«Менің мектебім Мешітбай Хасеновтың атымен аталады»
Оценка 4.7

«Менің мектебім Мешітбай Хасеновтың атымен аталады»

Оценка 4.7
Документация
docx
история
3 кл—5 кл
29.11.2020
«Менің мектебім Мешітбай Хасеновтың атымен аталады»
Мектебімізге есімі берілген Мешітбай Хасеновтың өмірбаяны
М.Хасенов тәрбие сағаты.docx

Сабақтың тақырыбы: «Менің мектебім Мешітбай Хасеновтың атымен аталады»

Сабақтың мақсаты: Мектебімізге есімі берілген партизан – жауынгер Мешітбай Хасеновтың өмір жолынан, ерлік істерінен мәлімет беру. Оқушыларға Ұлы Жеңістің қаншалықты қиыншылықпен келгенін түсіндіру. Еліне, жеріне , Отанына деген патриоттық сезімдерін ояту. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Жауынгер атаның өмір жолына қатысты слайд –шоу, фото суреттер, буклеттер. М.Хасеновтың ерліктері туралы жазылған кітаптар көрмесі.

Мұғалімнің кіріспе сөзі : Құрметті оқушылар ,қонақтар Еліміз болып тойлап жатан  Тәуелсіздік Мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Биыл Тәуелсіздігімізге  28 жыл толып отыр. Осы айтулы мереке біздің мектебімізде жыл сайын қос мереке ретінде аталып өтеді, 14 желтоқсан мектебімізге есімі беріліп отырған  жауынгер – партизан Мешітбай Хасенов атамыздың туғанына 105 жыл толады. Бүгінгі тәрбие сағатымыз өнегелі атамыздың өмір жолына , соғыстағы ерліктеріне арналады.

Тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.

Гимн орындау.

Ой қозғау.

1.Оқушылар қалай ойлайсыңдар неліктен біздің мектебіміз Мешітбай атаның атымен аталады?

2.Мектептерге не себепті адамдардың есімі беріледі?

3.Жалпы мектеп тарихы туралы не білесіңдер?

Жақсы балалар ендеше Мешітбай атаның өмір баянымен танысайық

1жүргізуші  Нурбол:Мешітбай Хасенов 1914 жылы 14 желтоқсанда Қызыл қазақ ауылында дүниеге келген.Ұлы атасы Дүттің зираты осы қасиетті топырақта. Өз әкесі Хасеннің  қызметіне байланысты 1932 жылы  Үржарға қоныс аударады. Жастайынан білімге құштар  Мешітбай ата өте сауатты азамат болады. 17 жасынан еңбек жолын бастап,  Комсомол қатарына алғашқылардың бірі болып өтеді.Аудан көлеміндегі ашылған Үржар машина-трактор жөндеу станциясының алғашқы саяси жетекшісі қызметін атқарды.

 2оқушы Мөлдір: 1928 жылдардан бастап ауылдағы жұрттың сауатсыздығын жою мақсатында Қызыл қазақ, Бестерек, Қызыл ту ауылдарын жаяу аралап жүріп,ересектер арасында сауатсыздықты жою науқанына белсене араласады, кешкі мезгілдерде егіншілердің қостарына барып сабақтар жүргізеді. Сауатсыздықты жою жұмысы жаппай жүргізілгенде М.Хасенов 1930 жылдары Бестерек ауылына бекітілген еді.Сол кездегі «Жаңа туған»,»Қызыл ту» ауылдары «Қызыл қазақ» колхозының құрамында болғанда алғашқы комсомол жетекшісінің қызметі Мешітбайға атаға тапсырылады.

   1оқушы Нурбол:Елге алғашқы техника келе бастаған жылдарда Благодарное, Науалы, Көктал, сияқты Қызыл қазақ, Бестерек, Қызыл ту ауылдарын жаяу аралап жүріп, жастардан, әйелдер арасынан трактористер дайындау курстарына белсене атсалысты.1933 жылы Үріжар Машина-Трактор жөндеу Станциясының алғашқы саяси жетекшісі қызметін атқарды.

2оқушы.Мешітбай атаның еңбек кітапшасына тоқталсақ

1931 жылы Үржар ауданының статисы.

Аудандық  “Қызыл ту” газетінің  алғашқы редакторларының бірі.

 1936 жылдан 1945 жылға дейін Қызыл Армия қатарында.

1936 жыл  Ташкент қаласындағы кіші командирлер мектебі.

1936 ж. қырқүйек – 1936 ж. желтоқсанына дейін Горький қаласында Фрунзе атындағы Жоғарғы Әскери- саяси  училище курсанты.

1939 ж. желтоқсан -1940 ж. наурыз Кеңес - Фин соғысында политрук.

1940 ж. желтоқсан – 1941 ж. маусым - КОВО және Биссаров

Ново-Вольнский жерінде рота политругі.

Мұғалім   “... 1941 жыл 21 маусым басқа күндерден еш айырмашылығы жоқ, тек қана мен қызмет атқарып жүрген полк генерал-майор К. Рокоссовский өткізетін саптық сайысқа дайындық жүргізіп жатқан болатын. Ротаның политругі ретінде күні-түні дайындалған бізді сол күні ерте жіберді. 22 күні болатын сайысқа біз дұрыс дем алып, ширақ келуіміз үшін. Бірақ ол саптық сайыс өкінішке орай өтпей қалды. 22 маусым таңғы сағат 5-те дабыл қағылып, “соғыс” деген суық сөз тыныштықтың шырқын бұзды...” М.Хасенов “Болотные волки”66 бет.

Үн таспадан Левитанның соғыстың басталғаны туралы хабары

Мұғалім  - Балалар соғыс деген сөзді естігенде сендердің ойларыңа қандай сөздер келеді?

-Ал,бейбіт өмір десек ше?

Әрине тыныштық,көк аспан ,тәуелсіз,азат елде өмір сүріп жатқан біздер бізге осы бақытты өмірді сыйға тартқан аталарымыз бен апаларымызға қарыздармыз.

 Үнтаспадан Қасым Аманжолывтың  «Мазасыз музыка» өлеңін қосып қою.

(Сендерге тапсырма 1топ Соғыс,2 топ Бейбітшілік 3 топ Тәуелсіздік туралы постер құрыу) Оқушылар жұмыстарын қорғайды.

 (Соғыстың басталғаны туралы видиокөрініс)

Адамзат жер бетінде пайда болғаннан бері 15 мыңдай соғыс болған екен.Бірақ ауқымы мен,құрбандықтары , алапаты жағынан жан түршігерлігі екінші дүние жүзілік соғыс және оның құрамдас бөлігі Ұлы Отан соғысы. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдары Кеңес Одағының құрамдас бөлігі ретінде ат салысты. Сондықтан бұл үрдіске қазіргі тәуелсіз еліміздің тарихының бір кезеңі деп қарауымыз керек.

Соғыс дабылы қағылғанда 1 миллион 196 мың қазақстандық   соғысқа аттанды.630 мың майдангер оралмады.

 1 оқушы.1941 ж. маусым – 1941ж. Қазанда Оңтүстік – Батыс майданында политрук болып соғысқа аттанған Мешітбай Хасенов “Бір қадам артқа баспау!”  бұйрығымен Отан үшін от кешкен жауынгер соғыстың алғашқы айларында қоршауда қалып,  жаудың қолына түсті. 1941 жыл қазан - 1942 жыл мамыр Борисполь жерінде әскери тұтқындарының концлагерінде болады.

 3 оқушы.Концлагер- Әскери тұтқындарға арналған түрмелер. Концентрациялық лагерь соғыс барысында айрықша декреттермен құрылып отырған.1933 ж.  Гитлер үкімет басына келгеннен кейін өз қарсыластарын қуғындау және жойып жіберу үшін осындай лагерьлер құрып.Ол жерлерде тұтқындарды ауыр жұмыстарға салып,азаптайтын.

4 оқушы. Концлагерде жүріп өзінің жерлесі  «8-ші км» (Қазіргі Жанай ауылы) ауылының тұрғыны Кәрім Айсаұлын, Ташкент қаласында бірге оқыған Бердиевпен кездеседі және де Даумов, Мухамеджанов сынды  9 жауынгер бірігіп жау тұтқынынан қашып шығады да 1942 жыл маусым айында Польша жерінде партизан отряттарына қосылады.Осы күннен бастап Мешітбай Хасеновтың партизандық өмірі басталды.

Әскери тәртіп бойынша партизан отрядына қабылданғаннан кейін «Беларусь партизанының Антын»қабылдап, қолдарына қару алды.

  5 оқушы.Партизан соғысы– жау басып алған аумақтарда дұшпанмен күрес жүргізетін жалпы халықтық күрес. Оған жау тылында қимыл жасауға арнайы жіберілген әскери бөлімдер де қатысуы мүмкін.Оған тұрақты армияға кірмейтін жау тылында қимыл жасаушы әскери топтар, жасақтар және бөлімдер қатысады.

6 оқушы: Партизан соғысы карсыластың тірек пунктіне, штабтарына, әскерлеріне және әртүрлі нысандарына тұтқиылдан соққы беру әдісімен, сондай-ақ жекелеген диверсия түрінде жүргізіледі. Партизан соғысының негізгі мақсаттары: қарсы жақтың адам күші мен соғыс техникасын шығынға ұшырату, оны басқару, қатынас жасау орталықтарының, тыл органдарының қалыпты жұмысын бұзу, үрей туғызу.

7 оқушы.

Жұмағали Сайн «Түн қатады партизан»

Қаңтар күні қарт боран

Жынданады айғай сап

Аш арыстан сымбатты

Азу тісі сақылдап

Абыржымай ақырын

8 оқушы.

Теңселеді қара орман

Мұздай темір құрсанып

Түн қатады партизан

Түн қатады партизан,

Қар құшады,мұз жайлап,

Қалтырамас біреуі

Кәр қылсаң да ойбайлап

9 оқушы.

Қатал қайсар жүрегі

Қайтпас боран кәрінен,

Қымбат елдің намысы

Партизанға бәрінен.

10 оқушы.

Жүрегінде тулаған

Намысы бар, ары бар,

Қайғысы бар ,зары бар.

Қанды жас аққан көзінен

Ыза менен мұң басып,

Қатын ,бала кегі үшін

Жүрген жандар түн қатып.

11 оқушы.

Ауыр қолы бұлардың,

Қарулары алмастан.

Қалтырайды фашистер

Маңайына бармастан.

Қатал,қатал партизан!

Қаңтарданда алды тар,

Қатал бол деп үйреткен

Туған бала,сүйген жар.

12 оқушы.

Бұлқыда,боран,жындана!

Кең даланы қар бассын,

Кегін алсын партизан,

Фашистерді қан бассын!

Қара орманды шайқалдтып,

Кәрі еменнің басын и!

Қан жорықтан оралып,

Партизандар тартсын сый.

13 оқушы:

Тарихшылардың зерттеуі бойынша Ұлы Отан соғысында 3,5 мың қазақстандық жау тылында партизандар қатарында болған екен.Олардың қатарында аттары аңызға айналған Қасым Қайсенов ,Әди Шарипов аталармен қатар Мешітбай ата да болған.

1оқушы.1942 жыл маусым – 1944 жыл шілде Киров атындағы  партизан отрядының құрамында болды.

Қатардағы партизаннан Взвод командиріне дейін өсті.

2оқушы.1943 жылы ол Киров атындағы партизан отрядына Штаб бастығы болып тағайындалды.1944 жылы Киров партизан бригадасының Калинин атындағы отряд командирі болып жүргендегі жасаған ерліктері туралы  Е.С.Корждің «Вся жизнь Отчизне»  кітабінан танысуға болады. 

 Кітап үзінділеріне тоқталсам   Киров атындағы партизан отрядында жүрген кезіндегі  ерліктері туралы 1942 жылы 22 маусым 1942 жыл Ловча районының темір жол учаскесінде М.Хасеновтың ротасы бірнеше темір жолдарды істен шығарып, майданға кетіп бара жатқан жау эшелонының жолын кесті. 2 паровоз, бірнеше вагон қирап, тоқсан неміс өлді, 120 гитлершілдер жараланды.

    26 маусым күні Микошевич пен Ситница станцияларында темір жол эшелондарына жарылғыштар қойылып, 23 вагон істен шықты, 9 адам өлді.

   16 шілде күні М.Хасеновтың ротасы Ситенка өзеніндегі көпірді жарып, Ситницей мен Сенкевичи арасындағы қатынас жолы үзілді. Осындай қарқынмен Хасеновтың ротасы жауға тылдан соққыны үдетіп жеңіске өз үлестерін қосты.

     1942 ж Киров атындағы партизан отряды 12 жау эшелонын, 8 темір жол көпірін 5 жау гарнизонын талқандады.Рельстерді қирату ,істен шығару сөғыс кезінде «Рельс соғысы»Деп аталатын...

Н.Едыгеновты «Участие Казахстанцев в партизанском движении в  Белорусси в годы Великой Отечественной войны» ,  Корж «Вся жизнь -Отчизне » атты кітаптарында ...

 Киров атындағы бригадада 6 қазақстандық жауынгер болды,олардың екеуі осы отрядтың бірінші күнінен яғни 1942 жылдан бастап құрамада болды.Олар Семейлік Мешітбай Хасенов пен Андрей Мухаметжанов. Хасенов Мешітбай Қызыл Армияның аға лейтинанты қоршаудан қашып шығып Кубасов атындағы партизан отрядына қабылданып, ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында рота жетекшісі болып тағайындалады.1943 жылдың сәуір айынан бастап Киров атындағы отрядтың штаб бастығы , ал 1944 жылдан Калинин атындағы партизан отрядының командирі болып тағайындалды.

Сол бір ауыр күндерді ардагер партизан өз естелігінде былай деп  еске алатын «Жау езгісінен азат етілген беларусь бауырлар Кеңес өкіметін құшақ жая қарсы алды.Олар өзінің халықтық өкіметін нығайтуға, соғыста бүлінген шаруашылықты қалпына келтіруге ат салысты.Мен ол халықты аса жоғары бағалаймын. Беларусьтар менің нағыз бауырларым сияқты»

1 оқушы. Мешітбай ата Белорусияны азат еткеннен кейін сол жақта әскери қызметте қалып, елге соғыстан кейін оралды.Белоруссия жеріндегі партизандық өмірдің ауыртпалығын бірге көрген қарулас бауырлармен өмірінің соңына дейін хат жазып, хабарласып тұрды.

2 оқушы. Партизан жауынгерді тек қана қаруластары ғана емес белорусь жеріндгі жас ұрпақтар да Жеңістің 30 -35-40 жылдығында шақырулар мен хаттар жолдап тұратын. Мысалы: Пинск қаласынан, Электросталь қаласынан, Минск қаласынан, Гомень, Люмблинск елді – мекендердегі мектеп оқушылары өздерінің ыстық ықыластарын білдіріп, кездесуге шақыратын.

Мұғалім Ерлік ешқашан елеусіз қалмайды, Отан алдындағы еңбегі мен ерліктері үшін алған марапаттары 

1941-1945 жж Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін” медалі – 14 қаңтар 1946 жыл

“Қызыл Жұлдыз” ордені – 8 сәуір 1971 жыл

“Октябрь революциясы” ордені

“Құрмет белгісі” ордені – 23 маусым 1966 жыл

“1941-1945 жж Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 20 жыл” медалі – 8 қазан 1966 жыл

1968 жылы есімі “Қазақ ССР-нің Құрмет Алтын Кітабіна” еңгізілді

“КСРО Қарулы күштердің 50-жылдығына” – 8 мамыр 1969 ж.

“1941-1945 жж Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 30 жыл” медалі – қыркүйек 1976 жыл

“Құрмет дипломы” – 23 ақпан 1978 жыл

“КСРО Қарулы күштердің 60-жылдығына” – 21 тамыз 1978 ж.

1 оқушы Мешітбай Хасеновтың ерліктері туралы

Е.С.Корж “Вся жизнь - Отчизне”

Н.Едігенов “Шла война народная”

Н.Едігенов “Участие Казахстанцев в партизанском движении в Белоруссии”

Политучебник “На страже” (296 – 297 беттер)

“История Великой Отечественной войны (1941 – 1945 гг.) (ІІІ том 464 бет)

К.Наумов “Лесная война”

Н.С.Федотов - начальник штаба Пинского партизанского соединения в газете “Полесская правда” № 112, 1972 жыл 14 шілде газеттерімен қатар Мешітбай атамыздың етігімен су кешіп,бораған оқтың астында халқының аманатын адал орындаған шағындағы майдандас жолдастары туралы басынан кешкен қиыншылықтары туралы жазылған 14 қолжазба еңбектерінің негізінде құралған «Болотные волки» кітабы бар.

 Мұғалім  1980 жыл арамыздан батыр атамызды алып кетті.Бірақ дүниеде не өлмейді,батырдың аты өлмейді,ғалымның хаты өлмейді дегендей Мешітбай атаның аты мәңгі өшпейді.Ендеше балалар бүгінгі сабақтан не себепті біздің мектебіміздің аты Мешітбай атаның атымен аталатыны сендерге түсінікті болды ма?

 2оқушы.Бүгінгі күнде Мешітбай Хасенов атында ауданымызда 1 мектеп,1 көше бар.Қасиетті Отаны мен ардақты халқының бостандығы мен тәуелсіздігі жолында, болашақ ұрпақтарының бақыты үшін майдан даласында жанқиярлықпен ерлік көрсеткен Жеңіске баға жетпес үлес қосқан атамыздың жарқын бейнесі санамыздан,көз алдымыздан мәңгілік өшпес те, өлмек де емес.

Барлығы бірге:Мешітбай ата ,ел алдында борышыңды ақтадың

                          Ата жолы-ерлігімен,өрлігін сен сақтадың

                          Енді мәңгі тыныш ұйқта туған жердің қырында

                           Бүгінгі ұрпақ есіміңді есте мәңгі сақтасын.

             Бір минут үнсіздік жариялап.

Кітап көрмесіне шолу жасау


 

Скачано с www.znanio.ru

Сабақтың тақырыбы: «Менің мектебім

Сабақтың тақырыбы: «Менің мектебім

Машина-Трактор жөндеу Станциясының алғашқы саяси жетекшісі қызметін атқарды

Машина-Трактор жөндеу Станциясының алғашқы саяси жетекшісі қызметін атқарды

Борисполь жерінде әскери тұтқындарының концлагерінде болады

Борисполь жерінде әскери тұтқындарының концлагерінде болады

Партизанға бәрінен. 10 оқушы

Партизанға бәрінен. 10 оқушы

Е.С.Корждің «Вся жизнь Отчизне» кітабінан танысуға болады

Е.С.Корждің «Вся жизнь Отчизне» кітабінан танысуға болады

Мұғалім Ерлік ешқашан елеусіз қалмайды,

Мұғалім Ерлік ешқашан елеусіз қалмайды,

Енді мәңгі тыныш ұйқта туған жердің қырында

Енді мәңгі тыныш ұйқта туған жердің қырында
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020