Қысқамерзімді жоспар
Пән:Қазақ тілі және әдебиет
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
2 – бөлім «Менің мектебім»
Тақырып: Мектеп туралы әңгіме жоспарлау. Оо дыбысы мен әрпі Мектеп:
Тоқсан:1 Мұғалімнің аты-жөні :
Сынып: 1 Қатысқандар:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Мектеп туралы әңгіме жоспарлау. Оо дыбысы мен әрпі
Осы сабақта қол жеткізілетін ОБ сілтеме) 1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну
1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау
1.3.3.1 Мұғалім көмегімен мәтінге суреттер, сызбалар арқылы жоспар құрып, оған ат (тақырып) қою
Сабақ мақсаттары Бірін-бірі тыңдап, сұрақтарға толық жауап береді.
Өз үйлерін сипаттап әңгімелеп береді.
Құндылықтарды дарыту
Сабақ барысында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, жұптасып тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады. Татулық, достық, сезімдерін қалыптастыру.
Пәнаралық байланыстар Берілген тақырыпқа байланыст танысытырылым және өздік жұмыстарын орындау арқылы АКТ пәнімен байланыс орнайды.
Алдыңғы меңгерілген білім Оқушылар сурет бойынша сөйлем құрып, шағын мәтін жазады. Ойын жеткізуде сөйлемді дұрыс құруға қалыптасады.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
5 – 7 минут
Балалар шеңберге жиналады.
Балалар өздерінің қай мектеп оқушылары екені туралы әңгімелейді.
Тақырыпқа байланысты суреттер.
Сабақ ортасы
25-30 минут Оқушылардан өздерінің мектепке алғаш келгендегі сезімдерін айтқызу. Жетекші сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар оқу жылының басында қандай көңіл күйде болғандықтарын сұрап, талқылау.
-Оқу жылының басын асыға күттің бе?
-Сен қобалжыдың ба? Не үшін қобалжыдың?
-Мектепке ең алғаш келгенде сен қандай сезімде болдың?
-Мектепке келген ең алғашқы күннен есіңде не қалды?
Мектепке байланысты жұмбақтар шешеді.
Білімнің мол сый-асы,
Балғындардың ұясы. (Мектеп)
Қызықтырып әуелі
Сені әрбір әріпке.
Суреттері әдемі
Бұл қай кітап? (Әліппе)
Оқушыларға оқу техникасын және оқылым дағдыларын қалай қолдану керектігін бақылата отырып, оқу жылының басы және мектепке бару туралы бірнеше әңгіме оқып беру.
Сұрақтар қою арқылы әрбір әңгіменің, кейіпкерін, оқиғасын және мазмұнын талқылау.
Бағытталған оқу әдісін қолданып, әңгімелерді бірігіп оқу
Менің мектебім
Мен Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқимын. Біздің мектеп үш қабаттан тұрады. Мектептің ауласы өте кең және таза. Аулада әртүрлі ағаштар мен гүлдер өсіп тұр. Ойын алаңында балалар әртүрлі ойындар ойнайды. Ал мектептің ішінде сынып бөлмелері өте көп. Сондай-ақ кітапхана, асхана, спорт залы, дәрігер бөлмесі бар. Мектепте мұғалімдер білім береді. Тазалықшы апайлар мектептің тазалығын қадағалайды.
«Мектеп» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Балаларды «кейіпкер», «мазмұн», «оқиға» сөздерімен таныстыру.
Бағытталған оқыту әдісін жүзеге асыру.
Оқушыларды топтастыру және мектеп тақырыбында қысқаша мәтін беру.
Топтық тапсырма
1 топ.
-Сендер осы мәтінді қалай аяқтар едіңдер?
Адам өміріндегі қызықты сәттердің бірі мектепте өткізген уақыт болып табылады. Мектеп-білім теңізіндегі үлкен кеме. Осы кемеде он екі жыл уақытты әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаймыз. Білім алып, таудай болып шығамыз...
2 топ.
Сурет бойынша мәтін құрастыру.
Оқушыларға Оо дыбысы мен әрпін меңгерту.
Оқушылар Оо дыбысына байланысты сөздер ойлап табады, сөйлемдер құрайды.
Жазу үлгісіне Оо әрпін жазады.
Сөздердің ішінен о әрпі бар сөздерді тауып, астын сызады.
Суреттерді сөздермен сәйкестендіреді.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.