Публикация является частью публикации:
Мақсаты:
Мектепке дейінгі жасындағы баланы театр түрлері арқылы шығармашылық және парасаттылық қабілеттерін жан-жақты дамыту ;
- Сөз өнерін қастерлей білуге, өз білімін көтеруге, шешендікке баулу.
- Балалардың сөздік қорларын байытып, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу;
- Театрлық іс - әрекетті ертегілерді пайдалана отырып – ойын дамыту.
Міндеттері:
Балалардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениеті мен ой - өрісін, дүниетанымын жетілдіру.
Балаларды адамгершілікке баулу, ойын нақты тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға баулу.
Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту, ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру.
Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру..
Жоспары:
І. Кіріспе
Мектепке дейінгі баланы оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі
театрлық қойлымдардың рольі.
II. Негізгі бөлім
а)Театрланған ойындардың жіктелуі мен түрлері
б) Театрландырылған іскерлік арқылы шешілетін
өзімнің педагогикалық тәжрибемнен
IIІ. Қорытынды бөлім
IV. Әдебиеттер
Драматизация
Драматизациялық ойында бала – артист, интоноция, мимика, пантомима арқылы өз бетімен бейне жасайды, өзіндік әрекет етіп рөлді ойнайды. Бұрыннан жасалған саханалық қойылымда бала ойын – драматизациясында қандай бір сюжетте ойнайды. Ойын драматизациясы көрерменсіз музыкалық сипаттағы орындау болады.
Режиссерлық
Режиссерлық ойында балалар әрекет етуші бейне болмайды, өзі режиссер және сахна қоюшы рөлінде ойнайды, ойыншықтардың орынында болады. Мұнда бала қозғалмайтын пішіндер және ойыншықтармен әрекет етеді, сондықтан ойында интонация мен мимика ерекше орын алады.
Трафарет театры
Балалар сүйікті кейіпкерлер бейнесін
трафараттан ойып, бояп жасайды.Ертегіні
немесе оқиғаны осы кейіпкерлері
арқылы көрсетуді
Трафарет театры деп атайды
Күтілетін нәтиже
Балалардың шығармашылық қабілеттерін,
сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін,
дүниетанымын жетілдіруде театр ойындар түрі
тиімді нәтиже береді
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.