МОДЕЛЬДЕУДІҢ НАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ
Оценка 4.8

МОДЕЛЬДЕУДІҢ НАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ

Оценка 4.8
docx
02.10.2020
МОДЕЛЬДЕУДІҢ НАҚТЫЛЫҒЫН  ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ
Оразбаева 2.docx

МОДЕЛЬДЕУДІҢ НАҚТЫЛЫҒЫН  ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ

 

MAX көптеген элементерден құралған өте күрделі геометриялық модель объекттерін құруға мүмкіндік береді. Бұл элементер, осыған қоса бір–біріне қатысты анимация үрдісінде қозғала алады. Осы үрдісте бір элементтің екіншісіне қатысты орналасуындағы нақтылықтың сақталмауы визуализация этапында анық байқалатын объекттердің сыртқы келбетінің бұзылуына немесе  қозғалыстағы қателіктерге алып келеді. Осыған байланысты, MAX көріністің модельденуінің нақтылығын қамтамасыз ететін көптеген құрылғылар жиынтығын қарастырған.

 

4.1 Өлшем бірліктерін түзету

 

Өлшем бірліктер–ара қашықтық пен өлшемдерді дұрыс анықтау негізі. Өлшем бірліктерін дұрыс таңдау өлшеу шкаласының бөліну бағасын анықтайды. Керек өлшемдер нақты болу үшін, жұмыс істеп отырған модельге ең жақсы сәйкес келетін өлшем бірліктерінің жүйесін орнату қажет. Мысалға, ғимараттар модельдері футтармен, дюймдармен, метрлермен және сантиметрлермен, ал двигатель поршенінің моделі сантиметрлермен және миллиметрлермен өлшенеді.

Керекті өлшем бірліктерін енгізу үшін төмендегі әрекеттерді орындау керек:

1.        Customize (Баптау) мәзіріндегі Units Setup (Өлшем бірліктері) командасын таңдаңыз. Units Setup (Өлшем бірліктері) сұқбаттасу терезесі ашылады (4.1.1–сурет).

 

4.1.1–сурет. Units Setup сұқбаттасу терезесі

2.        Өлшем бірліктері типінің жалаушасын керекті қалыпқа қойыңыз:

·          Metric (Метрлік)–еуропалық стандарт өлшем бірліктері болып табылатын метрлік бірліктерді таңдау;

·          US Standard (АҚШ стандарты)–Америка Құрама Штаттарында қолданылатын өлшем бірліктерді таңдау;

·          Custom (Ерекше)–өзіңіздің өлшем бірліктеріңізді таңдау;

·          Generic Units (Жүйелік)–үш ондық белгіге дейінгі нақты санайтын ондық өлшем бірліктерін таңдау. Жүйелік бірліктер шкаласының бөліну бағасы Customize→Preferences (Баптау→ Параметрлер) командасын таңдағанда ашылатын System Unit Scale (Жүйелік шкаланың бөліну бағасы) бөліміндегі General (Ортақ) қаттамасында Preference Settings (Параметрлерді баптау) сұқбаттасу терезесінде енгізуге болады. Өзгертілмеген тәртіпте, салыстырмалы бірлік бір дюймге тең болады.

3.        Metric (Метрлік) өлшем бірліктерінің төрт нұсқасы бар: Millimeters (Миллиметрлер), Santimeters (Сантиметрлер), Meters (Метрлер), Kilometers (Километрлер),  ашылған  тізімнің метрлік бірліктердің өлшемділігін  таңдаңыз. Осы параметрлердің бірін таңдағанда жасалған өзгерістер координат санақ өрісінде қалып жолында координаттың берілгеніне сәйкес өлшем бірліктерінің жалғануы арқылы көрінеді. Егер, мысалға, сіз метрлерді таңдасаңыз, координаттардың берілгеніне санақ терезесінде «м» әрпі жалғанады.

4.        US Standard (АҚШ стандарты) өлшем бірліктері типін қойғанда, екі ашылатын тізім арқылы өлшем бірліктерін түзетіңіз. Олардың біріншісі бірліктердің өлшемін, ал екіншісі – координат өлшеуінің нақтылығын таңдауға мүмкіндік береді. Алты нұсқа ішінен таңдау беріледі:

·          Fractional Inches (Бөлшектік дюймдер) – координат санағын бөлшектік бөліктерімен бірге есептейтін режим орнатылады. Мысалға, координаттар 89 1/8״ берілуі мүмкін, ол сәйкесінше 89,125-ке тең. 1/1 1/100 бөлшектік бөліктерінің көрсетілуінің нақтылап көрсетілуін енгізуге болады. Өзгертілмеген тәртіпте, 1/8״  болып есептеледі, алайда 1/8 дюймнан кішілер санақ өрісінде көрсетілмейді;

·          Decimal Inches (Ондық дюймдар) – бөлшектік дюймдарға ұқсас, тек ерекшелігі санақтың бөлшектік бөлігінде ондық мәнін пайдаланады. Мәннің нақтылығы үш ондық белгіге тең;

·          Fractional Feet (Бөлшектік футтар) – бөлшектік дюймдар тәрізді қолданылады, тек координаттар футтармен және бөлшектік футтармен есептелінеді. Осылайша, 89 1/8 ׳ өзі 89 фут 1/8 дюймға емес, 89,125 футқа тең;

·          Decimal Feet (Ондық футтар) – бөлшектік футтарға ұқсас,  тек ерекшелігі санақтың бөлшектік бөлігінде ондық мәнін пайдаланады. Мәннің нақтылығы үш ондық белгіге тең;

·          Feet w/ Fractional Inches (Футтар және бөлшектік дюймдар) – АҚШ стандартына, әсіресе архитектура саласына тән өлшем бірліктер. Осымен бірге, координаттар футтармен және бөлшектік дюймдармен өлшенеді. Мысалға, координат санағында 89׳ 21/8״ 89 фут және 21/8 дюйм дегенді білдіреді;

·          Feet w/Decimal Inches (Футтар және ондық дюймдар)–өлшем бірліктерінің берілген нұсқасы алдыңғы нұсқаға сәйкес, бірақ дюймдардың бөлшектік бөлігінде үтірден кейін үш белгісімен ондық белгілер қолданылады;

·          Соңғы екі өлшем бірлігі түрлерін таңдағанда, өлшемділігін енгізбей, өзгертілмеген тәртіпте, сандық мән енгізгенде қолданылатын қосымша бірліктердің өлшемділігін көрсетуге болады. Ол үшін Default Units (Бастапқы бірліктер) жалаушасын Feet (Футтар) немесе Inches (Дюймдар) белгісіне қою қажет.

5.        Custom (Ерекше) нұсқасын таңдағанда арнайы өлшем бірліктерін түзетіңіз. Ол үшін Custom (Ерекше) бөлімінің бірінші мәтіндік өрісіне жаңа бірлік атауын енгізіңіз. Содан кейін екінші өріске бір жаңа бірліктің стандартты өлшемділігінің бірліктер санын білдіретін сан енгізіңіз де ашылған тізімде керекті стандартты өлшемділігін таңдаңыз. Өзгертілмеген тәртіпте, арнайы бірліктер ретінде, 660 футқа тең FL бірлігі ұсынылады.


 

МОДЕЛЬДЕУДІҢ НАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ

МОДЕЛЬДЕУДІҢ НАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ

US Standard (АҚШ стандарты)–Америка Құрама

US Standard (АҚШ стандарты)–Америка Құрама

Соңғы екі өлшем бірлігі түрлерін таңдағанда, өлшемділігін енгізбей, өзгертілмеген тәртіпте, сандық мән енгізгенде қолданылатын қосымша бірліктердің өлшемділігін көрсетуге болады

Соңғы екі өлшем бірлігі түрлерін таңдағанда, өлшемділігін енгізбей, өзгертілмеген тәртіпте, сандық мән енгізгенде қолданылатын қосымша бірліктердің өлшемділігін көрсетуге болады
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.10.2020