Методический доклад по методике преподавания по предмету История Казахстана. Тема: "Использование инновационных технологии в преподавании истории". Приоритетным направлением исторического образования является формирования у обучающихся ключевых компетенций , универсальных способов деятельности. В процессе работы у ребят развивается умение самостоятельно организовать познавательную деятельность, самостоятельно выбирать критерии для сравнения, сопоставления.
метод доклад.doc
«Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесі»
Әдістемелік баяндама
Тақырыбы: «Дене тәрбиесі және спорттың қазіргі
кезеңдегі өзекті мәселелері»
Оқытушы:Батталов.Е.Т.
«Жалпы білім беру»
ПЦКсы отырысында
Қаралып мақұлданды
ПЦК төрайымы
Оспанова.Ж.М.
Хаттама№ Семей 2016
Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру
саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жанжақты
дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке
жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет
етеді.
Демек, жоғары оқу орындарына болашақ мамандарды кәсіби дайындау
денсаулығы мықты, жанжақты дамыған, алуан түрлі дене және ақылой
еңбектерін тәрбиелеуге қабілетті ұрпақты дайындау жөніндегі мемлекеттік
қажеттілік талаптарына байланысты жүргізілетін іс. Қазақстан Республикасы
2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының алға қойып
отырған басты міндеттерінің бірі – халықаралық білім жүйесіне ену.
Жоғары білімді дамытудың жаңа ұлттық тұжырымдамасы мен
бағдарламасына, жоғары білімдегі құрылымдық өзгерістерге байланысты
білім мазмұнына оның жаңаша педагогикалық негіздерін енгізу қажеттігі туды,
біздің зерттеуіміз дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді
дайындау үдерісі тұрғысынан қарастырылды.
Республикамыздағы білім беру саласында және әртүрлі қолдану
салаларына байланысты жаңа бағыттағы спорт, дене тәрбиесі жүйесі бойынша
мамандарға деген сұраныстардың артуы, оларды дайындаудағы білімділігі мен
қабілеттілігі, біліктіліктің қазіргі талаптарға сай болуы өте үлкен маңызды
жұмыстарды атқаруды талап етеді және болашақ педагогтардың кәсіби
даярлығын, білім стандартына, мазмұнына сай жетілдіру мәселелері
көкейкесті мәселе болып отыр.
Көрсетілген міндеттерді толық жүзеге асыру дене тәрбиесі жүйесіне
тікелей байланысты. Дене тәрбиесін жүзеге асыру – денсаулықты нығайту,
білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық
жұмыстардың бірі бола отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру,
табиғи күшқуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене
қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимылқозғалыс
жаттығуларын орындап, өзінөзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге
баулиды.
Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір
сүруі мектеп мұғалімінің жеке басымен оның жоғары оқу орнындағы
теориялық жеке тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын
ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың
ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі және спорт
мамандары күрделі әлеуметтік міндеттерді шешуге араласумен бірге
оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сай, оқутәрбие міндеттерін
шешуде олардың рухани жетекшісі де болуы тиіс.
Қазіргі кезде дене тәрбиесі мұғалімі биологиялық (физиология,
анатомия, биохимия, спорттық метрология т.б.), педагогикалық (педагогика,
психология, дене мәдениетінің ілімін, спорттық жаттығу негіздері, дидактика
т.б.) пәндерді философия, әлеуметтану, медицина, математика ғылымдарын
және басқару мен ұйымдастыруды жете меңгеруі қажеттігін ескерсек, дене
тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруда педагог кадрлар дайындау мәселесінің
өзектілігі айқындалып,
оның түрлі бағыттары бойынша ауқымды
зерттеулердің қажеттілігі байқалады.
Бүгінгі таңда болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі
жүйесін жүзеге асыруды ескере отырып дайындаудың қажеттігі мен бұл
мәселенің ғылымитеориялық тұрғыда талданбауы және болашақ
мұғалімдердің кәсіби дайындығын ғылыми әдістемелік тұрғыдан жеткілікті
деңгейде қамтамасыз ету сұранысы мен осы уақытқа дейін педагогика
ілімінде аталған мәселенің арнайы жүйе ретінде қарастырылмауы арасында
қарамақайшылықтар
Қарама
қайшылықтар бізге зерттеу проблемасын айқындап, тақырыпты «Болашақ
мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға
дайындаудың ғылыми педагогикалық негіздері» деп таңдауымызға
себепші болды.
орын алып отырғаны байқалады.
Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы маңызды сипатқа ие. Бүгінгі
болашақ мұғалімді дайындауда олардың салауатты өмір сүру мен денсаулық,
дене мәдениеттерін өздері игермей тұрып, оларды білімді, білікті маман
ретінде қалыптастыру мүмкін емес. Себебі әр болашақ маманның денсаулығы
жеке байлық қана емес, ол сондайақ халқымыздың білім және экономикалық
қуатының өсуі үшін де қажетті шарттарының бірі. Соның ішінде
денсаулықтың басты шартымәдени орта, салауатты өмір салты.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиялық
бағдарламасында «Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз
қуатты мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның
жеке басының қадірқасиеті мен әлауқатын арттыра алмаймыз», деген
болатын.
Білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі – дене тәрбиесі арқылы
салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі. Соған байланысты көптеген
құжаттар бар, мәселен: Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 ж 18
мамырдағы «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан
Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінде «Салауаттануденсаулықты
сақтау» бағдарламалары. Бұл құжаттардағы негізгі мәселенің бірі –дене
тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар тәрбиесі.
Сондықтан да болашақ мұғалімдерге қойылатын жаңаша талаптар мен
өзгерістер туындап отыр. Бұған себеп қазіргі кезде жеке тұлғаның қоғамдық
және әлеуметтік мәні дене тәрбиесі мұғалімінің назарынан тыс қалмауы
қажет. Дене тәрбиесі сабағындағы сауықтыру, білімдік, тәрбиелік
міндеттерімен қатар, педагог кәсіби жұмысын атқарып қоймай, оқушылардың
рухани жеке тұлғасын қалыптастыруды жүзеге асыруы керек.
Болашақ мұғалімнің жеке басының маман ретінде қалыптасуы үшін
кәсіби сапасының негізгі талаптарының бірі ретінде оның жалпы ғылыми
әдістемелік даярлығын ерекше атап өтуге болады. Бүгінгі таңда күн
тәртібінде студенттердің өзінөзі басқаруды дамыту міндеттері қойылып,
болашақ мұғалімнің дербестігі мен белсенділік дағдысын тәрбиелеу және
дамыту қажеттілігі күнненкүнге артып отыр. Жоғары оқу орындарына
болашақ мұғалімдерге өз кәсіби міндеттерін жете білетін, қажетті
педагогикалық дағдыларды меңгерген, өз Отанын сүйетін шәкірттерді
тәрбиелеу мен оған мұғалімдерді кәсіби дайындау міндеті жүктелген. Осы
мақсатта жоғары оқу орындарында болашақ маман дайындаудың сапасын
арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Сондайақ тәрбиенің ықпал жасау өрісі де
орасан кеңейе түсті.
Жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесі туралы идея, озат тәжірибелер
мазмұны түрлі елдерде тарихи кезеңдерде философтар мен педагогтардың,
психологтардың тұжырымдарына негізделген.
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің қайнар көздерін, тарихи даму
кезеңдерін сараласақ, олардың мынадай жағдайларға байланысты пайда
болатынын анықтауға болады: дене дайындығы жетілген, денсаулығы мықты адамдардың
қажеттілігінен туындаған қоғамдық өмірдің істәжірибесі;
әр түрлі тарихи кезеңдерде ойшылдар мен ағартушылардың жан
жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу туралы ой
тұжырымдары мен идеялары;
үйлесімді дамыған, жанжақты, білімді де білікті ұрпақ
тәрбиелеудегі озат педагогикалық істәжірибелер мен ұсыныстар;
дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі саласындағы ізденістер мен
ғылыми негізделген тұжырымдамалар;
дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесін дамыту жөніндегі
мемлекеттік сұраныстар.
Дене тәрбиесінің адам әрекетінің сан – қилы сипатымен, өзіне тән ой
сана мен даму заңы, өзара ішкі байланыстары мен өзара ықпалдастықта
дамитын ерекшеліктері, әдістері мен өзіндік тарихы қалыптасқан.
Нәтижесінде дене тәрбиесі теориясы ғылым ретінде қалыптасып, мәні мен
мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді.
Ұлы Абай дене күшін, дене мәдениетін қалыптастыру, оның ақылой
тәрбиесіне тікелей байланысын көрсете отырып, «тәрбиелеу керек» деп жай
ғана сөзбен емес, оны дұрыс жолға қоюды нақты істермен, жолдармен
насихаттау, тәрбиенің өзегін философиялық, психологиялық арнадан іздеу
қажеттілігіне тоқталады. Бұл мәселеде Абай оны халықтың рухани мұрасы,
асыл қоймасы халықтық тәлімтәрбие бесігі – ауыз әдебиетінен, мақал
мәтелдері мен даналықтарынан іздеуді меңзейді. Халқымыз: «Азған денеге
ауру үйір», «Қайраты мен ақылы сай жігіттің жолы болар», «Ақылсыз жігіт
күшіне сенер», «Қайраты бар кісінің, берекеті бар ісінің, қайраты жоқ кісінің,
берекеті жоқ ісінің», «Қайратың барда мал тап», «Денсаулығын ойлаған, жан
сарайын таза ұстар», «Әлін білмеген әлек», т.б. деп дене тәрбиесін тоқсан
ауыз сөздің тобықтай түйінін мақалмәтелдер арқылы береді.
Еліміздің белгілі қайраткерлері Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М.
Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, С. Торайғыров, Ө. Тлеуқабылұлы т.б.
дене тәрбиесі мәселелерін халықтың дәстүрлері, халықтың мұраларындағы
орамды тұстарын дәлелдеп, оның құндылық бағытына тоқталған. Кейінгі жылдары жастардың тәрбиесіне байланысты бірқатар құжаттар,
заңдар, тұжырымдамалар жарық көрді. Оларда тәрбиенің мазмұны,
ұстанымдары, мақсаты мен міндеттері қайта қарастырылып, оларды түбегейлі
жаңалау қажеттілігі атап өтілген. Мұндағы мақсат – ұрпақты қазақ халқының
жауынгерлік тарихымен, ерліктің өшпес үлгісін қалдырған қас батырлардың
өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, елін қорғай алатын елжанды ұлттық
намысы бар жігерлі азаматтарды тәрбиелеу, басқа ұлттардың өкілдерімен
жастардың өзара сыйластық, достық негізінде өмір сүруіне ықпал жасау,
ұлтаралық қатынастың жақсы негіздерін бойына сіңіру. Бұл қағидалар қазіргі
таңда қазақ педагогикасында тәрбиенің негізгі ережелерінің бірі болып
саналады.
Соңғы уақытта жеке тұлғаның дене тәрбиесі үздіксіз білім беру
жүйесінде дене тәрбиесінің мақсаты түрінде қарастырылып жүр. Бұл мақсат
үздіксіз білім беру мен жеке тұлғаны қалыптастыру жүйелерінің қазіргі даму
талаптарына жауап бере алады. Бұдан басқа, жеке тұлға үздіксіз білім беру
жүйесінің жекелеген бөліктерінің сабақтастық принципін бейнелейді; сонымен
қатар субъекттің жеке өмірінің мәдениет сапасын анықтауға бағытталған
«болашақ жоспары» туралы идея да бар. Айтылған мақсат және міндеттер
оқутәрбие үдерісінің тиімділік талап өлшемдерімен нақтыланады.
Жеке тұлғаның дене тәрбиесін қалыптастыру проблемасы зерттеліп,
теориялық негізінің жасалғанына қарамастан бүгінгі күні ол көкейкесті және
ашық мәселе болып қалуда. Бұл ең алдымен мемлекетіміздің әлеуметтік
экономикалық, саяси және рухани дамуындағы өзгерістермен байланысты.
Бұлар дене мәдениеті саласында диалектикалық қарамақайшылық тудырады.
Сондықтан философиялық,
педагогикалық және психологиялық
ғылымдардың әдіснамалық негіздеріне сүйене отырып, мектеп оқушылары
үшін дене тәрбиесінің жаңашыл педагогикалық ұйымдастыру жобасын жасау
қажет. Бұл жоба олардың дене мәдениетін қалыптастыруға бағытталады және
оның көмегімен жеке физиологиялық, гигиеналық жағынан алдын алу және
емдеу қажеттіліктерін жүзеге асырып қана қоймай, әлеуметтік белсенді тұлға
болуға, жемісті еңбек етуге дайындық жасалады.
Қазіргі кезеңде мектеп және жоғары оқу орны бағдарламаларын
құрастыру тұжырымдамасы өзгерді. Алайда, бұлардың бәрінде мектеп
оқушысы мен студенттің қайда оқитындығы ескерілмейді, олардың меңгеруі
тиіс негізгі дағдылар мен қабілеттер, оқу нормасын тапсыруға арналған
шарттар көрсетілген. Жаттығулардың орындалуы қозғалыс дайындығының деңгейі туралы мәлімет береді. Дегенмен, бұл бағдарламалар базалық, үлгілік
сипатқа ие, сондықтан оларды әрбір педагог жергілікті жағдай мен салт
дәстүрлерге орай өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, өзгерте алады.
Мектепке дейінгі мекемелер мен мектептердегі, жоғары оқу
орындарындағы «Дене тәрбиесі» пәнінің мақсаты әлі күнге дейін
толықтыруды қажет етеді, осыған орай оның ғылыми негізделген
тұжырымдамасын жасау қажеттігі туындайды. Осы бағыттағы ізденістердің
тиімдісі дене мәдениеті тұрғысынан зерттеу болып табылады. Әрине,
мәдениет теориясының құбылыстары және олардың түрлеріне сай, жасалып
жатқан қандай да теориялық ережелер, тұжырымдамалар көп және олар әлі де
жүргізілу үстінде.
Дене тәрбиесі білімінің негізгі мақсатын анықтау үшін белсенді жұмыс
атқарылып, оны қозғалыс сапаларының дамуы, енді біреулері білім
міндеттерін шешу құралы деп анықтайды. Үшіншілері, оқушыларды спорттың
бір түрімен дамыту және сауықтыру деп ұсынса, төртіншілері, «ең басты
мақсат – бұл сауықтыру» деп таныды. Ақырында, авторлардың бірқатары
басты мақсаты жеке тұлғаның жанжақты дамуын физикалық жетілдіру
үдерісімен бірлестіруден деп есептейді.
Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында мамандық пәндерінің
әдістемесін оқытуда педагогика мен психология ғылымдары арасындағы
өзара байланысты күшейте отырып, білімді игеру үшін оқушының танымдық
ойтәсілдері мен тәрбиесі жүйесіне байланысты ұғынуын дамыту қажеттігі
айқын көрінеді. Жоғары оқу орнын білімді игеру тәсілдерін ұсына
отырып, ойлау әрекеттері арқылы студенттердің ұғынуына қажетті
субъективті түрдегі қабылдаудың нақты әдістерін қамтамасыз ету қажет. Оқу
бағдарламасы студенттердің жеке тұлғалық, кәсіби дайындық, жалпы
танымын және ұстаздық еңбегіндегі кәсіби өзгерістер мен қойылатын
талаптарды жете түсінуі керек. Педагогикалық білім беруді дамыту – білім
беру әдістері мен тәсілдерін меңгеру, оқытумен қатар, болашақ мұғалімнің
оқушы белсенділігін дамытуды жоспарлап, шәкірттерінің іскерлігін
қалыптастыруға дайындау. Оқу орындарында оқутәрбие жұмысы теорияның
тәжірибемен байланысы принципінде құрылады. Ол студенттердің теориялық
білімдері мен тәжірибелік іскерліктері, дағдылары жүйесінің арасындағы
қажетті байланысты білдіреді. Осыдан жоғары оқу орындарындағы педагогикалық тәжірибе ерекше, ал
ол болашақ мұғалімдерді дайындау уақытының үштен бір бөлігін алады.
Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде педагогикалық
тәжірибені жетілдіру мәселелері көрсетілген. Педагогикалық және
әдістемелік әдебиеттерді саралау арқылы педагогикалық практиканың
мүмкіндіктерін, ұйымдастырудың өзекті әдістеріне талдау жасалынды.
Педагогикалық тәжірибе болашақ мұғалімдерге тәрбиелік әсері аса зор, ол
студенттің идеялық сенімін, адамгершілік бейнесін қалыптастырады.
Студенттер педагогикалық тәжірибеге дейін ғылыми педагогикалық нақты
білімдер алады. Болашақ мұғалімдердің педагогикалық даярлықтар жүйесін
жетілдірудің міндеттері, олардың теориялық білімдерімен қаруландыру ғана
емес, олардың алған білімдерін мектепте, педагогикалық тәжірибе кезінде
қолдана алуы. Педагогикалық тәжірибе болашақ мұғалімдер мен сынып
жетекшілерін дайындаудың басты кезеңі. Олардың мұғалімдік және сынып
жетекшілік қызметтерін орындай отырып, алған білімдерін сабақтарда,
сыныптан тыс жұмыстарда және атааналар арасында насихаттауға толық
мүмкіндіктері бар. Студенттердің теориялық алған білімдерін педагогикалық
тәжірибе кезінде шығармашылықпен қолдануы бұл болашақ мұғалімдердің
кәсіби толысуына әсері зор.
Студенттердің дене тәрбиесі бойынша теориялық білімдерінің,
іскерліктері мен дағдыларының терең, жүйелі және әсерлі болуы олардың
педагогикалық даярлықтарының басты көрсеткіші. Болашақ мұғалімдердің
сабақ беруге даярлық көрсеткіштері олардың білімдерінің нақты, терең,
жүйелі болуы, сол білімдер арқылы оқушыларды жаттықтыру іскерліктерімен
және дағдыларымен қарулануы деп түсіну керек. Педагогикалық тәжірибе
кезінде істелген студенттердің жұмыстары курстық және дипломдық
жұмыстарда кеңінен пайдаланылса тиімді. Дене тәрбиесі мамандығындағы
студенттер тәжірибелік дене тәрбие сабақтарында әртүрлі жаттығуларды
пайдаланып, қызықты сабақтар өткізуді және пән бойынша сыныптан тыс
жұмыстардың, үйірмелердің жұмыс формаларын анықтап, олардың
тақырыптарын жоспарлары мен мазмұндарын жасайды.
Ғылыми прогресс өркен жайған қазіргі жағдайда жоғары оқу
орындарында мектеп үшін оқу тәрбие жұмыстарын шығармашылықпен жүргізе
алатын мұғалім тәрбиешілер дайындаудың теориялық деңгейін көтерудің
маңызы ерекше. Үнемі көбейетін ақпараттар тасқыны жағдайында жастарды
жанжақты дамыту мұғалімнің өзінің ғылыми теориялық білімін күнделікті көтеруді талап етеді. Қазіргі мектепке өз пәні бойынша сабақты тартымды
өткізуімен қатар, оқушыларды ғылым мен техниканың жетістіктерімен
қызықтыра алатын мұғалім қажет. Соған байланысты жоғары оқу орнының
студенттері бойында өздерінің болашақ қызметіне зерттеуші ретінде қарауға
деген ұмтылысты қалыптастырудың ерекше маңызы бар. Бұл міндетті үйірме
мен курс жұмыстарына, студенттердің ғылыми конференцияларына қатысу
арқылы, әсіресе, педагогикалық тәжірибесінде нәтижелі шешуге болады.
Бұлар студенттердің ғылымизерттеу жұмысына араласып, өз бетімен жұмыс
істеуге, дағдылануына мүмкіндік береді. Ал мұның одан кейінгі педагогтік
қызметте ерекше маңызы бар.
Қазіргі кезде жоғары оқу орындарындағы студенттердің ғылыми
зерттеу жұмыстары олардың болашақ қызметіне байланысты және пайдасы
зор. Мектеп тәжрибесі кезіндегі ғылыми зерттеу жұмысында қалыптасқан
белгілі бір жүйенің болуы студенттің оқу тәрбие қызметіндегі белсенділігінің
арта түсуіне педагогикалық тәжірибенің тиімді өтуіне игі ықпалын тигізеді.
Осыны ескеріп, студенттерді ғылымизерттеу жұмысына қатыстыруды
алдымызға міндет етіп қойып, онда мынадай мақсаттарға жету көзделеді:
1. Студенттерді оқуға, сабақ беру мен тәрбие жұмыстарын жүргізуге
қызықтыру.
2. Болашақ мұғалімдерді өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
3. Студент практиканттардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қабілеттілігі
мен икемділігін арттыру.
4. Алған білімдерін тұрмыста шығармашылықпен қолдана білуге үйрету.
5. Студенттерді ғылыми әдістемелік әдебиеттермен жұмыс істеуге үйрету,
курстық және дипломдық жұмыстарын орындауға дайындау.
6. Студент практиканттардың ғылыми зерттеу жұмысын мектептегі
сыныптан тыс тәрбие жұмысымен байланыстыру.
Бүгінгі таңда жоғары білім беру жүйесі мен құрылымы, білім берудің
мазмұны, оқыту әдістері мен тәсілдері, әсіресе дене тәрбиесі мамандарын
дайындауда жаңашылдық көзқарас, соны ізденістер мен зерттеулерді талап
етуі қарастырылып отырған мәселенің өзектілігін айғақтап берді. Зерттеу
жұмысының нәтижесі көрсеткендей, Республикада жоғары педагогикалық білім берудің қалыптасуында мұғалім кадрларын дайындау кеңестік жүйе
кезінде қалыптасқан тәжірибенің аумағында жүргізіліп келді.
Соңғы кезде жоғары білімді реформалауда біршама шаралар қолға
алынуда. Педагогикалық қызмет ісәрекеттің басқа түрлері сияқты пәндік
мазмұнмен анықталады, оған мотивация, мақсат, пәні, тәсілдер нәтиже
жатады. Педагогикалық ісәрекет пән ретінде, дамудың шарты мен негізі
ретінде, оқытушылардың пәндік, әлеуметтік, мәдени тәжірибені игерулеріне
бағытталған оқу ісәрекетінің ұйымдастырылуы болып табылады.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі ғылыми және оқу пәні ретінде
жетекшілік рөл атқара отырып, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытты
анықтайды. Сонымен бірге осы саладағы білім негізінің жүйесін құрайды.
Мұғалімнің дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесін жете білуі, оның
педагогикалық ойлау жүйесінің дамуының басты шарты. Әртүрлі деңгейлерде
дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғысынан шешуге, болып жатқан
жаңалықтарды біліп отыруға, кейбір теориялық және істәжірибелік
жаңалыққа сын көзбен қарап қабылдауға, дене тәрбиесі міндеттерін шешуде
қосымша өтетін ғылыми пәндердің атқарар рөлін дұрыс бағалауға, өзінің
педагогикалық шығармашылық негізін жасауда дене тәрбиесі мәселесі
бойынша жүргізілген зерттеудің маңызы зор.
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімін дайындау жүйесін және оны
психлогиялықпедагогикалық білім алуын үйлестірудің жетекші бағыты
ретінде дене тәрбиесі үрдісін жүзеге асырудың және түрлендірудің жолдарын
түсіндіретін және көрсететін білім жүйесін қалыптастыру болып табылады.
Дене тәрбиесін жүзеге асыруды сабақтастыру, біздің көзқарасымыз
бойынша, дене тәрбиесі әдістемесін студенттерге үйрету жүзеге асырылуы
тиіс. Бұл дене тәрбиесі мазмұны бойынша білім беруді жүзеге асыруда дұрыс
меңгеруге ықпал жасайтын дене тәрбиесі әдістері мен технологияларына,
оларды логикалық түрде құру, ұйымдастыру тәсілдеріне ерекше көңіл бөлінуі
қажеттігін көрсетеді. Оқытушы нақты оқыту ақпаратын беруші, оны
студенттердің меңгеруін ұйымдастырушы және соның нәтжесін бағалаушы
позициясын ұстаушы адам ретінде болмауы керек, қайта студентке
көмектесетін, өзінің білім беру қызметінің субъектісі болу керек. Ол үшін
оқытушы талдауға тиісті бағдарламаны меңгерудегі және бағдарламаны оқуда
студенттердің өздері қабылдауына кеңесші, сарапшы болуы тиіс.
Оқытушының жаңа ұстанымы үнемі студенттермен бірге кішігірім зерттеулер орындау, студенттік топтармен бірге оқу үдерісін ұйымдастырудың түрлі
формаларын бірге шығармашылық тұрғыда іздестіру жаңашылдық бағытта
кәсіби біліктілігін жетілдіріп отыру өзекті сипат береді деген тұжырым
жасаймыз.
М.Я. Виленский пікірі бойынша, оқушылардың жеке тұлғалық дене
мәдениеті – бұл жеке тұлғаның физикалық дамуы мен білімінің деңгейін, осы
деңгейге жету тәсілдерін түсінуін және дене тәрбиесіспорттық ісәрекетінің
әр түрлі формалары мен жалпы өмірінен көрінуін сипаттайтын сапалық,
жүйелілік, динамикалық білім. Оның құрылымы өзара байланысты үш
бірліктен тұрады.:
құндылық бірлік жеке тұлғаның қажетін, мұратын, мотивін, ұстанымын,
қызығушылығын білдіреді;
нақты қызметтік бірлік жеке тұлғаның денсаулығын, қозғалу қабілеті
мен дағдысын анықтайтын физикалық мінсіздік болып табылады;
тәжірибелік ісәрекеттік бірлік, дене тәрбиесіспорттық белсенділік
өрісінен кең көрінеді (танымдық, үгітнасихаттық, нұсқаулық, өзінөзі
жетілділдіру, өзінөзі дамыту, өзінөзі тәрбиелеу).
Дене мүмкіндігі мектеп оқушысының жеке тұлғалық дене мәдениетінің
маңызды құндылығы және оған қажет қасиет ретінде жеке тұлғаның дене
тәрбиесіспорттық ісәрекеттерде жанжақты толық дамуға ұмтылуын
сипаттайтын, жеке дене қабілеттерін
туғызатын
қозғалысты жайкүйін анықтайды, оны жетілдіру үдерісі – көбінесе жеке
тұлғаның өзіндік белсенділігімен байланысты, жеңілден қиынға дейін қозғалу
тәжірибесімен сипатталады.
ашуға жағдай
Мектеп оқушыларында физикалық жетілдіру мен өзінөзі тәрбиелеу
қажеттілігін қалыптастыру оқутәрбие үдерісінде дене тәрбие пәні бойынша
шешуші мән болып есептеледі. Ең алдымен, мектеп оқушыларының жеке
тұлғалық дене мәдениетін қалыптастыру тұжырымдамасын жүзеге асырмас
бұрын, жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының дене тәрбиесі пәнінің
қазіргі жағдайын талдап алу қажет. Мамандардың дене тәрбиесі жөніндегі
байқауларды, зерттеулерді және істәжірибелерді жинақтап, қорыта талдауы
мектеп оқушыларының дене дамуы мен даярлығының қазіргі жағдайын
шынайы бағалауға мүмкіндік береді. Соңғы уақытта мектептерде денсаулық көрсеткіші мен дене тәрбиесін
ұйымдастыру және балалардаң жалпы қозғалыс белсенділігінің деңгейі
арасындағы байланыс айқын көрінеді. 1сыныпқа балалардың 10%ы ғана дені
сау болып келеді. Оқу жылдары ішінде мектеп оқушыларының түрлі
аурулармен ауыру мөлшері 5 есеге өседі.
Егер дене мәдениетіндегі құндылық бағыттары жеке тұлғаның өмірлік
жоспарымен байланысты болса, қалыптасу үдерісі тез жүреді.
Оқушылардың денсаулық жағдайы төмендегідей деректерді келтіреді:
әр түрлі жастағы мектеп оқушысының 70%ның тірек қозғалыс мүшелерінің
қызметі бұзылған. 3040%ас қорыту ағзаларының жұмысы бұзылып, 60%
жүйке, қан тамырлары тармақтарының белсенділігі төмендесе, 50%
иммунитеті әлсіреген. Мектеп оқушыларының 23%бауыр, 15%бүйрек
ауруларымен ауырады. Мектеп оқушылырының жеке тұлғалық дене
мәдениетін қалыптастырудың қазіргі жағдайын зерттей отырып, жеке
тұлғаның дене мәдениетін қалыптастырудың маңызды элементтерінің бірі
болып табылатын деңгейді анықтауға тырыстық.
Сонымен қатар, талдау барысы көрсеткендей, дене тәрбиесі пәнінің
маңызды бірліктерінің бірқатары ескерілмейді. Мұндай бірліктердің қатарына
дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, жеке гигиена, қозғалыс іс
әрекетінің психологиясы мен физиологиясы, дене тәрбиесі сабағына
белсенділікті қалыптастыру, оған ынталандыру, оқушылардың жеке тұлғалық
көрсеткіштері туралы білімнің қолданылмауы толымсыз жағдайда. Жоғарыда
көрсетілген көрсеткіштер дене тәрбиесі үдерісін басқарудың негізгі
құралдары тобына жататындықтан өте маңызды.
Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі туралы білімін, қабілетін,
дағдысын қалыптастыруға ықпал ететін, педагог құзырында бар ықпалдар
арсеналы болып жатқан жағдаймен сәйкестендіріп алу маңызды міндет болып
табылады. Дене тәрбиесін басқару қымтаулы жабық ортада емес, құндылық
бағыттары, мінезқұлық стреотиптері, әр түрлі ісәрекетке белсенділігі
қалыптасқан оқушылар ортасында жүреді. Сондықтан педагог осы
құндылықтарды білуі тиіс.
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін оқушылардың дене тәрбиесі
жүйесін жүзеге асыруға дайындау мәселесі бойынша жүргізілген
зерттеулеріміз “Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға
мұғалімдердің дайындық моделін» жасауға мүмкіндік берді. Модельдің мазмұнын мотивтік, мазмұндық, процессуалдыісәрекеттік,
рефлексиялық бақылау бірліктері құрайды.
Мотивтік компонент – дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру қажеттілігін
сезінуі, педагогикалық ісәрекетке тұрақты бағдарының болуы, оқушылардың
дене мүмкіндіктері мен қозғалыс қимылдары ерекшеліктерін ажырата білуге
деген қызығушылығы, дене тәрбиесі жүйесі туралы өз бетінше білімін
көтеруге деген ұмтылысы.
Мазмұндық компонент – оқушылармен дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру
туралы ілімі, оқушылардың дене мүмкіндіктері мен қозғалыс қимыл
ерекшеліктерін білуі, оқушылармен дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру
туралы әдістемелік сауаттылығы, жаңашылдық, кәсіби құзіреттілік.
Процессуальдыісәрекеттік компоненттер – дене тәрбиесі жүйесін жүзеге
асыруда педагогикалық жағдаяттарды шешу, оқушылармен мектепте,
сыныптан тыс жұмыстарда, мектептен тыс жұмыстардағы дене тәрбиесін
ұйымдастыру ерекшеліктерін меңгеруі. Оқушылардың дене мүмкіндіктері мен
қозғалыс қимылдарын ескере отырып, дене тәрбиесіндегі жаңаша әдіс
тәсілдерді қолдана алуы.
Рефлексиялық – бағалау компоненті – педагогикалық рефлексияны меңгеру,
дене тәрбиесі жүйесін педагогикалық талдауы, шығармашылық ізденімпаздық,
дене тәрбиесінде дене мүмкіндіктерін талдау білімділігі, дене тәрбиесі жүйесі
туралы білімі мен біліктілігін жетілдіруге ұмтылуы.
Дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру үдерісі дене жаттығуларының
жекелеген сабақтарын жүйелі түрде өткізу жолымен жүзеге асады.
Салыстырмалы түрде алғанда, осы процесстің аяқталған бөлімі, кезекті және
дербес буыны бола отырып, әрбір жаттығу осы сипатта алдыңғы және келесі
буындармен байланысты болуы, әрі дене тәрбиесі міндеттерінің шешілуіне
белгілі бір үлесін қосуы тиіс. Бұл тек оларды міндеттер жүйесіне сәйкес
жүргізгенде және мазмұны мен түрі жағынан мұқият ұйымдастырған кезде
ғана мүмкін болмақ.
Бұл сабақтың түрлері өз бетінше спорттық шаралар мен оның ішінде
отбасылық, аула клубтарындағы дене тәрбиесі сабақтарымен толықтырылып
отырады. Олар: таңертеңгі гимнастикалық жаттығу, шынығу, спорттық және
қозғалмалы ойындар, дене тәрбиесі бойынша үй тапсырмасын орындау, демалыс кезеңдерінде ұйымдастырылатын туристік саяхаттар, «Әкем, анам
және мен» сипатындағы жанұялық спорттық сайыстар т.б.
Дене тәрбиесінің сан түрлі әдістері олардың оқушы дамуына әсері мен
оқу күні бойынша жаттығулар көлемін толықтырады деген пікір қалыптасқан.
Дене тәрбиесі түрлерін жетілдіру маңызды, дегенмен мәселенің екінші жағы
оқушылардың кешенді
жанжақты
ұйымдастырмаған жағдайда дене тәрбиесі міндеттерін сапалы орындау
мүмкін емес. Себебі жоғарыда аталған жұмыс түрлерінің әрқайсысы арнайы
мақсатты көздейді, жекеленген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
дене тәрбиесін
толық,
әрі
Осыған сәйкес өзара байланысты мына төрт қағиданы ұстандық:
Біріншіден, кезкелген жұмыс түрі кешенді дене тәрбиесі үдерісіне өзіндік
әсері бар.
Екіншіден , дене тәрбиесін ұйымдастырудың бір түрін екінші тәсілмен
толығымен алмастыру мүмкін емес.
Үшіншіден, дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлерін кешенді түрде жүргізген
жағдайда оқушылардың дене тәрбиесі міндеттерін толық шешуге болады.
Төртіншіден, мектептің педагогикалық ұжымы (оның ішінде тек дене
шынықтыру мұғалімдері ғана емес) мен ата–аналар бірлігі және оқушылардың
өздері тарпынан ынта, қызығушылық, өзіндік басқару мен ұйымдастыру
болмаған жағдайда дене тәрбиесінің кешенді мақсаттары мен міндеттерін
толлыққанды шешу мүмкін емес.
Дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлері оқушының өз бетінше ұйымдастырылған
жұмыстарымен толықтырылған жағдайда нәтижелі болады.
Оқушының күнделікті қозғалыс тәртібін толықтыруға арналған жұмыс түрлері
дене тәрбиесі жүйесінің элементтері есебінде болды:
Таңертеңгі гимнастикалық жаттығулар.
Күнде таңертеңгілік 910
жаттығудан тұратын кешен. Бұл оқушылардың орталық нерв жүйесін қалыпқа
келтіріп, оқушы ағзасын сергітеді.
Мектепке дейінгі және үйге қайтар жолдағы серуен. Таза ауада жаяу
жүрудің өзі шынығу, сауықтыру әсерін тигізеді. Оқу сабақтарына дейінгі жаттығу. Сабақтағы нәтижелі ісәрекет пен оқу
күнін белсенді бастауға мүмкіндік туғызады.
Дене тәрбиесі сабақтары. Бұл сабақтар мазмұны мемлекеттік талап пен
оқу бағдарламасына сәйкес белгіленіп, оқушылардың күші мен жылдамдығын,
ептілігі мен шыдамдылығын және ерікжігерін, батылдық пен табандылықты
және тез шешім қабылдау секілді тәрбиелік қасиеттерін дамытады.
Сабақ үстіндегі сергіту минуттары. Ой еңбегі барысында ағзаның
тынығуына әсерін тигізеді.
Үлкен үзіліс кезіндегі дене жаттығулары мен қозғалмалы ойындар. Оқу
күні ортасында оқушылардың белсенді демалысын қамтамасыз етеді.
Күнделікті денсаулық сағаттары (материалдық жағдайы сәйкес келетін
мектептерде жүргізіледі). Оқушыларға 4060 минут бойы таңдауы бойынша
дене жаттығулармен айналысуға мүмкіндік береді. Әсіресе, қозғалыс
белсенділігі төмен оқушылар үшін өте пайдалы, аурудың алдын алу шаралары
қызметін атқарады, денсаулыққа септігін тигізеді.
Спорттық сағаттар. Кіші мектеп жасындағы балалар үшін ұзартылған күн
топтарында ұйымдастырылады. Сабақтың бұл түрі сауықтыру қызметін
атқарады, бастауыш класс оқушыларының түрлі сайыс, ойындарға
қызығушылығын туғызып, шынықтырады.
Спорттық үйірмелер, ұйымдар мен топтардағы жұмыс. Белгіленген
спорт саласы бойынша оқушының жалпы және арнайы дайындығын көрсетіп,
дене жаттығуларымен жүйелі айналысуды қамтамасыз етеді.
Жалпы мектепішілік спорттық бұқаралық шаралар. Бұл жұмыс түріне
денсаулық және спорт айлықтары, спорттық мерекелер, жалпы мектепішілік
сайыстар жатады. Бұл шаралар барлық оқушының спорт пен дене тәрбиесі
жаттығуларына қызығушылығын туғызады.
Өз бетінше дене жаттығуларымен айналысу. Бұл жұмыс түрі қозғалыс
тәртібінің маңызды бөлігі. Кей жағдайда ең тиімді әдіс болып есептелінеді,
себебі оқушының жеке тұлғалық қызығушылықтары мен қабілетіне
сұранысына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс өз нәтижесін береді.
Оқушылардың тәрбие жұмысы – мұғалімнің кәсіби қызметінің
ажырағысыз және құрамдас бөлігі. Сондықтан жоғары педагогикалық білім берудің негізгі міндеттерінің бірі болашақ мұғалімдерді оқутәрбие жұмысына
дайындау болып табылады. Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің
оқушылармен тәрбие жұмысына даярланудың маңызды құралы, тұтас
педагогикалық процестің құрамдастарының бірі есебіндегі дене тәрбиесі
болып табылады. Алайда, студенттердің көпшілігі дене тәрбиесін тек
биологиялық тұрғыдан ғана қарастырып, оның қоғамдық маңыздылығын терең
түсінбейді,
оқушының тұлғалық қасиеттерінің
қалыптасуында айрықша орын алатын дене тәрбиесі мен спорттың әлеуметтік
қызметі де зор.
ал шындығында,
Болашақ мұғалімдерді тәрбие жұмысына дене тәрбиесі құралдарымен
дайындау қажеттілігі мен оны қанағаттандыру мүмкіндігі арасындағы қарама
қайшылықтың болуымен де байланысты, өйткені дене тәрбиесі мұғалімі
оқушының апталық қозғалыс қажеттілігін (1012сағат) аптасындағы 2 сабақ
ішінде (2 сағат) қамтамасыз ете алмайды.
Сонымен бірге, дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруда жеке тұлғаны
қалыптастырудың маңызын, оның мәні мен мұғалім рөлінің құндылық сипаты
жете түсіндірілді. Студенттер берілген тапсырма бойынша өздерінің және
оқытушылардың педагогикалық процесті жүзеге асырудағы кәсіби іс
әрекетіне талдау жүргізді. Мұның бәрі сайып келгенде студенттердің арнайы
кәсібипедагогикалық білімін, іскерлік дағдыларын шыңдай түсті. Арнайы
курс нәтижесінде мынадай компоненттерді қамтитын педагогикалық жұмыс
жүйесі анықталды:
дәріс сабақтарында теориялық білімді меңгеру;
семинарда игерген теориялық білімді бекіту;
тәжірибелік сабақтарда біліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
педагогикалық тәжірибемен сабақтастыру.
Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ
мұғалімдерді дайындау жаңа сипатта талдау жасалып, дене тәрбиесі мәнін
ғылыми теориялық тұрғыдан ашуға негіз болатын «дене тәрбиесі жүйесі»,
«дене мәдениеті», «дене саламаттылығы», «дене мүмкіндіктері» т.б.
ұғымдарын ғылыми – педагогикалық сабақтастық тұрғыда қарастырылды.
Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын жетілдірудің теориялық негіздеріне сай
тұлғалықбағыттылықтың психологиялық, педагогикалық мәні ашылды.
Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға олардың дене
мүмкіндіктері мен қимыл қозғалыстарын болашақ мұғалімдерді кәсіби
дайындаудың мазмұндық сипаты арнайы тармақтарда берілді. Болашақ
мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға кәсіби
дайындаудың ғылымиәдістемелік жүйесі ұсынылды.
Қорыта келгенде, білім берудің жаңа мазмұнына сай, мұғалімдердің
біліктілігін арттыру жүйесінде оқушылардың дене тәрбиесін дамыту
технологияларын жетілдіру; дене тәрбиесі сабақтарында оқушыларды
адамгершілікке тәрбиелеу,
дене тәрбиесі арқылы жеке тұлғаның
психофизиологиясы: өзінөзі реттеуін қалыптастыру; дене тәрбиесі
сабақтарын пәнаралық байланыс арқылы жетілдіру; дене қабілетін рухани
құндылықтар арқылы дамыту; релаксация арқылы жеке тұлғаның
психофизиологиялық қабілеттерін дамыту; психикалық қуат мүмкіндіктері
мен дене тәрбиесін сабақтастыру т.б. бағыттары арнайы зерттеуді қажет етеді.
Пайдаланған әдебиеттер.
1. Болашақ мамандардың кәсіптік дене тәрбиесі. //Оқуқұралы. –Алматы,
2008. – 336 б.
2. Педагогика: жалпы негіздері мен тәрбие теориясы. //Оқу құралы.
Алматы, 2008. (Авторлық бірлестікте: Бабаев С, Бабаева Қ.) 124 б.
3. Дене тәрбиесі сабағында оқушылардың дене мүмкіндіктерін дамыту.
//Оқу құрал. 2005. – 70 б. 4. Спорттағы қазіргі заманғы педагогикалық зерттеу әдістері. //Оқу
әдістемелік құрал. – Кентау, 2007. – 55 б.
Методический доклад
Методический доклад
Методический доклад
Методический доклад
Методический доклад
Методический доклад
Методический доклад
Методический доклад
Методический доклад
Методический доклад
Методический доклад
Методический доклад
Методический доклад
Методический доклад
Методический доклад
Методический доклад
Методический доклад
Методический доклад
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.