Сабақтың
тақырыбы: Міржақып Дулатұлы (1885 - 1935) «Шешенің
балаларын сүюі»
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: Міржақып Дулатұлы
туралы мәлімет бере отырып, өлеңнің мағынасын
ашу, талдау, түсіну.
Ә) Дамытушылығы: Әдеби тіл
нормасын меңгерту, өлеңнен алған әсерлерін айта
алу, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру, өздігінен
талдай білу.
Б) Тәрбиелігі: Анаға деген
сүйіспеншілік сезімдерін арттыру
Сабақтың түрі: Жаңа
білімді игерту, талдау
Сабақтың әдіс -
тәсілдері: АКТ - ны қолдану, топпен жұмыс, интербелсенді
тақта, оқу құралдары
Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру
Сыныпты төрт топқа бөлу,
топтың атын қою, бағалаушы балаларды сайлау
2. Өткенді еске түсіру
1 - Флипчартпен жұмыс
Берілген сөйлемдердегі бос орындарды
тиісті сөздермен толықтыр.
3 Жаңа сабақ
2 - Флипчартпен жұмыс
• Бес арыстың суретінен Мағжанды
тауып көрсету
• Неге бес арыстың құрамына
кіріп тұр?
• Алаш орда ұйымына кіру себебі не
Алыстан Алаш десе аттанамын,
Қазақты қазақ десе
мақтанамын.
Болғанда әкем қазақ,
шешем қазақ -
Мен неге, қазақтықтан
сақтанамын?! Немесе
Көзіңді аш, оян, қазақ,
көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер
жасты.
Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, ендіжатужарамас - ты. –
Деп, ұран тастап кеткен кім? М. Дулатов
*Ендеше, бүгінгі сабағымыздың
кейіпкері - Алаш Орда ұйымының белді мүшесі, бес
арысымыздың бірі – М. Дулатұлы. Бүгінгі күнді,
тақырыпты жазып қойыңдар.
3 - Флипчартпен жұмыс
*Міржақып Дулатұлы жайлы не
білесіңдер? Видео - жазба тыңдау
4 - Флипчартпен жұмыс Хранологиялық
кесте
1885 ж. 25 - қараша Қазіргі
Қостанай облысы, Жангелдин ауданында, Қызбел деген жерде
дүниеге келген
1897 - 1902 ж. ж. Торғайдағы 2
сыныптық орыс - қазақ мектебінде оқиды.
1905 - 1907 ж. ж. Бала оқытады.
1909 ж. Қызылжарда тілмаштық
қызмет атқарады.
1910 ж. «Қазақ» газетін А.
Байтұрсыновпен бірлесіп шығарады
1911 ж. маусым Семейге келгенде
тұтқындалып, 19 ай қамауда отырады.
1913 - 1918 ж. ж. «Қазақ» газетінде
жауапты хатшы қызметін атқарады
1922 ж. Алаш қозғалысына
қатысқаны үшін қамауға алынып, Орынборға
жіберіледі де қамаудан босатылады.
1922 - 1926 ж. ж. Орынборда интернат
оқытушысы, Қызылжар, Семейде сот мекемесінде, Қызылордада
баспасөзде қызмет атқарады.
1928 ж. Қамауға алынады.
1930 ж. Ату жазасына кесіледі, кейін 10 жыл
абақтыға ауыстырылады.
1935 ж. Ақтеңіз - Балтық
каналы бойындағы Сосновец лагерінде ауыр науқастан қайтыс
болады.
1988 ж. 27 қазан Қазақ ССР
прокуроры тексеру нәтижесінде ақтады
1992 ж. Торғай өңірінде
өз есімімен аталатын ауылға сүйегін жерлейді.
5 - Флипчарт
*Шығармалары (Сызба ) Әртүрлі
тақырыпта құрылған
6 - Флипчарт
Нұрлан Өнербаевтың
өлеңінен үзінді тыңдату «Анашым» Өлең кімге
арналған?
*Анаға. Ендеше, бүгінгі
сабақтың тақырыбы Ана туралы өрбімек
М. Дулатұлының «Шешенің»
балаларын сүюі» өлеңі осы Ана тақырыбына
құрылған
* Ана қандай жан? Топтастыру стратегиясы
Өлеңді мәнерлеп оқу
Мағынасын ашу
7 - флипчарт
• Өлеңді талдау
I топ Өлеңді құрылысына
қарай кешенді талдау
1. Авторы: М. Дулатов
2. Тақырып: Бұл
өлеңнің тақырыбы ананың баласына деген
махаббатына арналған
3. Жанр түрі – поэзия (өлең)
Өлең дегеніміз – белгілі бір
өлшеммен қиыннан қиыстырылып, үйлесімді
ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз
жүйесі
4. Идеясы – автор тақырып арқылы
шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз
көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан
бейнелейді.
Сол арқылы өз мақсат,
мүддесін, арманын білдіреді.
Идеясы – ананың бар арманы,
өмірінің мәні – баласы, соның амандығы.
Сабақтың
тақырыбы: Ертегілер және оның түрлері
Сабақтың мақсаты: 1)
оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі
кейіпкерлерімен таныстырып, ұлттық рухани біліммен
қаруландыру;
2) оқушының тілін, қиялын,
сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту;
3) оқушыларды ертегіні сүйіп
оқуға, адамгершілікке, шындыққа,
елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі
Сабақтың түрі: Жаңа
сабақ
Сабақтың әдісі: ассоцация
әдісі, шежіре ағашы
Сабақтың көрнекілігі:
слайдтар, суреттер
Пәнаралық байланыс:
қазақ тілі, тарих, бейнелеу өнері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Сәлемдесу
2. Оқушыларды түгелдеу
3. Назарларын сабаққа аударту
ІІ. «Қане жауап ізделік» ойыны
(өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар)
- Фольклор мен ауыз әдебиеті бір
ұғым ба?
- Ауыз әдебиетінің қандай
белгілері бар?
- Ауыз әдебиетінің қандай
түрлері бар?
- Мақал – мәтелдерді неге ауыз
әдебиетіне жатқызамыз?
- Мақал мен мәтелдің айырмасын
айт?
- Жұмбақ ауыз
әдебиетінің қандай түрі?
- Қалай ойлайсыңдар, ертегілерде
мақал - мәтелдер, жұмбақтар кездесе ме?
ІІІ. Ассоциация әдісі:
Ауыз әдебиеті
↓
Мақал – мәтелдер
Жұмбақтар
Батырлар жыры
Тұрмыс салт - жырлары
Аңыз әңгімелер
Төрт - түлік туралы жырлар
ІҮ. Жаңа сабақ
1. Бейнеклип көргізу.
2. Бейнеклипте көргендері туралы ойларын
ортаға салу
3. Жаңа тақырыпты ашу
Мұғалімнің сөзі. Мына
бейнеклип не туралы? Қалай ойлайсыңдар?
- ертегілер дегеніміз не? Оны қалай
түсініп келдіңдер?
- Қандай ертегілерді білесіңдер?
- Ертегілер қалай басталады? Немен
аяқталады?
Толықтыру: Ертегілер ауыз
әдебиетінің ең көне жанрына жатады. бұларда
көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін,
ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады. Ол ауызша
айтылып, ел есінде ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан –
ұрпаққа ауысып біздің дәуірімізге жеткен.
Әр кезеңде ертегі айтушылар өз жандарынан ертегі
мазмұнына жаңа оқиғалар қосқан.
Сөйтіп ол үнемі жаңарып, толықтырылып, жетілдіріліп
отырған.
Халық ерте кезде - ақ
әрқашан зұлымдықты әділеттік жеңеді, адам
табиғаттың асау сырларын біліп, қолдана алатын болады деп
сенген. Жақсы өмірді аңсаған
қашықтарға тез жетуді, ғажап күшті болуды,
көкке ұшуды, жер асатына түсіп, асыл қазынасын алып,
пайдалануды армандаған. Соның бәрі ертегілерге арқау
болған. Сондықтан да ертегілерде халық қиялы, арманы,
даналығы ғасырлар бойы жинақталған өмір
тәжірибесі бар. Ертегілердің үш түрі бар. Олар:
1. Хайуанаттар туралы ертегілер
2. Қиял – ғажайып ертегілер
3. Шыншыл ертегілер
Хайуанаттар туралы ертегідегі негізгі кейіпкерлер
аң, құс, үй жануарлары болады. Алайда олар адамға
тән қасиеттер иесі болып суреттеледі де, сол арқылы
сұм, қиянатшыл, дөрекі, қу мінез
құлықтар әшкереленеді, еңбексүйгіштікті,
батылдықты, адалдықты сүйсіне әңгімелейді.
Ал қиял – ғажайып ертегілерде ер
жүрек, батыр адамдардың басынан кешкен сан алуан ерлік
оқиғалар баяндалады. Олар жеті басты дәумен, жалмауызбен,
небір құбыжықтармен күрес үстінде бар асыл
қасиеттерімен көрінеді. Олар көкке ұшады, жер астына
түседі, теңіздерден өтеді, азабы мол ғажайып
оқиғаларды ақыл, айла – тәсілін асырып, жеңіп
отырады. Осы жолда оларға Желаяқ, Таусоғар,
Саққұлақ, Самрұқ құс,
Қарлығаш сияқты ізгі ниетті жандар болысады, ақылды ат,
алып құстар жәрдемдеседі.
Қазақ
әдебиеті 8 сынып
Ашық сабақтың тақырыбы:
Шәкәрім «Қалқаман - Мамыр» поэмасы
Сабақтың мақсаты: 1.
Ақын өмірінен, шығармашылығынан мәлімет беру.
Поэманың мазмұнын ашу, Тақырыбы мен идеясын таныту,
көркемдік ерекшелігіне талдау жасау.
2. Оқушының сөйлеу тілін
дамыту, өзіндік пікір, көзқарасын қалыптастыру,
шығармашылыққа жетелеу, ізденісін шыңдау.
3. Жас ұрпақты
шыншылдыққа, адалдыққа, адамгершілікке, уәдеге
беріктікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд,
карточка, бағалау парағы
Сабақтың түрі: жаңа
сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының
элементтері
Сабақтың барысы: І.
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық тренинг « Көңіл
күйіміз қандай?»
ІІ. Үй тапсырмасы:
І. Абай Құнанбайұлының
«Он жетінші қарасөзі» (Көрініс арқылы
әңгімелеу)
ІІ. Шығармашылық жұмыс «Мен
ақылмын»,»Мен қайратпын», «Мен жүрекпін»
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
сұрақтары:
1. Ауыз әдебиетінен мол сусынды Абай
атамыз кімдерден алған? (Ұлжан, Зере)
2. Абай Құнанбайұлының
шын есімі кім? (Ибраһим)
3. Абай қай жылы дүниеге келді?
(1945)
4. Құнанбай қандай адам
болған? (Шешен, ақылға бай, қажы, болыс)
5. «Бөтен сөзбен былғанса
сөз арасы, Ол ақынның білімсіз бейшарасы» Қай
өлеңнен үзінді? («Өлең - cөздің
патшасы, сөз сарасы»)
6. Әбдірахман кім, оған
арнаған өлеңі қалай аталады? (Ұлы,
«Әбдірахман өлгенде»)
7. Абайдың неше қарасөзі бар?
(45)
8. «Он жетінші қарасөзінде»
«Ақыл, қайрат, жүрек» кімге келіп жүгінеді?
(Ғылымға)
ІІІ. Жаңа сабақ.
І.«Ой қозғау»
1. Абай атамыз неше ағайынды? (жеті,
Құдайберді, Тәңірберді, Абай, Ысқақ, Оспан,
Қалиолла (жастай қайтқан), Ысмағұл)
2. Абайдың ізін жалғастырған
ақын інісі кім? Ол кімнен тараған ұрпақ?
(Шәкәрім, Құдайбердінің ұлы, Абайға
немере інісі болады)
Ендеше бүгінгі сабағымыз
Шәкәрім Құдайбердіұлына арналады.
Шәкәрім атамыз туралы не білеміз? «ББҮ» кестесін
толтырайық.
«Білемін» кестесі: «Адамдық борышың»
«Жолма қулар маңайға», репрессия құрбаны,
алғашқы өлеңі «Құртқа», т. б.
«Білдім» кестесін толтыру: «Қалқаман
Мамыр», «Еңлік Кебек», «Нартайлақ Айсұлу» поэмасы бар,
Меккеге барған, Қажы атанған, Стамбул, Париж кітапханаларын
оқыған, «Түрік, қырғыз, қазақ
һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты» атты
еңбек жазған.(философ, ойшыл, зерттеуші), орыс, батыс
мәдениеті мен ғылымына үңілген Л. Толстойдың
шығармаларын аса жоғары бағалаған. Аудармалары бар,
аудармашы, жиырмаға тарта әндері бар, сазгер
ІІ. Мағынаны тану
Белгілі ғалым Қайым
Мұхамедхановтың сөзімен айтсақ: Ұлы ақын
дүниеден қайтқан соң халық Шәкәрімді
екінші Абайымыз деп танып, ерекше құрметтеген. Бұл пікір
ғұлама ақынға берілген әділ баға.
Шәкәрім атамыз Абай ағасының ақындық
дәстүрін жалғастырып, сол заман шындығын тап басып
суреттей білген. Сол шығармаларының бірі «Қалқаман
Мамыр» дастаны.
Балалар, үйден мазмұнымен танысып
келдіңдер. Енді жырдағы басты оқиғаларға назар
аударып, мазмұндап көрейік. Оқиға қай
кезеңді суреттейді?
( Поэма тарихи шығарма. Ақтабан
шұбырынды оқиғасының алдында 1722 ж. болған.)
Оқиға кейіпкерлері кімдер?
(Әнет баба, Мәмбетей, Қалқаман, Мамыр, Көкенай)
Осы аталған кейіпкерлердің арасында
туыстық байланыс қандай? (Кішік, Мәмбетей ағайынды бір
туғандар. Кішіктен: Әнет, Әйтеке. Әйтекеден: Олжай,
Байбөрі, Қалқаман. Мәмбетейден Мамыр.
Қалқаман мен Мамыр немере
ағайынды.)
Поэмада Мамыр қалай суреттеледі?
(Байдың ерке шора қызы. Қыз деп әкесінен батып айта
алмайды. Қалқаманмен жылқы бағып жүріп кездесіп,
бір бірін ұнатады.)
Жыр желісі бойынша осы екі жасты
жақындастырған оқиға не еді? (Сәмеке деген хан
қалмақты жеңіп елді жинап той жасайды. Сол тойға
тобықты елі тегіс шақырылады. Үлкендер кеткеннен кейін жастар
бастаңғы жасайды.
Осы бастаңғыда Мамырдың
Қалқаманға айтқан жұмбағы (кездесуге
шақырады, өзіне құда түсетінін айтады.
Ұнатысқан екі жас алып қашуға бел байласып,
қашады)
Осы жерде Әнет баба қандай кейіпкер
болып танылды? (ел бірлігін ойлаған, ақылды, жанашыр бейнесінде
көрінеді. Қалың малды аямайды, бірақ Көкенай мен
Мәмбетей көнбей қояды.)
Көкенай кім? (Мәмбетей елінің
батыры, ел ағасы, салт дәстүрді қатаң
ұстанушы, қатыгез жан. Үйін сағынып, төркіндеп
келген Мамырды атып өлтіреді. Мамырдың өз қанымды
кештім, Қалқаманды өлтіре көрме, екі адамның
қанын мойныңа жүктеме» дегеніне қарамайды. Әнет
бабаға кісі салып, ақыры туыстықтан кетеміз деп
көндіреді. )
Жыр оқиғасы немен тынады?
(Көкенай Әнет бабаның шешімімен Қалқаманды
жүйрік атпен шауып өткізеді, сол кезде Көкенай мергендігі рас
болса, Қалқаманды атып түсіруі керек. Екінші рет оқ
атылмайды. Садақ жебесі Қалқаманның санына тиіп, аман
қалады. Мамырды өлтіріп, өзімді оққа тіккен елде
қала алмаймын деп, өкпелеп елден кетеді. Ұлы жүздегі нағашысы
Еділбайға Бұхараға кетеді. Сол жақта жүріп
үйленіп, қазірде солардан тараған ұрпақ ұлы
жүзде деген дерек бар)
Мазмұнын жүйелеп шықтық.
Топтарға тапсырма
І топ тапсырмасы. Поэманың
композициялық құрылымын жасайды.
1. Оқиғаның басталуы.
Кейіпкерлерді автордың таныстыруы.
2. Оқиғаның дамуы.
Қалқаман мен Мамырдың бір - бірін ұнатуы, бастаңғы
жасауы, сөз байласуы.
3. Шарықтау шегі. Екі жастың
серттесіп қалуы
4. Шиеленісуі. Бірін - бір ұнатқан
екі жастың қосылуы. Мәмбетейлер мен Тобықты
руының жанжалдасуы
5. Оқиғаның шешімі.
Мамырдың аянышты өлімі, Қалқаманның елден кетуі.
ІІ топ тапсырмасы. Поэмадағы салт
дәстүрлерді тап және бүгінгі өмірмен байланыстыр.
(қыз айттыру, бастаңғы,
құда түсу, қалың мал, жақыннан қыз
алмау, бата беру, уәдеге беріктік)
ІІІ топ тапсырмасы.
Өлең құрылысына талдау
жаса.
Тақырыбы: «Қалқаман Мамыр»
Идеясы:
Шумақ: 62
Ұйқас: қара өлең
ұйқасы
Тармақ: 278
Бунақ: үш бунақ
Буын саны: 11
Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру.
І топ: Қалқаман мен Мамырға
мінездеме бер
ІІ топ: Әнет бабаға
ІІІ топ: Көкенайға
Ой толғаныс
1. Қалқаман мен Мамырдың
қосылғаны дұрыс па? бұрыс па?
Жақтаушы топ жауабы: Иә, мен
Қалқаман мен Мамырдың қосылғаны дұрыс
деймін. Олар – адал махаббат иелері. Бірін - бірі қатты сүйеді.
Мамыр өлер алдында да өзінің Қалқаманға
деген махаббатын дәлелдеп кетті. Өзі өлсе де
Қалқаманның тірі қалуын армандады, бақыт тіледі.
Сондықтан мен екеуінің қосылғанын дұрыс деп
ойлаймын.
Даттаушы топ: Жоқ, бұл пікірге
қосыла алмаймын. Олар бірін –бірі ұнатса да, сезімді
ақылға жеңдіру керек еді. Өйткені, олар біріншіден, ата
салтын бұзды. Ол кезде ата салтын орындамай, бата бұзған
адамды жазалаған. Екіншіден, олар өзара ағайынды, туыс
адамның балалары. Сондықтан олар қазақта жеті
атаға қыз алмау деген қағиданы, заңды
бұзды. Сондықтан
ата - дәстүрін бұзып отырған екеуін айыптаймын.
Тақырыбы:
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман - Мамыр»
дастаны.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Шәкәрім
шығармашылығымен таныстыру, хикаяттың мазмұнын
ұғындыру арқылы Қалқаман, Көкенай
әрекетіне екі түрлі көзқарасты баға беру.
ә) Тәрбиелік: оқушыларды
поэмадағы кейіпкерлердің жақсы мінез-құлық,
орынды іс-әрекеттерін талдау арқылы адамгершілік, мейрімділік,
қамқорлық, жасауға баулу.
б)Дамытушылық: оқушының ой
еркіндігін, эстетикалық сезімін ояту, қысқаша
мазмұндату арқылы тіл дамыту, сөйлеу мәдениетін
қалыптастыру, сұрақтар арқылы белсенділігін арттыру ,
өздігінен білім алуға баулу.
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру бөлімі .
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру,
өткен сабақта берілген материалдарды сұрау, тексеру, бекіту.
Сабақтың түрі:
Шығармашылық
Сабақтың типі: Икем - дағдыны
қалыптастыру
Сабақтың әдістері:
мәтінмен жұмыс, пікір айту, сұрақ - жауап,
сахналандырылған көрініс, сұрақтар арқылы
проблемалық жағдай туғызу.
Көрнекілігі: Ақын портреті,
интерактивті тақта , көрме, кітаптар
Формасы: ұжымдық, топтық ,
жеке
Пәнаралық байланыс: тарих, салт-дәстүр
Сабақтың жоспары.
1. Ұлы Абайдың ізбасар інісі.
2. Іздендіру бағытындағы
жұмыстар
3. «Қалқаман - Мамыр» тарихи хикая (
мазмұндау, талдау, жинақтау).
а) Шығарманың композициялық
құрылыммен танысу (әдеби - теориялық
ұғымдармен жұмыс жүргізу).
ә) Шығармаға
аннотациялық талдау жасау.
І кезең
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1. Оқушыларға сұрақтар
қою арқылы Шәкәрім туралы өздігінен оқып
келген білімдерін тексеру
Сұрақ: Балалар, қазақ
әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі тұлғалы ақын
атанған Шәкәрім туралы кім не біледі?
Жауап: Шәкәрім 1858 жылы
Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Ол Абайдың
ағасы Құдайбердінің баласы. Әкесі
Құдайберді ерте қайтыс болады . Жетім қалған Шәкәрімді
ағасы Абай тәрбиелеп өсіреді.
Мұғалім: Дұрыс.
Шәкәрімнің өмір дерегі туралы тағы кім
толықтырады?
Жауабы: Шәкәрім жеті жасқа
келгенде әкесі Құдайберді қайтыс болады. Әке
өліміне ол қатты қайғырады. Өзінің
тұңғыш өлеңін осы әкесі қайтыс
болғанда шығарады. Бұл туралы Шәкәрімнің
мынадай естелігі бар. «Жазғытұры әкем өліп,
ауылға ат қойып, келіп жатқан адамдар көп болды. Мен
осы кезде есік алдындағы төбешікке отырып, тасқа
өрмелеп бара жатқан құртты өлтірдім.
Айтқаным бар. Сонда есте қалғаны...
Өлтірдің, не таптың сен онан
пайда,
Өмір сүріп жүруші ем жазда
сайда.
Өлімнің қандайлығын
көзің көрді.
Кешегі тірі жүрген әкең
қайда?
Менің де жетім қалды балаларым,
Олар да жылайды іздеп аналарын.
Өзің жетім, жетімді аясаңшы,
Жоқ екен басында ми - саналарың.
Осы өлеңді шешелеріне оқып
бергенде, шешелері қатты жылайды. Олар Шәкәрімге енді
өлең жазба деп тыйым салады. Сонда Абай Жоқ,
Шәкәрімге өлең жазба демеңдер, жазсын
өлеңді, бүгіннен бастап оны өзім тәрбиелеймін
деген екен.
Мұғалім: Өте жақсы.
Өте қызықты естелік айттың, сонымен
Шәкәрімнің ақындық бұлағының
көзін ашқан кім екен, балалар
Жауабы: Шәкәрімді Абай
тәрбиелеп өсірді. Оның өлең жазуға деген
ықыласын байқаған Абай оны сөз өнеріне,
ақындық өнерге баулыды. Ол Абайдың ең дарынды
шәкірті әрі заңды ізбасары болды. Ол арнайы оқу
орындарында оқымаса да, өз бетінше ізденді.Абай
ағасының басшылығымен көп нәрсе үйренді.
Түркістан өлкесіндегі білімдер, ғұлама адамның
бірі болады. Ол араб, парсы, түрік тілдерін жақсы білді, ол орыс
тіліне жетік болды.
Мұғалім: Өте дұрыс
айттың. Белгілі ғалым Қайым Мұхамедхановтың
сөзімен айтсақ: Ұлы ақын дүниеден
қайтқан соң халық Шәкәрімді екінші Абайымыз
деп танып, ерекше құрметтеген. Бұл пікір
Шәкәрімдей дарынға халық тарапынан берілген әділ
баға. Абай да дананың ақындық дәстүрін
заңды түрде жемісті жалғастырған ол өзі
өмір сүрген күрделі кезеңнің ащы шындығын
өз туындыларында тап басып суреттей білді. Сол шығарманың
бірі өздеріңнің мазмұнымен танысып келіп отырған
Қалмақан –Мамыр дастаны.
І кезең
Мұғалім: Балалар, үйде
мазмұнымен танысып келіңдер. Енді жырдағы басты
оқиғаларға назар аударып, мазмұндап көрейік.
Жауап: Бұл поэманы ақын тарихи хикая
деп атаған. Өйткені дастанның оқиғасы
ақтабан шұбырынды заманында өтеді. Поэманың
алғашқы шумақтарында Әнет баба, Мәмбетей, Қалқаман,
Мамыр есімдері аталып таныстырылады.
Мұғалім: Әнет баба,
Мәмбетейлерді ақын кім деп таныстырады, олардың
Қалқаман мен Мамырға қандай туысқандық
қатысы бар
Жауабы: « Әнет баба арғынның
ел ағасы, әрі би, әрі молда, ғұламасы. Орта
жүзге әділ екен, сол кезде тоқсан беске келген жасы» деп
Әнет бабаны таныстырады. Ал Мәмбетей мен Кішік ағайынды бірге
туған адамдар, Кішіктен Әнет, Әйтеке тарайды. Ал
Мәмбетейден Мамырдың әкесі туады. Әйтекеден Олжай,
Байбөрі, Қалқаман туады. Сонда Қалқаман мен
Мамырдың әкелері немере ағайынды кісілер.
Мұғалім: Өте жақсы
түсінгенсің. Ал енді дастанда Мамыр бейнесі қалай
суреттеледі?
Жауап: Мамыр Мәметейден тараған
байдың қызы. Өзі өте сұлу әрі ақылды.
Әкесі оны еркелетіп өсірді. Қыз киімін кимей, өзін ер
баламын деп есептеп жүреді. Байдың Мамырдың басқа
баласы жоқ. Сондықтан ел байдың көңіліне
қарап,оны қыз деп айта алмай жүреді. Құда
түсуге ел бата алмайды. Қалқаман да сол көптің
бірі. Бір күні екеуі жылқы бағып жүріп кездеседі. Осы
кезде бірін бірі қатты ұнатып қалады.
Мұғалім: Жыр желісі бойынша осы екі
жасты жақындастыратын бір тосын оқиға болады. Кім айтады
екен?
Жауап: Дастанда Сәмеке деген хан
қалмақты жеңіп, той жасайды. Сол тойға Тобықты
елі тегіс шақырылады. Оңаша қалған жастар
бастаңғы жасайды.
Мұғалім: Бастаңғы деген
не?
Жауап: Бұл қазақ
халқының бір салт дәстүрі. Үйдегі үлкендер
бір жаққа кеткенде, үйдегі жастар бас қосады.
Мұғалім: Жауабың дұрыс.
Келесі кезекте Қалқаман мен Мамырдың әңгімесіне
берейік.
Жауап: Екі оқушы рөлге бөліп,
жырдан үзінді оқиды.
Мұғалім: Міне балалар,
Қалқаман мен Мамырдың арасындағы сырды
тыңдайық. Нені түсіндік? Не ұқтық?
Жауап: Қалқаман мен Мамыр бір-бірін
қатты сүйеді. Бірақ Мамырдың әкесі біреуге
аттастырып қойыпты. Бұл – бірінші кедергі. Қалқаман мен
Мамыр екеуі бір-біріне жақын, аталас туыс. Бұл екінші кедергі.
Бірақ, бірін-бірін ұнатқан екі жас барлық кедергіні
аттап өтіп, қашып кетеді.
Көрініс:
Әнет баба ойланып отыр.
Олжай: О, қасиетіңнен айналайын,
Әнет бабам! Қапы қалдық.
Әнет: О,құдайым.
Өзің сақтай көр. Жүрісің суыт, не хабармен
келдің?
Олжай: Қиын шаруа болып тұр. Балам,
Қалқаман Мамырды алып қашып келді. Тобықты жақыннан
қыз алмаушы еді. Нендей ақыл бересің, баба!
Әнет: О, құдайым! Бір
сорға душар қылайын дегенің бе? Түсімде бір жаман
түс көріп едім. Не жорымды білмей отыр едім. О, тоба!
Қателесесің - ау. Бітіспейтін бір іске кез болдым - ау, балам.
Көкенайдың мінезі қатал еді. Кешіре алар ма екен?
Сосын Олжайға:
Уа, Олжай, болар іс болды. Тобықтыға
хабар қыл.Малды аямасын. Мәмбетейдің көмейін малмен
тығындасын.
Олжай: Құп болады, баба!
Айтқаныңды қалың Тобықтыға жеткіземін.
Мұғалім: Осы көріністен
кімнің бейнесін таныдыңдар? Мінездеме беріңдер.
Жауап: Әнет баба ел бірлігін,
халықтың тыныштығын ойлаған адам. Оның
әрбір сөзінен, қимылынан өте ақылды адам екендігі
көрініп тұр. Әнет бабаның жүрегі өте
мейрімді. Қалқаман мен Мамырға жаны ашиды.
Қалқаманды құтқару үшін әртүрлі
амалдар ойлап табады. Қалың малды көп беріп бірістіру
жағын ойлайды. Оған көнбеген соң, құн
беруді айтады. Әбден амалы құрыған кезде ғана
Қалқаманды өлтіруге көнеді. Онда да атпен шауып
өтсін, сонда атсын Көкенай дейді. Мүмкін атқан
оқтан тірі деп үміттенеді. Әнет баба үлкен
жүректі, мейрімді, жастарға пана болған, ел билеген
ғұлама адам.
Мұғалім: Өте жақсы
айттың. Олай болса, мінездеме деген не?
Жауап: Шығармаға
қатысушының мінезін, дүниеге көзқарасын суреттеу
мінездеме деп аталады.
Мұғалім: Иә, балалар
өмір – күрес, оның айдынында мейрімділік пен
қатыгездік, жақсылық пен жамандық сияқты
кереғар ұғымдар кезектесіп жатады. Соның дәлелі
мына бір көрініс.
Көрініс:
Қыз-келіншектерімен Мамыр келе жатады.
Бірінші қыз: Мамыр-ау, ауылға да
келіп қалдық.Мына қырдың асты сенің ауылың.
Екінші қыз: Иә, ауылыңды да
сағынған шығарсың.
Мамыр: иә ,сағындым ғой.
Қайран менің туған ауылым. Самал желіңді сағындым
- ау. Жұпар аңқыған көк шөбіңді
сағындым.
Жеңгесі: О,жасаған, мына келе
жатқан Еркежаным ба? Құдай-ау сені де көретін күн
болады екен-ау!
Мамыр: Иә, жеңеше, туған
жердің қадірін ұзатылған қыз білмегенде кім
болсын. Сағындық қой, туған жердің қасиетті
топырағын.
Жеңгесі: Иә, қарағым -
ай! Қайтсін-ай, енді! Жүре ғой қарғам, үй
жаққа. Сол кезде қара киімді Көке най шығады.
- Әй, қойшы бала, анау келе
жатқан топ кімдер? Айт, жаныңның барында.
Қойшы: Ол Мамыр көкем ғой,
төркіндеп келе жатқан.
Көкенай: Ах, жүзіқара!
Ұялмай ауылға келе жатқанын қара. Сенің
құның бір оқ қана. Әй, ессіз,
малғұндар. Бала кетіңдер, ана жүзіқараның
қасынан. Былай тұрыңдар, егер өлгілерің келмесе.
Қазір а тамын, атаңа нәлет жүзіқараны! (Мамыр
жүрегін ұстап құлайды).
Мамыр:
О,Алла жаным!
Көкенай, қарғамаймын сені.
Ақтық сөзімді тыңда. Менің ісім ақ.
Жазығым тек Қалқаманды сүйгенім. Сенен өлер алдындағы
ақтық тілегім. Қалқаманды өлтіре көрме.
Обалыма қалма жазықсыз жанның. Мойныңа бір қан
жүктегенің жетер. Өлтіре көрме Қалқаманды.
Қалқаман, қош аман бол! (Сахна
жабылады).
Мұғалім: Балалар,
өздерің жаңа ғана Көненай
қатыгездігінің куәсі болдыңдар.
Мамырды аямай, қанын жүктеген
Көкенай Мамырдың ақтық сөзінен соң өз
әрекетін тоқтатты ма?
Жауап: Жоқ, қатыгез Көкенай
жазықсыз жасты өлтіріп алдым-ау деп ойлаған да жоқ. Ол
Әнет бабаға қайта-қайта кісі салып,
Қалқаманды өлтір деп қиғылық салды.
Қалқаманды өлтірмесе, туыстықтан кетеміз, ел іші
ынтымағы бүлінеді деп қорқытты.
Мұғалім: Сонымен,балалар, жыр
оқиғасы немен аяқталады?
Жауап: Ақырында Көкенай дегеніне
жетіп, Қалқаманды атады Бірақ Қалқаман ажал
оғынан аман қалып, құлақ естімес, көз
көрмес алыс жаққа кетіп қалады. Ол жақта
үйленіп, үйлі-балалы болады.
Мұғалім: Ал, балалар жыр өзегі
өздеріңе таныс. Енді жыр желісі бойынша мынадай топтық,
жұптық, жұмыстар жүргіземіз. Бұл үшін
сыныптағы оқушылар қабілеті бойынша үш топқа
бөлінеді.
І- топ: Шығарманың
композицияның құрылысына талдау. Әдеби теориялық
ұғымдарды дәлелдеу. Екі оқушы жұптасып орындайды. Бірі мәтін бойынша,
екіншісі теориядан жауап береді.
І- жауап: Басталуы.
Жауап: Көркем шығармада баяндалатын
оқиғаның басталуын шығарманың басталуы дейміз.
2-жауап:Байланысы.
Қалқаман мен мамырдың
бір-бірін ұнатуы, бастаңғы жасауы, сөз байласуы.
Көркем шығармада
оқиғалардың бір-бірімен сабақтасып отыруын байланыс
дейміз.
3-жауап: Шығарманың дамуы.
Мамырдың біреуге айттырылуы.
Шығармадағы
оқиғалардың қалыңдап, шиелінісе түсуін
шығарманың дамуы дейміз.
4- жауап: Шығарманың шарықтау
шегі.
Екі жастың серттесіп қалуы,
Мәмбетелейлер мен Тобықты руының жанжалдасуы. Көркем
шығармаларда оқиғалардың шарықтау шегіне жетуін
шығарманың шарықтау шегі дейміз.
5-жауап: Шығарманың аяқталуы.
Мамырдың аянышты өлімі,
Қалқаманның елден кетуі. Көркем шығармада
оқиғалардың бір шешімге келуін оқиғаның
шешімі дейміз.
6- жауап: Шығарманың композициясы
дегеніміз не.
Жауап: Көркем шығармада
оқиғаның басталуын, олардың байланысын, шарықтау
шегін шығарманың композициялық құбылыс дейміз.
2-топ Шығармаға аннотациялық
талдау.
1-бөлім.
Бөлімнің аты
Кейіпкерлердің тағдыры
Шығарманың көркемдік
әдісі
Кездесу
Бастаңқы
Тосын жағдай
Батыл шешім
Қатыгездік Қалқаман мен Мамыр
бірін-бірі алғаш көргеннен-ақ ұнатып қалады.
Мамырдың туыстары тойға кетіп,
жастар бастаңқы жасайды.
Мамыр Қалқаманға
өзінің біреуге атастырылғанын жеткізді.
Бірін-бірі ұнатқан екі жас қол
ұстасып қашып кетеді.
Көкенай төркіндеп келген Мамырды
атып өлтіреді. Баяндау
Суреттеу
Диалог
Портрет
Баяндау, диалог.
Сұрақ: Баяндау деген не?
Жауап: Әдеби шығарманың
оқиғасын желілі түрде көркемдеп әңгімелеуді
баяндау дейміз.
Сұрақ: Суреттеу деген не?
Жазушы кейде шығарма оқиғасын
баяндау барысында оқиғаның болған жерімен,
оқиғаға қатысушы кейіпкерлермен, олардың жеке
басына тән ерекшеліктерімен, оларды қоршаған ортамен
таныстырады. Мұны суреттеу дейміз.
3-топ Өлең құрлысын
талдау.
(Жырдың алғашқы шумағы)
Өткен іс ойға күңгірт
көзге танық,-----------------11 а
Көрмесе де білгенге бәрі
қанық.-------------------11 а
Мың жеті жүз жиырма екінші
жыл,---------------11 б
Қазақтың сыр бойында
жүргені анық.-----------11а
(Жырдың соңғы шумағы)
Хан Шыңғыс деген тауда тұрмыз
бізде,---------11 а
Егерде іздесеңдер сонан ізде.----------------------11
а
Тобықты да Құнанбай қажы
десе,-----------------11 б
Басты кісі біледі Орта
жүзде.------------------------11 а
Сұрақ: Портрет деген не?
Жауап: Көркем шығармада
кейіпкердің сырт тұлғасын, бет әлпетін суреттеуді
портрет дейміз.
Жауап: Көркем шығармада
кейіпкерлердің кездесіп сөйлесуін диалог дейміз.
3 кезең.
Мұғалім: Балалар, жырдың
композициялық құбылысы бойынша өте сәтті
жұмыс жасадыңдар. Сендерге көп рақмет. Енді кейіпкерлер
тағдырына терең үңілейікші. Басты кейіпкерлер туралы
өз пікірімізді ашық айтып мынадай сұрақтар бойынша
пікірталас ұйымдастырайық.
І v. 1. Қалқаман мен Мамырдың
қосылғаны дұрыс па? бұрыс па?
Жинақтаушы топ.
Жауап: Иә, мен Қалқаман мен
Мамырдың қосылғаны дұрыс деймін. Олар – адал махаббат
иелері. Бірін-бірі қатты сүйеді. Мамыр өлер алдында да
өзінің Қалқаманға деген махаббатын дәлелдеп
кетті. Өзі өлсе де Қалқаманның тірі қалуын
армандады, бақыт тіледі. Сондықтан мен екеуінің
қосылғанын дұрыс деп ойлаймын.
Даттаушы топ: Жоқ, бұл пікірге
қосыла алмаймын. Олар бірін –бірі ұнатса да, сезімді
ақылға жеңдіру керек еді. Өйткені, олар біріншіден, ата
салтын бұзды. Ол кезде ата салтын орындамай, бата бұзған
адамды жазалаған. Екіншіден, олар өзара ағайынды, туыс
адамның балалары. Сондықтан олар қазақта жеті
атаға қыз алмау деген қағиданы, заңды
бұзды. Сондықтан ата - дәстүрін бұзып
отырған екеуін айыптаймын.
Дәйектеме: Қалқаман мен
Мамырды қосылуы дұрыс емес, Өйткені олар өзара туыстас
адамдар.
2. Көкенай әрекетін қалай
бағалайсыңдар? Жырда Көкенай батыр деп суреттеледі,
оның батырлық әрекеті жырда көріне ме?
Жауап: Ерте кезде кінәлі адамдардың
айтпайтын арнауы заң орындары болған. Жазасын өтеу үшін
жататын түрмелер де болмаған. Сондықтан ел билеуші адамдар,
яғни әр рудың Әнет, Қалқаман сияқты
көсемдері далалық сот жасап, өздерінше үкім
шығарып отырған. Көкенай - өз заманының
салт-дәстүрін берік ұстаған адам. Сондықтан
оның Мамырды, Қалқаманды жазалауы дұрыс деп ойлаймын.
Жауап: Көкенайдың әрекетін
тағы басқа рулас адамдар тегіс жақтады. Мысалы жырда мынадай
өлең жолдары бар.
Тобықты осы сөзге қақ
бөлініп,
Болысты Мәмбетейге Қанжығалы.
Сондықтан Көкенай Мамырды
жазаламаса, келешекте тағы туысқан адамдар қосылып қоюы
мүмкін еді. Сондықтан болашақта жастарға сабақ
болсын деп осындай қатыгездікке барды деп ойлаймын.
Дәйектеме: Көкенайдың
әрекеті дұрыс.
Даттаушы топ.
Көкенай - өз заманының
қатыгез адамы. Ол екі жастың арасындағы тікенек сияқты.
Бірін-бірі ұнатқан екі жастың обалына қалды. Мамыр да,
Қалқаман да өлім жазасына кесетіндей ештеңе
бүлдірген жоқ. Олар – адал махаббат иелері. Оған дәлел
Қалқаманның мына сөзі:
Мамыр –ау , атып тұрсын әлденені,
Шариғат қосады екен немерені.
Қайғы ойлап жаман ырым айта берме,
Алаңсыз сүйген болсаң
анық мені.
Осылай бірін-біріне үздікке екі
ғашықты айырған Көкенай әрекетін мен айыппаймын.
Көкенай-ескі салт-сананың адамы, ол оқымаған
қараңғы адам.
Жауап:
Мамыр айтты:Мен сенсіз тірі тұрман,
Үш қайырдым сөзіңді мен
антұрған,
Бір құдайға сыйынып ал да
жөнел,
Жолында өлсем разымын, жаным
құрбан,- деп
Қалқаманға деген
жүрегінің ыстық ықласын білдірген адал махаббат иесі.
Жауап: Жырда Көкенай батыр деп талады.
Бірақ оның батырлығы ешқандай эпизодта жоқ.
Мылтықсыз, қарусыз қыз, жігітті өлтіру - батырлық
емес. Ол барып тұрған қорқақтық. Адал,
ұлы махаббаттан қорыққан деп түсінемін.
3. Қалқаманның ел ортасынан
кеткені дұрыс па? Теріс пе ?
Жауап: Қалқаман қазақ
халқының сол кездегі салт-дәстүрді бұзды.
Біріншіден, Мамырдың атастырылып
қойған жерінің батасын бұзды. Екіншіден, өзімен
жақын туысқан адамның қызын алды. Сондықтан ел
бірлігі бұзылды, дау - жалдан көбейді. Осы себептен
Қалқаманның көзге күйік болмай, алысқа
кеткені дұрыс.
Жауап: Қалқаман өзін
оққа байлап берген туысқандарын кешіре алмады. Елінде
жүрген соң Мамырдың қайғысын да ұмыта
алмады. Сондықтан ел ішінен кеткені дұрыс деймін.
Даттаушы топ:Мен Қалқаманның
елден кетуін қалаймын. Туыстары, Әнет баба ол үшін
қатты қиналды. Оны өлім жазасына кескен - Мәмбетейлер.
Сондықтан жекпе - жекте аман қалған соң, елінде
қалуы керек еді.
Жауап: Қалқаман елден безіп,
өзінің күйректігін көрсетті. Оны елден ешкім
қуған жоқ. Ол өкпелесе тек Көкенайға
ғана өкпелеуі керек еді. Елде жүріп Көкенайға
қарсы күш көсетуі керек еді. Мамырды шын жүрегімен
сүйетінін дәлелдеп, оның есімін өтуі керек еді.
Өзінің адал махаббат иесі екенін дәлелдеп, өзі
үшін өліп кеткен Мамырға ұмытылмастай етіп ескерткіш
мұнара орнатуы керек еді. Мысалы Айша бибіге ескерткіш орнатқан
Қарахан батыр сияқты. Сондықтан оның елден кеткені
дұрыс емес деп ойлаймын.
v. Мұғалім : Иә,балалар
әрқайсың өз пікірлеріңді дәлелдеп айтып
шықтыңдар. Қалқаман мен Мамырдың қосылуы
дұрыс, теріс деп кесіп айту қиын . Ол заман әйел затын
қор еткен, бұғауда ұстап, малға сатқан
заман, сондықтан еркіндікке ұмтылған Қалқаман
Мамыр жүрек қалауын мақсат ете білген , адал махаббатқа
жүгіндіре білген. Шәкәрімнің да мақсаты сол. Ол
да өз заманының қатаң қағидасына наразы,
қарсы.
Ал, Көкенай бейнесіне келетін болсақ
, өз заманының заңын бұлжытпай орындайтын, одан
басқа білімі жоқ доңайбат ел ағасы. Шаш ал десе бас
алатын қатал, қатыгез . Ежелден келе жатқан ата-баба
дәстүрін бұзды деп жазықсыз Мамырды
құрбандыққа шалды. Егер Көкенайдың ең
құрмаса діни сауаты болса, адам қанын мойнына жүктемес
еді, адам қанының салмағын білер еді.
Ал Қалқаманның еліне
өкпелеп кетуі дұрыс деп жатырмыз, ал шынайы махаббат
тұрғысынан қарасақ, ел ішінде қалып
Мамырдың басына ұмытылмастай ескерткіш нұр үстіне
нұр болар еді-ау.
Не десек те екі топтың да нақты
жауаптарына мен ырзамын. Басты мақсат - Қалқаман - Мамыр
оқиғасынан ғибрат алу .
ҮІ . Сабақтан алар тәліміміз:
« Ата салттан аттауға да болмас,
Жүрек қалауын тастауға
болмас».
ҮІІ . Оқушылардың білімін
бағалау .
ҮІІІ . Үй тапсырмасы. Шығарма
«Егер мен Қалқаман болсам...»
Тақырыбы: Махамбет өлеңдерінің
ерекшеліктері, мәні.
Мақсаты: білімділік - Махамбет жырларының әр алуан
тақырыпты қамтитынын, өлеңдеріндегі өршіл рухты,
жоғары деңгейде таныту, жырларының көркемдік
ерекшелігін, өзіне тән тілін, мәні мен маңызын
ұғындыру,
Тәрбиелік - Отанын сүюге, шыншылдыққа, адамгершілікке
баулу,
Дамытушылық - ойлау, өзіндік ой өрбіту, қиялдау, салыстыру,
ой қорыту сияқты қабілеттерін арттыру.
Түрі: семинар сабақ. Әдісі: баяндау сұрақ -
жауап, РАФТ, іздену - зерттеу. Пәнаралық байланыс: тарих,
география.
Көрнекілігі: Махамбет портреті, «Аңыз адам»журналы, жазылған
плакаттар, слайд, бүктемелер, Атлас картасы.
І Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу, түгелдеу,
сабаққа дайындықтарын тексеру, психологиялық
дайындық жасау( Әр топ бір - біріне бүгінгі
сабаққа қатысты жақсы тілектерін айтады.)
Сабақтың эпиграфы:
Махамбет
Махамбет...
Білмеймін жел ме, сел ме,
Жырда онымен бір тұлға теңесер ме?
Әділетсіз дүниенің қабырғасын
Махамбетше сөгер жан кездесер ме? Фариза Оңғарсынова
өлеңімен
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Оқушылар бүгін бізде ерекше сабақ. Ашық журнал
түрінде өтетін сабағымызда Махамбеттің
ақындық дарыны, күрескер ақындығы, айтулы
күйшілігі жайында әңгімелеп, ой
қозғамақпыз.
ІІ Қызығушылықты ояту. І топ «Ақын», ІІ топ «Батыр»,
ІІІ топ «Күйші» сөздерінің мағынасын айтады. Осы
үш қасиетті бойына дарытқан кім ойымызға келеді?
(Махамбет Өтемісұлы). Махамбеттің суретін көрсету.
Бағалау парағын топ басшысына тарату.
Менің атым – Махамбет,
Жасқұстағы Жәңгір хан
Ісінен болдым құса - дерт.
Атасы өткен Айшуақ
Соны көзі көрді ғой:
Менің атам Өтеміс
Елдің қамын жеді ғой - деген жалынды отты сөздерін еске
ала отырып сабағымызды жалғастырайық.
ІІІ. Білімді тексеру. І топ Махамбет өміріне байланысты жылдардың
дұрыс мәліметін сәйкестендіреді.
ІІ топ Исатай – Махамбет көтерілісі жайында жалпы мағлұмат
беріп, Исатай – Махамбет бастаған көтеріліс картасы бойынша
ақпарат таратады.
ІІІ топ өткен сыныптардағы Махамбет өлеңдерін сызба
арқылы көрсетіп, бір шығармасын жатқа мәнерлеп
айтады.
Өлеңдері: «Тарланым», «Соғыс», «Мұнар күн»,
«Жалғыздық», «Қызғыш құс», «Ереуіл
атқа ер салмай», «Мен - құстан туған
құмаймын».
ІҮ. Мағынаны тану. Тақырыпқа қатысты нақты
талдау жүргізіледі.
Мұғалім:
Махамбеттің өлеңдерінің бастан аяғына дейін
жырлаған негізгі өзекті тақырыбы – жастарды елін, туып
өскен жерін қорғау үшін «жалаулы найза
қолға алып, жарақты жауды тоқтатып» есі үшін
құрбан болған елдің арманы жоқ, туған
халқы, елі үшін кездескен қиыншылықты жеңе білуге
жас ұрпақты үгіттеді.
Махамбеттің:
Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығуға
Қас үлектен туған катепті
Қара нар керек біздің бұл іске.
Қабырғасын қаусатып,
Біздің бүйткен бұл іске, - деп аталатын өлең
жолдарында жастарды қандай ма болмасын қиындықты жеңе
білуге туып өскен Отанын елін сүюге, елжандылыққа
тәрбиелеуге жас ұрпақты үндеді. Махамбеттің «Қызғыш
құс» өлеңінде де ақынның еліне деген
сүйіспеншілігі тамаша өрнектелген. Ақын психологиялық
параллелизмді шебер қолдана отырып, қызғыш пен өз
тағдырын салыстырады. Махамбет көл қорыға
қызғыштай елі үшін отқа түседі:
І топ: Махамбеттің Исатай жайында және Исатай қаза
болған соң шығарған өлеңдері.
ІІ топ: Махамбеттің өзі жөніндегі өлеңдері.
ІІІ топ: Көтеріліс, соғыс жайындағы өлеңдері.
Ү. Өзіндік іздену - зерттеу жұмысы. Бұл жұмыста
оқушылар толығымен білім алу мақсатында қосымша іздену
жүргізеді және қорғау жұмысын
ұйымдастырады.
Махамбет – күйші
«Жайық асу» «Қайран Нарын»
«Жауға шапқан», «Жұмыр қылыш», «Өкініш»
«Исатайдың Ақтабаны - ай», «Шілтерлі терезе»
І топ: Махамбеттің күйлері жайында.
ІІ топ: Махамбет жөніндегі жазылған ақын -
жазушыларымыздың ой - пікірлері.
ІІ топ: Қазіргі кезде Махамбетке арналған әр жерлердегі
ескерткіштермен мен ғимараттар.
ҮІ. Ойтолғаныс. Кескінді қағаздарды таңдай
отырып, 3 топқа бөлінеді. Қылқалам суретін –
қаламдары ұштала берсін деген ниетпен ақындар тобы, хат
суретін - сәлемдері алысқа самғасын деген оймен батырлар
тобы, кітап суретін - білім нәрін сусындасын деген ниетпен күйшілер
тобы таңдайды. Тапсырмалар төмендегідей:
І Ақындар (Махамбетке арнаған ақындардың
өлеңін жатқа айтады.)
ІІ Батырлар ( Махамбетке хат жазады.)
ІІ Күйшілер («Махамбет өлеңдері жайында» шығарма
жазады.)
ҮІІ. Қортынды:
Өзге елде зерделі ақын бар ма осындай,
Салмағы әр сөзінің қорғасындай.
Көңілде өзгермейтін табы қалған,
Тарихтың тасқа соққан таңбасындай,- дей келе
Махамбет бабамыздың тарихтағы ізі мәңгі өшпестей
ұрпақтан - ұрпаққа айтыла берер мұра
екендігін айтып, Сабақты қорытындылаймын.
ҮІІІ. Бағалау. Топ басшылары бағалау парағы бойынша
сөйлейді.
ІХ. Үйге тапсырма: Қалаған Махамбет өлеңдерін
жаттап келу.
Кері қайту
Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов
«Қаздар қайтып барады»
Сабақтың мақсаты: білімділік - жазушының өмірі
мен шығармашылығына шолу жасау, оқушыларға жаңа
білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың
мазмұнын, тақырыбы мен идеясын ашу;
дамытушылық – шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойын
нақты, дәл жеткізе білуге, позициясын қорғай білуге
дағдыландыру дүниетанымын кеңейту, белсенділігін арттыру;
тәрбиелік - туған жерге, Атамекенге деген сүйіспеншілікке,
патриоттық сезімдерге тәрбиелеу
Сабақтың типі: жаңа білімді өз беттерімен
меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, топтық
жұмыс, интерпретация, формативті
бағалау үлгісі, проблемалық сұрақтар
Көрнекілігі: үнтаспа, әдеби көркем шығармалар,
таратпалы кестелер
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру
( Сыныпты бес топқа бөлу)
2. Үй тапсырмасын тексеру.
а) М. Мақатаев
Авторға хат жазу
ә) Ақын шығармаларынан үзінді оқу.
Жаңа сабақ.
Сабақтың эпиграфы
Әркімнің туған жері - Мысыр шаһары
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Балалар, біз бүгін әдебиетімізде өзіндік
қолтаңбасы бар, тарихи шығармалардың шебері
Қазақстан Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов
және оның шығармасы жайында әңгімелейміз.
Қ. Жұмаділов – 1936 жылы Шығыс Түркістанда (Қытай
Халық Республикасы) дүниеге келген. Қазақ
әдебиетіне әңгіме хикаяттарымен бірге «Көкейкесті»,
«Атамекен», «Соңғы көш», «Тағдыр» атты көлемді
романдар қосқан кемел жазушы
«Тағдыр» романы үшін Мемлекеттік сыйлық иегері атанды.
Жазушы жайында замандасы Әкім Таразы былай деді:
- Қабдеш өмірбаяны біздің ешқайсымызға
ұқсамайтын. Себебі ол Қазақстанда емес, сонау
Шығыс Түркістанда, қаймағы бұзылмаған
көшпенділер ауылында дүниеге келді, өсті. Бір елде туып -
өсіп, есейген шағында атажұртына келіп, сол ел туралы
шығарма жазды. Оған табиғи талантымен қоса өмір
тәжірибесі көмектесті.
Ел - жұрттан, Атамекеннен жырақта жүрген
қандастарының асыл арманы жазушының «Қаздар
қайтып барады» деп аталатын әңгімесінде өрнектеледі.
Сыныпқа сұрақ:
• Оқушылар сендердің ойларыңша, қаздар қайда
қайтуы мүмкін?
Ассоциация
Отанына ата - мекеніне
Ұясына көлге
Туған жерге жылы жаққа
- Жақсы, енді біз шығарманың өзімен танысып
көрелік.
Баяу күй әуені ойнайды.
II Әңгіменің мазмұнымен танысу
(Бес топқа әңгіменің мазмұны бойынша бес
түрлі мәтін таратылады)
Топ құрамы:
Баяндамашы
Бақылаушы
Секундомер
а) мәтінді игеру уақыты: 4 минут
ә) топта талқылау, ой қосу: 2 минут
III Әңгіме мазмұнын баяндау
1. Мұғалім сөзі
- Тау іші. Шетсіз, шексіз жайлау.
Ұшқан құс пен жүгірген аңнан басқа
ешбір тіршілік белгісі байқалмайды. Күз мезгілі де жеткен
шақ. Етікші шыңы көзге шалынады. Шекара асып, арғы
бетке өтетін жолаушы осы шыңнан асады. Себебі ол – төте жол
2. I топ жалғастырады.
3. 1 - ші мәтін мен 2 - ші мәтінді байланыстыратын үзінді
оқылады.
4. 2 - ші мен 3 - ші мәтінді байланыстыру.
Біраз жүрген қарт Тентек - Халдай өзеніне жетті.
Алаңқайда демалып отырып, анадай жерде жатқан адамның
қу басын көрді. Шошынған қарт: «Сүйегімді жат жерде
қалдыра көрме, енді екі - ақ күндік өмір бер!»-
деп құдайға жалбарынды.
5. 3 пен 4 - мәтінді байланыстыру.
Төлеутай - қарттың жалғыз немересі. Басынан
қандай қиындық өтсе де немересін, ауылдастарын
өзінің қара қайратымен сорпа - судан кенде
қылған жоқ.
6. 4 пен 5 - мәтінді байланыстыру.
Бір күні аңнан келген қартты екі сақшы алып кетіп,
тергеусіз түрмеге қамайды. Сол қамақтан бір жылдан
соң ғана босатады. Ауылға келгенде, сол жылы елде жұт
болғанын, тігерге тұяқ қалмағанын білді.
Өзі жоқта жалғыз жұбанышы – Төлеутай
аштыққа төзбей, қыршынынан қиылыпты.
Жетпіске келген қарт үшін мына дүниенің
қызығы да, мән - мағынасы да қалмаған еді.
Осындай шақта көңілімде бір сәуле жылт етіп бір жанып,
бір өшті. Ол - 40 жыл бойы арман еткен, Атамекенге сапар болатын.
7. Мәтіннің түйінін, шешімін, түп нұсқадан
(үзінді) оқып беру.
IV. Әр тортың бақылаушысы қорытынды жасайды.
V. Проблемалық сұрақ қою
1. Қарттың бөтен елде өмір кешу себебі неде деп
ойлайсыңдар?
2. Жазушы, Байтас қарт, қаз арасында қандай
ұқсастық бар?
Сыныпқа сұрақ
- Шығарма тақырыбы не?
- Осыдан шығатын идея қандай?
VI. Мәтін бойынша топтық жұмыс
(Бес топқа бес түрлі жұмыс беріледі.
1 - топ
Әңгімеден өзіңе ерекше әсер еткен
оқиғаны мәтіннен тауып оқып бер.
2 - топ
Атамекен топырағын аттаған қарт сезімі, қуанышы
мәтінде қалай суреттелген?
3 - топ
Байтас қартқа мінездеме бер. Қарт бойынан қандай
ерекшеліктерді
байқадыңдар? Кестені толтыр.
Кейіпкер Шығармадағы іс - әрекеті Бойындағы адами
қасиеттері
Байтас қарт Ұзақ та ауыр жолға шықты,
көкжалмен алысты, туған жерге асықты, отбасынан, немересінен
айырылды, шекарадан өтті, ата қонысына жетті Өмір
тауқыметін көрген, еңбекқор, қажырлы да
қайратты, қиындықты ақылмен жеңеді, жүрегінде
сағынышы басым, адал жан.
4 - топ
Шығарманы композициялық құрылысына талда.
Мәтіннен жер - cу аттарын теріп жаз. Білетін сөздеріңе
географиялық тұрғыдан сипаттама бер.
5 - топ
Байтас қарт арманына жетті ме? Кестені толтыр.
Арманына жетті Арманына жете алмады.
Ит - құсқа жем болмай, ата қонысқа жетті.
Ол бұны 40 жыл күткен еді
Өз үйінің, бөлмесінің орнын көрді, ата -
бабасына құран бағыштады. Қарт ізімен ит жетектеген
шекарашылар қуып жетті.
Жалғыз өзі қалай өмір сүреді?
Ертерек шешім қабылдап, Төлеутайға берген уәдесін
орындап, бірге келуі керек еді.
Орындауға: 3 мин.
Талдауға: 1 мин.
а) Баяндамашы сөзін тыңдау.
б) Бақылаушының баға беруі.
VII. Сөздікпен жұмыс
Әр топ өз мәтіндерінен қиын сөздерді
анықтайды, жауап береді.
1. Қозыкөш жер - аса алыс емес, біршама қашықтық
өлшемі.
2. Мойыл, ұшқат - шөп атаулары.
3. Саптыаяқ - сұйық алып ішуге арналған ыдыс.
(Дәптермен жұмыс)
VIII. Сыныпқа сұрақ
- Әңгіменің «Қаздар қайтып барады» аталу себебі
неде екен?
Қорытынды.
Байтас қартты шекара асырып, қиыншылыққа төзуге
алып келген туған жерге деген сүйіспеншілік.
«Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан
бол» демекші әркімнің туған жері өзіне ыстық.
Себебі, кіндік қаның тамған жер, ата - баба, бауыр,
достың жүрген жері, тарихи Отаның. Ендеше,
«Әркімнің туған жері - Мысыр шаһары»
Отанға қалтқысыз еңбек ету – әр перзентінің
міндеті.
Бағалау Үйге тапсырма1. Мәтіндік жоспар құру.
2. Әр топ өз мәтінінен теңеулерді теріп жазу, пейзаж
бен портретті тауып, кесте бойынша толтырып келу.
Кері қайту
Тақырыбы:
Махамбет өлеңдерінің ерекшеліктері, мәні.
Мақсаты: білімділік - Махамбет
жырларының әр алуан тақырыпты қамтитынын,
өлеңдеріндегі өршіл рухты, жоғары деңгейде
таныту, жырларының көркемдік ерекшелігін, өзіне тән
тілін, мәні мен маңызын ұғындыру,
Тәрбиелік - Отанын сүюге,
шыншылдыққа, адамгершілікке баулу,
Дамытушылық - ойлау, өзіндік ой
өрбіту, қиялдау, салыстыру, ой қорыту сияқты
қабілеттерін арттыру.
Түрі: семинар сабақ. Әдісі:
баяндау сұрақ - жауап, РАФТ, іздену - зерттеу.
Пәнаралық байланыс: тарих, география.
Көрнекілігі: Махамбет портреті,
«Аңыз адам»журналы, жазылған плакаттар, слайд, бүктемелер,
Атлас картасы.
І Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу,
түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру,
психологиялық дайындық жасау( Әр топ бір - біріне
бүгінгі сабаққа қатысты жақсы тілектерін айтады.)
Сабақтың эпиграфы:
Махамбет
Махамбет...
Білмеймін жел ме, сел ме,
Жырда онымен бір тұлға теңесер
ме?
Әділетсіз дүниенің
қабырғасын
Махамбетше сөгер жан кездесер ме? Фариза
Оңғарсынова өлеңімен
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Оқушылар бүгін бізде ерекше
сабақ. Ашық журнал түрінде өтетін сабағымызда
Махамбеттің ақындық дарыны, күрескер
ақындығы, айтулы күйшілігі жайында әңгімелеп, ой
қозғамақпыз.
ІІ Қызығушылықты ояту. І топ
«Ақын», ІІ топ «Батыр», ІІІ топ «Күйші» сөздерінің
мағынасын айтады. Осы үш қасиетті бойына дарытқан кім
ойымызға келеді? (Махамбет Өтемісұлы). Махамбеттің
суретін көрсету.
Бағалау парағын топ басшысына
тарату.
Менің атым – Махамбет,
Жасқұстағы Жәңгір
хан
Ісінен болдым құса - дерт.
Атасы өткен Айшуақ
Соны көзі көрді ғой:
Менің атам Өтеміс
Елдің қамын жеді ғой - деген
жалынды отты сөздерін еске ала отырып сабағымызды
жалғастырайық.
ІІІ. Білімді тексеру. І топ Махамбет
өміріне байланысты жылдардың дұрыс мәліметін
сәйкестендіреді.
ІІ топ Исатай – Махамбет көтерілісі
жайында жалпы мағлұмат беріп, Исатай – Махамбет бастаған
көтеріліс картасы бойынша ақпарат таратады.
ІІІ топ өткен сыныптардағы Махамбет
өлеңдерін сызба арқылы көрсетіп, бір шығармасын
жатқа мәнерлеп айтады.
Өлеңдері: «Тарланым», «Соғыс»,
«Мұнар күн», «Жалғыздық», «Қызғыш
құс», «Ереуіл атқа ер салмай», «Мен - құстан туған
құмаймын».
ІҮ. Мағынаны тану.
Тақырыпқа қатысты нақты талдау жүргізіледі.
Мұғалім:
Махамбеттің өлеңдерінің
бастан аяғына дейін жырлаған негізгі өзекті тақырыбы –
жастарды елін, туып өскен жерін қорғау үшін «жалаулы
найза қолға алып, жарақты жауды тоқтатып» есі
үшін құрбан болған елдің арманы жоқ,
туған халқы, елі үшін кездескен қиыншылықты
жеңе білуге жас ұрпақты үгіттеді.
Махамбеттің:
Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығуға
Қас үлектен туған катепті
Қара нар керек біздің бұл
іске.
Қабырғасын қаусатып,
Біздің бүйткен бұл іске, - деп
аталатын өлең жолдарында жастарды қандай ма болмасын
қиындықты жеңе білуге туып өскен Отанын елін
сүюге, елжандылыққа тәрбиелеуге жас ұрпақты
үндеді. Махамбеттің «Қызғыш құс»
өлеңінде де ақынның еліне деген сүйіспеншілігі
тамаша өрнектелген. Ақын психологиялық параллелизмді шебер
қолдана отырып, қызғыш пен өз тағдырын
салыстырады. Махамбет көл қорыға қызғыштай елі
үшін отқа түседі:
І топ: Махамбеттің Исатай жайында
және Исатай қаза болған соң шығарған
өлеңдері.
ІІ топ: Махамбеттің өзі
жөніндегі өлеңдері.
ІІІ топ: Көтеріліс, соғыс
жайындағы өлеңдері.
Ү. Өзіндік іздену - зерттеу
жұмысы. Бұл жұмыста оқушылар толығымен білім алу
мақсатында қосымша іздену жүргізеді және
қорғау жұмысын ұйымдастырады.
Махамбет – күйші
«Жайық асу» «Қайран Нарын»
«Жауға шапқан», «Жұмыр
қылыш», «Өкініш» «Исатайдың Ақтабаны - ай», «Шілтерлі
терезе»
І топ: Махамбеттің күйлері жайында.
ІІ топ: Махамбет жөніндегі жазылған
ақын - жазушыларымыздың ой - пікірлері.
ІІ топ: Қазіргі кезде Махамбетке
арналған әр жерлердегі ескерткіштермен мен ғимараттар.
ҮІ. Ойтолғаныс. Кескінді
қағаздарды таңдай отырып, 3 топқа бөлінеді.
Қылқалам суретін – қаламдары ұштала берсін деген
ниетпен ақындар тобы, хат суретін - сәлемдері алысқа самғасын
деген оймен батырлар тобы, кітап суретін - білім нәрін сусындасын деген
ниетпен күйшілер тобы таңдайды. Тапсырмалар төмендегідей:
І Ақындар (Махамбетке арнаған
ақындардың өлеңін жатқа айтады.)
ІІ Батырлар ( Махамбетке хат жазады.)
ІІ Күйшілер («Махамбет
өлеңдері жайында» шығарма жазады.)
ҮІІ. Қортынды:
Өзге елде зерделі ақын бар ма
осындай,
Салмағы әр сөзінің
қорғасындай.
Көңілде өзгермейтін табы
қалған,
Тарихтың тасқа соққан
таңбасындай,- дей келе Махамбет бабамыздың тарихтағы ізі
мәңгі өшпестей ұрпақтан -
ұрпаққа айтыла берер мұра екендігін айтып,
Сабақты қорытындылаймын.
ҮІІІ. Бағалау. Топ басшылары
бағалау парағы бойынша сөйлейді.
ІХ. Үйге тапсырма: Қалаған
Махамбет өлеңдерін жаттап келу.
Сабақтың
тақырыбы: Сыныптан тыс оқу ( 1 сағат)
Әдебиет теориясы:
Сабақтың мақсаты: 8 сынып қазақ
әдебиеті хрестоматиясы бойынша Абай Құнанбаев,
Шәкәрім. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров
өлеңдерін түсініп оқуға шақыру.
Қазақ ақындарының шығармаларын оқуға
насихат жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру
ә) дамытушылық:
ұйымдастырушылық, қатысымдық, белсенділік,
қызығушылық қабілеттерін арттыру;
б) тәрбиелік: қазақ
әдебиеті классиктерін оқуға шақыру;
Сабақтың түрі; сыныптан тыс
сабақ
Сабақтың типі: жинақтау
сабағы
Сабақтың әдісі: ББҮ,
сұхбат (ақын орны), рөлдік ойын, аукцион, екі жұлдыз,
бір тілек, семантикалык карталар;
Сабақтың көрнекілігі:
әдеби кітаптар, стикер, маркер, А4, А3қағазы, бағалау
парақтары, портрет, буклет
Пәнаралық байланыс:
қазақ тілі, тарих, музыка
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі. 1.
Сәлемдесу. Кезекшімен сұхбаттасу. Түгелдеу.
Сабақтың мақсаты мен сабақ жоспарын айтып беру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1.
Қазақ әдебиеті хрестоматиясы б/ша 69 бет - 97 бет
түсініп оқу.
2. Ақындардың кітаптарына картотека
жасап келу.
Алтын ережелерді тақтаға іліп
қоямыз.
1. Топ бір - бірінің жауабын толық
тыңдайды.
2. Тыныштық.
3. Түсінбеген жағдайда қол
көтеріп н/се Ым қағысып сөйлеу.
Сергіту сәті: Күй ойналады.
Оқушылар саусақтарымен ауада күйді көздеріне өз
түсінігінше елестетеді, қолдарымен сурет салады. (2 минут)
Мақсаты: Күйдің мазмұнын
түсінуге талпындыру. Қазақ даласының үнін
суреттеуге үйрету.
Нәтижесі: Демалу, қазақ
әуенін тану.
Күй ұнады ма?
Қандай көңіл күй
суреттеледі? Неге?
Қазақ даласымен, табиғатымен
байланысты ма? Не себептен деп ойлайсыңдар?
Күй авторы кім? Білмесе
мұғалім өзі таныстырады.
Күй қойылуының себебі неде деп
ойлайсыңдар?
Топқа бөлу:«Мағынаны тап»
стратегиясы (5 минут)
Ақындардың 1 шумақ
өлеңдерін тармақтап бөліп, шатастырады. Оқушылар
өлеңдерді ұйқас немесе мағынасы арқылы
құрастырады. Осылайша, оқушылар құрастырылған
өлеңдердің авторларының есімдері бойынша топқа
бөлінеді (мысалы, Абай тобы, Шәкәрім тобы,
Сұлтанмахмұт тобы).
Абай
Шәкәрім
Сұлтанмахмұт
Топқа бөлетін
өлеңдердің шумақтары
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған;
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған -
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең, өзің
біл.
А. Құнанбаев
Адамдық борышың -
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта, оны біл.
Талаптан да, білім мен өнер үйрен.
Білімсіз,
Өнерсіз,
Болады ақын – тұл.
Шәкәрім
Түскендей әуе жерге қырық
күн шілде
Ішкен мас, жегендер тоқ күнде –
күнде.
Қысқа түн
қымқырылды, таң көрінді:
«Кел, шық» деп, иек қағып
жарық күнге.
Ән салды таңды мақтап сансыз
торғай,
Бас иіп, бәйек болып, жерге қонбай.
Шайқалып таң жеріне тербетілді,
Көк майса көзі ілініп
тұрған сондай.
С. Торайғыров
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ойға шабуыл
Балалардың өткен сабақта
алған білімін тексеру және пысықтау мақсатында
қазақ әдебиетінің классиктері туралы жазу (БББ
әдісі).
Уақыт өлшемі – әр топқа
2 минут.
Тапсырма №1:
Кестені толтырып, дауыстап, сауатты оқып
шығу (барлық топқа бірдей).
№ Білемін
Білгенім
Білгім келеді
1 Абай ұлы данышпан ақын,
философ.
Абай мұрасы өте бай.
Қазақ мәдениеті мен
әдеби
тілінің дамуына үлкен
ықпал жасады.
Абай атында
Тараз
қаласында не бар?
Тапсырма №2:
8 сыныпқа арналған қазақ
әдебиеті хрестоматиясы оқулығынан өтілген тақырып
бойынша ақынның өлеңін таңдап алады. Таңдап
алу себебін төмендегідей таблица арқылы түсіндіреді.
Уақыт өлшемі - 2 минут
№ Таңдалған өлең атауы
мен авторы
Өлеңде маған әсер еткен
жағдай
Өз ой - пікірім
Ақынның іс - әрекетін
мақал - мәтелдермен түйінде:
1. Абай. Құнанбаев
«Желсіз түнде жарық ай»
Түнгі табиғи көрініс.
Табиғатқа жан бітіреді.
Талапты ерге нұр жауар
Бағалау (топтар бір - бірінің
жұмысын бағалау критерийлеріне сай бағалайды):
«5» бас бармақ жоғары
көтеріледі
«4» бас бармақ қисаяды
«3» бас бармақ жатады
Тапсырма № 3:
«Мәнерлеп оқу сайысы». Уақыт
өлшемі - 6 минут. Әр топқа – 2 минут.
Қойылатын талаптар:
- Төл дыбыстарының анық
айтылуы;
- Мәнерінің дұрыстығы;
- Эмоциялық белсенділігі;
Бағалау:
- «5» бас бармақ
- «4» бас бармақ қисаяды
- «3» бас бармақ жатады
Тапсырма №4:
1 топ. «Интервью әдісі»
Сұлтанмахмұт тобы. Уақыт өлшемі 5 - минут.
- Қайырлы күн, құрметті
көрермендер! Бүгінгі біздің «Қазақстан - Тараз»
телеарнасының қонағы - белгілі ұлы ақын......
Сұлтанмахмұт Торайғыров
- Қош келдіңіз.....
Төмендегі үлгіде «Ақынмен
жүздесу» сұхбатын құрыңыз.
- Отбасыңыз туралы айтып берсеңіз?
- Әдебиетке қалай келдіңіз?
- Кімдерді үлгі санадыңыз?
- Болашаққа деген
жоспарларыңыз қандай еді?
- Осы уақытқа дейінгі жеткен
жетістіктеріңіз қандай?
Арнамыздан алыстамаңыздар. Жарнама
2 топ. «Түйіндеме» ойыны. Абай тобы (5
минут)
Тапсырма: 1 топ оқушы бүгін
өздеріне берілген тапсырма бойынша ақынның кітабынан білім
алуға шақырып, сыныптастарыңа жарнама жасауы керек.
(Ақынның өлеңінің тақырыбы, мазмұны,
тәрбиелік мәні, қандай жағдайда қажет етеді.)
Бұл ойында оқушылар екі немесе одан да көп топқа бөлініп
ақынның өлеңдер жинағын оқуға
шақырады, сол туралы жарнамалап береді, қорғайды. Ауызша
және жазбаша түрде көрсетуге болады.
Ақын өлеңіне түйіндеме
Ақынның аты - жөні:
Туған жылы, жері:
Өлеңінің атауы:
Тақырыбы:
Мазмұны:
Насихаты:
Тәрбиелік мәні:
Қай дүкеннен алуға болады:
Қай тілде:
Қандай жағдайда:
3 топ. Рөлдік ойындар. Шәкәрім
тобы (5 минут)
«Алтын балық» рөлдік ойыны -
қатысушылар жұп болып жұмыс істейді. «А» қатысушысы –
алтын балық, «Б» қатысушысы оған 3 тілегін тілейді.
Мақсат алтын балықты тілектерді орындауға көндіру.
Балық сұрақтар береді. Қатысушылар рөлмен
ауысады. Қалау рай түрлері жаттықтырылады (қалау рай,
шартты рай жұрнақтарын қолдану керек)
Тапсырма №5. «Кітапқа тапсырыс беру»
ойыны. Барлық топ қатысады.
- Өздерің таңдаған
ақынның кітаптарына тапсырыс беріп үйренейік? Картотека жасап
үйренейік(5 минут):
а) үй жұмысын дайындауға сізге
кітапханадан каталог арқылы қажетті әдебиетті тауып, тапсырыс
беріп, оның орындау уақытын анықтаңыз.
б) Сіз кітапхана қызметкерісіз. Тапсырысты
қабылдап, оның дұрыс берілгенін анықтаңыз
Пайдаланылатын материал: кітапхана
кеңесшісімен, кітапханашымен сөйлесу, тапсырысты рәсімдеу.
Ойын мақсаты: Оқушының
күнделікті өмірінде жиі кездесетін жағдай
болғандықтан оның өз ойын дұрыс жеткізе білуі,
тапсырысты бере білуі көзделген.
Нәтиже: Оқушы ойнай отырып,
кітапханада жұмыс істеу жолдарын да үйренеді. Қарым қатынасқа
түсе біледі. Оқушының ой жүйелілігі.
Мысалы: Маған Сұлтанмахмұт
Торайғыровтың мына........ өлеңдер жинағы керек.
А3 қағазына орындау қажет.
Бағалау (критерий бойынша):
Дауыс беріледі:
Абай тобына – Сұлтанмахмұт тобы
Сұлтанмахмұт тобына –
Шәкәрім тобы
Шәкәрім тобына – Абай тобы
Тапсырма №6. «Ақын арманы» аукцион ойыны.
Ұжымдық жұмыс. (3 минут)
Кітаптың бастапқы бағасы - 30.
000 теңге.
Бір сұрақтың құны
– 2000 теңге
Жауап бермесе – ұпай саналмайды.
Жартылай, толық жауап бермесе – 1500
теңге
Топ алтын ережені бұзса - 500 теңге
алынып тастайды.
Сұраққа кім тез, көп
жауап берсе, сол топ кітапты қымбатқа сатып алады.
Нәтижесі: 20 сәуір 2014 жылға
дейін жеңген топ осы кітапты оқып айтып береді.
Сыйлық түрі: оқушының
қалауы
Жарнамалаған ақындардың
кітаптарын сату. Ал ойынның қосымша көрнекілігі ретінде темір
- қақпақ, ағаш балғаны пайдаланып, гонг
ұрғызуға болады.
Ақын арманы» аукцион ойын
сұрақтары:
Бағалау:
«5» - 15
«4»- 12
«3» - 9
«2» - 6
Лотқа қойылатын
сұрақтар:
1. Шәкәрімнің орыс тілін
қандай қасиеттері арқылы үйренді?.. ( белсенділік,
зеректік)
2. Абай Шәкәрімге кім болды?
(аға, тірек)
3. 3. Абайдың жетелеуімен қандай
пәндерге қызығушылығы ата бастады? (әдеб, геогр,
филос, тарих, музыка)
4. Шәкәрім кім?(прозашы, аудармашы,
тарихшы, философ)
5. Қай тілдерді жақсы
меңгерген (орыс. шығыс, түрік) 78 беттегі 1 шумақты
оқып беріңіз..
6. Абай үлгісінде жазылған
өлеңдері? (Жастық туралы. Кәрілік туралы)
7. Қай өлеңінде жағымсыз
қылықтады сынайды? («Өмір» «Сәнқойлық»
«Құмарлық» «А. б»)
8. Эпикалық жанрдағы көлемді
шығармалары..(«Қалқаман – Мамыр» «Еңлік - Кебек»
«Ләйлі - Мәжнүн»)
9. «Адамдық борышың»
өлеңін жатқа айт
10. «Бостандық таңы атты»
өлеңіндегі жағымды қылықтар мен жағымсыз
қылықтарды атап бер..
11. «Борыш» «Бостандық» «Насихат»
сөзінің синонимі табыңыздар...
12. Шәкәрім
өлеңдерінің такырыбы.....
13. «Жастарға» өлеңінде кімді
үлгі етеді? (82 бет) Ақынды үлгі еткен жерін оқып
бер....
14. Шәкәрімнің музыкасын
зерттеген кім? Нотаға түсірген кім?
15. «Шәкәрім» симфониясының
түсаукесері қай қалада өтті? Тағы қай
қалада өтпекші?
1. Абайдың өмір сүрген
жылдары?
2. Әдебиетке деген
қызығушылығы....
3. Ата - анасы туралы қандай деректер айта
аласыз?
4. Абай кімдерді оқыды?
5. Көкбай Абайға кім?
Алғашқы өлеңдері кімнің атынан жарияланған?
6. Абайдың неше өлеңі, қарасөз,
мақаласы, поэмасы бар?
7. Абай атында Қазақстанда не бар?
8. Абай өлеңдерінің
тақырыбы...
9. «Сегіз аяқ» өлеңіндегі
афоризмдерді айтып беріңіз...
10. Ақынның қолжазбасын
жинақтауға тапсырыс берген алаштанушы...
11. «Өлең сөздің
патшасы, сөз сарасы» не туралы?
12. Абай туралы жазылған кітаптарды
атаңыз..
13. «Абай» киносындағы Абай рөлін
ойнаған актер кім?
14. Хрестоматиядағы Абай әнін 1
шумағын айтып беріңіз..
15. Абай кім?
1. Сұлтанмахмұт өмір
сүрген жылдар?
2. Ақынның хрестоматияда берілген
өлеңдерін ата
3. Бір өлеңін мәнеріне
келтіріп оқыңыз..
4. Неше романы бар? Не туралы?
5. Ақын жастарды неге шақырады?
6. Оқуға шақырған
өлеңдерін атаңыз....
7. Ақын өлеңдерінің
тақырыбы....
8. Ақынның балалық шағы
туралы айтып беріңіз?
9. Қай тілдерді жақсы меңгерген?
10. Молданың пасықтығын
сынайтын өлеңдерін атаңыз...
11. «Шәкірт ойы» өлеңіндегі
күн кім?
12. Поэмалары...
12. С. Торайғыров кім?
13. Ақын атында не бар?
14. «Шілде» өлеңін жатқа
айт...
Сабақты қорыту: Рефлексия «Екі
жұлдыз, бір тілек»
Балаларды бағалау. Балалар арқасына
қолмен бағаларын қойып шығады.
Үйге тапсырма: «Жастар, қазақ
әдебиетіне үлесімізді қосайық!» үндеу
бұрышын 23 желтоқсан күні 1 сабақта ілесіздер.
Мақсатымыз қазақ әдебиетін оқуға шақыру.
Оқығандарға алғыс хаттар берілетін алдын ала айту.
Бағаларыңыз қазақ әдебиетіне қойылады.
Сабақтың мақсаты:
- Оқушылардың ғарыш туралы алған білімдерін бекіту
және олардың коммуникативтік біліктілігін арттыру арқылы
қазақ тілін сөз мәдениеті талаптарына сай
деңгейде дұрыс қолдана білу
- Туған жеріміз туралы оқушылардың ой - өрісін,
дүниетанымын кеңейту. Жазба тілдерін дамыту,
сауаттылыққа қалыптастыру
- Туған жерді сүйе білуге, байлығын
қорғауға, болашақта елімізді өркендетуге
қабілетті, білімді жас ұрпақтар тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: слайд - презентация, мәтін
Сабақтың түрі: бекіту
Сабақтың әдістері: түсініп оқу, сұрақ
- жауап, толықтыру, талдау, баяндау, АКТ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру
Мазмұндама "Ғарыш айлағы"
І. Тірек сөздер мен сөз тірркестері
негізі қаланған - основан
қашық болуы - отдаленный
елді мекен - населенный пункт
ұшыру қауіпсіздігі - безопасность полета
жасанды серігі - искуственный спутник
Камчатка түбегі - полуостров Камчатка
иелігіне өтіп - переданная собственность
түскен қалдықтар - останки
ІІ. Оқылым
- Мұғалімнің мәтінді оқуы
Ғарыш айлағы
"Байқоңыр" ғарыш айлағы Қызылорда
облысы Қармақшы ауданында орналасқан. Оның негізі 1955
жылы қаланған. "Байқоңыр" ғарыш
айлағын салу үшін бұл жердің елді мекендерден
қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы,
ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қолайлы қону
факторлары ескерілді.
Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка
түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 жылы Байқоңырдан
тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол
дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін
орбитаға шығарды.
Байқоңыр әлемдегі ең ірі ғылыми ғарыш
полигоны болып табылады. Байқоңырдан Күннің,
Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері,
"Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс"
ғарыш кемелері ұшырылды.
"Байқоңыр" ғарыш айлағы Қазақстан
Республикасының иелігіне өтіп, Ресей Федерациясына жалға
берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық
зардаптары бар: Қазақстан жеріне жылына 30 - 35 мың тонна улы
заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар
Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан
облыстарына зиян келтірді.
ІІІ. Тыңдалым
- Мәтінді түсініп тыңдау
ІV. Мәтін мазмұнына жоспар құру
І. Ғарыш айлағы, ғарыш айлағын салу себептері
ІІ. Тұңғыш ракетаның сәтті ұшырылуы
ІІІ. Ең ірі ғылыми ғарыш полигоны
ІV. Байқоңырдың экологиялық зардаптары
ІV. Жоспар бойынша мәтінді оқу
V. Жазылым
VІ. Бекіту кезеңі. Тілдесім
- Сұрақтарға жауап беру
Қорытынды
Бағалау
Кері қайту
Ілмек сөздер: Мазмұндама, ғарыш айлағы
8 «а» сынып
оқушыларымен «Д. Исабековтың «Әпке»драмасы тақырыбына
онлайн сабағын өткіздім. Ондағы мақсатым аудан
мұғалімдеріне сабақта жаңа әдіс - тәсілді
қолдана отырып сабақта 7 модульді кіріктіру. Сабақты
оқушыларды 1 - 3 саны аралығында санатып, үш топқа
бөлуден бастадым. Содан оқушылар үй тапсырмасын слайд
арқылы түсіндіріп өтті. Келесіде үш топқа
топтық тапсырмалар берілді.
1 - топқа: «Әпке»драмасын постер
жасау арқылы түсіндіру;
2 - топқа: драманы рөлдік
қойылым қою;
3 - топқа: «Әпке»драмасын Фишбоун
әдісіне салып талдау.
Топ оқушылары жұмыс істеп
жатқанда күй ойнатылды. Үш топтың оқушылары да
біріге ұйымшылдықпен жұмыс жүргізді.
Содан 1 - топтан Алина, Ләйла,
Гүлдана, Нұрбол постерді қорғады. Бұл
топтың оқушылары драманың мазмұнын ағаш
бәйтеректің әр бұтағына жазған да
ағаштың діңгегіне әпкені қойған. Топ
оқушыларының ішінде постерді Алина тамаша қорғап,
топтың толық жұмысын көрсете білді.
2 - топ драманың соңғы тарауы
бойынша көрініс қойды. Қойылым өте сәтті
шықты, Мөлдір мен Айдана, Арман тура әртістердей
нақышына келтіре ойнады. Бұл оқушылардың дауыс
ырғағының өзі кейіпкерлердің мінезіне
сәйкестендірілген.
3 - топ драманың проблемасын фактілермен
дәлелдеді және сол проблемалардан қалай
құтылудың жолдарын қарастырды. Бұл топтан ойын
Баян, Индиралар ашық жеткізе алды.
Жаңа сабақты топ бір - біріне
түсіндіруде топтың барлық оқушылары қамтылды,
атап айтсам орташа оқитын оқушылар да постер жасау мен суреттеуде
қызығушылықтарын білдірді және сабақ жайлы
ойларын еркін қорыта алды.
Келесіде оқушылар «Сөзмаржан» айдары
бойынша сөздікпен жұмыс жүргізуде дәптерге жазды. Содан
оқушылар «Мені таң қалдырған нәрсе»
бөлімінде драмадағы оқиғалар бойынша өздеріне
әсер еткен оқиғалар туралы айтты. Мысалы: Индира өзіне
қазақ қыздарының жат қылықтары қатты
әсер еткенін айтса, Әлия тілдің шұбарлануын айтты, ал
Арман Қамажайдың бауырларының анасын еске алу күніне
келмегеніне ренішін білдірді. Сабақ соңына қарай
әдебиет теориясы бойынша драма және драманың түрлерінің
ережесі еске түсіріліп, дәптерге жазылды.
Сабақ соңында әр топтан 1 - 1
оқушы «Соңғы сөзді мен айтамын» бөлімі бойынша
сабаққа кері байланысты ауызша айтты, ал қалған
оқушылар стикерге жазып, тақтаға ілді. Кері байланыста
оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа
топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын
берді.
Бұл сабақта оқушылар
шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың
пайдасын түсінді деп ойлаймын. Оқушыларды топ лидері бағалап
отырды.
Жалпы сабақ өз мақсатына
жетті, тек уақыттың тапшылығынан оқушылармен сергіту
сәті өтілмеді. Бұл
келесі сабақтарда ескерілуге тиіс.
Сабақтың тақырыбы: Д. Бабатайұлының
«О, Ақтан жас, Ақтан жас»
Сабақтың мақсаты:
Біліміділігі: ақын өмірі жайлы мәлімет беру,
өлеңді мәнерлеп оқу, идеялық мазмұнын ашу;
Дамытушылық: оқушы білімін кеңейту, ой өрісін дамыту;
Тәрбиелік: адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқу, түсіндіру,
топтау, сұрақ - жауап, Венн диаграммасы
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, кітаптары, кесте,
нақыл сөздер, қосымша материалдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) сыныптың сабаққа даярлығын тексеру
ә) оқушыларды түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Құлпытастарға қашалып жазылған жазу
ескерткіштері қандай жазулар деп аталады?
2. «Күлтегін - қаһармандықтың символы» ой
бөлісу.
Венн диаграммасы
Күлтегін – 47 жас ғұмыр кешкен әскербасы, Бумын Істемі,
Құтлығ, Қапаған қағандарының
ұрпағы, Білге қағанның туған інісі,
жырдағы ең өзекті тұлға эпостық образ.
Батыр, қолбасшы, өр, қайсар, беделді, атақты, елін
сүйген түріктер. Тоныкөк - ақыл иесі, шешен,
ғұлама жырау, данышпан, көреген, айлакер, саясаткер, ауылгой
85 - 86 жас ғұмыр кешкен ақылшы.
3. Ерлік, батырлық туралы мақал - мәтелдер айту.
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Дулат өмір сүрген кезең жайлы
2. Дулат - заман туралы терең толғаған ақын.
Дулат Бабатайұлы - қазақ халқының
әдебиетінде елеулі орын алатын ақынның бірі. Дулат өз
заманындағы ең білімді адамдардың бірі болды.
Шығармалары Отан, туған жер, атамекен жайлы.
Өлеңдерінде туған жерге деген сезімін ерекше
толғаныспен жырлайды. Ол - заман туралы, халқының
мұңы мен зарын, арманы мен қиялын жаны ауыра жырлаған
ақын.
шешен
шыншыл ақын
мысалшы жырау
Оқулықпен жұмыс
«О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңін мәнерлеп
оқыту.
Бұл өлең жетім бала Ақтанға арналған.
Демек, арнау өлең. Ақын бала болашағына көз
жүгіртіп, мақсатына жету үшін қажымай - талмай
күресу керек екенін айтады, оған деген сенімін білдіреді.
Дәптермен жұмыс.
Ақын Ақтан жасқа қандай үміт артады?
Ақын үміті Сен ұсынар жол
1. Сен де жетер ме екенсің?
2. Шаруа жиып кенеліп,
Бала сүйіп, мал жиып,
Өмір сүрер ме екенсің?
3. Жетімдіктен өтерсің,
Жетерсің, әлі жетерсің.
ІV. Жаңа сабақты меңгерту.
Өлеңнің идеясы: іздене еңбек етуге, білімге
шақырады.
Ой - түйін: Ерді еңбек жеткізер.
Еңбек етсең - емерсің,
Ерінбесең - женерсің.
V. Білімді бекіту:
Сөзмаржан
Бержін ер - батырлардың астына сай ер.
Керсен - тегеш, тегене.
Білтелі - майшамның талшығы.
Бадана көз - үлкен көз.
Сауыт - денеге киетін торкөзді кіреуке.
Риторикалық сұрау(лепті сұрау)- ойды сезімді әсерлі
жеткізу үшін жауабы өзінен - өзі айқын нәрсені
әсерлі леппен, сұрау түрінде айту. Мысал келтіру.
VІ. Білімді бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма беру: оқу, өлеңді жаттау.
Кері қайту
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.