Дайындаған: Сейтказинова Роза Жакижановна
Дефектолог – логопед, ІІ санат
Логопедиялық сабақтың тақырыбы:
Көзі кеміс балаларға арналған облыстық арнайы
КММ №1 мектеп-интернаты
Тақырыбы: Менің отбасым
Күні: _____________ Сынып: ____________________________
Сабақтың мақсаты:отбасы туралы түсінігін қалыптастыру,отбасы мүшелерінің аттарын дұрыс әрі анық атауға үйрету, әр отбасының өзіндік ерекшелігі болатыны туралы ұғымдарын кеңейту, және отбасы мүшелерінің міндеттері мен өзара қарым қатынасы жайлы әңгімелеу арқылы түсіндіру. Тапсырмаларды орындау арқылы сөйлеу дағдыларын,шеберліктерін қалыптастыру.
Дамытушылық:Ой-өрістерін, танымдық, шығармашылық, қабілеттерін, мәдени ұқыптылық, әдептілік қасиеттерін, топта жұмыс жасау қабілеттерін, шеберліктерін, пәнге деген қызығушылығын, дүниетанымын дамыту.
Тәрбиелік:Балаларды сауаттылыққа, үлкендерді сыйлауға, жинақылыққа бірін-бірі тыңдауға, қадірлеуге, еңбексүйгіштікке, шығармашылыққа, жан-жақтылық қасиеттерін шыңдау арқылы тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: көрнекілік, түсіндіру, әңгімелесу, баяндау, өз бетінше жұмыс, нұсқау беру.
Сабақтың көрнекілігі: Көрнекі, көркем суреттер,үлестірмелі материалдар.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушыларды сабаққа даярлау
ә) Назарларын сабаққа аудару
б)Сабақтың мақсат-міндетімен таныстыру.
ІІ.Мотивациялық кезең.
Сәлемдесу.
“Қайырлы күн” деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз.
Көңілді өтер күніміз. ( Қимылмен орындау.)
Ерінге арналған жаттығу
а) Екі ерінді ауыз ішіне тарту. (1-4 рет)
ә) Үстіңгі және астыңғы ерінді уқалау. (1-4 рет)
б) Ерінді алдыға созуын үйрету.
Түйіскен еріндерді алдыға түтікше тәрізді созу. ( 1-5 рет)
в) Жоғарғы және астыңғы тістерді көрсетіп қиналмай жымию (балаға дұрыс істеуді үйрету үшін іштен «и» дыбысын айту керек). (1-5 ре
Тыныс алу жаттығулары. (Стрельникова бойынша)
«Насос» жаттығуы – аздап еңкею барысында мұрынмен қысқа және шулы дем ал.
«Сегіздік» жаттығуы – терең дем алып, дем шығармай 8 – ге дейін сана.
Жаңа сабақ:
Суретпен жұмыс.
Отбасы дегеніміз бірге тұратын, бір-біріне қамқорлық жасайтын бір үйдің адамдары. Ата, әже, әке, ана, қарындас, іні, әпке — отбасы болып есептеледі. Отбасын бір сөзбен жанұя деп атаймыз.Отбасының белгілі тұратын мекен-жайы болады. Отбасы мүшелерінің бәрі-де өз мүмкіндігінше іс атқарады: оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасымен айналысады. Отбасы әр адамның шағын отаны.Отбасынды өсіп-өніп тәрбие алады. Біз жастаймыздан өзгелерге қамқор болуды, ата-ананы үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Отбасы ата –әженің ұрпағынан тарап, шағын мемлекетке айналады.
Сергіту сәті:
Бас бармағым – атам,
Шаңырақ данасы.
Балан үйрек – әжем,
Шаңырақ анасы.
Ортаң терек – әкем,
Шаңырақ панасы.
Шылдыр шұмек – анам,
Ошақ ажары.
Кішкене бөбек – мен,
Бәрінің базары.
Тапсырма
Дұрыс айт, анық айт.
Ла - ла - ла – лас Ал – ал – ал – алма ас
– ас – ас – алдымызда ас
Ло - ло - ло - лом Ол – ол –
ол – олжас ас – ас – ас – қандай дәмді ас
ұл – ұл – ұл –
ұлжан әл - әл - әл – әлек ас
– ас – ас – бұл деген қас
Ой толғау.
«Өзіңнің отбасың туралы айтып бер»
Мен Қуандық Батыр 1- сынып оқушысымын. Мен анама үйді жинауға көмектесемін. Менің оқуыма ағам мен ата-анам көмектеседі. Біз тату –тәтті отбасымыз .Менің киімдерім шкафта тұрады. Ал ойыншықтар бәрімізге ортақ.
Дәптермен жұмыс
Шешен билердің сөздерін еске түсіріп сұрақтарға жауап береміз.
1. Не тәтті? Ананың сүті тәтті
2. Не жұмсақ? Ананың қолы
3. Не қатты? Атаның жүрегі
4. Кім жақын? Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшы болса, апайын жақын.
Жұмбақ жасыру:
Маған да,
саған да,
Жақын туыс бес адам.
Ұш әріптен тұратын.
Онға оқы, солға оқы
Өзгермейді еш одан.
Бәрі-де өз жұртың
Айтады, қане кім атын? (ана, апа, аға, іні, ата)
Қорытындылау:
1.Отбасы мүшелерін ата.
2. Өз үйіңдегі отбасы мүшелерінің міндеттері туралы айтып бер?
3. Отбасыңа қандай көмек көрсетесің?
4. Ата – анаң қайда жұмыс істейді?
Біз не білдік?
Ата,әже –отбасы тірегі.Оларды сыйлау керек.
Ата,әже, әке, анна, ұл, қыз –бәрін отбасы дейміз.
Біздің кішкентай жүрегіміз бәрін жақсы көреді.
Скачано с www.znanio.ru
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.