Мектепішілік олимпиада тапсырмалары. 4 сынып
2011-2012 оқу жылы.
Ана тілі
1. « Туған жер», « Ата-бабам аңсаған тәуелсіздік тұғырым» тақырыптарына шығарма жаз
.
2. Мына сөздерге мағынасы жуық сөздерді тауып жаз.
Талант-
Инабатты-
3. Жауабы: Күнделік, теледидар, компьютер болатын жұмбақтар құрастыр.
4. Жағымды қасиеттер туралы бірнеше сөз жаз.
5. «Отан», « Астана», « Туған жер» тақырыптарына өлең құрастыр
6. Мына сұрақтардың жауабын толық жаз.
1) Ел рәміздерін ата, қай жылы қабылданды?
2) Ұлттық теңгеміз қай жылы қабылданды?
3) Ата заңымыз қай жылы қабылданды?
4) Әнұранымыздың авторларын ата
5) Ақмола қаласына қай жылы Астана аты берілді?
6) Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
7) Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесің
8) Ерулік деген не?
Мектепішілік олимпиада тапсырмалары. 4 сынып
2017-2018 оқу жылы.
Математика
1. Сырғауыл биіктігі -20м. Ұлу күнде 5 құлаш жоғары шығып, ал түнде 4 құлаш төмен түседі. Ұлу неше күнде сырғауыл басына шығады?
2. Аулада тауықтар мен қойлар жүр. Бастары 5, ал аяқтарының саны -14.
Неше тауық, неше қой ?
3. 4 метрлі бөренені жарты метрлерге кесу керек. Бөренені неше рет кесу керек?
4. 1 2 3 4 5 6 7 8 9 сандарының арасына + таңбасын қойып жауабы 100 болатындай 5 есеп құрастыр.
5. Бөлменің ұзындығы 9м, ал ені одан 3м қысқа, ал биіктігі ұзындығынан 3 есе кем. Бөлменің көлемін тап.
6. Теңдеуді шеш.
А) 11086:х=398*27- 10700
Б) 11458: ( 979-х) = ( 3843-800) : 179
7. Баған түрінде орында:
814х509=
189306:234=
75152: 176=
199243: 649=
7. Амалдарды тәртібімен орында.
516600:900+4098+420х28:60-3467=
( 28085:137+405х1002)- 30970:38=
8. Бірінші гүлшоқта 39 түймедағы бар. Бұл 2-ші гүлшоққа қарағанда 3
есе артық. Үшінші гүлшоқта 1-мен 2-ші гүлшоқтарды бірге алғандағыдан 4есе кем гүл болды. Үш гүлшоқта неше гүл болды?
9. Жеңіл машина 80км/сағ жылдамдықпен 3 сағат жүрді. Жылдамдығы жеңіл машинаның жылдамдығынан 4 есе кем велосипедші осы қашықтықты қанша уақытта жүріп өтер еді?
10. Салыстыр:
7т43ц* 114ц
9т22ц 53кг 75000г* 10т
400дм500см* 34м70дм300см2000мм
Мектепішілік олиимпиада тапсырмалары. 4 сынып
2011-2012 оқу жылы.
Қазақ тілі
1. «Наурыз- ұлттық мейрам» тақырыбына шығарма жаз.
2. «Отан», «Астана», «Туған жер» тақырыптарына өлең құрастыр.
3.Мына сөздердің мағынасын жаз:
Жомарт-
Ерулік-
Ықылас-
Талант-
4.Жұрнағы ұяң дауыссыз дыбыстардан басталатын туынды 5 зат есім жаз.
5. Жауабы: Күнделік, теледидар, компьютер болатын жұмбақтар құрастыр.
6. Жолбарыс, жаздыгүні сөздеріне дыбыстық талдау жаса.
7. Мына сұрақтарға толық жауабын жаз.
1. Ел рәміздерін ата, қай жылы қабылданды?
2.Ұлттық теңгеміз қай жылы қабылданды?
3. Ата заңымыз қай жылы қабылданды?
4.Әнұранымыздың авторларын ата.
5.Ақмола қаласына қай жылы Астана аты берілді?
6.Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
7. Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесің
Мектепішілік олиимпиада тапсырмалары. 4 сынып
2017-2018 оқу жылы.
Дүниетану
Жауабын толық жаз.
1. Әлемнің 7 кереметін не?
2. Шығыс Қазақстандағы тауларды жаз.
3. Қазақстандағы ең суы мол өзен?
4. Қазақсандағы ең үлкен көл не?
5. Тас көмірдің сапалы түрі не?
6. Қазақстан қай материкте орналасқан?
7. Шырша неше жыл өмір сүреді?
8. Планетамыздағы ең ірі жануар?
9. Жұмыртқа баспайтын құсты ата?
10. Ауа- райын зерттейтін станция?
11. Әлемдегі ең кішкентай құсты ата.
12. Ең ірі маймыл?
13. Ең биік жануар?
14. Ең ірі бақа?
15. Ең ірі қоңыз?
16. Ең жүйрік аң?
17. Түйе шөлге неше күн шыдайды?
18. Республикамызда заң шығару жұмысымен кімдер айналысады?
19. Қазақстанмен шектесетін мемлекеттерді жаз.
20. Тәуелсіздік күнін ата.
21. Қазақстанда неше облыс бар?
22. 7 жарғы заңын жазған хан кім?
23. Шығыс Қазақстанда қандай қорық бар?
24. Ел рәміздерін ата, қай жылы қабылданды?
25.Ұлттық теңгеміз қай жылы қабылданды?
26. Ата заңымыз қай жылы қабылданды?
27Әнұранымыздың авторларын ата
28.Ақмола қаласына қай жылы Астана аты берілді?
29.Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
30. Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесің
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.