. Ойын белгілі бір білім беруді мақсат етіп
ойналған кезде ғана нәтижелі болады. Ойындар баланың тапқырлығын,
байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де
дамытады. Ойын түрлері көп. Соның ішінде бастауыш және орта буын
сыныптарда пайдаланаты: ойынсабақ, ойын жаттығу, сергіту ойындар, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойындар және
тағы басқа. Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда бастауыш және орта
буында оқушылар белсенді және өте қозғалмалы болып келеді. Бұл жастағы
балалар өздерін еркін ұстап, сабаққа аса қызығумен қатысады, өзінің
айналасындағы нәрсені көріп, соны бейнелеуді ұнатады. Оқушының
қызығушылығын арттыру мақсатында мұғалім ойынға қатысушының өзіндік
сөз ырғағын бейнелеп көрсетіп, тапсырманы дұрыс құра білуі керек.
Тақырыптық «рөлдік ойындар» оқушылардың сөйлеу дағдысының
қалыптасуын дамытады. Ойын – оқушылармен дидактикалық қарымқатынас
жасаудың әмбебап нысаны. Ол білім берудің ең көне нысаны болып табылады,
өйткені қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды, ойыншыларға өздерін
оқу үрдісінің субьектілері ретінде сезінуге мүмкіндік береді. Мұғалім
ағылшын тілінің әр сабағында ойын әдістерін пайдалануы тиіс. Төменгі сынып
оқушыларының жасы мен психологиясының ерекшеліктерін ескере отырып,
бұл тәсілдер ең тиімді болып табылады.
Шетел тілін оқытудағы білімділік мақсаты шетел тілінде сөйлеуді
үйрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып, қарым қатынасты
нығайтуға ұмтылу болса, тәрбиелік мақсаты өзге адамдарды тыңдау
мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта алу және қорғауға үйрету.
Жаңа ақпараттық технологиялармен қатар, өз сабағымда интербелсенді
оқытуды пайдалана отырып , ойын әдістәсілін қолданамын.Ойын арқылы
ұстаз қойған мақсаттарына жетеді деп ойлаймын.Ойынға қатысушы оқушылар
мұғалімдермен өзара қарымқатынастарын көтереді , әрі өздерінің
қабілеттерін тексеруге мүмкіндік тудырады, сонымен қатар ұйымдастыру
қабілеттерін арта отырып сабақ кезінде қуаныш сезімін оятады.Оқу үрдісінде
тиімді ойындардың бірі төмендегідей:
Рөлдік ойындар.
2. Іскерлік ойындар.
А) Іскерлік оқу ойындары: саяхат ойындары;блиц ойындары.
Ә)Өндірістік ойындар.
Ойынды сабақтың әр кезеңінде пайдалануға болады. Мысалы, ұйымдастыру
бөлімі кезінде фонетикалық рифмовка алуға болады. Бұл кезеңде балалардың
сабаққа қызығуын жоғалтып алсақ, олардың тілді әрі қарай меңгеруі қиынға түседі. Сондықтан, сабақ арасында ойын элементтерін қолдану сабаққа
қызығуын, белсенділігін, ойлау қабілетін дамытуға, жаңа сабақты пысықтау
кезеңін сапалы өткізуге материалды толық меңгеруге көмектеседі. Осы
орайда жалпы баланың қызығушылық деңгейін арттыруға болатын бірнеше
ойын түрлеріне тоқталмақпын. Ойындар бес негізгі түрге бөлінеді:
1)үстел үсті ойындары
2)дидактикалық ойындар
3)қозғалыс ойындары
4)іскерлік ойындар
5)танымдық ойындар
І. Үстел үсті ойындары.
Оқушылардың зейінділігін дамытатын, ойөрісін кеңейтетін құрал. Сыныпта
стол үсті ойындарын топтық және дара жұмыста қолдануымызға болады.
Бұған ребус, кроссвордтар жатады, оларды тақтада, ватман қағазында, қима
қағаздарда немесе компьютерде орындауға болады. Бұл ойындарды
қорытынды, білімді тиянақтайтын сабақтарда қолданған тиімді.
ІІ. Дидактикалық ойындар.
Оқушылардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын
дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кезкелген оқу материалын қызықты да
тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің
жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі.
Мысалы: «Алфавит ойыны». Бірінші оқушы: «Apple...» деп, «А» әрпінен
басталатын сөзді айтады , келесі оқушы бірінші оқушының сөзін қайталап, «В»
әрпінен басталатын сөз айтады (ex : box) т.с.с
ІІІ. Қозғалыс ойындары .
Бұл ойындар оқушылардың ісәрекеттерін бір түрінен басқа түріне тез
ауысуға көмектеседі және ешқандай арнайы дайындықты талап етпейді.
Бұларды жабық бөлмеде немесе ашық аланда да өткізе аламыз.
IV. Іскерлік ойындар . Оқушылардың оқу мазмұнын терең меңгеруге және пысықтауға ықпал етеді.
Олар саяхат сабақтарда белсене қатысуымен, ауызша мәлімдеуімен,
күйзелуімен білімдерін жандырады. Іскерлік ойындар оқушылардың қиялын
дамытады, салыстыруға және дәлелдеуге үйретеді.
V.Танымдық ойындар.
Бұл ойындар оқушылардың зор белсендігін оятады. Бұл категорияға
«ұғымталдыққа, жүйріктікке, зеректікке» бейімделген тапсырмалар –
шарадалар, жұмбақтар, бас қатырғыштар жатады.
«Hello» ойыны
Мақсаты: балаларға амандасу және өзін – өзі таныстыруды үйрету.
Барысы: педагог қолына карточкада сабақтың кейіпкерлерінің бейнеленген
суреттерін балаларға көрсетіп ұстап, айтады. «Hello. I am Mum». Балалар
көрсетілген кейіпкермен амандасады, танысады.
«Guess who?» ойыны
Мақсаты: мамандық атауларының айтылуын меңгерту, логикалық ойлау
қабілетін дамыту.
Барысы: балаларға бір ересек адамның басы бейнеленген және жан – жағына
бір мамандық иесінің құралдары бейнеленген суреттер кезек – кезек
көрсетіледі. Педагог әрбіреуін көрсетіп: «Guess who?» деп сұрап отырады.
Балалар қоршаған заттарға қарап, қай маман екендігін тауып айтады.
«Whose cage?» ойыны
Мақсаты: логикалық ойлау қабілетін дамыту, жаңа сөздерді белсендіру.
Барысы: жануарлардың атауын ағылшын тілінде атау, көлемі мен пішінінің
ерекшелігіне қарай торын тауып көрсету (Elephant – үлкен торда тұрады).
«Who likes…?» ойыны
Мақсаты: жаңа сөздердің айтылуын меңгерту, тақпақты жаттату.
Барысы: балалардың алдына жануарлардың (аю, қоян, ит, қораз) кескіндері
және қырыққабат, ет, бал, дәннің суреттері беріледі. Педагог тақпақ
жолдарын айтады, балалар айтылған жануардың нені жақсы көретінін
суреттен тауып көрсетеді немесе жанына орналастырады.
«Find and say» ойыны
Мақсаты: жаңа сөздерді үйрету, ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Барысы: үй жануарларының мүсіндерін тарының арасынан тауып алады,
атауын ағылшын тілінде айтады. «Is it» құрылымымен танысады. «Pass and say» ойыны
Мақсаты: жаңа сөздердің айтылуын үйрету, есте сақтау қабілетін жақсарту.
Барысы: педагог шеңбер бойымен тұрған балалардың біріне сағат тілі
бағытымен қарындаштың бірін түсін айтып, ұстатады. Алған бала сөзді
қайталап келесі балаға ұстатады, осылайша қарындаш педагогтің өзіне қайтып
келеді. Барлық қарындаштарды шеңбер бойымен түсін айтып жүргізіп
шығады.
«Green, green, yellow» ойыны
Мақсаты: естіп түсінуді қалыптастыру, қимыл – қозғалыс аппаратын дамыту.
Барысы: педагог балаларға ойын бағдаршам түсіне сай ойналатындығын
түсіндіреді. Түстердің атауын ағылшын тілінде өзі айтып тұрады. Балалар
шеңбер бойында немесе өз қалаулары бойынша бөлме ішінде жүре бастайды.
Айтылған түске сай жүреді, тоқтайды, баяу қозғалады.
Сабақтың тақырыбы: Дене мүшелері
1. “Let's fly” ойыны
Мақсаты: Ойын арқылы жаңа сөздерді меңгерту.
Күтілетін нәтиже: балалар жаңа сөздерді тез меңгереді.
Шарты: Бұл ойында оқушылар орындарынан тұрып, қолдарын екі жаққа
көтеріп құс тәрізді ұшады, бірге let's fly, fly, fly деп айтады. “Nose” (face, head,
hand) деген сөзді естігенде мұрындарын ұстау керек. Қателескен бала
ойыннан шығады.
“ Hands uphands down” қимылды ойыны
Мақсаты: жеңіл қозғалыстармен баланың ойын әрекетіне тартылуын ояту,
көңілкүйін көтеру.
Күтілетін нәтиже: балалар жаңа сөздерді меңгере отырып, дене мүшелерін
көрсете алады.
Шарты: Мұғаліммен бірге қимылдайды. Бірнеше рет қайталайды.
Cергіту сәті: “Head, Shoulders, Knees and Toes”
Мақсаты: балалардың белсенділігін арттыру.
Күтілетін нәтиже: жаңа сөздерді меңгереді.
Шарты: қимылдарды қайталайды, бойын сергітеді. “Hot chair” ойыны
Мақсаты: Балалардың тілге деген қызығушыығын арттыру.
Күтілетін нәтиже: байқампаздығы артады.
Шарты: 1. Топтың алдында 2 орындық қойылады. Біреуі – «true», екіншісі–
«false». Тақтаның алдына 2 бала шақырылады. Мұғалім өткен тақырып
бойынша сөздерді айтады. Балалар естісімен екі орындықтың біреуіне жүгіріп
отырады. Дұрыс отырмаған бала ойыннан шығады.
“Mirror” ойыны
Мақсаты: Тілді дамыту
Күтілетін нәтиже: Зейіні қалыптасады.
Шарты: Айнадан шыққан суреттегі отбасы мүшелерін ағылшын тілінде атау.
Сертігу сәтінде ойналатын ойындар
Сергіту сәтінде: Бір баланы ортаға шығарамызда, қалған балалар одан
ағылшын ша сұрайды:
1. How are you?
I am fine.
2. How are you?
I am good.
3. How are you?
I am hungry.
Одан 3 рет сұрағанда оның қарны аш екенін білдіріп, балаларды қуалайды.
Сергіту сәтінде: Балаларға айтқанда бірінші (педагог) өзіміз қолымызбен
түсіндіріп көрсетіп аламыз, содан кейін, оларға команда бергенде балалар іс
әрекетімен көрсетеді:
One, two, three, four.
Look at the window, look at the door,
Look at the ceiling, look at the floor.
One, two, three, four.
Аққала салу ойыны
Сабақты қортындылау кезінде қолдануға болады: Аққала саламыз: Snowman:
ойын кубик арқылы жүргізіледі. Балалар кезекпекезек ортаға шығып, кубикті
лақтырады, кубиктің түскен бетіндегі сандар бойынша аққаланы жасаймыз.
“Magic sack” ойыны
Өткен және жаңа сабақты қортындылауда сиқырлы қаптағы заттарды
оқыту үшін бәрін стол үстіне жинап қойып, оларды қайталату керек. Содан соң бірбірден тығып, өздеріне таптыру керек. Мысалы: Close your eyes! Open
your eyes! What“s missing?.
«Лото»
Қажетті суреттерді тауып, оларды картон қағазға жапсыру: жемістер,
көкөністер, киім, ыдысаяқ, жануарлар, гүлдер, жиһаздар және т.б. суреттер.
Ойынға арналған белгілі бір сюжет бейнеленген үлкен карта жасау керек,
картаға қажет кішкене карточкалар әзірлеу қажет(әрбіреуінде сюжеттің бір
бөлігі бейнеленуі тиіс).
Балалар кішкене кеарточкаларды алып үлкен картадағы бос торкөзге
толтырулары тиіс. Балалар карточкаларды кезекпен кезек алады. Егерде
қажетті карточка болмаса, оны мұғалімнің қолындағы қорапқа қайтарады.
Бұл жарыс – кім бірінші торкөзді жабады деген.
Бұл ойын үшін белгілі бір тақырыпқа(көкөністер, жемістер, киім,
жануарлар....) байланысты келесі лексиканы және сөз тіркестерін қолдануға
болады:
What is it?
It is a crocodile.
Have you a crocodile?
Yes, I have a crocodile. (No, I have no crocodile.)
«Сурет құрастыр»
Ойын мына жолмен дайындалады: қалың қағазға немесе картонға сурет
жапыстырылады. Шыққан қалың картаны бірнеше бөлікке қиып
тастайды(6,8,10). Балаларға осы бөліктерден толық сурет шығарып, оны
ағылшынша атауға ұсыныс жасалады.
Бұл ойын үшін белгілі бір тақырыпқа(көкөністер, жемістер, киім,
жануарлар....) байланысты келесі лексиканы және сөз тіркестерін қолдануға
болады:
What is it?
It is a peach.
«Бұл ненің иісі?»
Бұл ойын туған күнді тойлауға арналған ең жақсы ойын болып есептеледі.
Бұл үшін әртүрлі тамақ түрін, көкөністер мен жемістер, гүлдер жинау қажет.
Ойынға қатысатын адамның көзі орамалмен байланып, берілген тамақ
түрлерін оған иісін көруге беріледі. Ал ойыншы сезген иісінің неге тән екенін
табуы тиіс.
It’s an orange.
«Кейіпкер қай елден?»
Американ, ағылшын және қазақ ертегілерінің, мульфильмдернің
кейіпкерлерінің суреттерін, және керекті елдердің туларын салу қажет. Ойынға қатысушылар екі командаға бөлінеді: бір командадағылар екінші
командадағыларға сұрақ қояды, ал олар өз ретінде жауап беріп өз елінің туын
көрсетеді. Кезекпен әртүрлі елдердің кейіпкерлері шығады және мынадай
диалог шығады:
Where do you live?
I live in America (Kasakhstan, Britain).
Қорытынды
Балаларды қазіргі замандағы оқыту барысында,әсіресе шетел тілін меңгеру
мәселелерінің бірі болып табылады. Шетел тілі коғамдық өмірдегі қамтамасыз
етудің құралы болуға, ол тек жоғары оқу орындарында, мектептерде ғана
емес, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балаларды оқытатын және
тәрбиелейтін мекемелерде білім берудің негізгі міндетті компонентіне
айналуда .
Шетел тілін ерте оқыту бүкіл әлемдік көп денгейлі тілде және мәдениетке
деген қызығушылықты туғызу үшін тамаша мүмкіндіктер жасайды,
коммуникативтік тіл ерекшілігін дамытуға ыкпал етеді, баланың ойлауына ,
танымына және есте сақтауына жайлы әсерін тигізеді. Бірақ мектеп жасына
дейінгі балаларга тән шыдамсыздык, назар аударудагы тұрақсыздық тез қажу,
шаршағыштық сияқты кейбір теріс қылықтарын ескере отырып, ағылшын тілін
ойын түрде өткізу керек.
Қазіргі кезде алдында туған өзекті мәселе бұл жанжақты дамыған, көп тілді
меңгерген шығармашылық тұлға қалыптастыру. Баланы шет тілінде қарым
қатынас жасап, сөйлеуге ерте жастан бастап үйрету қазіргі кездегі өзекті
мәселелердің бірі. Балаларға жас ерекшіліктеріне сай тілді менгертіп, басқа
халықтын мәдениеттерін әрі дүниежүзі мәдениетіне жол ашуға мүмкіндік
береді.
Сондықтан да бүгінгі өскелен уақыт талабына сай білім беруді одан әрі
жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге
жүрері анық.Балабақшада берілген барлық білім барлық білімнің бастамасы
әрі жан жақты дамыту түпкі негізінен қалайтын орын. Сондықтан да,
балалардын ой өрісін үздіксіз дамыту үшін сабақты ойын арқылы өткізудің
маңызы зор. Дыбыстарды дұрыс айту, үйрету үшін артикулясына айрықша
көңіл бөлеміз тілдің, еріннің, тістің, жақтын атқаратын қызметін көрсетіп
түсіндіру қажет. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне, дыбыстарды
дұрыс дыбыстауға үйрету.
Қорытындылай келе, ойындар балалардың таным белсендігін
жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез
келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңіл
күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және өтілген
тақырыпты жеңіл меңгеруге көмектеседі. Тақырыпты ашу барысында ойын
арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі қолданылып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана педагогтың тақырып мақсатын ашуына
мүмкіндік береді.Ал, дұрыс таңдау үшін балалардың психологиялық және жас
ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін білу керек. Тек қана осы жағдайда ғана, біз
күткен нәтижелерімізге қол жеткізе аламыз. Тиімді қолдана білген кез келген
технология білім сапасын арттыратыны хақ. Дамыған елу мемлекеттің
қатарына кіру үшін білімді ұрпақ тәрбиелейік. Себебі, Қазақстанның
болашағы білімді ұрпақтың қолында. Қазіргі жастар ертеңгі Қазақстанның
болашағы. Сөзімді ұлы Абайдың мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді.
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға!
Осыдан келіп ойын туралы мынандай тұжырым жасалады:
а) ойын – тәрбие құралы, ақылойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады,
өмірді танытып, сезімді кеңейтеді тәрбиелейді.
ә) ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді. б)
ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
в) эстетикалық тәрбие беру – өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына
айналады.
г) еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
д) дене күшінің жетілуіне көмектеседі – ойын баланы жанжақты жарасымды
тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі 1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру
тұжырымдамасы// Қазақстан жоғары мектебі. – 2004. №1
2. 2. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан халқына Елбасының жолдауы. «Жаңа
әлемдегі жаңа Қазақстан» 2007. 28 – ақпан
3. Үш тілдегі дидактикалық ойындар жинағы. Әдістемелік құрал. Астана.
2015ж. 35 б.
4. Кадыргалиева С.И. Есбергенова Г. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын
тіліне оқыту. Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті. 2015 ж. 1014 б.
5. Верещагина И.Н.,Рогова Г.В. «Методика обучения английскому языку
на начальном этапе в общеобразовательных учрежденях.»
6. English. Play and Learn. №7\2015 ж.
7. Нұрғаева Г. Ойын сабақ // Бастауыш мектеп, 2001, №7. Б. 4046 б.
8. Витлин Ж.Л. Эволюция методов обучения иностранному языку в XX
веке /Ж.Л. Витлин // Иностр. языки в школе. 2016. № 2. С. 2329 б.
9. Мектептегі шет тілі журнал №1 ( 31)қаңтарақпан 2017 ж.1011.
10. Қасенова. Д. А. Шетел тілін оқыту әдістемесінде
коммуникативтік біліктілікті қалыптастырудың артықшылықтары мен
принциптері. Республикалық әдістемелікпедагогикалық журнал
«Мектептегі шет тілі» №1/ 2017 ж. 15 б.
Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін қолдану.
Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін қолдану.
Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін қолдану.
Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін қолдану.
Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін қолдану.
Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін қолдану.
Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін қолдану.
Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін қолдану.
Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін қолдану.
Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін қолдану.
Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін қолдану.
Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін қолдану.
Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін қолдану.
Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін қолдану.
Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін қолдану.
Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін қолдану.
Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін қолдану.
Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін қолдану.
Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін қолдану.
Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін қолдану.
Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда ойын элементтерін қолдану.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.