Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан-жақты таныстыру.
2. Дамытушылық: Оқушыларға мемлекеттік рәміздерің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту. Ойлау, сөйлеу қаблеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Отанды сүюге, рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу. (1,2,3,4 слайдтар)
Түрі: ашық сабақ
Әдісі: түсінік беру, оқып-аудару, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: презентация ( ҚР рәміздері, ҚР рәміздерінің сызбасы, ҚР рәміздерінің авторларының портреттері)
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, сабаққа даярлау
II. Үй жұмысы:
Тіл дамыту сұрақтары: (5,6,7 слайдтар)
1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл ?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі
2. Қазақстан қандай мемлекет ?
Қазақстан көп ұлтты, егеменді мемелекет
3. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім ?
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев
4. Қазақстанның бас қаласы және астасын атаңдар.
Қазақстанның бас қаласы және астасы - Астана
5. Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады ?
Қазақстан Республикасының рәміздеріне Ту, Елтаңба, Әнұран жатады
мемл рәміздер саб жосп.doc
Сынып 4б
Сабақтың тақырыбы: Рәміздер күні
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер рәміздермен жанжақты
таныстыру.
2. Дамытушылық: Оқушыларға мемлекеттік рәміздерің аса маңызды екенін, оны
құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту. Ойлау, сөйлеу
қаблеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Отанды сүюге, рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп
тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсінік беру, оқыпаудару, сұрақжауап
Көрнекілігі: оқулық, сөздіктер, ҚР рәміздері, ҚР рәміздерінің сызбасы, ҚР рәміздерінің
авторларының портреттері
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, сабаққа даярлау
II. Үй жұмысы:
Тіл дамыту сұрақтары:
1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл ?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі
2. Қазақстан қандай мемлекет ?
Қазақстан көп ұлтты, егеменді мемелекет
3. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім ?
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев
4. Қазақстанның бас қаласы және астасын атаңдар.
Қазақстанның бас қаласы және астасы Астана
5. Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады ?
Қазақстан Республикасының рәміздеріне Ту, Елтаңба, Әнұран жатады
III. Жаңа сабақ. Ауызша оқыңдар, аударыңдар.
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
Егеменді еліміздің Елтаңбасынан кеңбайтақ Отанымыздың өткен тарихы, бай
дәстүрі, салтсанасы мен жасампаз рухы толық танылады. Елтаңбаның ортасында шаңырақ
тұр, шаңырақты айнала уықтар күн сәулесіндей жарқырайды. Оның екі жағын қанатты
пырақтар көмкерген. Елтаңбаның жоғарғы жағында жұлдыз орналасқан, ал төменгі
жағында “Қазақстан” деген жазу бар. Елтаңба авторлары Жандарбек Мәлібекұлы мен
ШотАман Ыдырысұлы Уәлиханұлы.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – Қазақстан Республикасының
мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі. ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік рәміздері туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленген.
ҚР Мемлекеттік Туының авторы: суретші Ниязбеков Шәкен Оңласынұлы. Қазақстан
мемлекетінің туы көгілдір түсті. Тудың ортасында күн бейнеленген. Күнбейбітшілік
белгісі. Күнің төменгі жағында қыран бейнеленген. Қыран – бостандықтың белгісі. Сол
жағында қазақтың дстүрлі өрнегі бар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
2006 жылдың 7 қаңтарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
қабылданды. Әнұранның сөзін жазғандар – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан
Назарбаев. Ал әнін жазған белгілі сазгер – Шәмші Қалдаяқов. Әнұранды жатқа білу
әрбіріміздің парызымыз!
1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 4маусым «ҚР Мемлекеттік
рәміздер күні» болып белгіленді.
IV. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер:
1. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата. Олар қашан қабылданды?
2. Қазақстан Туы мен Елтаңбаның түсі қандай?
3. Көк түс ненің белгісі?
4. Алтын түс ненің белгісі?
5. Мемлекеттік рәміздер нені көрсетеді?
6. Әнұранның авторлары кімдер?
А) Сөздікпен жұмыс:
Рәмізсимвол
Шаңырақ – купол юрты
Уық – подпорка для купола юрты
Қанатты пырақтар – мифические крылатые кони
Жұлдыз – звезда
Бейбітшілік – мир
Қыранорёл
Бостандықсвобода
Қазақтың дәстүрлі өрнегіказахский традиционный орнамент
Берілген сөздерді тәуелдеңдер: Елтаңба, Ту, Әнұран, парыз.
V. Қорытындылау
VІ. Бекіту.
VІІ. Үй жұмысы: Берілген сөздермен сөйлем құраңдар: Тәуелсіз ел, менің елім, бақыт,
табиғат, Отан.
VІІІ. Бағалау
Мемлекеттик рамиздер
Мемлекеттик рамиздер
Мемлекеттик рамиздер
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.