Коммуникативтік оқыту барысын жүзеге асыру үшін коммуникативтік технология пайдаланады. Коммуникативтік технология - оқуға қатысушылардың барлығын және мүмкін болған құрал-жабдықтар мен ақпараттың барлығын қатыстыра отырып өзара белсенді қатынасқа ену. Бұл бағыт мәтінді оқытуда қазіргі шыққан әдістемелік кешендерде, оқулықтарда, қосымша кұралдарда кеңінен қолданылып жүр. Осы коммуникативтік әдіс мәтін оқытудағы оқу-тәрбие үрдісінің барлық мақсат-міңдеттерін қамтиды.
мәтін баспаға.docx
Мәтін және коммуникативтік оқыту технологиясы
Қазақ тіл әдебиеті мамандығының 1курс магистранты С. Тунгушбаева
Ғылыми жетекші: п.ғ.д. прфессор Т. М. Әбдікәрім
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.
sonya_2050@mail.ru
Кілт сөздер: мәтін, мәтіндеме, мәтіндік және коммуникативтік контекст,
коммуникациялық технологиялар.
Ключевые слова: текст, текстатека, текстовый и коммуникативный контекст,
коммуникативные технологии.
Key words: text and its communication, text text, textual and communicative context,
communication technologies.
Аннотация:
Коммуникативтік технология
Коммуникативтік оқыту барысын жүзеге асыру үшін коммуникативтік
технология пайдаланады.
оқуға
қатысушылардың барлығын және мүмкін болған құралжабдықтар мен
ақпараттың барлығын қатыстыра отырып өзара белсенді қатынасқа ену. Бұл
бағыт мәтінді оқытуда қазіргі шыққан әдістемелік кешендерде, оқулықтарда,
қосымша кұралдарда кеңінен қолданылып жүр. Осы коммуникативтік әдіс мәтін
оқытудағы оқутәрбие үрдісінің барлық мақсатміңдеттерін қамтиды.
Аннотация:
Коммуникативная технология используется для осуществления
коммуникативного процесса обучения.
Коммуникативная технология
заключается в активном взаимодействии со всеми участниками и возможным
оборудованием и информацией. Это направление широко используется в
современных учебниках,
дополнительных учебниках для
преподавания текста. Этот коммуникативный подход включает в себя все
образовательные цели текстового образования.
учебниках,
Annotation:
Communicative technology is used to implement the communicative process of
learning. Communication technology is the active interaction with all participants and
possible equipment and information. This direction is widely used in modern
textbooks, textbooks, additional textbooks for teaching text. This communicative
approach includes all the educational objectives of text education. Мәтін көпаспектілікті,әр түрлі бағытта зерттелетін күрделі
лингвистикалық құбылыс, ең жоғары коммуникативтік бірлік. Мәтінтанушы
О.И.Москальская мәтіннің коммуникативтік маңыздылығын
ғалымдар
айқындай отырып, ... «мәтін» деп бір жағынан, бір немесе бірнеше сөйлемдерден
тұратын, сөйлеушінің рөлі аяқталған пікірді түсінсек, екінші жағынан, повесть,
роман, газет немесе журнал мақалалары, ғылыми мақалалар, түрлі құжаттыр
тағы басқа осы сияқты тілдесім (речевые) туындылары деген анықтама береді.
[5,1214 б.] Ф.Алефиренко мәтінді төмендегідей анықтайды: « Мәтін
бұл тұтастық, коммумникативтік құрылым, оның компоненттері автордың
коммуникативті интенциясымен ұйымдастырылып, иерархиялық, семантикалық
құрылымға бірлескен». [6,4]
Коммуникативтік мәтін ұғымын қалыптастыруда, түсіндіруде, талдауда
қазақ ғалымдары да айтарлықтай еңбек етіп келеді. Осы тұрғыда Т.М.
Әбдікәрімнің «Мәтін және «Ана тілі» оқулығы мәтіндемесін құраудың
теориясы» атты монографиясы соған дәлел. Монографияда ғалым «Мәтін және
коммуникативті контекст» бөлімінде «егер мәтінді коммуникация бірлігі
ретінде қарастырмағанда ...мәтінді сипаттау толық болмас еді және жеткілісіз
болар еді» деген. [78] Бұл зерттеу мәтіннің әрекетті коммуникативтік
түсіндірмесімен қаншалықты байланысты болғанымен, «мәтін»терминінің
мағынасын ашу үшін, осы жұмыста тілдің жалпы тәжірибеде қолданылу аумағын
кеңінен қарастырған, яқи «тіл тәжірибенің, яғни коммуникативтік қолданысқа
лайықталған...» деген қолданбалы лингвистика мәліметтері ерекше орын алады.
Тіл мен мәтінді оқып үйренудің қолданбалы сипаты, басқаша айтқанда, тілмен
жеткізілетін негізгі істәжірибенің қызметі – бұл коммуникативтік қызмет.
Мәтіннің коммуникативтік қызметі, ол мәтіннің белгілі бір қызметті орындау
қажеттілігі. Осы қажеттіліктен коммуникативтік мақсат, коммуникативтік
жоспар, мазмұнды бірлік,бір жағдайдын көрінісі туындайды. Осы ұғымдар
мәтіннің коммуникативтік белгілерін толық ашып беруге көмектеседі. Ғалымдар
берген анықтамаларды ажыратып қарағанда, көптеген ортақтық бар, бәрінен
бұрын мәтін сөйлеу тілі шығармашылығы ретінде, сөйлеу құралы және негізгі
сөйлеу бірлігі ретінде қарастырылады. Содан кейін: мәтінді туғызу және ойша
өрбіту коммуникативтік құбылыс немесе қарымқатынас мақсатының
жетістігімен ғана орындалатындығы.
Коммуникативтік технология
Коммуникативтік оқыту барысын жүзеге асыру үшін коммуникативтік
технология пайдаланады.
оқуға
қатысушылардың барлығын және мүмкін болған құралжабдықтар мен
ақпараттың барлығын қатыстыра отырып өзара белсенді қатынасқа ену. Бұл
бағыт мәтінді оқытуда қазіргі шыққан әдістемелік кешендерде, оқулықтарда,
қосымша кұралдарда кеңінен қолданылып жүр. Осы коммуникативтік әдіс мәтін
оқытудағы оқутәрбие үрдісінің барлық мақсатміңдеттерін қамтиды.
Шындығында, мәтінді кезкелген әлеуметтік құбылыс деп қарау оқытудың
коммуникативтік
бағытын алға шығарады. Мәтінді талдау арқылы сөйлесіп
үйрену, яғни, дыбыстық ауыз екі сөйлесу мен графикалық код, яғни, сөйлесудің
жазбаша формасын жүзеге асырады. Осы коммуникативтік оқытуда белгілі
ережелерді ұстанып жұмыстың ең негізі болып келеді. Сондықтан тіл
сабақтарында мәтінді үйретудегі бастапқы мақсат – қарымқатынас ретінде
бағытта оқыту деп санадады. Тағыда басқа жұмыс түрлері сапалы түрде
жүргізілсе оқушының жеке тұлга ретінде қалыптасуына әсер етеді, оқушы үшін
өз ойын жеткізуде қажетті құрал болып табылады. Коммуникативтік әдіс –
оқушы мен мұғалімнің тікелей қарымқатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі
бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік
категорияларға тән басты белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен тұратын,
тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарымқатынас құралы
ретінде іс жүзінде асыратын әдістің түрі.
Коммуникативтік оқыту тілдік әрекетінің барлық түрінде қалыптасады
тыңдауда да, сөйлеуде де, оқығанда да, жазғанда да, өйткені ол оның іске асуын
қамтамасыз етеді.
Лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттердің көпшілігінде сөйлесім әрекетін
төрт түрге бөліп қарастыру тұрақты орын алған. Олар: сөйлеу, оқу, жазу,
түсіну.
Коммуникативтік оқыту: оқу, сөйлеу, тыңдау, жазу – ауызша өзара қатынас,
жазбаша өзара қатынас біркелкі, бір уақытта дамиды.
Коммуникативтік оқытудың сөйлеу әрекетінің барлық төрт түрінде де
қажеттілікпен қатысып тұрғаны дұрыс. Өйткені ол ауызша да, жазбаша да қарым
– қатынас жасаушылардың бір – бірін тілдік қабылдауы мен түсінігін
қамтамасыз етеді. Коммуникативтік оқыту: оқу, сөйлеу, тыңдау, жазу – ауызша
өзара қатынас, жазбаша өзара қатынас біркелкі, бір уақытта дамиды. Жоғарыда
айтылғандай коммуникативтік оқытудың сөйлеу әрекетінің барлық түрінде де
қажеттілікпен қатысып тұрғаны көрінеді. Өйткені ол ауызша да, жазбаша да
қарымқатынас жасаушылардың бірбірін тілдік қабылдауы мен түсінгін
қамтамасыз етеді. Ана тілін оқытудың басты мақсаттары – оқушылардың дұрыс
сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастырып, мемлекеттік тілді әр түрлі
жаңа технологиялар арқылы игерту. Қазақ тілі мұғалімінің негізгі міндеті –ана
тілі сабақтарын мазмұны мен форма жағынан қызықты, тиімді өткізу. Ана тілі
сабақтары тиімді өту мақсатында тәжірибемде коммуникативтік оқытуды
технологиясын қолдануға тура келеді. Ең біріншіден, жаңа білім стандарттарына
сай, мынадай талаптарға сүйеніп жұмыс істеуге болады: сөйлемдерді қолданып
сұхбат жүргізу:
мектепте және өзін қоршаған ортаны танып білу
оқушыларды қазақ тілінде сөйлеуге үйрету
синтаксиситік сөйлемдерді құрастыра білу Бұлардың барлығын іс жүзінде қолдану үшін сабақтарды үш бағытты қолдануға
болады.
Лексикалық бағыт – айтылуын меңгеріп, мағынасын өмірде кездесетін
жағдайлар арқылы тілді тез игеру.
Фонетикалық бағыт – дыбыстың айтылуы мен жазылуын меңгеру. Әр
сыныбымда қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталап, сипаттап, сол әріп бар
сөздерді қайталап, әр сабақта бір дыбысқа тиянақтап тоқталып отыру әдетке
айналады.
Грамматикалық бағыт – жас ерекшелігіне сай сурет бойынша жұмыс,
мазмұнын айту, сөйлем құрастыру.Осы үш материал бастауыш сынып
оқушыларының арасында, жас ерекшеліктерін ескеріп және жеңілден ауырға
принципі бойынша жүзеге асады. Мен осы технологияны бастауыш сыныптарда
тәжиребе бойынша қолданылуда. Әр жаңа тақырып бойынша мәтінді меңгеру
кезінде балалар топқа бөлініп, әрбіріне бес міндет беріледі:
Мәнерлеп оқу.
Түсіну.
Сұрақтар қою немесе диалог құрастыру.
Сызба арқылы өз ойларын айтып беру.
Грамматика.
Коммуникативтік бағытты іске асыру үшін мен өз сабақтарында сын
тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегияларын қолданылуда. Сын
тұрғысынан ойлау, өз алдына мәселе қойып, әркез соған өз бетімен шешім іздеу,
баламалар ұсыну, өз көзқарасын қорғай білу болып табылады.
Неліктен мен бұл бағдарлама таңдалды? Сын тұрғысынан ойлау – ол
алдымен оқытудың оқушыға бағытталған орталықталынған түрі, ол оқушының
дамуына, соның ішінде сыни көзқарасы бар жеке тұлғаның дамуына, зерттеуші
оқушының дамуына, оның өзіндік “менің” жүзеге асыруға, оқушының
шығармашылық мүмкіндігін ашуға, яғни, бір сөзбен айтқанда, коммуникативті
қатынасқа үйрететін бағдарлама.
Өз сабағымда сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдаланғанда,
оқушылардың білімді өз бетімен тауып, зерттеп, бірлесе отырып жаңа идеялар
мен тұжырымдарды әр түрлі жолдармен ұсынатындарын, жаңа білімді белсенді
түрде талдап, жинақтап, оларды күнделікті өмірдегі жағдаяттармен
байланыстыратындарын, бірбіріне деген сенімділіктері мен түсінушіліктерінің
дамитыны байқалды. Ал топтық жұмыстар арқылы оқушылар бойында
жауапкершілік, сыйластық достық қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндіктің
мол екені біліді. Өйткені, әр сабақтың соңында практикалық нәтижесі, яғни, қай
оқушының материалды қалай меңгергені көрінеді.
Енді сабақтарымда жиі қолданатын стратегияларға тоқталып өтетін болсақ.
Мысалы, “ассоциация”. Бұл оқушыларды еркін және ашық ойлауға
жаттықтырады. Жұмыстың бұл түрі, көбінесе, өткенді еске түсіруге, жаңа
сабаққа кіріспе кезіңде пайдаланылып отырды. Бұл әдіс өте маңызды, себебі, ол оқушылардың белгілі бір тақырып бойынша лексикалық сөздік қорын,
грамматикалық түсінігін, қарымқатынастық қызметін дамытады.
Оқушылардың біліміне, тәжірибесіне сүйене отырып, оқушылар үнемі
лексикалық бірліктер мен модалдық бірліктер іздестіреді, сөздердің
мағыналарын ашады. Барлық оқушылар ойлау үрдісімен белсенді айналысады.
Оқушылар еркін және қызығушылықпен жұмыс істейді.
Сонымен қатар жаңа лексиканы енгізу барысында, мәтінмен жұмыс
алдында, сөздік жұмысы барысында көпшілік жағдайда “Лонгман” баспасының
электронды сөздігін пайдалана отырып, жаңа лексиканың дефинициясын яғни,
мағынасын түсіндіру арқылы жүргізіледі.
Сөздік жұмысынан кейін мәтінмен жұмыс барысында біз салыстырмалы
әдісін пайдалана отырып, мәтіндегі кейіпкерлердің немесе сюжеттердің
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын оқушылармен бірлесе отырып
анықталады. Әр топ салыстыру жолдары өтілгеннен кейін галереяны шарлау
стратегиясы өткізіледі. Бұл кезде оқушылар өз сыныптастарының құрастырған
диаграммаларымен танысып, өз ойларын бөлек қағазға жазып жапсырады.
Мәтінмен жұмыстың тағы бір түрі: “Торлы талқылау күнделігін”
жүргізіледі. Мысалы:“Режиссермен интервью” мәтіні бойынша оқушылар
өздеріне ұнаған фразаларды теріп жазып, соған байланысты пікірлерін жазу
керек болды. Бұл жұмыс мынадай кесте арқылы жүргізіледі.
Ойымызды қорыта келсек, коммуникативтік оқыту арқылы оқушылардың
танымдылық қабілеттері, танымдық үрдістері дамып, сөздік қоры молаяды,
оқытуда жағымды жақсы әрекет қалыптасады. Бұның бәрі дамығаннан кейін
оқушының қиялы мен ойлауы, есі мен қабылдауы, зейіні дамып қалыптасады.
Танымдық қабілеттер, танымдық үрдістер әрбір технология барысында дамиды.
Ал қажеттелікті қанағаттандыру әр түрлі әлеуметтік жағдайларда бағыт
бағдарды беруден жалықпау, адамдардың эмоционалдық жағдайлары мен жеке
тұлғаның ерекшеліктерін анықтау, олармен қарымқатынастың теңбетең
түрлерін таңдау, өзара ісәрекет үрдісінде сол түрлерін іске асыру, зейіндерін
қадағалау және айқындау, көпшілік алдындағы жағдайларда ісқимылын білу,
өзіне зейін аударту, психологиялық қатынас орнату, сөйлеу мәдениетін
дамытады. Ал сөздік қорының дамуы мәтінмен жұмыс істегенде яғни мәтінмен
жұмыста бүкіл істелетін технологиялар, педагогикалық, психологиялық
талдаулар, логикалық ойланымдар, әдістемелік тапсырмалар, т.б. жұмыс түрлері
жүргізу барысында және белгілі бір мәселені шешкенде дамиды.Осы
технологияны қазақ тілі сабақтарында қолдану көптеген жетістіктерге әкеледі. Пайдаланылған әдебиет
1. Пассов Е.И. " Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению".
М.,1977. 126 б.
2. Әрінова Б.А. Озық технологияларды қолданудың коммуникативтік
компетенция қалыптастырудағы орны. «Қазақ тілі Қазақстан мектебінде», 2008,
№ 1, 1113 б.
3. Ф. Оразбаева Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. /Оқу құралы/,
Алматы,
Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының
Республикалық баспа кабинеті, 2000ж., 208бет.
Ы.
4. Әбдікәрім Т.М. «Мәтін және «Ана тілі» оқулығы мәтіндемесін құраудың
теориясы» Павлодар, 2007. 56бет
Мәтін және коммуникативтік оқыту технологиясы
Мәтін және коммуникативтік оқыту технологиясы
Мәтін және коммуникативтік оқыту технологиясы
Мәтін және коммуникативтік оқыту технологиясы
Мәтін және коммуникативтік оқыту технологиясы
Мәтін және коммуникативтік оқыту технологиясы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.