Сынып: 1 «Б»
Күні: ______________
Сабақтың тақырыбы: Менің атым - Әлібек
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сабақ барысында сөйлеу арқылы дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Сұраққа дұрыс жауап беріп, жолдасының атын дұрыс сұрай білуге үйрету.
Тәрбиелік: Әдепті болуға, көркем сөйлеуге үйрету. Сәлемдесе білу дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, қисынды ойлау қабілетін дамыту. Сөздік қорын молайту.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
IV. Сөздік
Сәлем - Привет
Сенің атың кім? – Как тебя зовут?
Менің атым – Әлібек. – Меня зовут - Алибек
- мұғалімнің жаңа сөздерді түсіндіруі;
- оқушылар жаңа сөздерді кезекпен оқиды;
1-тапсырма. Суретке қарап, таныс. Жұптық жұмыс ұйымдастыру.
Әлібек
Асқар
Саша
Анар
1. Мұғалім сурет бойынша атын айтады. Оқушылар тыңдап отырады.
2. Мұғалім балалардың атын айтады, оқушылар қайталайды.
3. Оқушылар тізбектеп қайталайды
4. Оқушылар кезек тұрып, өз аттарын айтады.
2-тапсырма. Сөйлеп үйрен
- Сенің атың кім?
- Менің атым - Әлібек
- Сенің атың кім?
- Менің атым - Анар
Мынау – Асқар
Мынау – Саша
Мынау – мұғалім
Мынау – оқушы
1. Мұғалім сурет бойынша көрсете отырып оқиды, оқушылар қайталап отырады.
2. Мұғалім өзінің атын айтып әрбір оқушыға сұрақ қойып, оған жауап бергізу арқылы практикалық жолмен үйретеді.
Үлгі:
- Менің атым – Айжан
- Сенің атың кім?
- Менің атым – Миша
3. Мұғалім өз атын айтып, бір оқушыға сұрақ қояды, ол оқушы жауап беріп, келесі оқушыға сұрақ қояды. Осылай оқушы тізбектеп танысып шығады.
4. Барлығын шеңбер жасап тұрыңдар. Өзіңнің оң және сол жағында тұрған көршіңнің атын атап, сәлемдес.
оригинал 1 сынып сабак жоспар (3).doc
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.