Мұнай өндірісі:пайдасы мен зияны. Мұнай қалдықтарының экологияға әсері. Дәйексөзге сілтеме жасау және пайдаланылған әдебиеттерді рәсімдеу талаптары
Оценка 4.8

Мұнай өндірісі:пайдасы мен зияны. Мұнай қалдықтарының экологияға әсері. Дәйексөзге сілтеме жасау және пайдаланылған әдебиеттерді рәсімдеу талаптары

Оценка 4.8
docx
10.02.2021
Мұнай өндірісі:пайдасы мен зияны. Мұнай қалдықтарының экологияға әсері. Дәйексөзге сілтеме жасау және пайдаланылған әдебиеттерді рәсімдеу талаптары
22 тақырып қазақ тілі.docx

Сабақ:

Қазақ тілі

    «Бекітілді»

«Жалпы пәндер» бірлестігінің жетекшісі:

                _____________С.Т.Темирханова

                             «___»___________2021 ж.

Колледж

«Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі»

Күні:10.02.2021

Мұғалімнің аты-жөні:  Сахитжанова Аида Алимжановна

Тобы: Ғ-120

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Мұнай өндірісі:пайдасы мен зияны. Мұнай қалдықтарының экологияға әсері. Дәйексөзге сілтеме жасау және пайдаланылған әдебиеттерді рәсімдеу талаптары

Осы сабақта қол жеткізіетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша  түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу;

Тақырып аясында тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдалану: көркемдеу, айшықтау, дәлелдеу, сөздерді сұрыптай білу (образды-эстетикалық);

Сабақтың мақсаты

Барлық білімгерлер орындай алады:   Барлық білімгерлер орындай алады:   Мәтіндегі негізгі ақпараттарды біледі, түсінеді.Тақырыптағы көркемдегіш құралдарды пайдаланып конспект жаза алады.

Білімгерлердің көпшілігі орындай алады:  Оқылым материалы бойынша мұнай өндірісітақырыбында әңгіме өрбітеді, сыни көзқарастарын  ұсынады.

Кейбір білімгерлер орындай алады:  Дәйексөздерді тауып, сілтеме жасайды.

Бағалау критерийі

-          Экология жайында конспект жазады.

-          Табиғатты аялайық тақырыбына пікірлерін  білдіреді.

Тілдік мақсат

Білімгерлер орындай алады:   Мұнай өндірісінің пайдасы мен зияны жайында көркемдегіш құралдарды пайдалана  конспект  жазады.

Пән лексикасы және терминология:  

экология-экология-ecology

  Диалог/жазылым үшін қажетті сөз тіркестері

  экологиялық апат, радиоактивті заттар, радиация, қорғаныш обьектілері, жарылыс салдары

Талқылауға арналған сұрақтар:

-           Кеңес дәуірінде Қазақстанның қай аймақтарында ядролық сынақтар жүргізілді?

-          Ядролық сынақтар қоршаған ортаға қандай зардаптар әкелді?

Құндылықтарға баулу

Топтық ,жұптық жұмыс жасауда бір-бірін құрметтеуге қалыптасады. Адамдар арасындағы экологиялық мәдениетті түсіну дағдысы қалыптасады.

Пәнаралық байланыс

Көркем әдебиет, қазақстан тарихы, география

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Семей полигоны.Ядролық өндіріс - табиғатқа төнген қауіп. Тілдік бағдар: Айтыс

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.Ұйымдастыру  кезеңі. Жағымды психолоиялық ахуал қалыптасады.

 «Шаттық шеңбері» тренингі. Шеңбер бойына тұрған білімгерлер бір-біріне адам бойындағы жақсы  қасиеттерді айтады.  

Мұғалім:

-Балалар, қолымыздағы қима қағаздарды көрейік,не жазылған? Қағаздарды бір-бірімен байланыстырсақ, біздің бүгінгі тақырыбымыз шығады.

II.  «Миға шабуыл» әдісі

«Оқырман жауап беретін сұрақтар» әдісі

-Мұнайдан қандай өнімдер алынады??

-Қазіргі таңда мұнайдың орнына қандай энергия көздерін пайдалануға болады?

-Еліміздегі ең көне мұнай кен орнын білесің бе?

-Мұнайды дайын өнім ретінде шығару үшін не істеуге болады?

-Әлемдегі мұнай алпауыттары қай елдерде орналасқан?

III. Жаңа сабақ

Бүгінде жер беті мен табиғи орта қарқынды түрде ластанып жатыр. Өнім өндіру төмендегенімен, қоршаған ортаның ластануы кеміген жоқ. Себебі нарықтық қатынастар жағдайында табиғатты қорғауға бөлінетін қаражат шығыны бұрынғысынан да үнемделе түсті.

   Пайдаланылмайтын ілеспе мұнайлы газ жанатын алаулар да (факельдер) экологиялық тұрғыдан қауіпті. Осындай қауіпті нысандарда өнім өндіру кезінде кездесетін зиянның алдын алу үшін мұнайды жинау және тасымалдау жүйесі бекітілуі тиіс. Бу және газ құбырларының ақауынан болатын апаттар жерді, топырақты, суды ластап, қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Уақытша көлік жолдары, теміржолдар мен су жүйесі, әртүрлі мақсаттағы құбырлар бір-бірінен алыс орналасқандықтан, мұнай өндірісіне бөлінетін жердің жалпы аумағы өте үлкен болады. Сондықтан мұнай өндіру нысандары едәуір аймақты алып жатады.

     Табиғатқа зиянды әсері бойынша мұнай өндірісі халықшаруашылығы салаларының ішінде алдыңғы орында тұр. Ол жер бетін, атмосфера мен гидросфераны және геологиялық ортаны ластайды.

    Мұнай кешенінің құрамында 40-тан астам ластаушы зат бар, олар қоршаған ортаға кері әсер ету жылдамдығы және әртүрлілігімен сипатталады. Мұнай саласының кәсіпорындары мұнай өңдеуде, мұнайдан алынатын органикалық заттарды синтездеуде де табиғат аясына белгілі бір мөлшерде залалын келтіреді.

Мұнай өндірісі (барлау, бұрғылау, өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау) қоршаған ортаға, топыраққа, өсімдік және жануарлар әлеміне айтарлықтай ықпал етеді.

    Қазіргі таңда экологиялық жағдай әрбір адамға тікелей де, жанама түрде де әсер ететін әлеуметтік-экономикалық мәселенің біріне айналыпотыр.

 

I-тапсырма. Мәтінді тыңда. Термин сөздер мен ерекше тілдік оралымдарды жазып, түсініктемесін тап.

Термин/тілдік оралым

Түсініктеме/анықтама

 

 

 

II-тапсырма. Тыңдалым мәтініне байланысты талқылау сұрақтарын құрастырып, сол сұрақтарға жауап беріңдер.

«А» оқушы – сұрақ құрастырады.

«В» оқушы – жауап береді.

«С» оқушы – сұрақтың дұрыс қойылуы мен жауаптың дұрыс болуын

қадағалайды. Қатесін түзетіп отырады.

III-тапсырма. Мәтінге тақырып қойып, автордың басты идеясын анықта.

IV-тапсырма. Тыңдалым мәтіні бойынша «Дұрыс/бұрыс» ойынын ойнаңдар. Мәтін мазмұнына сәйкес келетін 5 сөйлем, жалған ақпарат болатын 5 сөйлем құраңдар. Жұптар оқып, дұрыс-бұрысын анықтайды. Өзара бағалаңдар.

Ақпарат

+Дұрыс

-Бұрыс

 

 

 

 

V-тапсырма. Мәтінді оқып, термин сөздерге талдау жасаңдар.

VI-тапсырма. Ғылыми мақаладан өзіңе ой салған автор сөзін жазып ал. Оны дәйексөз ретінде келтіріп, шағын мәтін құрап жаз. Оған сілтеме жаса. Сілтеме бойынша мәтін соңына әдебиеттер тізімін рәсімде. Ол үшін, алдымен, келесі бетте берілген сілтеме жасау және пайдаланылған әдебиеттерді рәсімдеу туралы мәліметтерді оқы.

   Дәйексөзге сілтеме жасау және пайдаланылған әдебиеттерді рәсімдеу талаптары

       Дәйексөз – мәтін авторының өз ойын дәлелдеу үшін өзге бір автордан сол қалпында өзгертпей алынған сөзі. Дәйексөз – ойдың шегесі. Дәйексөз бөгде адамның төл сөзі болғандықтан, ол арнайы тыныс белгілерімен ерекшеленіп көрсетіледі.Дәйексөз алынған сөйлемнің соңына сілтеме беріледі. Сілтеме тік жақшамен рәсімделеді. Жақшаның ішіне, алдымен, дәйексөз алынған еңбектің пайдаланылған әдебиеттердегі рет саны, содан кейін еңбектің сол сөйлем алынған беті жазылады.

     Пайдаланылған әдебиеттер тізімін рәсімдеудің де өз талаптары бар. Алдымен дәйексөз алынған еңбек авторының тегі және атының алғашқы әрпі жазылады да, нүкте қойылады. Содан кейін еңбектің аты толық жазылады. Келесі кезекте сызықша арқылы еңбек жарияланған қала атауынан кейін қос нүкте қойылып, бас әріппен баспаның аты, одан соң үтір қойылып, шыққан жылы жазылып, нүкте қойылады. Содан соң тағы да сызықша қойылып, еңбектің жалпы бет саны жазылады.

    Мысалы: Абай ғылымның адам өміріндегі маңызын ашып көрсете келіп: «Ғылым таппай мақтанба», – деп тұжырым жасайды

Мұнай теңізі

 

Кең даланың астында

Ғажап теңіз бар екен.

Жер бетіне тасқындап

Бір шығуға зар екен.

Мұнай-теңіз сол екен,

Қасиеті оның мол екен.

Сонау дала төрінен

жанады екен от болып.

Есіңде сақта!

Ракета да сонымен

зулайды екен оқ болып.

 

Онсыз бәрі тұрады,

мотор істен шығады.

Ойыншық та сендерге

жасалады мұнайдан.

Егін өсер жерлер де

сол арқылы тыңайған.

Мұнай-теңіз сол екен,

қасиеті оның мол екен.                               Ф. Оңғарсынова

 

 

Описание: https://fs01.urokimatematiki.ru/e/0004f8-002.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ж.-жеке тапсыр

ма. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 

Рефлексия

«Бағдаршам» әдісі

    

Үйге тапсырма:

 

VI-тапсырма.«Салыстыр!» Мұнайға қатысты ғалым М.Диаровтың және ақын Ф.Оңғарсынованың жазған мәтіндерінің тақырыбына, автор көзқарасына, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметіне, құрылымына, тілдік ерекшелігіне байланысты салыстырмалы талдау жасаңдар. Оны диаграмма түрінде рәсімдеңдер.

 VII-тапсырма.«Ең әдемі тақырып» ойыны. Өлеңге өзгеше тақырып қойыңдар. Топпен ең үздік тақырыпты таңдаңдар.

XI.  Үйге тапсырма.  Берілген тапсырмаларды орындау

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

Білімгерлерге тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Білімгерлердің

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия. Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін білімгерлер не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген білімгерлер туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 


 

Сабақтың ортасы

Сабақтың ортасы

В» оқушы – жауап береді. «С» оқушы – сұрақтың дұрыс қойылуы мен жауаптың дұрыс болуын қадағалайды

В» оқушы – жауап береді. «С» оқушы – сұрақтың дұрыс қойылуы мен жауаптың дұрыс болуын қадағалайды

Сонау дала төрінен жанады екен от болып

Сонау дала төрінен жанады екен от болып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.02.2021