Методическая разроботка открытого урока
Оценка 5

Методическая разроботка открытого урока

Оценка 5
docx
04.03.2020
Методическая разроботка открытого урока
Мәдениеттану ашық сабақ.docx

Cабақтың тақырыбы: XVI-XVIII ғасырдағы қазақ халқының мәдени әдет-ғұрыптары

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның XVI-XVIII ғ мәдениеті

жөнінде мағлұмат беру әлемдік өркениеттегі еліміздің мәдени әдет-ғұрыптарының

тамаша туындыларымен,көрнекті жазушы,этнограф,ұлт мәдениетінің шынайы

жанашырының еңбектерімен  таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру

мәдениеттің даму барысы мен әдет-ғұрыптар жайлы өз

беттерінше қорытынды жасауға дағдыландыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды Отанға және өз халқына оның тарихына,мәдениетіне деген махаббатын,құндылықтарын құрметтеуге,«қара шаңырақты» дәріптеуге,тарихи мәдени ескерткіштерді қорғауға баулу,мәдениетті жас ұрпақты тәрбиелеу.

 

Сабақ әдісі: Интерактивті (топтық жұмыс) оқыту

 

Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгеру

 

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд.

 

Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет,дінтану,философия

 

Техникалық құрылғылар: Компьютерлер, интерактивті тақта

 

Сабақ барысы:

1. Сабақты ұйымдастыру;

-  студенттермен сәлемдесу;

-  сабаққа келгендерін және аудитория әзірлігін тексеру.                

2.  Үй тапсырмасын сұрау,бекіту

3.  Жаңа сабақты түсіндіру

4.  Бекіту

5.  Бағалау

 

 2. Үй тапсырмасын сұрау,бекіту

 - Қазақстанның орта ғасырлық мәдениетіне Түркі және Араб мәдениетінің ықпалы.ІХ-ХІІ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті,әдебиеті.

 - Орта ғасырлық ойшылдарының бірі Қорқыт VIII ғасырда Сырдария өңірін мекендеген оғыз қыпшақ тайпалары арасында есімі кең тараған.

 - Қазақстаннан шығып, мұсылман шығысында «Екінші мұғалім» атанған энциклопедист-ғалым,философ Әбу Насыр Ибн Мұхаммед әл - Фарабидің ғылыми шығармашылық еңбегі Х ғасырға тұспа-тұс келеді.

 - ХІ ғасырдағы түркітілдес әдебиеттің дамуы белгілі автор Жүсіп Баласағұн мен Махмұд Қашқари есімдерімен байланысты.Жүсіп 1015 жылы Қарахандар астанасы Баласағұн қаласында туған. Жүсіптің есімі оның «Құтты білім» атты поэмасынан кейін кең таныла бастады.(1983жыл)

 - Махмұд Қашқаридің есімі ХІ ғасырда белгілі болған.Әкесі Хусеин - Мауераннахрдың жаулап алушысы, Боғра ханның немересі,Махмұд дүниеге келместен бұрын Қашқарға қоныс аударған.Махмұд Қашқарда тамаша білім алып,оқуын Бұхарады жалғастырған. М.Қашқариді ғылым әлеміне «Түркі тілінің сөздігі» кітабы танытты.

 . Үй тапсырмасын бекіту

«Ойлан тап» ойыны.Ұяшық тандап сұраққа жауап беру

 

 

 3. Жаңа сабақ жоспары

1. Келін түсіріп,қыз ұзатуға байланысты дәстүрлер.

2. Тәлім-тәрбие дәстүрлері.

3. Тұрмыстық,өмір сүрулік дәстүрлер.

4. Еңбек,кәсіптік дәстүрлер.

5. Діни салттар.

6. Жерлеу салттары.

 

1.Қыз айттыру.Ата-аналар болашақ қалыңдықты баласы кәмелетке толмай тұрып,өздеріне тең,құрметті,текті отбасынан іздеген. «Қыз айттырудың» бірнеше түрлері болған.Ертеде көңілдес,дос адамдар балалары дүниеге келмей тұрып-ақ бір-бірімен «құда» болысқан.Мұны «атастыру» деп атаған.Балалары бесікте жатқан құда болу «бесік құда» деп аталған.Бұлардан басқа құда  болудың «қарсы құда», «сүйек жаңарту»,т.б. түрлері болады.Балаларды үйлендіру «құда түсуден» кейін жүзеге асырылды.

 

Құда түсу.Құда түсу-қазақ халқының ежелден ұмытылмай келе жатқан міндетті дәстүрі.Жігіттің әкесі жақын жұрағаттарымен қызға құда түсуге келеді.Қыз әкесі құдалардың келуінен алдын ала хабардар болып,өзінің ағайындарын жинап,құдаларды үлкен салтанатпен қарсы алады.Қыз әкесі «қош» айтқаннан кейін екі жақ бір-біріне дәстүрлі сый-сыяпат-құда аттанар,ат байлар,құйрық- бауыр,т.б. көрсетеді.

Бата аяқ.Құдалар арасындағы соңғы келісім.Екі жақтың алғашқы құда түсудегі келесімінен кейін,күйеу жігіттің әкесі қалыңдық ауылына келіп,той уақытты,қалың мал мөлшері,кәде-жора туралы келіседі.Бұл бата аяқ деп аталады.«Бата аяқ» кезінде ауқатты адамдар ірі сыйлықтар тарту еткен.Олар бес жақсы,орта жақсы,аяқ жақсы болып бөлінген. «Бес жақсыға»-түйе ботасымен,бие құлынымен,бағалы зат немесе алтынның,күмістің құймасы кірген.

Қалың мал.Құдалықтың ресми бөлігі аяқталғаннан кейін,күйеу жігіт жағы қалыңдықтың әкесіне мал түрінде қалың мал төлеген.Оның мөлшері құда болушылардың тұрмысына  байланысты болған.Бұдан басқа той малы,анасына сүт ақы,өлген адамдар,тірі адамдар ақысы т.б. кәделер болған.Қалың мал төлеу кезінде мүлтіксіз орындайтын «құрықбау»,«қосақбау», «келін тілі», т.б. жоралғылар болған.Бұлар мал бағатын адамдарға берілетін төлемдер.

Киіт.Құдалар кетердің алдында қалыңдықтың әкесі оларға сыйлықтар тартатын болған. «Киітке»-мал және бағалы,жағалы киімдер тарату етілген. «Киітті» қалыңдық жағынан еріп келген құдаларға да тарту етіп,екі жағы сыйлық беру жөнінен кем түспеуге тырысқан.Біздің заманымызда қалың мал төлеу дәстүрі жойылғанмен,киіт беру дәстүрі сақталып қалды.

Сүт ақы.Ананың ақ сүті үшін төленетін төлем.Қыз жағында өтетін тойда қалыңдықтың анасына күйеу жағы тарту етеді.

Құйрық бауыр.Бауыр мен құйрықтан тұратын салттық қонақасы.Бұл құдалық бекітілді деген мағынаны  білдіреді.Бұл салттан кейін шегінуге,яғни құдалықтан бас тартуға болмайды,ондай жағдайда келісімді бұзған жақ қалың малды кейін қайтарады.

Қынаменде.Күйеудің ұрын келуі.Құда түсіп,уәде пісіп,қалың мал төлеген соң күйеудің атастырған  қалыңдығын алғаш көруге келген тойы қынаменде деп аталады.

Тойбастар.Тойдың сәні тойбастарды әнші жігіт не қыз бастайды.Той бастағаны үшін жігіт (не қызға) той иесі рақмет айтып,сый-сыяпат ұсынған.

 

2. Шілдехана. «Шілдехана»-жаңа туған балаға арналған той.Кешке жиналғандар сәбиге құтты болсын айтып,ән салып,домбыра тартып тойлайтын болған.

Кіндік кесер.Қазақтарда «кіндік шеше» ұғымы бар. «Кіндік кесу» рәсімі ең құрметті әйелге,ақыл тоқтатқан әжеге тапсырылады.Бұдан кейін ол әйелге «кіндік кесер» жоралғысы тапсырылады.Кіндік кескен әйел ол отбасының ең құрметті адамына айналып,баланың екінші анасы саналады.Жаңа босанған әйелге әкелінетін ет тағамы «қалжа» деп аталады.

Ат қою.Қазақтар осы салтанатты рәсімге ерекше мән берген.Әдемі аттар мен атақты адамдардың есімдерін беру арқылы соларға балам ұқсас болса екен деген пиғылды аңғару қиын емес.

Бесікке салар.«Бесік»-халық ұғымында қасиетті және бала үшін өте ыңғайлы ұя.Салт бойынше бесікке баланы ру анасы,жұрттың бәріне аса құрметті жасамыс ана салады.Салт дәстүрлі «Бесік жырымен» қабат жүреді Бесікке бала салынғаннан кейін,әжеге «бесік салар» сыйы тарту етіледі.

Тұсаукесер.Бұл салтанатты бала жүре бастаған кезде өткізеді.Жіңішке ала жіппен баланың аяғын тұсаулағаннан кейін,шапшаң,пысық көп балалы салиқалы адамға тұсау кесуді сеніп тапсырады.

Базарлық.Алыстан жолаушылап келген адамның жақындарына және таныстарына әкелетін аса қымбат емес сыйлары.

Бастаңғы.Ата-аналар үйден жолаушылап кеткенде,ересек балдардың өз қатарына ұйымдастыратын жастар кеші.Ол ойын-сауыққа толы болған.

Енші.Әке үйінен бөлініп,отау тігетін балалардың үлесі.Ол дүние және мөліктен тұрған.

Көгентүп.Егер қонаққа туыс адам немесе жақсы таныс баламен келсе,үй иесі балаға мал (бұзау,құлын,қозы) тарту еткен.

 Ашамайға мінгізу.Бұл салтанатты дәстүрдің бала тәрбиесі үшін үлкен маңызы бар.Бала 6-7 жасқа келгенде,туысқандар жиналып,оны ерттелген атқа мінгізед,қолына қамшы береді,оған жігіт болдың дейді.

Сүндет той.Тақ жасқа (3,5,7) келген баланы сүндетке отырғызады.Үлкен тойға қөп адам жиналып,салтанат иесіне ат немесе басқа сый тарту етіледі.

Аманат.Отбасылық қымбат заттардың біреуге белгілі бір уақытқа сақтауға берілуі.Аманат сақтау үлкен адамгершілік белгісі саналған.Халық сөзі «Аманатқа қиянат қылма» тегін айтылмаған.

Ат тергеу.Ұлттық дәстүр бойынша келіндер атасының,қайын ағасының,қайын сіңлісінің атын атамай әртүрлі жағымды есімдер қойған.Мысалы «Бай ата» «Мырза қайнаға» «Еркежан»  «Көркем жігіт»

Айып. «Айып,айып төлеу»-кінә,кінәлі болу,соған байланысты айып төленеді.Барымта,қылмыс жасағаны үшін қылмыскерлерге айып төлеткен.Айып түрлері қөп,олар жасаған қылмысқа байланысқа қолданылады.

Әменгерлік.Отбасында қайтыс болған адамның әйеліне не сол адамның інісінің немесе ағасының үйленуі.Бұл шараның астарында балаларды өзге руға жібермеудің амалы жатқанын түсіну қиын емес.

Бата.Елге сыйлы абыздар,ақсақалдар,азаматтар,аналар беретін бағалы рухани тілектер.Олар «дастархан бата» «алғыс бата», «ел батасы», «жаңа ай батасы», «наурыз бата» т.б. бөлінеді.

Теріс бата.Қарғыс.Атаана үмітін ақтамаған,руды ұятқа қалдырған балаларға теріс бата берілетін болған.

Ондай адамдар елден аласталған.

Дау.Дау-талас.Қазақтар арасында айып мөлшері,жесір,жетім,барымта,ұрлық,жер,су үшін таластар туып отырған.Олар дауларды әділ шешіп,төрелік айтқан.Ақсақалдар шешімі екі сөзге келмей,мүлтіксіз орындалған.

Жылу.«Жылу»-материалдық көмек.Әр түрлі нәубетке ұшыраған адамдарға мал,дүние түрінде жиналатын халық көмегі. «Көп түкірсе көл» мақалы соны меңзейді.

Көрімдік.Жас келінді,жаңа туған перзенті немесе мал төлін көргенде беретін сыйлық.

Көрісу.Батыс Қазақстан қазақтарының арасында кең тараған,14 наурыздан бастап,ағайындарының бір-бірімен сәлемдесу.Көбіне жасы кіші адамдар жасы үлкендерге барып көріседі.Бұл шараның жастарды имандылыққа тәрбиелеуге үлкен маңызы бар.

Қалау.Тамыр-таныс адамдардың бірбірінен өзіне ұнаған нәрсесін сұрап алуы.Дос-арандар қалаған нәрсені қиналмай береді.Қалаушыға да шектен шықпағаны дұрыс.

Сүйінші.Қуаныш хабары.Сүйінші сұраушыға оның қалаған дүниесін беріп ризалайды.

Сыбаға.Аса құрметті  қонақтар мен жақын ағайындар үшін үнемі сақталатын үлес.Мысалы,ақсақалдар үшін бас,жая,жамбас,омыртқа,күйеулерге төс және әйелдерге құйымшақ сақталады.

4. Асар.Бұл ежелден келе жатқан үлкен шаруа тұсында ауыл адамдарының бір-біріне  сатусыз көмегі. «Асар» - қазақ халқының бірлігін,жақынына қамқорлығын көрсететін белгі.

Қымызмұрындық. Қымызды бірінші тату.Бұған салтанатты түрде,құрметті ақсақалдарды щақырып,батиха алған.

Өтініш.Ресми адамдар немесе ат-көлігі жоқ жаяу адамдар бір ауылдан екінші ауылға көшіп-қонуға,баруға ат,арба,тарантас,т.б.сұрап алатын болған.

5.Айт.Үлкен халықаралық діни мереке.Ораза айт және Құрбан айт түрі бар.Ораза айт 30 күн оразадан басталады.Ақшалай құрбандық осы айда беріледі.Құрбан айт Ораза айттан 70 күн өткен соң,үш күнге созылады.Осы күндері Қасиетті Меккеге қажылық ұйымдастырылады.Құрбан айтта әрбір мұсылман өз дінінің,аруақтардың құрметіне құрбандық шалады.

Зекет. Ислам шарттарының бірі зекет беру.Ол мал немесе асыл дүние түрінде беріледі.40 қойдан 1 қой,5 түйеден 1 түйе,30 сиырдан 1 сиыр зекет беріледі.

Пітір. Ақшалай салықЖыл сайын үлкен ораза күндері адамдар арнайы мешітке барып,өлгендер аруағына Құран  оқытып,ақшалай салық береді.

Садақа. Ақшалай,не басқаша бөліп беру.Жетімдерге,жесірлерге және басқаларға садақа беру әрбір отбасының қасиетті борыштарының бірі.

6.Жерлеу салттары.Арыздасу-өлетін адамның соңғы сөзі.Санасының барында отбасымен,жақын-жұрағатымен қоштасады.

Иман айту.Өзінің дәмі таусылғанын сезген адамның өз-өзіне соңғы иман тілегін айту.

Жаназа.  Қайтыс болған адамды жерлеу салты.Молда өлген адамның барлық кінәсімен жібереді,садақа беріліп,құран оқытылады.

Підия.Өлген адамның қарызын өтеу.Қайтыс болған адамның өтелмеген борыштары,біреудің алдындағы міндеттерінің өтелуі немесе кешірілуі «підия» деп аталады.

Аруақты еске алу. Еске алу шаралары.Қайтыс болғаннан кейін 3-7-40-100күндер атап өтіледі,құран оқылып,ас беріледі.Қайтыс болған адамға «жоқтау» айтылады.Жақын-жұрағатына,ағайындарына «қайырлы болсын» айтылады.Бір жыл толғанда соңғы ас беріледі.

Нәрестеге арналып мұндай шаралар өткізілмейді.

Шек беру.Өлген адам құрметіне берілетін қонақасы. «Ораза» және «айт» аралығында қайтыс болған адамды еске алып,дұға оқылады,мал сойылып ас беріледі.

7.Наурыз. «Наурыз» сөзі қазақ тіліне парсы тілінен еніп, «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді.Бұл мейрам көптеген ғасырлар бойы халықтың сүйіп серекелейтін дәстүрлі

мейрасмдарыныңбірі.Қазақ аңызы бойынша

Наурыз болардың алдыңғы,яғни наурызжың 20 сынан 21 не қараған түні елді Қыдыр ата аралап,халыққа құт береке,ырыс әекледі деп есептеген.Мейрам алдында жас жігіттер «бұлақ көрсең көзін аш» деген

ақсақалдар ұсыныстарын орындайтын болған.

4.Сабақты қорытындылау,бағалау.

5.Үйге тапсырма.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ

«САЛАМАТ МҰҚАШЕВ АТЫНДАҒЫ

 АТЫРАУ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» КМҚК

 

 

«Келісілді»                                                                                                                 «Бекітемін»

Оқу-әдістемелік                                                                             Директордың оқу әдістемелік               

орталық меңгерушісі                                                                жұмысы жөніндегі  орынбасары   

____________Н.Ғабдуллина                                                                __________К.Б.Боранова

«___»______2015 ж                                                                                        «___»______2015 ж

 

 

 

 

 

 

 

АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУІ

 

Тақырыбы: «XVI-XVIII ғасырдағы қазақ халқының мәдени әдет-ғұрыптары»

Пәні:Мәдениеттану

Тобы:ТОРОа-13

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қоғамдық пәндік циклдік комиссия                                                                        Дайындаған:

Отырысында қаралды және келісілді                                                               Тарих-география                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              

                                                                                                                         пәнінің оқутышысы

Хаттама №_____                                                                                                ______ С.Байғазы

«___»_______2015 ж

ПЦК төрайымы

________Б.Блялова

 

 

 

                                                      

 

АТЫРАУ 2015ж


 

Cабақтың тақырыбы: XVI-XVIII ғасырдағы қазақ халқының мәдени әдет-ғұрыптары

Cабақтың тақырыбы: XVI-XVIII ғасырдағы қазақ халқының мәдени әдет-ғұрыптары

Жаңа сабақ жоспары 1. Келін түсіріп,қыз ұзатуға байланысты дәстүрлер

Жаңа сабақ жоспары 1. Келін түсіріп,қыз ұзатуға байланысты дәстүрлер

Кіндік кесер.Қазақтарда «кіндік шеше» ұғымы бар

Кіндік кесер.Қазақтарда «кіндік шеше» ұғымы бар

Көрімдік. Жас келінді,жаңа туған перзенті немесе мал төлін көргенде беретін сыйлық

Көрімдік. Жас келінді,жаңа туған перзенті немесе мал төлін көргенде беретін сыйлық

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ «САЛАМАТ

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ «САЛАМАТ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.03.2020