Музыка 4 сынып
Оценка 5

Музыка 4 сынып

Оценка 5
Презентации учебные
docx
музыка
4 кл
14.05.2019
Музыка 4 сынып
Публикация является частью публикации:
Музыка 4.docx
Музыка 4­сынып             18.09.17 Сабақтың тақырыбы: Әншілік өнердің хас шебері ­Жүсіпбек Елебеков Сабақтың мақсаты: Білімділік мәні : Әншнің шығармашылығына тоқталу , таныстыру, таныту, жан – жақты білімдерін арттыру. Дамытушылығы: Оқушылардың музыкаға, әнге деген ықыласын дамыту. Тәрбиелік мәні : Композиторлардың музыкалық шығармалары,әндері арқылы халықтың салт­ дәстүрін, тәрбиесін балаға бере білу. Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, әндету , шығармашылыққа баулу . Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих. Сабақ жоспары: 1.Ұйымдастыру кезеңі 2.Үй тапсырмасын сұрау 3.Бекіту 4.Жаңа сабақ 5.Қорытындылау 6.Үйге тапсырма 7.Бағалау Сабақтың барысы: 2.Үй тапсырмасын сұрау Ән өнерін паш еткен­Манарбек Ержанов 3.Бекіту а)Манарбек Ержанов қай жерде дүниеге келді? ә)Манарбектің ұстазы кім? б)«Қыз Жібек»операсында кімнің ролін сомдады?    Егіндібұлақ ауданы (қазіргі Қарқаралы) Қаратау ауылы  Жүсіпбек Елебеков (1904­1977) Жүсіпбек ЕлебековҚарағанды облысы ауылында туған. Елебековті әншілік өнерге баулыған алғашқы ұстазы Ж.Балғабайұлы болған. Кейін  Ұ.Айтбаев, Қ.Байжанов, Ә.Қашаубаев, И.Байзақовтармен бірге жүріп, өнерін ұстартады. 1920 — 22  жылдары Семейдегі “Ес­аймақ” драма труппасының қойған спектакльдері мен концерттеріне қатысады.  1931 — 35 жылдары Қазақ драма театрында, 1935 — 60 жылдары Қазақ филармониясында, 1960 — 77  жылдары “Қазақконцерт” бірлестігінде актерлік­әншілік қызметтер атқарады. 1933 — 38 жылдары  Қазақ музикалық драма театрында (қазіргі Қазақ опера және балет театры) И.В. Коцыктың “Айман —  Шолпан” музикалық комедиясында Әлібектің, Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек” және “Айман —  Шолпан” операларында Төлеген мен Арыстанның бейнелерін сомдайды. М.Әуезовтің “Еңлік —  Кебегінде” Жапал рөлін ойнады. Ұлы Отан соғысы жылдары (1942 — 43) концерттік бригада құрамында майдандағы жауынгерлер арасында концерттер береді. Осы сапарында Р.Елебаевтың “Жас қазақ” әнін  үйреніп келіп, алғаш рет халыққа таратты. Ол Абай, Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса,Балуан  Шолақтың классикалық үлгідегі шығармаларын насихаттаушы, кейінгі буынға таратушы болды.  Елебеков халық композиторларының, халық әндерімен бірге Қазақстан композиторларының әндерін де  орындайды. Оның репертуарында Біржан салдың “Айтбай”, “Жамбас сипар”, Салғараның “Жиырма  бес”, Ақан серінің “Құлагер”, т.б. әндер болды. 5.Қорытындылау а)Жүсіпбек Елебеков қай жерде дүниеге келді? ә)Ұстазы кім? б)Халық композиторларынан кімдердің әндерін орындады? 6.Үйге тапсырма: Оқып, түсінігін айту.Мәнжазба жазу. 7.Бағалау 4 – сынып                         Музыка                 25.09.17 Сабақтың тақырыбы: Қобыз  дәстүрінің мұрагері Жаппас Қаламбаев. Сабақтың мақсаты: Білімділік мәні : Әншінің шығармашылығына тоқталу , таныстыру, Дамытушылығы: Оқушылардың ұлттық музыкаға деген ықыласын дамыту. Тәрбиелік мәні : Қара қобыз шеберінің өмірі мен шеберлігі арқылы халықтың салт­  дәстүрін, тәрбиесін балаға бере білу. Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, Сабақ жоспары: I.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу,сынып оқушыларын түгендеу,сабақтың мақсатын  түсіндіру. II.Үй тапсырмасын. Сыныпты 3 топқа бөлу арқылы сұрақтарға жауап беру. I топ «Әншілер» II топ «күйшілер» III топ «қобызшылар» «Әншілер» тобына Жүсіпбек Елебековтің ұстаздары кімдер? Жүсіпбек кімдердің әндерін сақтап жеткізді? «Күйшілер» тобына Жүсіпбектің шәкірттері кімдер? Не себепті Қақабай Мәдиді түрмеге жабады? «Қобызшылар» тобына Осы оқиғаға байланысты қандай қандай ән дүниеге келді? Мәдидің бас қа қандай әндерін білесің? III. Жаңа сабақ: Қара қобызды сарнатқан –Жаппас Қаламбаев. Қазақтың көне тарихымен бірге жалғасып келе жатқан қасиетті қобыз аспабының ел  арасында кеңінен таралуына өлшеусіз үлес қосқан, Қорқыт пен Ықыластың өнерін ілгері  жалғастыруға бүкіл саналы ғұмырын арнаған Жаппас Қаламбаев 1909 жылы наурыз айында қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында өмірге келген. Ол 7­8 жасынан бастап әкесі Қасымбектен домбыра тартуды үйренеді. Домбыра тартумен қатар ,Жаппас қобыз  аспабын да жетік меңгереді. Жаппас қобыз күйлерін атақты күйші Сүгірден  үйренеді.Ұстазы Сүгір –Қаратау өңіріне жайылған қобызшылық пен домбырашылық  дәстүрдің қалыптасуына зор ықпал еткен ірі күйші – композитор. Жаппас Қаламбаев 1934 жылы Республикалық халық аспаптарында орындаушылардың I  слетінде қатысып , өз өнерін көпшілікке танытады. Слеттен кейін жаңадан  ұйымдастырылып жатқан қазақтың ұлт аспаптар оркестіріне шақырылып, осы оркестірде  30 жылдай жұмыс жасайды. Көптеген республикаға белгілі қобызшылар алғашқы сабақты  Жаппас Қаламбаевтан алған. Жаппас Қаламбаев шәкірттері Гүлнәфис Баязитов, Фатима  Балғаева және Болат Сарыбаев. Күи тыңдау: Жаппас Қаламбаевтың орындауында Ықыластың күйі «Қасқыр». IV. Қорытындылау. а) Жаппас Қаламбаев қай жерде дүниеге келді? ә)Жаппас кімдердің күйлерін орындады? б)Жаппасқа қобыз сыйлаған кім? в)Қобыз күйлерін Жаппас кімнен үйренген? г) Жаппас кандай қобызда ойнады? Үйге тапсырма: Оқып, түсінігін айту. Реферат жасау. Бағалау. Пәні: Музыка         4 сынып                  16/10/17 Сабақ тақырыбы:  Қаратаудың күй алыбы – Төлеген Момбеков Сабақ мақсаты Қаратау күй өнері тарихын оқып үйрену. Төлеген Момбеков шығармашылығымен танысу. Күтілетін нәтиже Қаратау күйшілік өнерін дамытушы Төлеген Момбеков туралы біледі. Негізгі идеялар Сүгір Әлиұлының шығармашылығын жалғастырушы Төлеген Момбеков туралы Тапсырмалар Топтық жұмыс 1 – топ: Төлеген Момбеков кім? (кесте толтыру) 2 – топ: «Біліп ал» (Сүгірдің «Бес жорға» күйінің шығу тарихы) 3 – топ: «Білесің бе?» (Сүгір Әлиұлының шығармашылығы) І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушы назарын сабаққа аудару, топқа бөлу ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Талқылауға арналған сұрақтар (жалпы сұрақ). Дәулет Мықтыбаевтың ұстазы кім?? Шәкірттерін ата. Кімнің шығармаларын жеткізген? т.б. 1. 2. 3. а) Оқулықпен жұмыс: 1 – топ: «Қаратаудың күй алыбы  Төлеген Момбеков» мәтінін оқиды. Топтан бірнеше  оқушы шығып, 2 – топқа баяндап береді. Жаңа сабақ: Домбырашы Төлеген Момбеков Сүгірдің шығармаларын Атасы Назар, Әкесі Момбеков ұстазы – Бапыш Қаратау өңірі ұстаз композитор 2 – топ: «Біліп ал» Сүгірдің «Бестөре» күйінің шығу тарихымен танысады. Баяндайды. 3 – топ: «Білесің бе?» ә) Тапсырмалар: Шарты: тақырыптар бойынша кесте таратылады. б) Музыка тыңдау: «Бестөре» Сүгір (Т.Момбеков орындауында) в) Кейінгі тапсырмалар: Топтар бір – біріне тақырып бойынша сұрақтар дайындайды. 1. Домбырашылық өнер кімнен дарыған? 2. Төлегеннің ұстаздары кімдер? 3. Ол кімнің күйлерін шебер орындаған? 4. Сүгір кіммен күй тартысады? 5. Сүгірге әкесі қандай талап қояды? 6. Не себепті күй «Бес жорға» аталған? Қорытындылау: Кейінгі оқу: Сүгір, Төлеген Момбеков шығармашылығын зерттеу Пәні: Музыка         4 сынып                 06/11/17 Сабақ тақырыбы:  Қорытынды сабақ Сабақтың мақсаты: а) білімдік: модуль бойынша  тақырыптарды қорытындылап, буынның түрлері мен көптік жалғауын пысықтау, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;                                                              ә) дамытушылық: тіл байлықтарын,сөздік қорларын дамыту, өз  бетімен,                                                                                                      топпен  жұмыс істеуге  дағдыландыру,  ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылығын арттыра отырып,  танымдық көзқарастарын қалыптастыру  б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік  тілді құрметтеуге, қоғамдық  ортада өзін­өзі ұстауға тәрбиелеу; Сабақтың  түрі: қорытынды  сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ­жауап, тест Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, карточкалар, тест  парақтары, ноутбук,  флипчарт Пәнаралық байланыс: тарих Күтілетін  нәтиже:  көптік жалғауын және  буынның түрлерін  меңгеру, қазақ көне  қалалар  туралы өз ойын айта білу;  Сабақтың  барысы:           І. Ұйымдастыру  бөлімі  ­ Оқушылармен амандасу           ­ Кезекшінің  мәлімет ­Сыныпта кім кезекші? ­Сыныпта мен кезекшімін. Пәні: Музыка         4 сынып                 15/01/18 Сабақ тақырыбы:  Опера театрының тарихы Сабақтың мақсаты: Білімділігі: опера театрының тарихымен танысу, мағынасын ашу, музыкаға  қызығушылығын мен  ынтасын ояту. Тәрбиелілігі: оқушыларды өнердің қыр сырлары мен танытып, сүйіспеншілікке, еңбекке жарқын  мінезділікке тәрбиелеу. Дамытушылығы: есте сақтау, ырғақты сезінуге қабілеттерін дамыту, музыканы тыңдау және  талдау барысында өз ойын жүйелі жеткізуге үйрену.Ән айту, музыка тыңдау ережелерін сақтауға  баулу. Сабақтың түрі: жаңа мағынаны тану. Сабақтың өткізу әдісі: сұрақ­жауап, музыка тыңдату, түсіндіру. Сабақтың көрнекілігі: үнтаспа, суреттер, аккордеон, интерактивті тақта. Пәнаралық байланыс: тарих, халық ауыз әдебиеті. Сабақтың өту барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: 2. Үй тапсырмасын сұрау: Балалар, үйге қандай тақырыптар берілді? /                 / Үрмелі, ұрмалы, жез аспаптарының пайда болуы не себеп? /                 / Мына аспаптар қалай аталады? 3. Жаңа сабақ. «Опера театрының тарихы» Опера Еуропаның классикалық  музыка мәдениетінің ең жоғары  жетістігі болып есептеледі. Ең  алдымен жазушы операның либреттасын жазады – мазмұны мен мәтінің құрайды –  кейін композитор – музыкасын жазады. Опера – бір үлкен өнердің топтастырылған күрделі жанры. Басты рөлде – орындаушы – әншілер –  балет әртістері – хор ұжымы болады. Ол музыка ғана емес, бүтін театр, яғни біртұтас драмалық  қойылым. Қойылымды басқаратын – режиссер, әншілерді, оркестр басқаратын  – дирижер, қойылымды суреттейтін – суретшілер, себебі сахнаны қойылымға қарай безендіреді,  әртістердің киім үлгілерін жасап шығ.ды, тігіншілер – суретшінің дайындаған үлгілері бойынша  киім тігіп даярлайды, гримдеушілер, шаштараздар – әртістерді сахнаға шығуға дайындап, бет  әлпеті мен шаштарын сәндейді. Дыбыс шеберлері – сахнаға жарық беріп тұрады. Операны қоюшылар, орындаушылар тыңдармандарына терең мазмұнын жеткізуге күш – жігерін  аямайды. Опера – 16­17 ғ Италияда пайда болды. Ең алғашында речитатив түр. айтқан, кейін италияндық  композитор Клаудио Монтевердиопераға күрделі ариялар, вокалдық ансамбльдер, хор ұжымы  мен оркестр сүйемелін енгізеді. Опера үшін театрлар салынды. Опера тез дамып, халықтың аңызы  мен жырларын тарихын негізге алды. Театр – гректерден енген, түрлі таңғажайып құбылыстар,қызықтар көрінісімен қаншама халыққа  көрсете алған. Көне театр Грекияның Афины қаласында ашық аспанның астында, таудың етегінде  орналасқан, таудың етегін арнайы ойып, орындықтар жасап, 17мың көрермен отыратын болған,  театрдың ортасы дөңгелек, шеңбер болған оны «орхестра» деп атаған. Грекияда ерлер ғана  орындаған, маска киген. Алыстан көру үшін көрермендерді әртістер аяқтарына арнайы биік өкше  қағылған етіктер киген. 4. Музыка тыңдау. «Кармен» Жорж Бизе 4­көріністіңантракт Жорж Бизе 25 қазанда 1838 жылы Парижде әншілер отбасында д.к. 10жасында Париждегі  консерваторияға түсіп, көптеген опералар жазады. Ж. Бизе жүрек ауруымен қайтыс болады. /операны тыңдату, сұрақ қойып, жауап алу/ 5. Ән үйрету. «Әнші болғым келеді» Дауыс жаттығулары /фразамен, парта­ партамен, бірге үйрету/ 6. Толғаныс. Білемін. Мен үшін жаңалық. Білгім келеді. /әр оқушы өз ойларын ауызша ашық айтып  бөлісу/ 7. Қорытындылау. ­ Опера дегеніміз не? ­ Либретто деп нені айтамыз? ­ Қандай әнмен таныстық? ­ Театрдың ортасындағы шеңбер сахна? 8. Бағалау. 9. Үйге тапсырма.

Музыка 4 сынып

Музыка 4 сынып

Музыка 4 сынып

Музыка 4 сынып

Музыка 4 сынып

Музыка 4 сынып

Музыка 4 сынып

Музыка 4 сынып

Музыка 4 сынып

Музыка 4 сынып

Музыка 4 сынып

Музыка 4 сынып

Музыка 4 сынып

Музыка 4 сынып

Музыка 4 сынып

Музыка 4 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.05.2019