"Музыка әлемі"
Оценка 5

"Музыка әлемі"

Оценка 5
Конкурсы
docx
музыка +1
Взрослым
17.04.2019
"Музыка әлемі"
Мақсаты : 1.Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау. Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету. Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. 2. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау,сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру. 3. Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
сценарий.docx
Майқайың балалар өнер мектебі «Музыка әлемі»  атты викториналық сайыс Хабдраш Ғ.Х 2018­2019 оқу жылы "Музыка әлемі" викториналық сайысы Мақсаты: Оқушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту,  музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін  нығайту, сөздік қорларын, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру. Достыққа,  ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Түрі: Сайыс. Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!  «Музыка әлемі» атты викториналық сайысқа баршаңызда қош келдіңіздер! Жүргізуші: Бүгінгі сайысымызға қатысушы оқушыларымызды ортаға  шақырайық! I – топ «Жұлдыздар» тобы II – топ «ӘУЕН» тобы Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізге әділ төрелігін айтар  әділқазылар алқасымен таныс болайық! 1. 2. 3. Жүргізуші: Олай болса құрметті сайыскерлер алғашқы айналымды бастаймыз. І бөлім – «Ән және мультфильм»  (Әнді тыңдау арқылы қандай мультфильмнен алынғанын табу керек) 1.       «Бременские музыканты»                        00:55 2.       «Мама  для мамонтенка»                        01:35 3.       «Крокодил Гена»                                       02:22 4.       «Как львенок и черепаха пели песню»     02:50 5.       «Ну, погоди!»                                             03:35 6.       «Маша и медведь»                                    04:20 7.       «Спонж боб»                                            05:10 8.       «Фиксики»                                                 05:55 9.       «Смешарики»                                            06:55   «Холодное сердце»                                  07:50 10.   ІІ бөлім – «Қандай аспап?» (Әртүрлі   аспапта   әуен   ойналады,   сіздер   қандай   аспап   екенін   табу керексіздер) 1.       Фортепиано     08:45 2.       Скрипка            09:20 3.       Гитара             10:05 4.       Баян                 10:45 5.       Домбыра              11:15 6.       Труба                   12:00 7.       Балалайка           12:30 8.       Қобыз                  13:05 9.       Арфа                   13:35 ІІІ бөлім ­Сұрақтарға жауап бер: 1.Құлақпен нені естиміз? (дыбысты) 2.Хорда жалғыз ән айтушыны немесе оркестрде жалғыз аспапта орындаушыны кім деп айтамыз? (солист) 3. Екі орындаушыны қалай атайды? (Дуэт) 4. Квартетте неше орындаушы бар? (4) 5. Үстел сиякты 3 аяқты музыкалық аспап? (рояль). 6. Қобызды жасаған кім? (Қорқыт) 7. Қобызды қандай затпен орындайды? (ысқыш). 8. Салтанатты, мемлекеттік ән? (гимн). 9. Домбыраға не тағылады?(2 ішек). 10. Музыканы шығарушы адам? (Композитор) 11. Сәбиді ұйықтататын ән? (Бесік жыры) 12. Айтысқа кімдер қатысады? (Айтыскер ақындар) 13. Саздан жасалған аспап? (Сазсырнай). 14.Күй атасы кім, қандай күйлерін білесің? (Қ.Сағырбаев), Күйлері: «Балбырауын»,  «Серпер», «Сарыарқа», «Адай»,»Түрмеден қашқан», «Көбік шашқан, «Аман бол  шешем, аман бол», «Алатау»). 15.«Сарыарқа» кімнің күйі? (Құрманғазы Сағырбайұлының) 16.«Күй анасы» кім? (Дина Нұрпейісова). 17.Күләш Байсейітова кім? (әнші, орындаушы, қазақтың «бұлбұлы», Кеңес  Одағының халық әртісі). 18.Халық әні деп не себепті аталған? (себебі композиторы жоқ, ұмытылып кеткен) 19.Музыка тілінің кілті? (Скрипка кілті) 20.Ең ұзақ нота және ол нешеге тең? (Бүтін нота, 4­еуге тең). 21.Ең қысқа нота және ол нешеге тең? (Сегіздік нота, 1­ге тең). 22.Нота дегеніміз не? (Музыкалық таңба) 23.До мажорда қандай белгі бар? (жоқ) 24.Соль мажорда қандай белгі бар? (біреу, фа диез) 25.Соль мажорға қарама­қарсы тональность қандай? (ми минор) 26.Ре мажорда неше белгі бар? Қандай? (фа диез, до диез) 27.Ре мажорға қарама­қарсы тональность? (си  минор) 28.Ля мажорда неше белгі бар? (үш, фа.до,соль диез) 29.Ля мажорға қарама­қарсы тональность? (фа диез, минор) 30.Октавада неше дыбыс бар? (7) ІV бөлім ­ Музыкалық жұмбақтарды шеш: 1.Құлып аузын ашатын да, Жабатын да құралмын. Бірақ қазір бұл жерде мен Музыка әлемін ашамын. Скрипка кілті 2.Қалдырмай емге етін, Қақтаған күн бетін Астында төмпештің, Атқарар міндетін. Барабан 3.Әрқашанда аялап, Қастерлейді бар елім. Әбден таныс құлаққа Менің қоңыр әуенім.          (Домбыра).    4.Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар, Әуезінен жеті тарау мұң шығар. Ойнап кетсең, түрлі­түрлі жыр шығар, Бұл аспап қай аспап?        (Жетіген) 5.Бас, құлақ, мойны бар, Үп­үлкен шанағы бар. Ысқышпен ысқанда Әндетіп шығар әні бар.     (Қобыз). 6.Сазымнан жасалған, Өрнектеп қашалған. Сырнайдың үніндей, Бұлбұлдың біріндей.         (Сазсырнай). 7.Кесіп алған қыраттан, Қурайшының үні ізгі, Сазы кетпес құлақтан, Қандай аспап?                  (Сыбызғы).       V бөлім ­ «Адасқан әріптер»    Шарты: оқушылар әріптерді ретімен қою арқылы шығарманың атын табады.  («Ақсақ құлан», «Балбырауын»,  «Көзімнің қарасы», «Балқадиша») Ы У Б А Ы Б Р Л Н А  С А А Қ Қ     Қ Л Н Ұ А  Ң Ө І І К М З Н   А Ы Қ Р С А   Ш А А Д Л Б А И Қ

"Музыка әлемі"

"Музыка әлемі"

"Музыка әлемі"

"Музыка әлемі"

"Музыка әлемі"

"Музыка әлемі"

"Музыка әлемі"

"Музыка әлемі"

"Музыка әлемі"

"Музыка әлемі"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
17.04.2019