Тақырыбы: «Үміт, сенім бізді алға жетелейді»
Психологиялық тренинг мақсаты:
Оқушыға өз өмірінің субъектісі екеніне көзін жеткізуге көмек жасау. Сонымен қатар ҰБТ-ны тапсыру кезінде барынша толық өз мүмкіндігін іске асыру. Біздің қолдауды қажет ететін оқушыларды табу: үздіктер және ҰБТ-ға дайындық кезінде белгілі бір қиындықта, түлектерге жағымды психоэмоционалды күйіне жетуге тиімді жағдай тудыру.
Міндеттері:
ҰБТ-ға дайындық тиімділігін арттыру.
ҰБТ кезінде психологиялық тұрғыдан дұрыс ұстау.
Ойлау жұмысын дамытуға әрекет ету.
Шешуші сәтте өзін жұмылдыра білу.
Өз эмоцияларын басқара алу.
Психологиялық тренингтің жоспары:
1. «Танысу» жаттығуы
2. «Сағат тілі» жаттығуы
3. А)«Менің отбасым» суретін салу (оқушылар үшін)
Б) «Ата – ана, менің суретімді тапшы» (ата – аналар үшін)
В)«Мен кім» және «мен қандаймын?» жаттығуы (пән мұғалімдері мен ата – аналар үшін)
4. «Көңіл күй айнасы» релаксациялық кезең
5. «Дыбыстық гимнастика» жаттығуы
6. Түлектерге арналған аффирмация
7. «Бос орындық» сергіту жаттығуы
8. «Гимназия түлектерінің ата – аналарына арналған кеңестер»
9. «Эксперимент» жаттығуы
10. «Өміршеңдік ережесі» сенімділік бағдарламасы\
11. Рефлексия. «Біз біргеміз және сенімдіміз»
«Үміт, сенім бізді алға жетелейді».docx
Тақырыбы: «Үміт, сенім бізді алға жетелейді»
Психологиялық тренинг мақсаты:
Оқушыға өз өмірінің субъектісі екеніне көзін жеткізуге көмек жасау. Сонымен
қатар ҰБТны тапсыру кезінде барынша толық өз мүмкіндігін іске асыру. Біздің
қолдауды қажет ететін оқушыларды табу: үздіктер және ҰБТға дайындық кезінде
белгілі бір қиындықта, түлектерге жағымды психоэмоционалды күйіне жетуге тиімді
жағдай тудыру.
Міндеттері:
ҰБТға дайындық тиімділігін арттыру.
ҰБТ кезінде психологиялық тұрғыдан дұрыс ұстау.
Ойлау жұмысын дамытуға әрекет ету.
Шешуші сәтте өзін жұмылдыра білу.
Өз эмоцияларын басқара алу.
Психологиялық тренингтің жоспары:
1 «Танысу» жаттығуы
2 «Сағат тілі» жаттығуы
3 А)«Менің отбасым» суретін салу (оқушылар үшін)
Б) «Ата – ана, менің суретімді тапшы» (ата – аналар үшін)
В)«Мен кім» және «мен қандаймын?» жаттығуы (пән мұғалімдері мен ата
– аналар үшін)
4. «Көңіл күй айнасы» релаксациялық кезең
5. «Дыбыстық гимнастика» жаттығуы
6. Түлектерге арналған аффирмация
7. «Бос орындық» сергіту жаттығуы
8. «Гимназия түлектерінің ата – аналарына арналған кеңестер»
9. «Эксперимент» жаттығуы
10. «Өміршеңдік ережесі» сенімділік бағдарламасы\
11. Рефлексия. «Біз біргеміз және сенімдіміз»
1.
«Танысу» жаттығуы
Нұсқау: Тренингке қатысушылар шеңберге жиналады, жұлдызшалар
таратылып беріледі.
Қатысушылар өздеріне тренингтік есім тағайындап, жұлдызшаларға
жазып, кеуделеріне жабыстырады.
Тренингтік ереже:
Тренингке берілген регламентті сақтау
Қатысушыларды тренингтік есімдерімен атау
Қатысушылар бір – біріне кедергі келтірмеу
2. «Сағат тілі» жаттығуы Нұсқау: қатысушыларға сағаттың суреті бинеленген қағаздар таратылып беріледі.
Қатысушылар психологтың нұсқауымен уақыт аралықтарына өздері қалаған
қатысушылардың есімдерін жазады. Есімдер жазылып болған соң, психологтың
бұйыруымен әрбір қатысушы өз таңдаулары бойынша адамдарды іздейді: Мысалы:
1314 аралығы – амандасу
1516 аралығы – күлімдеу
1718 аралығы комплимент айту
1920 аралығы – басынан сипау
21.22 аралығы – қол алып амандасу
230 ралығы – мимика арқылы сыйлық сыйлау
4.«Менің отбасым» жобалау әдістемесі
Нұсқау: Білім алушылар «менің отбасым» тақырыбына сурет салу тапсырылады.
Салынып болған суреттер жинап алынады, ата – аналары өз балаларының салған
суреттерін табуы қажет.
Талқылау сұрақтары:
Өз балаңыздың суретін табу қиын болды ма?
Өз балаңыздың суретін қандай элементтер бойынша таптыңыз?
«Мен қандаймын және кіммін» жаттығуы
Нұсқау: ата – аналар мен мұғалімдерге алдын ала дайындалған бүктелген қағаздар
таратылып беріледі. Берілген қағаздың бірінші бетіне «Кіммін», екінші бетіне
«қандаймын» сұрақтарына жауап жазып, жазылған жауаптарды сәйкестендіріп оқимыз.
4.«Дыбыстық гимнастика»
Нұсқау: Психологтың нұсқауы бойынша берілген әріптерді хормен қайталау.
Психолог айтылған әріптердің адам ағзасы үшін маңыздылығын түсіндіреді.
А – дыбысы, барлық ағзаның жұмысын жақсартады
Е – дыбысы, қалқанша безінің жұмысын күшейтеді
И –ми, көз, құлақ, мұрынның жұмысын жақсартады
О –жүрек және өкпенің жұмысын белсендіреді
Х барлық ағзамыздың тазаруына көмектеседі
Ха – ха – көңіл күйді көтереді.
5. «Бос орындық» сергіту жаттығуы
Нұсқау: Қатысушылар барлығы шеңберге жиналып, рет бойынша 12 ге саналады.
Бірінші саналған қатысушылар орындықта отырады, екінші саналған қатысушылар
отырған қатысушының қасында тұрады. Екінші қатысушылар көздерін төмен салып
тұрады. Бірінші қатысушылар бос орындықтың қасында тұрған жүргізушінің ым –
ишарасын қадағалап тұрады. Бос орындықтың иесі көзбен ымдау арқылы бос орынға
адам шақырады. Бірінші қатысушылардың мақсаты – тез арада бос орынға отыру,
екінші қатысушылардың міндеті – алдындағы қатысушының іс әрекетін қадағалау. Талқылау сұрақтары:
Жаттығудан қандай әсер алдыңыздар?
Икемділік пен байқампаздықтың атқаратын маңызы қандай?
6. «Эксперимент» жаттығуы
Нұсқау: берілген мәтінді немесе өлең жолдарын кедергісіз, тез арада оқып шығу.
СеЗДірМей жҮРгеН,
ТеК өЗім біЛГен,
БІр сЕНім бАр
ЖОҒалМас мүЛДем.
Сол сЕНІм бАрДа,
АСЫғам аЛҒа,
Ақ тІЛегІм биІКке саМҒа!
2. сЕНбе еШКіМге, тҰРса дА қАНша маҚТап,
ҚОр қЫЛаДы, қУЛыҒын іШКе саҚТап.
Өзіңе сен, өзІҢді аЛЫп шЫҒар,
АҚылың мЕн еңБЕгің еКі жаҚТаП.
3. СеНІМді аҚЫл мен еРІкке бАҒындыру қаЖет. ТаБАндыЛЫқ
пЕн өЗІңдіөЗІң бИЛеу, өР рУх пен қаЙЫспаЙТын қаЙСарлық еРЛік
Тің кеПІлі. Бауыржан Момышұлы
10. Өміршеңдік ережелер.(Ережелер интерактивті тақтадан көрсетіледі,
қатысушылар бірге оқиды.)
Өз күшіңе деген сенімсіздікпен қалай күресуге болады? Кез келген іске
төмендегідей көңілмен кірісейік: иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен, іштей
табысқа жетуге талаптанып:
Жігер деген – Мен.
Күш деген – Мен.
Махаббат деген – Мен.
Кешірім деген – Мен.
Құдырет деген – Мен.
Жасөспірім деген – Мен.
Жастық деген – Мен.
Даналық деген – Мен.
Денсаулық деген – Мен.
Жарқындық деген – Мен.
Бар ғажайып деген – Мен.
Бәрі маған байланысты.
Бәрі менің қолымда !!! – деп өзіңізді сендіріңіз.
Рефлексия
«Үміт, сенім бізді алға жетелейді»
«Үміт, сенім бізді алға жетелейді»
«Үміт, сенім бізді алға жетелейді»
«Үміт, сенім бізді алға жетелейді»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.