Микроэволюция
Оценка 4.9

Микроэволюция

Оценка 4.9
Разработки уроков
docx
биология
10 кл
12.03.2019
Микроэволюция
Сабақтың тақырыбы: Мутациялардың эволюциялық рөлі. Микроэволюция және популяция туралы ұғым. Табиғи сұрыпталу – эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші. Сабақтың мақсаты: Микроэволюция, популяция және мутация туралы, Ч.Дарвинның эволюцияның негізігі факторларының тұқымқуалайтын өзгергіштік, табиғи сұрыпталу, тіршілік үшін күрес туралы түсіндіру. Тіршіліктің дамуы туралы білімдерін жетілдіру. Шапшаңдыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Дәріс сабақ Сабақтың әдістері: жылдамдық сұрақтары, түсіндіру, деңгейлік тапсырмалар Көрнекілігі: слайдтар Сабақтың жүрісі: І Ұйымдастыру Топты түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
Микроэволюция.docx
Тобы: МБ­12­1 Пәні: Биология Сабақтың тақырыбы: Мутациялардың эволюциялық рөлі. Микроэволюция және популяция                     туралы ұғым. Табиғи сұрыпталу – эволюцияның қозғаушы және   бағыттаушы күші. Сабақтың мақсаты: Микроэволюция,  популяция  және  мутация  туралы, Ч.Дарвинның  Күні: 04.04.2018 эволюцияның негізігі факторларының  тұқымқуалайтын өзгергіштік, табиғи  сұрыпталу, тіршілік үшін күрес туралы түсіндіру.  Тіршіліктің дамуы туралы  білімдерін жетілдіру. Шапшаңдыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Дәріс сабақ Сабақтың әдістері: жылдамдық сұрақтары, түсіндіру, деңгейлік тапсырмалар Көрнекілігі: слайдтар Сабақтың жүрісі: І Ұйымдастыру Топты түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.                 ІІ Үй тапсырмасын сұрау Жылдамдық сұрақтары. 1. Түр дегеніміз не? 2. Түр критерийлерін ата. 3. Морфологиялық  критерий. 4. Генетикалық критерий. 5. Физиологиялық критерий. 6. Биохимиялық критерий. 7. Географиялық критерий. 8. Экологиялық критерий. 9. Этологиялық критерий. 10.  Жаңа түр түзілу.          ІІІ Жаңа сабақ Микроэволюция  –   түр   популяцияның   ішінде   жүретін   және оның   гендік   қорын   өзгертіп, жаңа түр түзілумен аяқталатын эволюциялық әрекеттердің жиынтығы. Гендік қор  (генофонд) – популяциядағы немесе түрдегі барлық гендердің жиынтығы әрі табиғи   сұрыпталудың   нәтижесінде   популяцияның   өзгеруі.  "Микроэволюция"   терминін   орыс генетигі   Н.В.Тимофеев­Ресовский   енгізген(1938ж).   Микроэволюцияның   нәтижесінде   популяция, түр тармағы, түр түзіледі. Популяция  (латынша populus – «тұрғындар» деген мағынаны білдіреді) – бір кеңістікте тіршілік етіп, бір­бірімен еркін шағылысып ұрпақ беретін,дербес генетикалық жүйе құрайтын,бір түрге жататын даралардың жиынтығы;белгілі бір жерді ұзақ уақыт мекендейтін және осы жерде бірнеше ұрпақ бойы өсіп өнетін бір түр даралары. «Популяция» терминін ғылымға алғаш 1903жылы дат биологі В.Иогансен (1857­1927)енгізген. Популяцияның өзгеруі.Табиғатта (өсімдіктер мен жануарлар) даралар санының жылдан – жылға,ұрпақтан – ұрпаққа өзгермей қалатын бірде – бір түр кездеспейді. Барлық популяциялардың шекарасы,ондағы   тіршілік   ететін   даралар   саны   ұдайы   өзгеріп   отырады.   Бұған   сыртқы   ортаның қолайсыз   жағдайлары   әсер   етеді.   Қарапайым   эволюциялық   процестің   –   түрдің   ішінде,яғни популяцияда жүруі; бір популяцияның ішінде ересек жануарлардың бір – бірімен еркін шағылысуы; популяцияның саны; жас ерекшелігі; табиғатта нақтылы тіршілік етуі; экологиялық,генетикалық және т.б. қасиеттерінің болуы популяцияның – эволюцияның қарапайым өлшем бірлігі екендігінің дәлелі. Тұқым қуалаушылық сияқты өзгергіштік те барлық тірі организмдерге тән. Өзгергіштік дегеніміз — организмнің бойындағы түрлі белгілер мен қасиеттердің сыртқы орта факторларының әсерінен өзгеруі, соған байланысты ол жаңа белгі­қасиеттерге ие болады немесе өзінің кейбір белгі­ қасиеттерін   жоғалтады.Ч.Дарвин   саяхат   кезінде   жинаған   материалдарын   ретке   келтіріп, организмдерде   айқын   және   айқын   емес   өзгергіштіктер   болады   деген   тұжырым   жасады.Айқын өзгергіштік   күтімнің   ауысуына   байланысты   өзгереді.   Мәдени   өсімдіктерді   құнарлы   топырақта өсіріп, жиі қоректендірсе өте қарқынды өседі. Егер  ылғалы  жеткіліксіз, минералды  тұздары аз, құнарсыз   топырақта   өсірсе   өте   баяу   дамиды.Ч.Дарвин   анықтаған   айқын   өзгергіштік   –   орта жағдайының өзгеруіне байланысты организмнің тұқым қуаламайтын фенотиптік көрінісі. Айқын емес өзгергіштік. Ч.Дарвиннің  түрлердің  ішіндегі  даралар  морфологиясы,  мінез­ құлқы жағынан ерекшеленетін өзгергіштіктері болатынын байқаған. Бір   табындағы   жануарлардың   немесе   егістікте   өскен   өсімдіктердің   ішінен   көзге   айқын   біліне қоймайтын жеке өзгергіштіктерді айқын емес өзгергіштік деп атайды. Айқын  емес өзгергіштіктің  негізгі ерекшелігі – тұқым қуалайтындығы. Айқын емес өзгергіштік организмнің жыныс жүйесіне қоршаған ортаның жанама әсер етуінен пайда болады, оның қазіргі атауы – мутация. Мутация (латынша «mutatio»­өзгеру) – кенеттен болатын тұқым қуалайтын өзгергіштіктің тұрақты түрі. Бұл кезде организмдегі ДНҚ құрылымының сапасы немесе саны өзгеріп, кенеттен организмнің әр түрлі белгілері, қасиеттері пайда болады. Мутациялық, яғни тұқым қуалайтын өзгергіштік кезінде организмдегі генотиптің өзгеруіне сәйкес бірнеше топқа бөлінеді:  Гендік мутация кезінде бір гендегі ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтердің орналасу реттілігі өзгереді, яғни бір нуклеотидтердің түсіп қалуы немесе жаңадан қосылуы байқалады;   Хромосомалық мутация кезінде хромосомалардың қалыпты құрылымы өзгереді;   Геномдық мутация кезінде хромосомалардың саны өзгереді;   Цитоплазмалық мутация кезінде құрамында ДНҚ молекулалары бар органоидтерде өзгерістер байқалады.  Тұқым   қуалаушылық –   барлық   организмдердің   құрылысы   мен   қызметінің   белгілерін сақтап,   оны   шыққан   тегінен   ұрпақтарына   беру   қасиеті.   Ген   ұрпаққа   берілгенде   жоғалмайды, жасушаның   әрбір   бөлінуі   кезінде   қайта   түзіліп   отырады.   Ч.Дарвин   өзгергіштік   пен   тұқым қуалаушылық   органикалық   дүние   дамуының   эволюциялық   факторы   екендігін   көптеген мысалдармен дәлелдеді. Қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыпталудың салыстырмалы кестесі Қолдан сұрыптау Табиғи сұрыпталу ғана       пайда 1.   Егіншілік   пен   мал   шаруашылығы   дамығаннан кейін болды 2. Қолдан сұрыптау адамның араласуымен болады 3. Малдардың адамға пайдалы жақтарын жақсарту үшін   белгілі   жоспар   бойынша   сұрыптайды 4.   Өсімдіктерді   де   пайдалы   белгілерін   қажетіне жарату үшін сұрыптайды. 5.   Қолдан   сұрыптаудың   жағымсыз   жақтары   — пайда   болған   белгілері   организмге   зиян.   Олар табиғатта дәрменсіз. 6.   Жана   іріктемелер   (өсімдіктерде)   мен   қол тұқымдар (жануарларда) шығарылады.   жүруі   Көзге   көрінбейді, 1. Тіршілік пайда болғаннан бері үздіксіз жүреді 2.   білінбейді. 3.   Сұрыпталу   кезінде   организмге   пайдалысы қалып, зияндысы жойылады. 4. Табиғи сұрыпталуға адамның ешқандай қатысы жоқ. 5.   Ортаға   жақсы   бейімделгендері   қалады, бейімделе   алмағандары   тіршілігін   жояды. 6. Қоршаған орта мен популяцияда тепе ­ теңдік сақталады. 7. Жаңа түрлер пайда болады. Табиғи   сұрыпталу  —   белгілі   бір   ортаға   организмдердің   тіршілігін   сақтап   бейімделуі. Тіршілігін сақтап қалу үшін табиғатта ұдайы (үздіксіз) тіршілік үшін күрес жүреді. Егер арыстан шиебөрінің қорегін тартып алса, қорек үшін күрес жүреді; шөлді жердің шетінде өскен өсімдік құрғақшылыққа   қарсы   күреседі.   Жыртқыш   аңның   (жолбарыс,   арыстан)   қорегі   —   шөпқоректі жануар, оны ұстап қорек етеді, ұстай алмаса аштықтан өзі өледі. Шөпқоректі жануарлар тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдіктермен қоректеніп, мыңдаған өсімдіктерді жояды. Одан басқа жәндіктер (насекомдар)   мен   жалаңаш   шырыштар   да   өсімдікпен   қоректенеді,   бұлар   құстарға   жем   болады. Майда құстармен жыртқыштар қоректенеді. Осындай күрделі өзара байланысты Ч. Дарвин тіршілік үшін күрес деп атады. Тіршілік   үшін   күрес  —   қоршаған   орта   мен   организм   арасындағы   күрделі   қарым   ­ қатынастың жиынтығы. Тіршілік үшін күрестің түрлері. Ч. Дарвин тіршілік үшін күрестің 3 түрін анықтады. 1. Түраралык күрес. 2. Түрішілік күрес. 3. Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы күрес. Түраралық күрес — бір түр мен екінші түрдің арасындағы күрес. Түрішілік күрес ­ күрестің бұл формасы бір түр дарақтарының арасында өтеді.  Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы күрес ­ өлі табиғатпен күрес. Тіршілік үшін күрестің бұл түрі күрделі және сан алуан ағзалардың өзін қоршаған өлі ортамен өзара қарым­ қатынасын қамтиды.         ІV Сабақты бекіту І деңгей. Анықтама бер 1. Микроэволюция. 2. Популяция. 3. Гендік қор. 4. Мутация. 5. Табиғи сұрыпталу.  6. Тіршілік үшін күрес. 7. Түраралық күрес. 8. Түр ішілік күрес. 9. Сыртқы ортамен күрес. ІІ деңгей. Сәйкестендір 1. Ортаға жақсы бейімделгендері қалады, бейімделе алмағандары тіршілігін жояды. 2. Қолдан сұрыптау адамның араласуымен болады. 3. Малдардың адамға пайдалы жақтарын жақсарту үшін белгілі жоспар бойынша сұрыптайды 4. Көзге көрінбейді, жүруі білінбейді. 5. Қолдан сұрыптаудың жағымсыз жақтары — пайда болған белгілері организмге зиян. Олар табиғатта дәрменсіз. 6. Жаңа түрлер пайда болады. 7. Тіршілік пайда болғаннан бері үздіксіз жүреді 8. Өсімдіктерді де пайдалы белгілерін қажетіне жарату үшін сұрыптайды.  9. Сұрыпталу кезінде организмге пайдалысы қалып, зияндысы жойылады. 10. Табиғи сұрыпталуға адамның ешқандай қатысы жоқ. 11. Егіншілік пен мал шаруашылығы дамығаннан кейін ғана пайда болды 12. Қоршаған орта мен популяцияда тепе ­ теңдік сақталады. 13. Жана іріктемелер (өсімдіктерде) мен қол тұқымдар (жануарларда) шығарылады. Қолдан сұрыптау Табиғи сұрыпталу ІІІ деңгей.  Қос жазба күнделігі Үзінділер Түсіндірмелер (коментарийлер)        V Қорытындылау.  Рефлексия. Бес саусақ        VІ Үй тапсырмасы 1. §9,   12­12   оқып   келу.   (Р.Сәтімбеков,   Р.Әлімқұлова,   Ж.Шілдебаев   «Биология»   11­сынып жаратылыстану­математикалық бағыт, 138­140 бет) ІV деңгей. «Күнделікте өмірдегі тіршілік үшін күрес көріністері туралы» хабарлама жазу. 2.               VІІ Бағалау Үзінділер Түсіндірмелер (коментарийлер) Үзінділер Түсіндірмелер (коментарийлер) Үзінділер Түсіндірмелер (коментарийлер) Қолдан сұрыптау Жауаптары: Табиғи сұрыпталу Жауаптары: Қолдан сұрыптау Жауаптары: Табиғи сұрыпталу Жауаптары: 1. Ортаға жақсы бейімделгендері қалады, бейімделе алмағандары тіршілігін жояды.  2. Қолдан сұрыптау адамның араласуымен болады. 3.   Малдардың   адамға   пайдалы   жақтарын   жақсарту   үшін   белгілі   жоспар бойынша сұрыптайды   4. Көзге көрінбейді, жүруі білінбейді. 5.   Қолдан   сұрыптаудың   жағымсыз   жақтары   —   пайда   болған   белгілері организмге зиян. Олар табиғатта дәрменсіз. 6. Жаңа түрлер пайда болады. 7. Тіршілік пайда болғаннан бері үздіксіз жүреді 8. Өсімдіктерді де пайдалы белгілерін қажетіне жарату үшін сұрыптайды.  9. Сұрыпталу кезінде организмге пайдалысы қалып, зияндысы жойылады. 10. Табиғи сұрыпталуға адамның ешқандай қатысы жоқ. 11. Егіншілік пен мал шаруашылығы дамығаннан кейін ғана пайда болды 12. Қоршаған орта мен популяцияда тепе ­ теңдік сақталады. 13.   Жана   іріктемелер   (өсімдіктерде)   мен   қол   тұқымдар   (жануарларда) шығарылады. 1. Ортаға жақсы бейімделгендері қалады, бейімделе алмағандары тіршілігін жояды.  2. Қолдан сұрыптау адамның араласуымен болады. 3.   Малдардың   адамға   пайдалы   жақтарын   жақсарту   үшін   белгілі   жоспар бойынша   сұрыптайды 4. Көзге көрінбейді, жүруі білінбейді. 5.   Қолдан   сұрыптаудың   жағымсыз   жақтары   —   пайда   болған   белгілері организмге зиян. Олар табиғатта дәрменсіз. 6. Жаңа түрлер пайда болады. 7. Тіршілік пайда болғаннан бері үздіксіз жүреді 8. Өсімдіктерді де пайдалы белгілерін қажетіне жарату үшін сұрыптайды.  9. Сұрыпталу кезінде организмге пайдалысы қалып, зияндысы жойылады. 10. Табиғи сұрыпталуға адамның ешқандай қатысы жоқ. 11. Егіншілік пен мал шаруашылығы дамығаннан кейін ғана пайда болды 12. Қоршаған орта мен популяцияда тепе ­ теңдік сақталады. 13.   Жана   іріктемелер   (өсімдіктерде)   мен   қол   тұқымдар   (жануарларда) шығарылады. Қолдан сұрыптау Жауаптары: 1. Ортаға жақсы бейімделгендері қалады, бейімделе алмағандары тіршілігін жояды.  2. Қолдан сұрыптау адамның араласуымен болады. 3.   Малдардың   адамға   пайдалы   жақтарын   жақсарту   үшін   белгілі   жоспар   бойынша сұрыптайды 4. Көзге көрінбейді, жүруі білінбейді. 5.   Қолдан   сұрыптаудың   жағымсыз   жақтары   —   пайда   болған   белгілері организмге зиян. Олар табиғатта дәрменсіз. Табиғи сұрыпталу Жауаптары: 6. Жаңа түрлер пайда болады. 7. Тіршілік пайда болғаннан бері үздіксіз жүреді 8. Өсімдіктерді де пайдалы белгілерін қажетіне жарату үшін сұрыптайды.  9. Сұрыпталу кезінде организмге пайдалысы қалып, зияндысы жойылады. 10. Табиғи сұрыпталуға адамның ешқандай қатысы жоқ. 11. Егіншілік пен мал шаруашылығы дамығаннан кейін ғана пайда болды 12. Қоршаған орта мен популяцияда тепе ­ теңдік сақталады. 13.   Жана   іріктемелер   (өсімдіктерде)   мен   қол   тұқымдар   (жануарларда) шығарылады.

Микроэволюция

Микроэволюция

Микроэволюция

Микроэволюция

Микроэволюция

Микроэволюция

Микроэволюция

Микроэволюция

Микроэволюция

Микроэволюция

Микроэволюция

Микроэволюция
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
12.03.2019