«Менің сүйікті ұстазым»
Оценка 4.9

«Менің сүйікті ұстазым»

Оценка 4.9
Конкурсы
docx
администрации
11 кл +1
22.10.2018
«Менің сүйікті ұстазым»
... Табылған балапан ем ұядағы, Қырандай жетілдірдің қиядағы. Ұстазға деген ыстық сағынышым, Бір әнге қалай ғана сия алады... «Ұстазым» әнінен… Ұстаз – қасиетті де, ұлағатты сөз. Бұл сөзді естігенде қөңіліміз жылып, жүрегімізде жылулық нұры пайда болады. Себебі көз алдымызға ардақты да, аяулы тұлғаны елестетеміз. Баршамыздың жүрегімізде екі махаббат болса, оның бірі ұстаз. Әрбір қазақ баласы үшін ұстаз деген қадірлі, қасиетті адам. Алғаш рет қолға қалам ұстатып, әріп пен жазуды, білім мен тәрбиені, өмірдің ауыртпашылықтары мен қиыншылықтарын үйреткен, өз баласынан кем көрмей білім нәрін сусындатқан, ақ пен қараны ажыратқыза білген, өмірге керемет көзқараспен қаратып, адамгершілікке баулыған ұстаз бейнесі көңілімізден үлкен орын алары анық. Мұғалім мен ұстазда бар айырма, Ұстаз деген – жақсы әндегі қайырма. Мұғалім, ол – бар болғаны мамандық, Жеткенінше жеті өнерлі шайырға. Ұстаз деген – ұлағаттың шайыры, Қадірінің тиетұғын қайыры. Кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Өйткені, ұстаз – тағылымы терең өнер. Ал кез келген адам өнерлі бола бермейді. Нағыз ұстаз болу үшін төгілетін тер аз емес. Бірақ, ұстаз сол еңбегінің арқасында өз жемісін жей алады. Ұстаз шәкіртіне өзінің барлық жағынан үлгі болуы қажет. Маған үлгі болып, мен үшін аянбай тер төккен тұлғалардың бірі, колледжіміздің АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы, сержант, беделді аға ұстаз, «Қырандар» әскери-патриоттық және спорттық клубының жетекшісі – Қасымов Мамыр Әбдіқадырұлы. Ұстазым Қасымов Мамыр Әбдіқадырұлына және өзіме сабақ, тәлім-тәрбие берген барша ұстаздарыма өзімнің мына арнау өлең шумақтарымды арнаймын: Ең алғашқы ұстаттырар қолға алдырып қаламды, Әліппеме мен таныстырып,ойшықтырар санаңды. Әріп танып, сан санатып алға қарай жетелер, Құттықтаймын мейрамымен барлық ұстаз адамды. Мектепте де, әр жерде бізге қамқор болатын, Бір жағынан тәрбиеңе назарын көп салатын. Болашаққа бағдар беріп бізге бөлер уақытын, Өмірдегі ұстаздардың бәрі қымбат, бәрі алтын. Жылдан-жылға еш жалықпай бізге білім беретін, Бізге білім беремін деп маңдайдан тер төгетін. Мерекеңіз құтты болсын құрметті де ұстаздар, Тек сіздерге арналады мына жазған өлеңім. Ұстаз деген бар білгенін балаларға үйреткен, Алғысымды білдіремін сіздерге ақ тілекпен. Мерекеңмен келіп жатқан өздеріңді тағы да, Құттықтаймын ұстаздардың барлығын шын жүрекпен. Колледжге оқуға келген сәттен бастап, өзінің қол астына алып, туған баласындай көріп, бар білгенін үйреткен осы жан. Мені «әскери адам» болуға баулып, арманымды орындауға септігін тигізіп келеді. Тарихқа сүйенетін болсақ, кезінде ел басына күн туған қиын қыстау заманда үш жүздің басын біріктіріп сыртқы жауға тойтарыс берген, ол Абылай хан. Ал қазір сол кісінің ерең еңбегін қайталап жүрген жандардың бірі, ол Қасымов Мамыр Әбдіқадырұлы. Құдайға шүкір заманымыз тыныш ешкімге тойтарыс берудің қажеті жоқ. Дәл осындай қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда «Қырандар» деген үлкен Әскери-патриоттық және спорттық клуб ашып, оны бейбітшіліктің символына айналдырып, айналасында жүрген өскелең ұрпақтың өмірге деген құлшынысын арттырып, бағыт бағдар беріп, көкейінде «әскери адам» болсам деген асыл арманы бар жандардың бетін қақпай, белін буып, үш ұйықтаса түсіне кірмеген «Айбын» Республикалық, Халықаралық Жастар Жиынына студенттерін апарып, қатыстырып жүрген сержант мырзаның да осындай еңбегімен тарихта қалары сөзсіз!Эссе
Бекматов Нұрасыл (эссе).docx
«  Қазақ технология және бизнес университеті    » АҚ колледжі Эссе «Менің сүйікті ұстазым» Авторы: Бекматов Нұрасыл Жасұланұлы Мазмұны 1.КІРІСПЕ Ұстаз туралы тебіреніс    2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ Арнау өлеңі                                               3.ҚОРЫТЫНДЫ Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады... «Менің сүйікті ұстазым» ... Табылған балапан ем ұядағы, Қырандай жетілдірдің қиядағы. Ұстазға деген ыстық сағынышым, Бір әнге қалай ғана сия алады...                                                            «Ұстазым» әнінен… Ұстаз – қасиетті де, ұлағатты сөз. Бұл сөзді естігенде қөңіліміз жылып, жүрегімізде жылулық нұры пайда болады. Себебі көз алдымызға ардақты да, аяулы   тұлғаны   елестетеміз.   Баршамыздың   жүрегімізде   екі   махаббат   болса, оның бірі ұстаз. Әрбір қазақ баласы үшін ұстаз деген қадірлі, қасиетті адам. Алғаш рет қолға қалам ұстатып, әріп пен жазуды, білім мен тәрбиені, өмірдің ауыртпашылықтары мен қиыншылықтарын үйреткен, өз баласынан кем көрмей білім нәрін сусындатқан, ақ пен қараны ажыратқыза білген, өмірге керемет көзқараспен   қаратып,   адамгершілікке   баулыған   ұстаз   бейнесі   көңілімізден үлкен орын алары анық.  Мұғалім мен ұстазда бар айырма, Ұстаз деген – жақсы әндегі қайырма. Мұғалім, ол – бар болғаны мамандық, Жеткенінше жеті өнерлі шайырға. Ұстаз деген – ұлағаттың шайыры, Қадірінің тиетұғын қайыры. Кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Өйткені,   ұстаз – тағылымы терең өнер. Ал кез келген адам өнерлі бола бермейді. Нағыз ұстаз болу үшін төгілетін тер аз емес. Бірақ, ұстаз сол еңбегінің арқасында өз жемісін жей алады. Ұстаз шәкіртіне өзінің барлық жағынан үлгі болуы қажет. Маған үлгі болып, мен үшін аянбай тер төккен тұлғалардың бірі, колледжіміздің АӘД пәнінің оқытушы­ұйымдастырушысы, сержант, беделді аға ұстаз, «Қырандар» әскери­патриоттық және спорттық клубының жетекшісі – Қасымов  Мамыр Әбдіқадырұлы. Ұстазым   Қасымов   Мамыр   Әбдіқадырұлына   және   өзіме   сабақ,   тәлім­ тәрбие берген   барша ұстаздарыма өзімнің мына арнау өлең шумақтарымды арнаймын: Ең алғашқы ұстаттырар қолға алдырып қаламды, Әліппеме мен таныстырып,ойшықтырар санаңды. Әріп танып, сан санатып алға қарай жетелер, Құттықтаймын мейрамымен барлық ұстаз адамды. Мектепте де, әр жерде бізге қамқор болатын, Бір жағынан тәрбиеңе назарын көп салатын. Болашаққа бағдар беріп бізге бөлер уақытын, Өмірдегі ұстаздардың бәрі қымбат, бәрі алтын. Жылдан­жылға еш жалықпай бізге білім беретін, Бізге білім беремін деп маңдайдан тер төгетін. Мерекеңіз құтты болсын құрметті де ұстаздар, Тек сіздерге арналады мына жазған өлеңім. Ұстаз деген  бар білгенін балаларға үйреткен, Алғысымды білдіремін сіздерге ақ тілекпен. Мерекеңмен келіп жатқан өздеріңді тағы да, Құттықтаймын ұстаздардың барлығын шын жүрекпен. Колледжге оқуға келген сәттен бастап, өзінің қол астына алып, туған баласындай көріп, бар білгенін үйреткен осы жан. Мені «әскери адам» болуға баулып, арманымды орындауға септігін тигізіп келеді. Тарихқа сүйенетін  болсақ, кезінде ел басына күн туған қиын қыстау заманда үш жүздің басын біріктіріп сыртқы жауға тойтарыс берген, ол Абылай хан. Ал қазір сол кісінің ерең еңбегін қайталап жүрген жандардың бірі, ол Қасымов Мамыр Әбдіқадырұлы. Құдайға шүкір заманымыз тыныш ешкімге тойтарыс   берудің   қажеті   жоқ.   Дәл   осындай   қой   үстіне   бозторғай жұмыртқалаған   заманда   «Қырандар»   деген   үлкен   Әскери­патриоттық   және спорттық   клуб   ашып,   оны   бейбітшіліктің   символына   айналдырып, айналасында жүрген өскелең ұрпақтың өмірге деген құлшынысын арттырып, бағыт бағдар беріп, көкейінде «әскери адам» болсам деген асыл арманы бар жандардың бетін қақпай, белін буып, үш ұйықтаса түсіне кірмеген «Айбын» Республикалық,   Халықаралық   Жастар   Жиынына   студенттерін   апарып, қатыстырып жүрген сержант мырзаның да осындай еңбегімен тарихта қалары сөзсіз!

«Менің сүйікті ұстазым»

«Менің сүйікті ұстазым»

«Менің сүйікті ұстазым»

«Менің сүйікті ұстазым»

«Менің сүйікті ұстазым»

«Менің сүйікті ұстазым»

«Менің сүйікті ұстазым»

«Менің сүйікті ұстазым»

«Менің сүйікті ұстазым»

«Менің сүйікті ұстазым»

«Менің сүйікті ұстазым»

«Менің сүйікті ұстазым»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.10.2018