"...Патриот - ол Қазақстанды шын сүйетін, ұлттық құндылықтарды қастерлейтін, бойында адалдық, ар-намыс, ізгілік қасиеттері бар, халқының дәстүрі мен Отанына деген сүйіспеншілігі мол адам"
Нұрсұлтан Назарбаев
Ерте заманда қазақтың тілінде «патриотизм» деген сөз болмаған. Бұл ұғым Қазан төңкерісінен кейін сөз қорымызға енді. Патриотизмнің негізгі мағынасы әр азаматтың ұлтын, Отанын сүюден туындайды. «Патриотизм» - гректің сөзі. Оның қазақшасы – жерлес, отандас дегенді білдіреді, яғни Отанын, ұлтын сүю, оны жаудан қорғау.
Қазақтар ежелден басқа халықтардай Отанын, ұлтын сүйген. Батырларымыз бастаған қазақ халқы Отанын, жерін, ұлтын жаудан қорғаған. Қазақтың ұлтжандылығы, отансүйгіштігі ежелден қалыптасқан. Оған қазақтың мақал – мәтелдері де дәлел. Мәселен, туған жер, Отан туралы мақал – мәтелдер:
«Туған жерге туың тік».
«Ит тойған жеріне,
Ер туған жеріне».
«Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас» т.б. болып кете береді.
Менің көзқарасымдағы патриотизм Ешімханова Б.Қ..docx
№18 ЖББОМ КММ
11 сынып оқушысы
Қарағанды қаласы
Ешімханова Балжан Қаупенқызы
Туған жылы: 19.08.1998 ж.
Мекен – жайы, телефоны: 22 – 24 – 51, т. 329278
Жетекшісі: Омарова Гульшат Амангельдиновна
Тарих пәні мұғалімі
т. 531362, ұ.т. 87001086805
Менің көзқарасымдағы патриотизм
"...Патриот ол Қазақстанды шын сүйетін, ұлттық құндылықтарды
қастерлейтін, бойында адалдық, арнамыс, ізгілік қасиеттері бар, халқының
дәстүрі мен Отанына деген сүйіспеншілігі мол адам"
Нұрсұлтан Назарбаев
Ерте заманда қазақтың тілінде «патриотизм» деген сөз болмаған. Бұл ұғым
Қазан төңкерісінен кейін сөз қорымызға енді. Патриотизмнің негізгі мағынасы әр
азаматтың ұлтын, Отанын сүюден туындайды. «Патриотизм» гректің сөзі. Оның
қазақшасы – жерлес, отандас дегенді білдіреді, яғни Отанын, ұлтын сүю, оны
жаудан қорғау.
Қазақтар ежелден басқа халықтардай Отанын, ұлтын сүйген. Батырларымыз
бастаған қазақ халқы Отанын, жерін, ұлтын жаудан қорғаған. Қазақтың
ұлтжандылығы, отансүйгіштігі ежелден қалыптасқан. Оған қазақтың мақал –
мәтелдері де дәлел. Мәселен, туған жер, Отан туралы мақал – мәтелдер:
«Туған жерге туың тік».
«Ит тойған жеріне,
Ер туған жеріне».
«Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас» т.б. болып кете береді.
Мақалмәтелдердің өзі қазақтың елін, жерін, отанын сүюуінің негізі болып
табылады. Қандай бір халық болмасын отанын, елін, жерін сүймейтіні жоқ.
Соның ішінде қазақ халқы да жалпы шығыс, оның ішінде түркі тілді халықтардай
отанын, жерін, суын, табиғатын сүюге жастарды тәрбиелеу көне заманнан өзімен
бірге дамып келеді.
Отансүйгіштік – мемлекет азаматы ретінде әрбір адамның бойында болуы
керек қасиет. Бұл қасиетті адам бойына бала кезден дарыту керек. Себебі, бала
– елдің ертеңі. Ол қазірден бастап өз елін, жерін, Отанын жантәнімен сүйіп, қастерлейтін болса, ересек адам болғанда нағыз мемлекет қамқоршысына
айналады. Ал мұндай азаматтардың көп болуы мемлекет ғұмырын ұзаққа
апарып, оның шаңырағын биік, босағасын берік етеді. Сырттан келетін ешбір
жау жүректері отансүйгіштікке толып тұрған азаматтары бар елдің іргесін
шайқалта алмайды. Бұл тарих сахнасында да талай мәрте дәлелденген қағида.
Талай ғасыр өзге мемлекеттің отарында болып келген қазақ халқыныңда елі десе
жанын беретін нағыз патриоттары барлық уақытта болған. Олар елінің азаттығын
аңсап, халқының бостандығын тілеп, сол жолда өмірлерін қиды. 19171920
жылдардағы «Алаш» партиясының қайраткерлері патриотизмнің айқын
белгілерін көрсетіп кетті. Олар халқының егемендігі жолында еш нәрседен
тайсалған жоқ, ешкімнен қорықпады. Шындықты бетке айтты. Бұл тұлғалар
қазіргі ұрпаққа отансүйгіштіктің не екенін түсіндіріп кеткен қайталанбас
жандар. Осы ұлы тұлғаларымыздың жолын қуып, Отанына адалдығын мәңгілікке
дәлелдеп кеткен тағы бір қазақ азаматтары – Желтоқсан құрбандары. Қайрат,
Ербол, Ләззат сияқты жапжас студенттердің өз Отандары үшін көрсеткен ерен
ерліктерін бәріміз жақсы білеміз. Олар қазақ елінің болашағы үшін өз өмірлерін
қиды. Елін, жерін, Отанын шексіз сүйетін бұл жастар қазақ халқының тәуелсіздік
алуына зор үлестерін қосты. Міне, осы оқиғалар мен ондағы кейіпкерлердің
істеген ісәрекеттері отансүйгіштіктің, патриотизмнің ең үлкен мысалы болып
табылады. Сонымен қатар, өзге ұлт өкілдері де жан аямай ат салысқан, ортақ
Отандарын бар жантәндерімен қорғап, сақтап қалғысы келген, биыл жеңісіне 71
жыл толатын тарихи маңызды оқиға – Ұлы Отан соғысы.
Бұл – төрт жыл уақытқа созылған қанды қырғын. Бұл соғыста
қазақстандықтар ерекше рөл атқарды. Кеңес Одағына деген сүйіспеншілік, өз
елін, жерін жау шабуылдарынан қорғау, кіндік қандары тамған туған жерлерін
сақтап қалу сол кездегі соғысқа қатысушылардың басты мақсаты болды. Тұтас
Қазақстаннан, соның ішінде Қарағанды қаласынан да сан мыңдаған жауынгер
соғысқа аттанды. Өз Отанын қорғау мақсатында соғысқа өз еркімен сұранып
кеткендер де қаншама.
Соғыс өрті Қарағандыдан мыңдаған шақырым қашықтықта өтіп жатқанымен
оның тауқіметін Арқа жері де бірден сезді. Қарағанды қаласында құрылған
әскери дивизиялардың қатарында 72гвардиялық Красноград атқыштар
дивизиясы бар. Ол әуелде 29атқыштар дивизиясы ретінде 1941 жылдың соңынан
1942 жылдың басында Қарағанды және Ақмола облыстарынан әскерге
шақырылғандардан құралды. Қарағанды топырағынан майданға аттанған тағы
бір әскери құрама 378Перекоп атқыштар дивизиясы. Дивизия Севастопольді,
Бухаресті жаудан босату үшін болған шайқастарда ерліктің тамаша үлгісін
көрсетті. Ұлы Отан соғысының тарихында өзінің атын мәңгіге қалдырған Ленин
орденді Қызыл Тулы 310Новгород атқыштар дивизиясы да Орталық
Қазақстанда жасақталды. 19411945 жылдары Отан қорғауға Қарағанды
аймағынан 45 мыңға жуық азамат аттанған. Оның 18 мыңға жуығы қайтып
оралмады. Соғыс даласынды өшпес ерлік көрсетіп, қаза тапты. Бұл қанды жұбайлары,
шайқаста батырлығы мен ерліктері үшін 6587 қарағандылық Кеңес Одағының
жауынгерлік ордендерімен және медальдарымен марапатталған.
Қолындағы қарумен жауға тойтарыс беру үшін кеншілер соғысқа аттанды. Бірақ
олардың отбасы: аналары,
балалары ел ішіндегі бар
қиыншылықтарды көрді. Олардың жағдайы соғысып жүрген жауынгерлерден еш
жақсы болған жоқ. Күнтүн демей жұмыс істеп, әскерге азықтүлік, киімкешек
жіберіп, бар қажырқайраттарын соған жұмсады. Сол уақыттағы тылда жұмыс
істеген адамдардың ауыр азаптарын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. «Біз ел
ішіндеміз, қауіпсіз жердеміз», деп қиындыққа ешқашан мойыған емес. Солай өз
әкелерінің, ағаларының, інілерінің, жұбайларының орнын басқан қыз
келіншектер шахтаға да жұмысқа орналасқан. Соғыстың бірінші жылында №31
шахтада 233 әйел еңбек еткен, олардың 103 бұрынан істегендер.
1942 жылы 19 ақпанда Қарағандыдан майданға 28 вагон азықтүлік, киімкешек
және тағы басқа керекжарақтар жіберілген. Қарағандылықтардың соғысқа
көрсеткен бұдан басқа да көмектерінің ұшықиыры жоқ. Бұл Кеңес халықтары
арасында былай баяндалды: «Қарағандылықтар еліміздің қорғаныс қорын жасау
жолындағы бүкілхалықтық қозғалысқа белсене қатысты. Олар 100 млн сомнан
астам соғыс заемы облигацияларын сатып алды, «Қарағанды шахтері»,
«Қарағанды темір жолшысы» танк колонналары, «Қарағанды әйелдері» атты
санитарлық авиация звеносын құруға көп қаражат жинады. Қарағанды
еңбекшілері
фашистік басқыншылардан азат етілген Украина
шаруашылықтарына зор көмек беріп, оларға 22 мың пұттан астам астық, 55
трактор, 40 трактор соқасын, 11 мың ірі қара, 40 мыңдай қойешкі, 2 млн сомдай
ақша жіберді. Қарағанды әйелдері Донбасс балалары үшін бақшалар мен яслилер
салып жабдықтауға 3 млн 307 мың сом ақша жинап, жөнелтті».
Бірақ бұл жауды жеңу үшін қарағандылықтардың көрсеткен ерліктерінің тек
кішкентай бөлшегі ғана еді. Осы аталғандармен қоса елде ауыр да азапты соғыс
болып жатқанына қарамастан Қарағанды өлкесі көмір өндіруді екі, үш есе
ұлғайтты.
1942 жылы сәуірде көмір өндіруде ерен еңбек үлгісін көрсеткені үшін 800
жұмыскер ордендермен және медальдармен марапатталды. Бұл шахталар
еңбегінің жемісі болатын. Ел ішіндегі соғыс өртінің қаулап тұрғанына
қарамастан халық арасында алауыздық, түсініспеушілік болған емес.
Қарағандылықтар бейбіт және тату өмір салтын кешті. Соның бір дәлелі
ақындар айтысының болып өтуі еді. Соғыс жылдары Қарағандыға елдің
Батысынан 50 мыңнан астам адам көшіріліп әкелінді. Олар да жергілікті жұмыс
орындарына орналасып, шаруашылықтың түрлі салаларына өз үлестерін қосты.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Қарағандының жеңіске қосқан үлестерінің
қаншалықты зор екенін білдік. Мұның бәрі әрбір қарағандылықтың Отанға деген
шексіз махаббатының жемісі. Сол уақыттағы кез келген адам: бала болсын,
ересек адам болсын, қартайған егде адамдар болсын, барлығы бірдей өз туған
жерлерін қорғап, сақтап қалғысы келді. Мемлекетін, халқын шексіз жақсы көрді
және әрқайсысы сол махаббатын қолынан келгенше дәлелдеді. Ұлы Отан соғысы 15 мемлекет халықтарының Отанға деген шексіз сүйіспеншілігін, үлкен
патриотизм үлгісін көрсеткен маңызды шайқас ретінде тарихта үлкен орын алды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің
“Қазақстанның болашағықоғамның идеялық бірлігінде”, “Тарих
толқынында”деген еңбектерінде идеялық мәселелерге топтасудың керек екенін
айтып, бірігуге шақырып, бұл міндетті жүзеге асыруда білім берудің, отбасы,
еңбек ұжымы сияқты дәстүрлі институттардың маңызды роль атқаратынын,
олардың ықпалы ерекше тиімді болатынын баса айта отырып, “Біздің тағы бір
аса маңызды идеологиялық міндеттеріміз – Қазақстандық патриотизмге
тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін – өзі еркін билеуі. Олай болса, осы міндетті
орындау жолында тәрбие мәселесін қолға алып, ұрпақтарды аздырмай –
тоздырмай қазіргі сауда – саттықтың, алдау – арбаудың ықпалына жібермей,
етегіне сүйретпей еліміздің болашақ өркениетті дамуын алға бастыртатын
адамдарын тәрбиелеуіміз керек”, делінген. Бүгінгі күні атабабалар, одан
кейінгі ұрпақтардың салып кеткен жолымен жүріп, сол жолды ары қарай
дамыту, өмір жаңалығын ескеру, ескімен жаңаны ұштастыру Қазақстан
халқының міндеті деп білемін.
Елдің тәуелсіздігі көп нәрсеге ой салдырады. Мұнда тарихи сананы ояту,
жоғалғанын өзіне қайтару, өрлеу дәуіріне жол ашу деген мағына, сондықтан
қазақстандық патриоттық тәрбие деген ұғым тек қана айтыла салатын дерексіз
ұғым емес, ол ең алдымен нақты, өз ұлтына, сонда тұрып жатқан халықтарға
берілген, адал еңбек ете алатын, жалпы халықтық, әлеуметтік мәдениетті
түсініп, білетін соның нұсқаларын өз халқының қажетіне жарата алатын,
басқаларды түсіне білетін нағыз адам сүйгіштік, қазақстандық патриоттық
рухтағы белсенді адамдарды тәрбиелеу үшін керек. Қазақстандық патриоттық
тәрбие бүгінгі өмірден оқшауланбайды, қайта жаңа өмірмен қауышып ұлттық
тәрбиеге жаңа мән береді. Ұлттық тәрбие дегеніміз ол оқшаулану емес,
керісінше ұлттық тәрбие үлгілерімен әлемдік идеяларды қабылдап, ненің тозық,
ненің озық екенін тани білу, өрісі, дүниетанымы кең азаматтарды тәрбиелеуге
мүмкіндік болады деп түсіну қажет және солай да.
Қазақтың белгілі ақыны Мұхтар Шахановтың “Төрт ана” деген өлеңінде былай
деген:
“Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқала,
Әр адамда өз анасынан басқа жебеп жүрер, демеп жүрер арқада
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жерітүп қазығы айбыны,
Туған тілі сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салтсанасы тірегі,
Қадымына шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті, болса да,
Төрт анаға өңін жалғай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған? Төрт анасын қорғамаған халықтың
Еш қашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана –тағдырыңның тынысы.
Төрт ана үшін болған күрескүрестердің ұлысы.
Сонымен қорыта айтарым, осы төрт ана тек қазақ ұлтында ғана емес, ол барлық
қазақстандықтарда болуы тиіс және қазақстандық патриотизм – бүкіл
қазақстандықтарға тән қасиет болуы керек деп ойлаймын. Себебі ортақ Отан,
ортақ тарих, ортақ салтдәстүр, ортақ қазақтың тілі. Басқа ұлт өкілдері
қазақтың тілін білуі тиіс. Қазақстандық патриотизмнің негізі – ежелгі ұлттық
салт – дәстүр, әдет – ғұрып аңыз, ертегілер, жырлар, кешегі кеңестік ортақ
дәуір, Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері – қазақстандық батырлардың
ерліктері туралы тарихи деректер болып табылады. Қазіргі жастар біз
Қазақстанның болашағы біздің қолымызда сондықтан патриоттық рухты
бойымызда қалыптастырып ұштастыру басты міндетіміз деп білемін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Т.Аршабеков, Ә.Әлімбаев, К.Темірғалиева «Қарағанды қаласының
тарихы» монографиялық зерттеу, 2011 ж.
2. Қарағанды облысы энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2006 ж.
3. Шаханов М. “Төрт ана” Г. “Егемен Қазақстан” 23.08.1995
4.Назарбаев Н.Ә.“Қазақстанның болашағықоғамның идеялық
бірлігінде”Алматы 2000
Менің көзқарасымдағы патриотизм
Менің көзқарасымдағы патриотизм
Менің көзқарасымдағы патриотизм
Менің көзқарасымдағы патриотизм
Менің көзқарасымдағы патриотизм
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.